Реферат Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»


Жазғы демалыс педагогикасы: дамуы, өзекті мәселелері



бет3/7
Дата24.09.2022
өлшемі30.34 Kb.
#461221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат

2. Жазғы демалыс педагогикасы: дамуы, өзекті мәселелері.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 1 маусымында білім беру мекемелері оқушылары үшін жазғы сауықтыру ауысымы ашылады.
Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға,олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру,ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға,балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?
Жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі 10 мыңнан астам лагерлер жұмыс істеп, 1 миллионнан астам балалар демалады. Балалардың жазғы кезде демалуы үшін лагерлердің екі типі болады: мектептегі және қала сыртындағы. Ал республикада барлық типтегі 11 мың лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 296–қала сыртындағы, 6-жыл бойы істейтін, 85-санаторий типіндегі, 620-бейіндік,30-скауттық, 130-палаталық және 10 мыңнан астам-мектеп жанындағы лагерлер. Сауықтыру ұйымдарында 7 мыңдай педагогтер, оның ішінде 2 мың тәрбиешілер, 1,5 жетекшілер жұмыс жасайды.
Өкінішке орай, көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні анық..Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді.Жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы, толымсыз отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін дем алады.Ал жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп алаңдамайды,мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.
Мектеп лагері-белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.Лагерь кез келген балаға өзін көрсетуге,өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.Балалардың сауықтыру лагерлері балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі.Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы, жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту кеңістігі.Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы сауықтыру лагері жұмыс жасайды.Онда бастауыш сынып оқушылары ,оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту міндетті болып саналады.
Жазғы сауықтыру маусымында балалар лагерьлерінің қабылдау дайындығын, өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналақ талаптардың бақылауы мен сақталуын қамтамасыз етіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет