Реферат Тақырыбы: Философияның пәні мен әдісі Орындаған: Қарымсақ А.Қ. Тексерген: Утешова Г. Т. Жоспар



Дата09.10.2024
өлшемі39.81 Kb.
#504524
түріРеферат
Философияның пәні мен әдісі — копия


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университеті
Реферат
Тақырыбы: Философияның пәні мен әдісі

Орындаған: Қарымсақ А.Қ.


Тексерген: Утешова Г.Т.


Жоспар:
1. Философияның пәні мен функциялары.
2. Философиялық білімдер ерекшелігі.
3. Философия мәнін талқылаудың негізгі типтері.

1. Философия термині көне грекше «даналыққа құштарлық», көне үнді тілінде «ақиқатты көру» деген мағынаны береді.«Философ» сөзін ең алғаш рет көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.Философия терминін түсіндірген Платон. Көне дүниеде философия адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.


Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, шешім қабылдау.
Философия - адам баласының көне заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Б.з.д. 7-6 ғғ. Ежелгі Үнді, Қытай және Грекияда бір уақытта пайда болды.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті білім болды. Өйткені, оның құрамында математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды.
Дүниетаным адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Ол адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмей, дүниеге деген қатынасын білдіреді.
2. Философия пәні. Адам, оның мәні, өмір сүру заңдылықтары да философияның назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Философияның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы, антропология, әлеуметтік философия сияқты салалар бар. Оның даму тарихында эстетика, этика, психология, саясаттану жеке пәндер болып бөлініп шықты.
Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады:
1. Онтология
2. Гносеология
3.Антропология
4. Аксиология
5. Этика
6. Логика
7. Эстетика
Дін дегеніміз – дүниедегі түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі – жаратушы құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін қоғамдық сананың ерекше формасы.
Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті:
Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары, космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндіріледі.
Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндіріледі.
Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным
Философияның негізгі функциялары:
1. Дүниетанымдық
2. Теориялық
3.Гносеологиялық
4. Аксиологиялық
5. Әлеуметтік
6.Тәрбиелік.
7. Болжамдық
Философияның негізгі сұрағы. Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа, болмыстың – ойлауға қатынасы.
Материя және санаға байланысты философияның онтологиялық және
гносеологиялық жақтары туындайды. Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар материялистерге және идеялистерге бөлінеді.
Сенсуализм – («sensus» - сезім) – таным көзі және ақиқат өлшемі – сезімдер (түйсіктер) екені мойындалатын философиялық бағыт.
Эмипиризм («эмпирио» - «сезімдік тәжірибе») - біліміздің қайнар көзі – сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт.
Рационализмнің (ratio-«ақыл») негізін қалаушы Р. Декарт. Рационализмнің басты идеясы – ақиқат білім тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз.
Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына пайдаланылатын әдістер:
Диалектика – заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін зерттеу әдісі.
Метафизика – диалектикаға қарама – қарсы әдіс.
Догматизм – қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген», абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі.
Эклектика –фактілерді, ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінгенмен үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау.
Софистика – ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі.
Герменевтика – мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.
Монизм – болмыста бір ғана негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Плюрализм – болмыста екіден көп негіздердің болуы мойындалатын ілім.
Пантеизм - Құдай және табиғат теңестірілетін философиялық ағым.
Деизм – «Құдай – дүниені жаратушы» бірақ одан кейінгі істерге араласпайды, бұл дүние өз заңдарымен дамиды» деп санайды.
Космология – ғарыш және дүние құрылысы туралы ілім. Космогония – дүниенің шығу, қалыптасу, қазіргі жағдайға дейінгі даму процесі туралы ілім.
Агностицизм – дүниенің танылмайтындығын тұжырымдайтын философиялық ағым.
Релятивизм – («relativus» - салыстырмалы) – кез-келген білімнің салыстырмалылығын, шарттылығы мен толық еместігін және соның негізінде объективті ақиқатқа жетудің қандай да болмасын мүмкіндігін терістейтін философиялық бағыт.
Иррационализм – («irrationalis» - «бей ақыл», «бейсана») – ақылдың танымдық қабілет-күші шектелетін немесе терістелетін, ал болмыс мәні ақылдан өзгеше және ақылға берілмейтін құбылыс, нәрсе ретінде түсінілетін философиялық бағыт.

Сызба. Дүниетанымның тарихи типтері


Миф – бұл:


1) Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы;
2) Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философия байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы.
3) Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы.
Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатады.
Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.

Әдебиет:
1.Алтаев Ж. А. Ғылым тарихы мен философиясы: оқулық . 2011. - 468 бет.


2.Ғарифолла Есім Қазақ философиясының тарихы А лматы, 2016г
3.Карен Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны/ Научн.редактор Кенжетай Д. – Астана, 2018. – 496 с.
4.Темірғалиев, Қ. А. Философия : оқу құралы / Қ. А. Темірғалиев, А. Т. Бәкірова. - М. : ГЭОТАР – Медиа 2016 ж.
5.Хасанов М. Ш. Философия : оқулық . 2012 ж.. - 460 бет Хесс Р. «Философияның таңдаулы 25 кітабы». Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018.–360 с.
6.Джонстон, Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін: монография/ қаз.тіл.ауд. Г.З. Әбдірасылова [және т.б.]. - Астана : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 216 б. с. : (Рухани жаңғыру)
7.Кенни Э. «Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы» / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408
8.Кенни Э. «Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы» / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет