Эпифиз немесе томпақ дене.
Томпақ дене, corpus pineale, таламустармен habenuale арқылы байланысқан, ортаңғы ми төбесі табақшасының жоғарғы төбешіктері үстінде орналасады. Ол кішкетай, сопақ пішінді және қызғылт түсті дене, оның жіңішке шеті төмен және артқа қарай бағытталған. Томпақ дененің ұзындығы 7-10мм, көлденеңі 5-7мм. Томпақ дене ерте балалық шақта ірілеу, алайда жыныстық пісіп жетілу басталғанға дейін инволюция құбылыстары байқалады. Томпақ дененің қызметі толық анықталмаған.
Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан әрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан әрі қарай Дәнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жас өспірімдер мен жігіттерде/бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді.
Қалқанша без.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. Glandula – без, гр. Thyreos —қалқан) – шеткі ішкі секреция безі, ересек адамдағы ішкі секреция бездерінің ең ірісі, мойында кеңірдектің алды мен ішінара қалқанша шеміршекке жанаса көмейдің бүйір шеттерінде орналасады. Қалқанша бездің сырты беті дөңес, ішкі беті ойыс. Алдыңғы жағынан терімен, тері асты шелмайымен безге сыртқы қапшық, capsula fibrosa, түзетін мойын шандырымен және mm.sternohyoideus, sternothyroideus et omohyoideus бұлшықеттерімен жабылған. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар.
Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г. Алғашқы жылғы баланың өмірінде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г. Жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі түйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады. Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен болінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады.
Қалқанша маңы.
Қалқанша маңы бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1,5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні Дөңгелекше, сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады.
Достарыңызбен бөлісу: |