Реферат Тақырыбы: Кәсіп туралы түсінік. Кәсіпорын және оның экономикадағы рөлі Кәсіпорын түрлері



бет1/4
Дата17.02.2024
өлшемі31.66 Kb.
#492209
түріРеферат
  1   2   3   4
реферат кәсіпкерлік қызмет (копия) (копия)


Еуразия Гуманитарлық Институтының жоғары колледжі


Реферат


Тақырыбы:Кәсіп туралы түсінік.Кәсіпорын және оның

экономикадағы рөлі Кәсіпорын түрлері




Пән: Кәсіпкерлік қызмет негіздері
Орындаушы: Тілеу НұргүлКЯЛ-31
Тексерген: Пернеева.К.У..
2023-2024 оқу жылы
Жоспар:



  1. Кәсіп туралы түсінік

  2. Кәсіпорын деген не?

  3. Кәсіпорынның экономикадағы рөлі

  4. Кәсіпорын түрлері



Кіріспе


Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек заттарына қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, қалыптаушы) немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай бөлінеді. Көптеген кәсіптер мамандықтарғаажыратылады: аспапшы-слесарь, инженер-механик, тағы басқа.


Кәсіпорын дегеніміз не?


Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісіжүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлғақұқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымынпайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтеркөрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет