Реферат Тақырыбы: Тобы: 1-009 Тапсырған: Абдураззаков М. А қабылдаған: Шапатова Г. Б



бет1/4
Дата06.05.2024
өлшемі302.97 Kb.
#500610
түріРеферат
  1   2   3   4
эндокрин


«Қарағанды медицина универцитет» ҚеАҚ
Марфология және физиология кафедрасы


Реферат
Тақырыбы:

Тобы: 1-009


Тапсырған: Абдураззаков М.А
Қабылдаған: Шапатова Г.Б

Э
ндокриндік жүйе- Қандай ұлпадан дамуына байланыссыз ішкі ортаға спецификалық реттеуші. заттарды бөлетін барлық бездердің,ұлпалардың және жасушалардың бірігуінен тұратын жүйе. Эндокриндік жүйе құрамына эндокриндік бездер мен жекелеген эндокриндік жасушалар жатады.


Эндокриндік без- шығару өзегі жоқ,оның негізгі функциясы болып
Гормондардың секрециясы болып табылатын анатомиялық құрылым.
Оларға жатады:
-Гипофиз,
-эпифиз,
-қалқанша без,
-қалқанша маңы безі,
-бүйрек үсті безі.


Гипофиз

Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар. Гипофиз- мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы- аденогипофиз, ортаңғысы - меланогипофиз, артқы бөлігі нейрогипофиз деп аталады.


Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Ми қосалқысында құрылысы, қызметі мен дамуы әр түрлі 2 үлесін ажыратады: алдыңғы үлес lobus anterior, артқы үлес lobus posterior.
Ж
аңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі "түрік ері" сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4х5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін "түрік ерінің" мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жагынан гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2% ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді.

Кызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;


2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет