Реферат тақырыбы: Педагогика тарихы. Орындаған: Рысбекова. Н қабылдаған: Жұмабай. М.Ә



бет4/7
Дата03.01.2022
өлшемі53.18 Kb.
#450681
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Педагогика тарихы

Тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі – деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, сол арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың зерттеу әдістері жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.

Педагогика тарихының ғылыми-зерттеу ұстанымдары тарихи білім, педагогикалық теория мен тәжірибені біріктіріп, білім беру ұйымдарына ғылыми негізделген бағдар береді.

Педагогика тарихының негізгі әдіснамалық ұстанымы – ақиқаттылық, ол зерттеу объектісі жайлы шынайы білім алу үшін, зерттеу барысында оның әрбір құбылысына ықпал ететін, дамытатын жағдайларды, шарттарды ескеріп, зерттеу құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолданып, жинаған дәйектерді бағалап, қорытындысын шығаруда ақиқатты ұғымдар мен түсініктер жасауға мүмкіндіктер береді.

Ақиқаттылықты тану ұстанымы зерттеу жұмысының алғашқы болжамына, қисынына және оның қорытындысына дәлелді талап қоятындықтан, дәйектерді іріктеу, оларды талдау нәтижесінде жасайтын тұжырымы ғылыми айналымға түсетіндіктен шындық тұрғысынан қарастырылуы тиіс.

Ғылыми ізденістердің объектісін баламалық ұстаным тұрғысынан қарастырғанда және оған дәлелді талап қойғанда, тарихи-педагогикалық материалдарды немесе көзқарастарды талдағанда, күрделі педагогикалық үдерістердің шешімін табу үшін әр түрлі көзқарастар айтылады. Ондай көзқарастардың шынайы болуы немесе оған қарсы пікірлер айтылуы мүмкін. Мұндай жағдайдағы баламалық ұстанымның мәні – мәселенің шешімін іздестіргенде және объектінің жұмысын ұтымды ұйымдастырғанда алға қоятын мақсаттың нәтижелі орындалып, соның негізіндегі нақты жетістіктердің ауқымын анықтайды.

Баламалық ұстанымға жақын әдіснамалық ұстанымның бірі – мәндік талдау ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелігі және бірегейлігін анықтап, объектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен даму заңдылықтарына, шарттары мен даму жағдайларына талдау жүргізіп, олардың мақсатты түрде өзгерістерге ұшырау мүмкіндіктері талданады. Бұл ұстаным зерттеу қисынын нақты жазудан бастап, жан-жақты түсіндіруге, одан педагогикалық құбылыс пен үдерістің, болжамның дәлелденуі дейінгі кезеңді қарастырады. Сондықтан педагогикалық жүйені тұтас қарастырғанда оның зерттелетін даму элементтерінің үздіксіз өзгеріске түсіп тұруын есепке алу – қойылатын талаптың бірі. Себебі, көптеген элементтердің қызметі жүйенің даму үдерісіне өзгеріске түссе, кейбір элементтері қарама-қайшы күйге түседі.

Тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулерде генетикалық ұстанымды қолдану керектігін тәжірибе көрсетуде. Тарихи-генетикалық ұстанымның мәні – педагогикалық дәйектерді немесе құбылыстарды зерттегенде, олардың пайда болуын, онан кейінгі дамуын түрлі саяси-экономикалық жағдайлардағы білім беру үрдісінің бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге ауысуы жан-жақты қарастырылады.

Тарихилық және қисындылық ұстанымы – зерттеу жұмыстарында объектінің тарихын ( генетикалық қыры), теориясын (құрылымы, қызметі, объектінің қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Тарихи талдаудың қажеттігі – объектінің құрылымы мен қызметін талдау, белгілі бір ғылыми тұжырымдама жасау үшін керек. Ал теориялық талдау қажеттігі – объектінің генезисін (пайда болуы, қалыптасуы) қарастырмай, ақиқатқа жетуі мүмкін емес. Сондықтан да, тарихи-педагогикалық және теориялық-педагогикалық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми болжамына байланысты болады. Қарастырып отырған ұстанымнан шығатын талап – зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер, бұрынғы зерттеу объектілерінің генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдаудан шығады.

Жалпы ғылыми ұстанымның бірі – тұжырымдамалық бірлік ұстанымы. Зерттеуші ғылыми тұжырымдама жасау үшін басқа зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлерін талдап, негіздеп, ізденіс жүргізу барысында зерттеудің алдына қойған мақсат-міндеттерін, ғылыми болжамын анықтап, ғылыми ізденісін жүргізетін болса, нақты ғылыми жетістіктерге жетуіне болады. Ол үшін алғашқы ғылыми болжамын тексеріп, дамытып, қажет болса, іздену барысында түзетулер енгізіп, тұжырымдамасын жетілдіреді. Сонда ғана ғылыми ізденіс өз нәтижесін береді.

Әлеуметтік– педагогикалық үрдістің ішкі және сыртқы факторларының қызметтері мен дамуы, олардың элементтері мен қарым-қатынастарының байланысы тарихи-жүйелілік тұрғыда зерттелуі тиіс. Тарихи – жүйелілік ұстанымы жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір ұстанымы ретінде педагогикалық үдерістің және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттейтін өзіндік сапасымен сипатталатын ғылыми әдістердің бірі.

Тарихи – жүйелілік әдісі төменде ұсынылған қағидаларға негізделіп, объектілердің сапасын және оны жетілдірудің жолдарын анықтауға көмектеседі, олар:

  • сыртқы ортаға байланысты жүйенің тұтастығы және оны ортамен бірлікте зерттеу. Мәселен, білім беру мәселесін жүйелілік ұстанымы арқылы зерттегенде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісімен қатар қоғамның талабына орай ұштастыра зерттеу керек;

  • біртұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлшектерін бөліп алып зерттеу элементтердің сапалық қасиеттері белгілі бір жүйеге жатуына байланысты болады, ал тұтас жүйенің сапалық жүйесі жеке элементтерінің сапалық қасиеттерімен ұштаспайды;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет