Кафедра: Фармация ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы.
Реферат
Тақырыбы: Жалпы хирургия-лық аспаптардың тауартанулық талдау негіздері.
Орындаған : Артикова С
Тобы: ФҚБ-01-21
Қабылдаған:
Шымкенет-2020 ж
1. ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕР
Хирургиялық инструменттер- хирургиялық манипуляция кезінде операциялық, байлап-таңу, сонымен қатар диагностикалық зерттеу мақсатында қолданылатын инструменттер.
Жалпы хирургиялық және арнайы инструменттерді ажыратады: акушерлі-гинекологиялық, нейрохирургиялық, оториноларингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық және т.б. Радиоманипуляция, емдік жүрек-тамырлы, лазерлі хирургия және т.б. арналған арнайы инструменттер де жасалған. Инструменттер функционалдық топтарына қарай келесілерге бөлінеді:
1. Тіндерді ажыратуға арналған инструменттер:
а) Кесетін- бір немесе бірнеше кескіш жезі бар жұмсақ тіндерді айыруға (жару және кесу ) арналған инструмент - ағзалар резекциясы, полиптерді алып тастау, тістеуік және т.б. Оларға пышақтар және медициналық қайшылар, скальпельдер, кюреткалар, медициналық ілмек, қасықтар, тістеуіктер, аденотомдар, конхотомдар және т.б. жатады. Сүйек тінін өңдеу үшін (патологиялық ошақтарды және өсінділерді жаншу) медициналық қашау, стамескалар, сүйек қысқыштар мен тістеуіктер және т.б. қолданылады. Әрбір хирургиялық пышақтың кескіш элементі, оның ішінде кеңінен таралған скальпельдің, арнайы үшкірленген бұрышы бар саға тәріздес болып келген жезі болып табылады. Бұл жағдайда β бұрышы соғұрлым кем болған сайын, скальпель соғұрлым өткір және соғұрлым жылдам мұқалып қалады. Жұмсақ тіндерді кесуге арналған β бұрышы 15-тен 35ОС (көз скальпелі 20ОС , жалпы хирургиялық 25ОС), шеміршектерді кесуге арналған - 30-дан 35ОС , сүйек тіндерін жаруға арналған- 40-50ОС. Скальпельдің кесу қасиеті жездің микрогеометриясы мен кесілетін объектінің көлбеуіне байланысты (кесілетін материалға жез көлбеуі неғұрлым аз болған сайын тіндерді кесу оңайырақ болады). Скальпельдің кесу қасиетін оның тағайындалуына байланысты арнайы барабанға керілген қағаз, замша немесе теріні тілу жолы арқылы сынақ жүргізіледі. Сынақ нәтижесі бойынша тілім шеттері тегіс болу қажет, ал жезі мұқалып қалмау керек. Хирургиялық қайшылардың екі жезі болады, кездесу нүктесі деп аталатын кездесу бағыты кезінде тіндерді жарып жібереді. Жездер арасында саңылау болмау қажет, әйтпесе материал қырмыждалып және тіндерді қосымша жарақаттауы мүмкін. Көптеген қайшылардың кесу қасиетін бір немесе бірнеше (5 дейін) дәке, мақта немесе дымқыл қағаз қабаттарын үш реттік кесу жолы арқылы тексереді. Дәке, мақта, қағаз ауалануға және жездер арасынан өтіп кетпеуі қажет. Пышақ және қайшылардың кесу жездері никель немесе хроммен қапталмаған, сондықтан олар көбінесе коррозияға ұшырайды.
б) Аралау және бұрғылау инструменттері- медициналық ара (тістері бар көпжезді инструмент, жан-жаққа айырылысқан- тақтары бір жаққа, жұптары қарама-қарсы жаққа), медициналық рашпила- тегіс жұмыс бөлігіне орналасқан тістері бар инструмент- айналмалы қозғалыс кезінде сүйектерді өңдеуге арналған көпжезді инструмент.
в) Тіссіз бөлгіш инструменттер (табиғи каналдарды кеңейту, тар жолдарды зерттеу, жараларды зондтау және тампондау, тіндерді тіссіз бөлу). Оларға бужалар, зондтар, катетерлер, трахеотомиялық, интубациялық түтікшелер және т.б., распаторлар- ось бойына перпендикулярлы орналасқан бір жезді инструмент.
2) Тескіш инструменттер- тері асты, тері ішіне, бұлшық етке, күре тамырға жә-не т.б. дәрілік ерітінділерді енгізу мақсатында тесуге, пункциялар және басқа да манипуляциялар: инъекциялық инелер, қан алу үшін, қанды құю үшін, перфора-торлар, троакарлар, троакар-катетерлер және т.б., тігіс салуға арналған инелер- (хирургиялықғ аравматикалық) арналған іші қуыс (түтікшелі) инструмент.
3) Қысқыш, ілгіш және жаншу инструменттері (қанды тоқтату үшін, түтікщелер мен қуыс ағзаларды резекциялау кезінде қысу, ағза, сүйек және жұмсақ тіндерді немесе хирургиялық инелерді, эластикалық түтікшелерді фиксациялау және қысып ұстап қалу). Оларға фиксационды, қуыс ағзаларға арналған және қан тоқтататын қысқыштар, ине, сүйек, тіл ұстағыштар, пинцеттер, ілмектер, корнцангтар, ағзаларды және кескіш инструменттерді ұстағыштар және т.б. жатады. Қысқыш және ілгіш инструменттердің ағза, тін, материал немесе заттарды қысып қалатын екі жұмысшы браншы бар және олардың қосарлануын біріктіретін құлыптар- анық емес (штифтті, қорпашалы) және анық. Кейбір қысқыштар бранштарды қысу жағдайында ұстап тұратын кремальермен жабдықталған. Тіндер құрылымының өзгерісін тудырмайтын жаншу қысқыш инструменттері икемді деп аталады, ал тіндердің кейбір қайтымды өзгерістерін тудыратын жаншу қысқыш инструменттері икемсіз қатты деп аталады.
4) Алып тастау инструменттері- тастарды, спиральды және бөтен денелерді алып тастауға, тістерді жұлуға және т.б. арналған- ілмектер, экстракторлар, тіс қысқыштары және т.б.
5) Кеңейткіш және сығыстыратын инструменттер- жараларды, табиғи қуыстарды, каналдар мен жолдарды кеңейтуге, ағзаларды сығыстыруға, оперативтік араласуда немесе жұмсақ тіндерді тексеру кезінде созуға (ретракция) және де тіндерді кездейсоқ бұзылыстардан қорғауға арналған инструменттер. Мұндай инструменттерге шпательдер, пластинкалар, имектер, көтергіштер, айналар, ретракторлар, жара-, қабақ-, ауыз кеңейткіштер, гинекологиялық кеңейткіштер, дилататорлар және т.б. жатады.
6) Сүйектерді біріктіруге арналған травматологиялық бұйымдар (пластинкалар, бұрандалар (винт), бұрандалы шеге (шуруп), өзекшелер (стержень), шегелер, кронштейндер), сүйекке әсер етуге арналған (қапсырма (скоба), манжеталар).
7) Қосымша инструменттер (балғалар, бұрауыш (отвертка), кілттер, коловороттар, бұрғылар (дрель) және т.б.).
Хирургиялық инструменттердің тағайындалуы және қолданылуына байланысты олардың икемділігі, нәзіктілігі және әртүрлі өлшемдері болады. Мысалы, офтальмалогиялық микрохирургиялық инструменттер өлшемі бойынша кішкентай және әлдеқайда жеңіл, ал акушерлік-гинекологиялық, керісінше, ұзартылған және массивті сабымен жабдықталған, ал жүрек-тамырлы инструменттер әлдеқайда жіңішке және нәзік. Балаларға арналған хирургиялық инструменттер ересектерге арналған инструменттерге қарағанда әлдеқайда кішірек және жеңілірек болады.
-1.1. Инструменттерге қойылатын негізгі талаптар
● Адам ағзасы мен дәрілік заттармен ұзақ (үздіксіз 6 сағаттан аса) уақыт әрекеттесетін инструменттер қорытпа жабындысыз және тек қана коррозияға төзімді металдардан жасалу қажет.
● Инструменттердің үстіңгі бетінде ұрылған, соғылған, ойылған сызат іздер, жарықшақ, қабаттасу, қабыршықтану болмауы керек.
● Көміртекті болаттан жасалған бұйымдар, никельді және хромды жабындысы бар түсті қорытпалар және тот баспайтын болаттар пайдаланғанда, сақтағанда және тасымалдау жағдайларында коррозиялы- төзімді болу керек.
● Инструменттер стерилдеу және стерилдеу алды тазалау, дезинфекциядан тұратын өндеу циклдеріне берік қасиетке ие болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |