Кіріспе. Әр түрлі жануарлар шикізатын дайындау бойынша негізгі ұғымдар мен білімдер, жүн, былғары, үлбір және қой терісі-тон шикізатының жіктелуі, құрылымы, жеке және биологиялық өзгергіштігіне,
Кіріспе. Әр түрлі жануарлар шикізатын дайындау бойынша негізгі ұғымдар мен білімдер, жүн, былғары, үлбір және қой терісі-тон шикізатының жіктелуі, құрылымы, жеке және биологиялық өзгергіштігіне, жыл маусымына, жануарларды ұстау, азықтандыру шарттарына, сонымен қатар, бастапқы технология және қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізгенге дейін жануарлар шикізатын сақтау шарттарына байланысты олардың тауарлық қасиеттерінің айырмашылығы.
Пәннің мақсаты: Болашақ мамандарға әр түрлі мал өнімдерінен өндірістік шикізаттарын дайындау және білуді үйрену
Пәннің міндеттері: Мал шикізатының тауарлық және технологиялық қасиеттерінің малдың биологиясына, жасына, жынысына және оны күтіп-сақтауына, өсу аймағына, азықтандыруына байланысты жалпы заңдылықтарды зерттеу тәсілдерін игеруі;
мал шикізатын өңдеудің жаңа технологиясы жіктелуін келешекте дайындауды;
мал шикізаты стандарттарын жетілдіруді.
Басқа пәндермен байланысы: Пререквизиттер: Ауыл шаруашылығы жануарлар биохимиясы. Мал шаруашылығы өнімдерінің микробиологиясы. Ауыл шаруашылығы жануарлар морфологиясы.
Постреквизиттер: Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін өндіру технологиясы. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы. Түйе шаруашылығы, шұбат, ет, жүн өндіру технологиясы. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы.
Пәннің оқыту нәтижелері: Білімі: әр түрлі әдістерді олардың мал шикізатының тауарлық қасиеттерін нормативтік-техникалық құжаттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуын білу;
Икемділігі: мал шикізатының тауарлық және технологиялық қасиеттерінің малдың биологиясына, жасына, жынысына және оны күтіп-сақтауына, өсу аймағына, азықтандыруына байланысты жалпы заңдылықтарды зерттеу тәсілдерін игеруі;
Дағдысы: мал шикізатының сапасын, тауарлық және технологиялық қасиеттерін, жаңа объективтік әдістерін ізденуді; мал шикізатын өңдеудің жаңа технологиясы жіктелуін келешекте дайындауды; мал шикізаты стандарттарын жетілдіруді.
Құзіреттілігі: жануарлар шикізатының сапасын бағалаудың заманауи әдістерін қолдана отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде; жануарлар шикізатына мемлекеттік стандарттарды жетілдіру бойынша жұмысты күшейтуде.