Реферат тақырыбы: Жаһандық экологиялық мәселелер Орындаған: Амангелдиева А. А қабылдаған: Изтлеуова А. Б



бет1/2
Дата01.12.2023
өлшемі67.34 Kb.
#485032
түріРеферат
  1   2
Амангелдиева А.А Реферат


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»


«Экология» кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жаһандық экологиялық мәселелер
Орындаған: Амангелдиева А.А
Қабылдаған: Изтлеуова А.Б
Тобы: ФИ-22-5к1
Шымкент 2023
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Экологиялық дағдарыс және оның түрлері
2. Экологиялық дағдарыстың алдын алу және салдарымен күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе
Жаһандық экологиялық мәселелер –барлық әлемге ортақ мәселелер. Яғни ол мәселелердің ауқымды болатындығы сонша, олар үшін тек бір қала немесе ел ғана уайымдамайды. Бұл проблемалар барлық елдер үшін, жалпы әлем үшін маңызды. Себебі ол проблемалармен бүкіл әлем бірге күреспесе, жалғыз елдің не бес елдің оған шамасы жетпейді. Ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат өмірімен тікелей байланысты. Егер біз осы пробламалармен күресті басты назарға алмасақ, ғылым-білімді дамытып, жетістіктерге жетіп жатқан әрекеттеріміздің барлығы желге ұшады. Себебі алда-жалда бұл проблемалардың бірі шынымен ауқымды болып, зардап тигізсе, ол тек бір аймаққа емес, бүкіл адамзатқа, барлық жер бетіне әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста экология ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілікке зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың өсіп, өркендеуіне қызмет жасауы керек қой. Осыған орай бүкіл жаратылыстану ғылымдары бірігіп, өзін қоршаған ортадағы табиғатты сақтау, оның тепе-теңдігін үйлестіру мәселесін шешуге күш жұмылдыруы қажет. Жаһандық деңгейде табиғат қорларын тиімді пайдалану үшін қоршаған орта жайлы бұрынғы ғасырлар бойы жинақталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, табиғатты жүйелі түрде тиімді пайдалану, оны қорғаудың мәселелері жолға қойылуы тиіс. ХХ ғасырда табиғатты ысырап етпей игеру ғылымға жаңа бағыт берген, атақты табиғаттанушы, энциклопедист ғалым В.В.Вернадский «ноосфера» ұғымының негізін салды. Ол литосфераға, гидросфераға, атмосфераға және биосфераға қосымша ноосфера тұжырымдамасын ұсынып, адамның табиғатты сырапсыз пайдалануы негізінде жаһандық деңгейде туындап отырған проблеманы шешуге адамның ақыл-ой жүйесін бағыттайды. Бұл – бүгінгі таңдағы ғылымда, іс-жүзінде, әрбір қоғамда пайдалануға тиісті қағида.
Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз. Мысалы, бір кездегі ит мұрыны өтпейтін Оңтүстік Американың тропиктік ормандары оталып, Африканың қайталанбас табиғатындағы сирек кездесетін керіктердің, пілдердің, түйеқұстардың, арыстандардың азаюы, материк байлықтарының талан-таражға түсуі сол аймақтарда жарамсыз жерлердің молаюынан, шөлейтті аймақтардың ұлғаюынан табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқтырды. Жерорта теңізі аймағындағы зәйтүн шаруашылығы плантацияларында мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштарды молынан қолданылуы күрделі экологиялық мәселе тудырды. Соған байланысты қазір зәйтүн плантациялары оталуда.
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.
Негізінен жаһандық экологиялық мәселердің айта берсең, саны көп және олардың әрқайсысы актуалды. Бірақ дәл қазір мен тек бір ғаламдық проблеманы алып, оның қауіпі мен әкелетін зардабы, болжануы жайлы айтатын боламын. Нақты айтқанда, экологиялық дағдарыс проблемасын алдым. Себебі экологияны қорғау барысында жүргізілетін жұмыстардың нәтижесіз болуы немесе іске аспай қалуы- нағыз ауқымды мәселе деп есептеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет