ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА: «Тамақ инженериясы»
Реферат
Тақырыбы: Ғылым және дін
Орындаған: Әбдіразақ Ж.М.
Группа: МЛП 23-2нк
Қабылдаған: Спанов М.Ж.
Шымкент 2023 ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Дін жайлы түсінік
2. Ғылым жайлы түсінік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дін мен ғылымның арақатынасының тарихы күрделі және қақтығыстарға толы. Ғылыммен соқтығысуы аз да болса саясатта, өнерде, адамгершілікте және басқа да мәдениет салаларында орын алады. Дінге қарсы атеистік әдебиеттерде ғылым жарықпен, сәулемен, ал дін – қараңғылықпен және надандықпен теңестіріледі. Әрбір кеңестік кезеңдегі оқушы мен студентке ең көп тараған, басшылық еткен идеологияның стереотипі күнделікті санадан орын алды. Өткен рухани мұраны сараптай отырып, осы стереотипке оралайық. Діннің негізгі белгісі болып ерекше құбылысқа, кереметке сену және оған табыну екенін ескертеміз. Діннің ізбасарлары бекерден-бекер сенушілер деп аталмайды. Дін «Қасиетті Үштік» сияқты бірнеше догмаларды және Алланы толық тану мүмкін еместігін жариялайды. Және де тану мүмкін емес деп болымның терең құпияларын жариялайды. Ғылым әлемнің және ондағы барлық құбылыстарды тануды мойындаудан бастау алады. Оны табиғат, қоғам, адам және оның ойлауы сияқты нақты мәліметтерден пайда болған біліммен байланыстырады. Ғылым барлық танылмаған, ғажап құбылыстарды, кереметтерді ғылыми дәлелдермен алып келеді. Ғалымдар Д.Дидроның: «Көп сенген сайын, керемет те көп» – деген сөзін көп қайталайды.
1. Дін жайлы түсінік
Діни сенім, ең бірінші сезімнен пайда болады. Ондағы көптеген нәрсе жаратылысқа таң қалумен ерекшеленеді. Таңқалу, танымнан пайда болған таң қалу емес, мистикалық танымнан пайда болған таң қалу. Ғылыми қызмет пайымдауға, нақты, дұрыс фактілерге, информацияларды іздеу, табиғи және анық, дұрыс шарттарды анықтау, және де табиғаттың кезекті жұмбағының себебі сияқты логиканың ережелеріне негізделген. Діни тәжірибе құлшылық ету мен басқа ғибадаттарды басынан, өткеру сияқты нәрселерден жиналады. Ғылыми тәжірибе – ғалымның зерттеу жұмысына ешқандай сезім мен құлшынысқа жол бермеуден жиналады. Дін адам болмысының субъективті аясына жүгінген, өзін және дүниені ғибадаттар және маңызды діни күйзелістер арқылы меңгереді. Сенуші табиғат әлемін ғибадат әсерімен көреді де, осы көрініс арқылы әлем мистикалық сезімге боялады. Одан қалса, әлемді танудың бұл тәсілі Алланы өзінің ішінен, ішкі дүиесінен іздеуге шақырады. Ғылым адамның өзіне және шынайылықтың объективті аясына негізделген. Ол адамды және шындықты сырттан бақылайды. Дін әлемді «қасиетті кітаптарға», заңдарға, сенімдік негіздерге, пайғамбарлардың куәліктеріне, «қасиетті бабалардың» жазбаларына және басқа да әулие адамдарына сүйене отырып түсіндіреді. Сенушіге оларды сынауға да, оларға сенбеуге де болмайды. Әлемнің ғылыми түсіндірмесі – сын. Күмәндану – ғалымның міндеті, ал сын – оның мамандық ұжданының әмірі, оның қолтаңбасы, ойлау стилі және барлық зерттеу кезеңдерінің қызметі. Бірінші кезеңнің өзінде-ақ сынның және бақылаудың қатал ережелері бақылау мен тәжірибені бағыттайды, оларды тексеруге және қайта тексеруге мүмкіндікпен қамтамасыздандырады. Логиканың одан да қатты ұйғарымдары теорияның қалыптасуын қадағалайды. Мұқият жасалған рационалды-дұрыс тәсілдер дәлелденбеген, күмәнді, жалған, қате амалдар мен нәтиижелердің ғылыми теорияға кездейсоқ кіріп кетпеуі үшін арналған. Бұл тәсілдер (анализ және синтез, индукция және дедукция, формализация, модельдеу, математизация және т.б.) теорияның жолын бақылауға мүмкіндік береді, және қателікке, адасуға алып келетін хабарлардың енбегендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Діннің өзгермейтін қағидаларына қарағанда ғылыми теориялар тәжірибенің қатал сотына тап болады. Содан кейін ғана ол оларға басшылық ете бастайды. Аталып кеткен дін мен ғылым арасындағы қарама-қайшылықтар мен айырмашылықтар олардың арақатынас тарихында одан да қатты көрінеді. Әрине, олар білім саласында жарыспайды; дін әлемді зерттемейді, ол оны түсіндіреді. Шіркеу мен ғылым арасындағы қақтығыстардың себебінің негізінде ғылымға дейінгі «қасиетті кітаптардағы» қалыптасқан әлемнің көрінісін ғылым бұзатын, өзгертетін. Дін, белгілі болғандай, сенімді ақылдан жоғары қояды. Бұл парадоксалды түрде Тертуллианның (ІІ-ІІІ б.э.д) «Абсурд болғандықтан сенемін» деген сөзінен көрініс табады. Шындығында да ақылға салсақ үш құдай идеясын, Христостың адам-құдай екендігін, бейкүнә жүкті болу идеяларын қабылдауға болмайды. Бұл көзқарасты қолдаушылар бұдан ақылдан жоғары тұратын догмаларды көреді. Реформацияның көсемі М. Лютер ақылды Құдайға сенуге кедергі жасайтын «құбыжықтың азғыруы» деп атаған. Ол ақиқат адамға өзінің бетпердесін құдайшыл сырды ашу арқылы ашады. Шындығында, «Тертуллианның жолы» христиан дін ілімінде «Климент Алкександрийскийдің жолы» сияқты жолмен де байланысады. Климент, Тертулианның замандасы, ол сенім мен ақылды жарастыруға, оларды біліммен толықтыруға, саналы, зерделі етуге, ғылыми мәліметтерге сүйенген христиан догмаларын зайырлы философияның жетістіктерімен нықтай түсуге талпынған. «Климент жолы» Фома Аквинскийдің еңбектерінде қолдау тапты. Ол сенім мен ақылдың үйлесімділік идеясын алға тартты. Фоманың айтуы бойынша, адамның ақылы құдай берген тамаша құбылыс, сондықтан ол діннің ақиқатын дәлелдеп, нықтау керек дейді. Осы қағидаға сүйене отырып, ортағасырлық Шіркеу философияны дін ілімінің құлына айналдыруға ұмтылды. Осыдан келіп Шіркеу мен ғылымның тарихи арақатынасының драмалық келіспеушіліктері туындайды. Сол өткен замандары үлкен рухани (кейде зайырлы) билікке ие болған Шіркеу ғалымдардың әрекеттерін бақылап отыратын, және діннің ықпалына кедергі ететін зерттеулерді жасауға тиым салатын. 1163 ж. рим папасы Александр ІІІ «табиғаттың заңдарын немесе физиканы зерттеу» атты еңбегін жазды. Ғасырлар өте Бонифаций VІІІ папасы мәйіттерді сойып қарауға және химиялық тәжірибелер жасауға тиым салды. Тыңдамаған адамдарды жазаға тартатын, соңына түсіп, дарға асатын. ХІІІ ғасырда католиктік Шіркеу инквизицияны жасады – тиым салынған нәрселерге немқұрайды қараған ғалымдарды, еретиктерді жазалайтын трибунал. 1327 ж. Ветхий Заветтегі жазбаға қарсы келетін Жердің дөңгелек екендігі туралы ілімді жасаған әйгілі астроном Чекко д’Асколи инквизициямен өртелген. Жүз жылдан кейін испан инквизициясы шіркеу өкілдерінің пікірінше «адам ақылы жетпейтін» өте қиын есепті шығарғаны үшін математик Вальместі өртеді. Тағы жүз жылдан кейін осы испан инквизициясы қан айналымының «кіші айналымын» ашқан әйгілі ғалым және дәрігер М.Серветті өлім жазасына кесті. Ол Швейцарияға қашып үлгерді, бірақ бәрібір де ол жерде 1558 ж. осы жолы оны еретик деп жариялап Кальвиндік Шіркеудің тарапынан өртеді. Әрине осы тыйым салулар мен ізіне түсушілер ғылымның дамуын алға қарай жылжытпады. Бірақ ғылымға берілген батыр ержүрек адамдарды бұлар тоқтата алмады: ақиқатты білу Шіркеу алдындағы қорқыныш пен сенімнен жоғары тұрды. Ұлы поляк астрономы Николай Коперниктің (1473-1543) діншілдігіне ешқандай күмәніміз жоқ. Ол да өзінің замандастары сияқты бірінші кездері дәстүрлі, Птоломейдің қасиетті Шіркеудің цецентриялық системасын ұстанатын. Бірақ та аспанды бақылау және есептеу нәтижесінде Коперник бұл системаның бұрыс екендігіне көз жеткізеді. Бірақ мұны көпшілікке жариялауға ол тек өлер алдында ғана бел буады. 1616 ж. шіркеу Коперниктің іліміне тиым салды, оның еңбектерін кітапханалардан алып тастап, ол туралы лекцияларда айтуға тиым салынды. Бірақ Коперниктің теориясын және гелиоцентризм идеясын өз кезіндегі алдыңғы қатарлы ойшылдар қағып алды. Олардың ішінен ерекше орын алатын итальяндық философ Джордано Бруно (1548-1600). Ол Коперниктен де ары кетіп, Күнді де әлемнің ортасы деп алуға болмайды деді: Әлем шексіз. Д.Бруно керемет (шіркеу тарапынан зұлым) планеталардың көптігі туралы ой айтады. Инквизаторлар философты зынданға алып сегіз жыл бойына оны қорлап, айтқан пікірінен бас тартқызбақ болды, бірақ дегендеріне жетпеген соң оны Римде Гүлдер Алаңында өртеп өлтірді. Ұлы итальяндық ғалым Галилео Галилей (1564-1642) өзінің жаңалықтарымен Коперниктің ілімін растады. «Диалог о двух главнейших системах мира – птолемеевой и коперниковой» (1632 г.) атты еңбегі жарық көргеннен кейін ғалымды инквизицияның сотына тартты да өлім жазасымен қорқытып, жазған кітабынан бас тартуына мәжбүрледі де, жазбаша түрде тілат жаздырып алды. Галилеоны өлтірмеді, бірақ өмірінің аяғына дейн ол Шіркеудің қатал қарауында болды. Оның кітаптары, Коперник пен Бруноның кітаптары сияқты тиым салынғандардың қатарына енді. Тек бірнеше онжылдар бұрын Ватикан Галилейге қатысты сот ісін қате деп жариялады. Еркін ойлауға Шіркеудің қарсылығы – бұл барлық конфессияларға тән нәрсе. Сонымен, 1656 ж. амстердамдық раввиндер философ Спинозаны Библияны ғылыми тұрғыдан сынағаны үшін «ұлы аластап шығаруға» («херем») душар етті. Орыс православиесінде де еркін ойлайтын ғалымдарды қолдай қоймайтын. Өзінің зерттеулеріне шіркеу қызметкерлерінің қайта-қайта шабуыл жасауынан ашуланған ұлы М.В.Ломоносов дін басылардан ғалымдарға «тиісе бермеуін» және «ғылымды ұрса бермеуін» талап етті. Бірақ, діни догмаларды теріске шығаратын зерттеулерге кедергілер бола берді. Ч.Дарвиннің іліміне католиктер, протестанттар мен православиелер де қарсы шықты. Дарвинизмді қолдаушыларды қудалады. Адам психикасының табиғи жаратылысына қарсы келетін ілімді күпірлік деп санаған шіркеу И.М.Сеченовтың «Рефлексы головного мозга» (1863 ж.) атты еңбегіне тиым салды. Дін басыларының қудалауының кесірінен дарвинизмді қолдаушы, әйгілі биолог, Нобель сыйлығының лауреаты И.И.Мечников Ресейді тастап кетуге мәжбүр болды. Шіркеудің дінге қарсы келген мысалдары барлық елдерде көптеп кездеседі. Өткеннің бұл қайғылы жақтары туралы үндемей кетуге болмайды. Сонымен бірге бұл қарсылықты абсолюттеуге де болмайды: бұл жерде дін мен ғылымның дауынан көре Шіркеу мен еркін ойлайтын ғалымдардың арасындағы дау көптеу орын алды. Шіркеудің қудалауына түскендердің барлығы біріңғай атеист болған емес. Мысалы, Н.Коперниктің және Г.Галилейдің діншілдігінде күмән жоқ. М.Серветке келер болсақ, өзін нағыз христианмын деп есептеген ол, астрологияны құлшына отырып үгіттеген. Ғалым әрине өлтірілді, бірақ, медицинадағы жаңалықтары үшін емес, діннің канондарын еркін талқылағаны үшін, діни фанатизмді әшкерелегені үшін. Джордано Бруно материализмге бет бұра отырып, пантеизмге де оң көзқараста болатын, каббаладан алынған сиқыр мен пал ашу тәсілдерін де қолдаған. Пантеизмді материалист Б.Спиноза да қолдаған. Ал ұлы М.В.Ломоносов Аллаға деген терең сенімге тола поэтикалық одаларды жазған. Өткен заманның барлық дерлік ғалымдардың санасында ғылыми ойлау діни сеніммен қатар өмір сүрген. Тіпті, сенім ақылдан үстем болғанын мойындаған жағдайда да. Кейбір әйгілі табиғат зерттеушілері терең қызығушылықпен дін ілімін зерттеуге кірісетін. Сонымен, жасы келгенде И.Ньютон Апокалипсисті талдауға кіріскен. Көптеген табиғат зерттеушілері (солардың қатарына генетиканың негізін салған Г.Мендель де кіреді) монахтардан болған. Бірақ, ғылым дәрістеріне сүйене отырып, олар діндегі шіркеулік тиым салынған нәрселерге, дін басыларының кеңестеріне елемеушілікпен қарайтын. Өздерінің мамандық әрекеттерінде бұл ғалымдар діннің догмалары мен конондарына негізделемей, ғылыми ізденістердің ережелері мен принциптеріне сүйенген.
Достарыңызбен бөлісу: |