Реферат тақырыбы: Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі Орындаған: Пейсенова М. Н мырзабай Б. Д жетекші: Сагалиева Ж. К



бет2/10
Дата28.03.2024
өлшемі373.67 Kb.
#496792
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат Қазақ тілі

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:

  • Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап көрсету және оны мысалдармен дәлелдеу;

  • Сөйлем мүшелерін оқытуда жаңаша технологияны қолданудың өзіндік сипатын ашу;

Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.


І тарау. Сөйлем мүшелері – синтаксистің зерттеу объектісі
І.1. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі

Сөйлемге коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік тұрғыдан талдау жасау сөйлем мүшелері ұғымдарымен (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) тікелей байланысты. Тіл білімі тарихында осы әдіс ертеден-ақ қалыптасып, дәстүрге айналып отыр.


Лингвистикалық ой-пікірлер тарихы үшін сөйлем мүшелері жөніндегі тұжырымдардың қызғылықты нәрсе екені сөзсіз. Революцияға дейінгі түркі тілдерге арналған еңбектің қайсысында болмасын логикалық, психологиялық байымдаумен ұштасып, қатарласып қаралғандығын көреміз. Сондықтан да сөйлемнің негізгі шарты бастауыш пен баяндауыштың болуы деген сөз – логикалық байымдау үшін субъект пен объект предикаттың керектігі. Сөйлемге осылай психологиялық, логикалық көзқараспен қарау сөйлемнің грамматикалық функциясын ашуға зиянын тигізді. Логикалық байымдау грамматикалық сөйлемге көшіріліп, синтаксистің көптеген негізгі мәселелері дұрыс шешілмеді. Осының нәтижесінде тұрлаулы мүшенің бір-бірімен айтылатын жақты, жақсыз, толымсыз, атаулы сияқты жай сөйлем түрлері де зерттелмеді. Бұл жағдай ХІХ ғасыр үшін өте маңызды, өйткені Аристотель дәуірінен бастап соңғы кездерге дейін сөйлем логикалық байымдаумен өте тығыз байланыста қаралған еді. Сондықтан да бұл дәуірдегі орыс тілі ғылымын зерттеушілер байымдаудың сөздер арқылы берілуі – сөйлем деп қараған еді. Мұны қолдаушылар – Ф. И. Буслаев, неміс лингвистері К.Ф. Беккер, Г. Пауль, т.б. болды.
Ф.И. Буслаевтің «Орыс тілінің» тарихи грамматикасының тәжірибесі» (1858) деген еңбегі көпшілік назарын өзіне ерекше аударды. Өйткені көптеген ғалымдар ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқан тұжырымдарды алып қарастырып, грамматика мен логика арасындағы ара жікті ажыратады. Синтаксистік құрылыс жөніндегі Ф.И. Буслаевтің өзгертулері мен енгізгендері көп емес, бірақ олардың барлығы принципті, ғылыми негізделген өзгертулер. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында грамматикалық бастауыш логикалық бастауыштың басты сөзі делініп келсе, Буслаев бұл түсінікті кеңейтеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері негізінен семантикалық өлшемге (критерийге) қарсы анықталды және топтастырылды. Топтастырудың бұл принципін Буслаев та сақтады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында тұжырымдар қалыптасқанға дейін ол бүтін және бірыңғай болған жоқ. Тек басқалардың орнын ауыстыратын балама варианттары ретінде қолданылып келді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс тіл біліміндегі «сөйлем мүшелері» тұжырымының мазмұнын қорытындыласақ, лингвистер өздерінің міндетін тұтас және осы бір теорияның жалпы жағдайын белгілеуден аса алмады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы синтаксис туралы ілім кемшіліктерден ада емес еді. Оны ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы саланы зерттеуші ғалымдар да анық байқады. Дегенмен, бұл тұжырымдар сөйлемнің синтаксистік құрылысы жөніндегі ілімді ілгері дамытқанын жоққа шығаруға болмайды.
Аталған кездегі бұл ілімнің ілгері дамуын, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқан сөйлем мүшелері жайындағы концепцияларды зерттей келіп, олардың қайсысының қай ғалымның творчестволық еңбегінде қалай дамығанын сараптаймыз. Қайсысының үлкен сынға ұшырағанын, нәтижесінде ХІХ ғасыр соңындағы сөйлем мүшелері жөніндегі ілімнің ХІХ ғасыр ортасындағы ілімнен қандай айырмашылығы бар екенін ажыратамыз.
Дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы сөйлем мүшелері жөніндегі тұжырымдар ұсынылған анкета сұрақтарына жауап берумен бірдей болды. Біз енді сөз ететін ғалымдардың еңбегіне сүйеніп, олардың қандай сұрақ, жауаппен келіспейтінін және неге келіспейтінін, оған қандай жауаптар тапқанын сөз етеміз.
А.А. Потебня грамматикалық сөйлем логикалық байымдаумен бірдей де, паралель емес деп көрсетті.
А.А. Дмитриевский сөйлемнің анықтамасына көп көңіл бөлді. Оның өзіндік соны пікірі сөйлем мүшелерінің иерархиялығы жөнінде еді. Оның айтуынша, сөйлемде бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүше болмайды, тек баяндауыш қана тұрлаулы. Ал бастауыш толықтаушы мүшелердің бірі дейді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында сөйлем мүшелерін зерттеуде өз үлестерін қосқан А.А. Потебняның шәкірті Д.Н. Овсяннико-Куликовский, академик Ф.Ф.Фортунатов сияқты ғалымдардың еңбектерінің өзіндік орны бар.
Міне, бұл еңбектер түркі тілдерінің синтаксисін зерттеушілерге арналған еңбектердің ең алғашқысы – М.А. Казем-Бектің «Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы» (1846) кітабы. Бұдан соң әйгілі «Алтай тілінің грамматикасы» (1869) деген еңбекте сөйлемнің бас мүшелері бастауыш, баяндауыш және оның функциялары қандай сөз таптарынан жасалатындығы, сөйлемнің орны қаралады. Бұл еңбек түркі тілдері синтаксисінің зерттеу объектісін анықтап, белгілі жүйеге түсірді.
Қазақ тілін алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі – М.П. Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы» (1894) деген еңбегінің екінші бөлімі синтаксис мәселелеріне арналған. Бұл еңбектің синтаксис бөлімінде мынадай тараулар қаралады:

  1. Жай сөйлемнің кейбір мәселелері.

  2. Етістіктердің қызметі, олардың көсемшеге айналуы.

  3. Есімшелердің анықтауыш болуы және қимылды білдіріп келуі. Сондай-ақ

тұйық райлы етістіктің қолданылу.

  1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы морфологиялық категориялар-

дың синтаксистік қызметі есепке алынады.
М.П. Мелиоранский сөйлем туралы былай дейді: «При плавной спокойной речи (напр.:при неторопливом рассказе о чем-нибудь) простые предложения состоят по крайней мере из двух членов: подлежащего и сказуемого, как подлежащего так и именно стоит в иминительном падеже и подлежащее стоит обыкновенно перед сказуемым».
Автор бұдан соң бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен байланысу тәсілі, қандай сөз таптарынан жасалатыны туралы мағлұмат береді. Осымен қатар бұл тарауда септік жалғауларының да синтаксистік қызметіне тоқтайды. Мұнда сөйлемнің және сөз тізбектерінің анықтамасы жоқ. Автордың пікіріндше, бастауыш пен баяндауыштың қатар келуі жай сөйлемнің негізгі өлшемі (критериясы) болып есептеледі. Сондықтан анықтауыштан басқа сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жөнінде де еш нәрсе айтылмаған. Өйткені, М.П.Мелиоранскийдің өзі кіріспеде айтып кеткендей, бұл еңбек (11-бөлім) «оқушыны қазақ тілі синтаксисі құрылысымен ықшам ғана түрде таныстырып өтуді» мақсат еткен.
Қазақ тілі біліміндегі сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихына үңілсек, сөйлем мүшелерінің анықтамасы туралы ғалымдардың арасында түрліше көзқарастар болып келді.
Сөйлем мүшелері синтаксисте, оның ішінде жай сөйлемнің синтаксисінде басты қызмет атқарады. Сондықтан сөйлем мүшелеріне ерте кезден-ақ басты назар аударушылық басым болды.
Қазақ тілі біліміндегі сөйлем мүшелерінің зерттелуін екі кезеңге бөліп қарауға болады:

  1. Жиырмасыншы, отызыншы жылдар арасындағы айтылған ойлар, оқулық

пен ғылыми еңбектерде жарияланған пікірлер.

  1. Қырықыншы жылдардан бастап осы кезеңге дейінгі көзқарастар.

Синтаксис, оның негізгі объектілері қазақ тіл білімінде Қазан революциясына дейін және онан кейінгі уақыттан бері зерттеліп келеді. Сөйлем мүшелерінің негізгі белгілері, жасалуы, тыныс белгілері туралы ғылыми тұжырымдар бірінші кезеңде жақсы қаралған еді. Бұл кезеңдегі сөйлем мүшелерінің жасалуы жайлы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Х.Басымов, І. Бәйтенов, т.б. ғалымдар алғаш сөз етті. Ол уақытта сөйлем мүшелері туралы айтыстар да, негізінен, оларды топтау мәселесіне, жасалуына қатысты ойлар жан-жақты айтылып отырды. Синтаксис саласындағы алғашқы мағлұматтарды осы бірінші кезеңнен аламыз.
Қазақ тіл білімінің негізін құрған 20-30 жылдардағы еңбектерді оқып отырғанымызда онда сөйлем мүшелері жасалу жағынан ғана сөз болған жоқ, сонымен бірге оның қалыптасу, таптастыру, тұрақтану мәселесіне көп көңіл бөлінгенін байқаймыз. Қазақ тілі лингвистикалық терминдердің жасалуын, соның ішінде сөйлем мүшелері ұғымдарының алғаш рет аталып, қалыптасуы жиырмасыншы жылдардағы А. Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады. Ал осы дәстүрдің әрі қарай толысып, ғылыми негізге келуі отызыншы жылдардағы Қ.Жұбанов пен С. Аманжолов еңбектерінен айқын көрінеді.
А.Байтұрсыновтың 1923-1928 жылдары бірнеше рет басылып шыққан «Тіл-құралының» сөйлем жүйесіне арналған үшінші кітабында сөйлем мүшелеріне біршама тоқтаған. Дегенмен, мұнда анықтама, ережелер тиянақты бекітілмеген, ғылыми негізделмеген еді. Бұдан соң сөйлем мүшелеріне қатысты Қ. Жұбановтың 1936 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» деген орта мектеп оқулығының бір тарауы мен «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» (Ауыл мұғалімі, 1937 №1-2) деген мақаласын атай аламыз.
Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – С. Аманжолов 1936 жылы «Сөйлем мүшілірін таптастыру мәселелері» атты мақаласын бастырып, онда біршама тың ойлар айтқан еді. (Тіл мәселелері, 2-жинақ).
С. Аманжолов 1932 жылдан бастап синтаксис мәселесін зерттеді. Мысалы, «Төрт жылдық тіл кітабы» (1932), орта мектепке арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» (І-ІІ бөлімдері), жоғары мектеп үшін жазылған тұңғыш оқулық – «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» (1940) деген еңбектері сөйлем мүшелерін жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге түсірудің үлгісі, құнды тәжірибесі болды.
Қазіргі кезде синтаксисті зерттеушілер осы аталған алғашқы еңбектерді басшылыққа алып, одан үйреніп, содан-соң сөйлем мүшелері проблемасын, сондай-ақ синтаксистің басқа көптеген мәселелерін түбегейлі зерттеп, дамыту ісіне лайықты үлестерін қосып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет