ӘОЖ 377.5 (574.54):37.08:61 Қолжазба құқығында
НҰРПЕЙІСОВА ЭЛЬМИРА СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
КІШІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОРНЫ
6M011400-тарих мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013 ж
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысы тақырыбы-ның қамтылған уақыты ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың бас кезі. Ха- лық ағарту науқаны кезінде ашылған медициналық бұл оқу орнының тари-хын зерттеу өлкетанулық сипатта жүргізілді.
Тақырыптың өзектілігі. 2012 жылы шілде айындағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Қазақстан орта мектептері мен жоғарғы оқу орындарында патриоттық тәрбие беру ісін жандандыруда өлкетану пәндерін енгізуді айрықша атап өткен еді [1]. Қызылорда облысы ежелден өлкетанушылық материалдарға өте бай аймақтардың бірі. Жергілікті арнайы кәсіби оқу орындарының тарихы облыстық ағарту бөлімі тарихының құрамдас бөлімі болып табылады. Сондай оқу орындарының бірі Қызылорда медициналық училищесі. 1928 жылы ашылған оқу орнының тарихын білу өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне жәрдемдесетіні сөзсіз. Құрылған күнінен бүгінгі күнге дейін денсаулық сақтау ісіне жиырма мыңнан аса орта буын медицина қызметкерлерін дайындаған оқу орнының өңіріміздің әлеуметтік - мәдени өміріндегі орнын зерттеу бүгінгі жергілікті кәсіби тарихшылар үшін өзекті.
Кеңестік жүйедегі жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының маман кадрлар даярлау жүйесін, ағарту саласындағы олардың орнын, жеткен жетістіктері мен олқылықтарын, мамандар даярлау тәжірибелерін бүгінгі күн
талаптары тұрғысынан ой елегінен өткізіп, бүгінгі күннің кәдесіне жарату мүмкіндіктері де маңызды. Қызылорда медициналық училищесінің құрылуы, қалыптасуы және дамуы тарихынан өлке тарихының көрінісін елестетуге болады. Оқу орны тарихының негізгі кезеңдері кеңестік өлке тарихының негізгі кезеңдерімен сәйкес келеді. Бұл тұрғыдан алғанда да Қызылорда медициналық училищесі тарихы қызығушылық туғызатыны сөзсіз. Оқу орны атауының эволюциясының өзі көп нәрседен хабардар берер еді – Қазақ акушерлік техникумы, фельдшерлік мектеп, медициналық училищесі және тәуелсіздік жылдарында Қызылорда медициналық колледжі [2].
Қызылорда медициналық училищесінің оқытушылар құрамы мен оқушылар қауымы облыстың қала, аудан, ауыл өмірінің барлық қоғамдық саяси және мәдени өміріне белсене араласты. Кеңестік жүйеде саяси тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмыстар ұранымен жүрген тәжірибелерді жинақтау, жүйелеу және тұжырым жасауда кәсіби тарихшылар үшін көкейкесті міндеттердің бірі. Біздің ойымызша кеңестік жүйедегі оқу орындары тәжірибелерінің бүгінгі таңдағы маңызын кемітуге болмайды.Тағы бір ескеретін жайт, соңғы жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Истатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінен басқа бірде-бір жоғарғы және орта арнаулы кәсіби оқу орындарының тарихына қатысты еңбектер жоқтың қасы. Бұл тұрғыдан алғанда да біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі бажайлана түседі.
Зерттеу нысаны болып отырған Қызылорда медициналық колледжінің тарихына қатысты кезінде жергілікті және республикалық басылымдарда мақалалар жарияланғаны анық. Сол материалдардың барлығында іздеп тауып іріктеу, жүйелеу, саралау және бүгінгі күн тұрғысынан бағамдау да кезек күттірмейтін тарихшылардың кәсіби парызы деп тұжырымдаған жөн.
Айта кететін жәйт, Қызылорда медициналық колледжінің тарихы арнайы зерттеу нысаны болған жоқ.
85 жылдық тарихы бар оқу орнында республикамыздың медицина тарихында орны бар түлектері болды. Т.Әшімов, К.Қалиев, А.Меңбаев, Д.Омаров, Л.И.Романовская, Б.Ибраева, Б.Айтуғанов сынды түлектер Ұлы Отан соғысы жылдарында майданның хақ ортасында жауынгерлердің өмірі үшін күрессе, Варлен Исаев, Шәріпбай Әлназаров, Ернияз Омаров, Көшкінбаев Елемес сияқты ғалым - дәрігерлер училищеден кейін жоғарғы оқу орындарына түсіп отандық медицина тарихында із қалдырды. Сондықтан әр жылдардағы осы оқу орнының көрнекті өкілдерінің, жекеленген тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы өмірбаяндық мәліметтерді жинастыру да маңызды. Олардың тарихи дерек ретінде де маңызы зор. Қызылорда медициналық училищесінің тарихына қатысты осы күнге дейін жарияланған мақалаларға естелік сипат басым. Жергілікті облыстық және қалалық мұрағат материалдары пайдаланылмаған. Біз диссертациялық жұмысымызда негізгі дерек көзі ретінде мұрағат материалдарын алдық. Бұл тақырыбымыздың өзектілігін айқындайтын факторлардың бірі екендігі сөзсіз. Сонымен Қызылорда медициналық колледжінің тарихын білу - тарихи өлкетанушылық, қолданбалы және танымдық мәнге ие, өйткені республика тарихында арнаулы медициналық орта білім жүйесінің тарихын зерттеу ғылыми тұрғыда арнайы мәселе болып өз мәнісінде қойылмаған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қызылорда медицина колледжінің тарихы мейлінше ауқымды. Алайда осы күнге дейін оқу орнының тарихы жүйелі түрде арнайы зерттелмеген. Әр жылдарда жергілікті және республикалық басылымдарда оқу орны басшылары мен оқытушылары, түлектері туралы материалдар жарияланып тұрды. Бірақ олардың көпшілігі журналистік жанрда жазылған ғылыми талдаудан алыс жарияланымдар еді. 60 -70 жылдары оқу орнының өмірі мен қызметі жайлы «Ленин жолы» газетінде қалалық денсаулық сақтау бөлімінің инспекторы С.Смағұлов «Қарлығаштай қанат қақтырған» атты мақала [3], «Медицина мамандарының ұясы» [4], «Қазақстан әйелдері» журналында медициналық училищенің директоры Сара Дәуітбаева «Түлектер ұшқан ұяда» [5], Ш. Рахатов «Ленин жолы» газетінде «Өз мамандығыңды сүйе біл» [6], «Ленин жолының» меншікті тілшісі М.Исаевтың «Көпке қуаныш сыйлаған» [7], «Сыр бойы» Руханият және ақпарат бөлімінің «Қадамы құтты шаңырақ» [8], «Ақиқат» журналында Мұрат Мәлібекұлының «Жебеушіңді жақыннан ізде» атты мақалалары жарыққа шықты [9].
1990 - 2000 жылдары жарыққа шыққан Жұмагүл Оралбаеваның «Сыр бойы» газетінде «Райса» [10], Ернияз Омаровтың Оралбаеваның «Сыр бойы» газе-тінде «Артына өшпес із қалдырған» [11], Г.Жалғасованың «Сыр бойы» газе-тінде «Аққулар қалықтаған айдын» [12] мақалалардың келесі топтамасына естеліктік сипат тән. Мақалалардың келесі бір легі мүшелтойлық сарынға ба-сым. Зерттеліп отырған оқу орны жөнінде алғаш рет Мұрат Күлімбет және Аманжол Оспанов «Келбеті кемел колледж» атты еңбекте жарияланады [13]. Бірақ бұл еңбек оқу орнының мерейтойына арналған түлектер мен оқытушылардың оқу орны туралы ыстық лебіздері мен тілектері жөнінде жазылған болатын. Колледж өмірі мен ардагерлері, түлектері, оқытушылары жөнінде алғаш мәліметтер жинап, құжаттар жинастырумен айналысқан 70 – 80 жылдарда оқу орнының бөлім меңгерушісі, одан соң оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болған Аманжол Әбжаппарұлы Оспанов еді. Қызылорда медициналық колледжінің өміртарихы жөнінде автор оқу орнынына мұражай ашу ісін қолға алып, оқу топтарындағы оқушылардың, түлектердің, директорлардың, оқытушылардың еңбектері, сабақтағы көріністері, оқу ғимаратының суреттері сақтап жүйелеген.
Қызылорда медицина колледжі жөніндегі келесі еңбек Ернияз Омаровтың «Ажалға араша» деп аталатын Сыр өңірі медицина қызметкерлерінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктеріне арналған [14]. Бұл еңбекте Батырхан Айтуғанов, Қалиев Кеңесбай Смағұлұлы, Ташкенбаев Дүйсенбай, Құттымұратова Палау, Романовская Надежда Ивановна, Петровская Наталья Ивановна, Половинков Петр Дмитриевичтің табанды ерліктері, соғыс жылдарындағы медициналық қызметтегі қиыншылықтары жөнінде баяндалады. Е.Омаров, С.Смағұлұлының «Сыр медицинасы» (ХІХ – ХХ ғасыр) еңбегінде де оқу орны жөнінде қысқаша мәлімет берілген [15]. 1927 жылы қазан айында оқу орнын ашу туралы шешім қабылдап, жастарды әр аймақтан топтастыруы Кеңестік биліктің медицина мамандарына деген зәрулік мәселелерін шешу жолдарына жасаған қадамы еді [16]. Оқу орны жөнінде мұрағат қорында сақталмаған деректерді, атап айтқанда 1942 – 1952 жылдар аралығындағы кейбір деректерді оқу орнының өз мұрағат қорынан табылды [17]. Оқу орнының құрылуының алғышарттарына негіз болатын бірнеше жәйттарды, фельдшерлік мектептің оқушыларының үлгерімі, социалистік жарысты ұйымдастыру туралы деректерді оқуға болады [18]. Сонымен қатар әр жылдардағы кеңестік қаулылар негізінде оқу-тәрбие процесіне өзгерістер енгізіліп отырылды. [19]. Оқу орнын бітірген маман кадрлар облыс медицинасының аясын кеңейтті [20].
1937-1938 жылдардағы кеңестік қуғын-сүргіннің салқын ызғарынан бұл оқу орны да тыс қалмағандығын көрсетті. Мамандарға зәру оқу орнының оқытушылар құрамы барынша тұқыртылды [21]. Оқу орнын бітірген маман кадрлардың тең жартысы мейірбикелер болды [22]. Басылым беттеріндегі оқу орнының өткен өміріне шолу жасалған мақалалар қатарына «Облыстағы дәрігер мамандар даярлайтын оқу орны»[23], А.Ш.Әлназарова «Медицина мамандарының ұстаханасы»[24], колледж түлектерінің «Ұстазымызды сағынып жүрміз» [25]. Қызылорда облысы бойынша медицина қызметкерлері адал да, қажырлы еңбегі бағаланып, марапатталған [26].
Сонымен Қызылорда медициналық колледжінің зерттелуіне қысқаша шолу оның тарихының әлі де жеткілікіз зерттеліп отырғанын көрсетеді. Сондықтан бұл мәселені біз диссертациялық жұмыстың арқауы етіп алдық. Тақырыптың зерттелу деңгейін анықтай отырып, мынадай мәселелерге көз жеткіздік. Біріншіден, Қызылорда медициналық колледжі тарихына қатысты арнайы зерттеулер жоқтың қасы. Екіншіден, мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар ғылыми талдау сипатынан алыс.
Диссертациялық жұмыстың нысаны ретінде Қызылорда медицина колледжі алынды. Өмір сүру жылдар бойына оқу орнының өлкеміздің медициналық мекемелеріне мамандар даярлауда, халықтың денсаулығын сақтауда оқу орнының ролін анықтау зерттеу жұмысының пәні болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. 1928 – 2012 жж. облыстық денсаулық сақтау бөлімі мен емдеу мекемелерінің халыққа қызмет көрсетудегі Қызылорда медицина колледжінің орны мен маңызын анықтау, дәрігер- маман кадрларды даярлаудағы осы оқу орнының қызметіне баға беру.
Зерттеу жұмысының теориялық – методологиялық негіздері. Ғылыми, тарихи танымның методологиясы түбегейлі қайта құруды бастан кешіріп жатқан қазіргі кезеңде әр зерттеушінің өз ұстанымы болатыны табиғи құбылыс. Бұл орайда зерттеу жұмысында принциптік маңызы бар екі мәселені басшылыққа алынды: біріншіден, ғылыми танымның объективтілік, жүйелілік, тарихилық детерменизм мен даму принциптерін, екіншіден, тарихи және әлеуметтік – культурологиялық ойдың ең соңғы жетістіктеріне сүйендік. Кейбір мәселелерде өткеннің тарихи сабақтарына қайта оралу және оларды тәуелсіздік тұсындағы ахуал негізінде, салыстырмалы түрде талдап, қарастыру ретроспективті талдаулар жасауға жол ашты. «Қызылорда медицина колледжі - өлкеміздің әлеуметтік қажеттілігі» деген принципті концепция басшылыққа алынды. 85 жыл көлеміндегі, медициналық оқу орнының қызметі хронологиялық жүйелілікпен, тарихи тұрғыдан тиянақты баяндауға құрылды.
Зерттеу жұмысында деректерді сипаттау және талдау, салыстырмалы талдау, бағалау тәрізді, зерттеу әдістері пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізін мұрағаттық құжаттар мен жарияланған жазба тарихи деректер құрады. Тақырыпқа байланысты пайдаланылған деректерді деректану ғылымының қағидаларын негізге ала отырып шартты түрде төмендегідей топқа бөліп қарастыруға болады:
Бірінші топқа зерттеу жұмысына негіз болған ғылыми құндылығы жоғары мұрағат құжаттары жатады. Нақтырақ айтсақ, Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты: 23 қор – «Қызылорда медициналық училищесі». Бұл қордан Қызылорда фельдшерлік мектебінің құрылған уақытынан бастап, жұмыс істеу барысы, оқытушылар мен оқушылар құрамы жөнінде көп деректер алынды. Осындай мұрағат қорларындағы тарихи құжаттар зерттеу жұмысымыздың негізгі деректік көздерін құрады.
Екінші топта Қызылорда медициналық колледжінің мұрағат қоры құжаттары жатады. Оқу орнының мұрағатынан оқу орнының әр жылдардағы жұмысы, жетістігі, оқу - өндірістік есептер, оқушылар контингенті, оқу – тәрбие құжаттары жөнінде мәліметтер алынды.
Үшінші топқа әр жылдарда оқу орны туралы жергілікті және республикалық басылымдарда жарық көрген материалдары жатады. Ең бірінші кезекте, облыстық «Путь Ленина», «Ленин жолы» және республикалық «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Кызылординские вести», «Сыр бойы», «Егемен Қазақстан» басылымдары.
Деректердің келесі топтамасын Қызылорда медицина колледжінің ардагерлерімен жүргізілген жанды сұхбаттар құрайды. Оның барысында ұжымдағы ішкі психологиялық ахуал, училищенің әр жылдардағы күнделікті өміріне қатысты аса құнды деректер алынды.
Зерттеу тақырыбының хронологиялық шеңбері мен территориялық қамту аймағы. Диссертациялық зерттеу жұмысының хронологиялық шегі 1928 – 2012 жылдар аралығын қамтиды. 1928 – 2012 жылдардағы өңіріміздің әлеуметтік жағдайы ілгерілеулер мен іркілістерге толы. Бұл кезең елімізде кеңестік жүйенің еліміздің халқын жаппай сауаттандыру шараларының жүргізіліп жатқан кезі еді. Өлкедегі халықтың денсаулығын сақтауда халыққа қызмет көрсетіп жатқан әр ауданда бір-екі дәрігерден ғана болды. Осыған байланысты халықты өндіріске қосу үшін сауатты медициналық білімі бар мамандар қажет болды. Халық денсаулық сақтау комитетінің шешімімен акушерлік техникум ашылды. Бұл оқу орнының құрылуы халықтың әлеуметтік қажеттілігінен туындаған еді. Оқу орнының түлектері дәрігерлердің көмекшілері болып, науқастардың күтімін жасап, халық денсаулығын сақтауға аянбай еңбек етті. Еліміздің, өлкеміздің тарихи өмірімен оқу орнының қызметі біте қайнасып жатты. 1941 – 1945 жылдары жауынгерлерді майданға қайта қосуда оқу орнының түлектері аянбай еңбек етті. Соғыстан кейінгі жылдарда да 1950 – 1970 жылдары медицина колледж түлектері өлке медицинасын дамытуда адал еңбек етіп, аңызға айналған тұлғаларға айналды. Тәуелсіздік жылдарында оқу орнынында түбегейлі реформалар жүргізіліп, сапалы, бәсекеге қабілетті орта буын медицина мамандары қала, облысымыздың шалғай аудандарынан басқа, респуб-ликамыздың түкпір - түкпірінде қызмет жасауда. Осы кезең ішкі байланысы, барысы мен нәтижелері тұтасып жатқан кезең ретінде зерттелуге лайық.
Ал территориялық қамту аймағына келер болсақ: Қызылорда облысы мен аудандарын қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Біріншіден, бұрын зерттелмеген және жаңа құжаттарға, баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сын көзбен қарау негізінде ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы алғашқы өлкелік медицина мамандарын даярлайтын оқу орнының құрылып өңіріміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту, халықтың денсаулығын сақтаудағы қиыншылықтар мен жетістіктерін, аймаққа ғана тән ерекшеліктері талданды.
Екіншіден, ізденушінің Қызылорда медицина колледжінің орта буын медицина мамандарын даярлаудағы маңызын, оқу орны қызметіне тарихи шынайы баға беріліп, жаңаша ойлау тұрғысынан зерттелді.
Үшіншіден, көптеген мұрағаттық деректер мен құжаттар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.
Төртіншіден, зерттеу жұмысының негізінде алынған нақты материалдар, тұжырымдар мен бағалар Қазақстан зиялылары мен денсаулық сақтау мекемелерінің тарихы бойынша жазылатын жинақтаушы еңбектерде пайдаланыла алады.
Бесіншіден, жоғары оқу орындарының студенттеріне өлкетану курстарында дәріс ретінде оқуға болады, сонымен бірге зерттеліп отырған оқу орнының оқытушылар мен оқушылар қауымына мамандыққа баулу мен оқу - тәрбие жұмыстарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар диссертациялық зерттеу талапкердің мынадай бағыттарда, негізгі тұжырымдар жасауға мүмкіндіктер берді:
-
Қызылорда медицина колледжі өлкемізде медициналық білім беретін
ең байырғы және жалғыз оқу орны;
-
1928 – 2012 жылдардағы Қызылорда медициналық колледжінің атқарған қызметі өлкенің медицинасының дамуының қиын да күрделі дамуында ұшан - теңіз;
-
кеңестік жүйеде облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде оқу орнының түлектері дәрігерден кейінгі негізгі медициналық мамандар-кадрлар болды;
-
зерттеу кезінде халыққа әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуде дағдарыстық құбылыстар тереңдеп кетті және олар облыстың дамуын тежейтін зиянды құбылыстарға айналды;
-
оқу орнының жұмысына түбегейлі реформа жүргізіліп, мамандарының мәртебесін қазіргі дамыған елдердегі орта арнаулы медициналық мамандарының мәртебесімен теңестіретіндей жағдай жасалу қажет.
Диссертацияның қолданбалы маңызы. Диссертацияда қолданылған материалдардың басым бөлігі ғылыми айналымға тұңғыш рет түсіп отыр. Зерттеу пайымдаулары мен қорытындылары облысымыздың жоғары оқу орындарында өлкетану пәні бойынша лекциялар курсын және арнайы курстар, оқулықтар даярлағанда қолдануға болады. Сонымен қатар, зерттеліп отырған оқу орнының оқытушылар мен оқушылар қауымына мамандыққа баулуда немесе оқу – тәрбие жұмыстарында қолдануға болады.
Зерттеу қағидалары мен қорытындылары өлке тарихын зерттеуде осы оқу орнының жинақталған толық деректерімен жәрдем бере алады. Өйткені, осы күнге дейін бұл оқу орны жайлы жазылған деректер тарихи тұрғыдан емес, естелік ретінде жазылып келген.
Зерттеудің сыннан өтуі. Зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселелері бойынша мәліметтер мен деректер республикалық және облыстық қоғамдық – саяси басылымдарда жарияланды. Сонымен, диссертация көлемінде қарастырылған мәселелер республикалық Денсаулық сақтау саласының шараларында, медициналық мекемелер конференцияларында, оқу орнының мерейтойлық конференцияларында, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде өткізілген республикалық конференцияда (2012) баяндалды. Зерттеу жұмысы Қызылорда университеті «Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның мазмұны бойынша тұжырымдар үш мақалада баяндалып, республикалық ғылыми басылымдарда жарияланды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, 6 тақырыпшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі айқындалған. Сондай–ақ зерттеу жұмысының жаңалығы, мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, деректік және методологиялық негіздері, практикалық маңыздылығы көрсетілген.
«Қызылорда медицина училищесінің құрылуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері» деп аталған бірінші тараудың «Қызылорда медицина училищесі құрылуының алғышарттары» атты бірінші тақырыпшасында Қызылорда медицина колледжінің Сыр өңірі аймағындағы ең байырғы орта арнаулы оқу орындарының бірінен саналуы, өлкеде арнайы медициналық орта оқу орнының ашылуы кездейсоқ еместігін, Сыр өңірі дәстүрлі халықтық медицинаның дамыған аймақтарының бірі екендігін, облыс территориясындағы европалық дәстүрдегі медициналық оқу орнының негізін орыстың әскери дәрігерлері қалағанын аталып өтеді. Алғашқы емдеу мекемелері - әскери лазареттер мен госпитальдар болғанын, бірақ оларға арнайы медициналық білімі бар мамандарды даярлау ісі қиындық туғызғанын, отарлық үкімет жергілікті бұратана халық өкілдерінде оқу ағарту істеріне тартуға мәжбүр болғандығы айтылады. Кеңестік биліктің жүзеге асырған оңтайлы іс-шараларының бірі патша үкіметі жүзеге асыра алмаған – медицина мамандарына деген зәрулікті жеңу – мәселелерді шешуге кірісуін, Қазақ өлкелік атқару комитеті 1927 жылы қазан айында аталмыш оқу орнын ашу туралы шешім қабылдап, соған орай үш кластық білімі бар қазақ жастарды әр аймақтан топтастырып, әуелі 6 айлық дайындық курсынан өткізгенін [16,8б], әуелгіде Қазақ АКСР Денсаулық сақтау Халық комиссариатының 1928 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен алғаш «Әйелдер бөлімінің Х жылдығы» атындағы қазақтың өлкелік медициналық акушерлік техникумы болып ашылғанын[16,9б], Қызылорда медициналық колледжі ұзақ жылдар бойы қалыптасып, дамып, облысымыздың медициналық меке-мелеріне өз ісіне адал, іскер мамандар даярлап шығаруға кіріскені жөнінде айтылады. Оқу мерзімі 3 жыл болып белгіленген тұңғыш оқу базасы әскери гарнизонның ат қорасы мен шағын қалалық ауруханаға орналасқандығы жөнінде атап өтіледі [16,10б]. Қызылора медициналық училищесінің тарихын 20-30 жылдардағы өлкенің саяси-мәдени қоғамдық өмірінен бөліп алып қарауға болмайды. Кәсіби маман жұмысшы кадрларын даярлау міндеті қойылған кезеңде фельдшерлік мектеп ұжымы өз міндеттерін мінсіз атқаруға белсене кірісті [17,3б]. Медициналық техникумда оқу әдістемелік жұмыс-тарды жетілдіру қолға алынды. Дайындық бөлімдері ашылды. Дайындық бөлімінде жалпы білім беретін пәндер бағдарламасы, акушерлік бөлімде арнайы медициналық оқу - өндірістік бағдарламалары пайдаланылды. 1933 жылғы Қазақ КСР ОАК – нің қаулысы және БКП (б) аппаратты қайта оқыту және ұлттық кадрларды даярлау, Халық денсаулығы комитетінің шешімімен негізгі және дайындық бөлімдерінде оқытуды қазақшаға аударып жүргізілді. Бұл өзін-өзі ақтаған аса маңызды әдістемелік шара болғандығы, жергілікті халық өкілдерінің арасында сауатсыздар көп болғандығы және басқа ұлт өкілдерінің саны аймақта өте аз болғандығы, сондықтан дайындық бөлімдері өте маңызды рөл атқарғандығы айтылады. Көп ұзамай мамандықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қосымша қаржылар бөлінді. Бірақ олар өте мардымсыз болып оқу орнының қажеттерін орындай алмай жатты [19,18б]. 1940-1941 оқу жылдары медициналық техникумда 2 оқу тобы жұмыс істеп, бұл жылдар оқу орны үшін үлкен қиындықтар жылы болды.Ұлы Отан соғысы шағын ғана оқу орнының өмірінде өшпес із қалдырды. Көптеген оқытушылар мен түлектер майданға аттанды. Соған қарамастан оқу орны өзінің қызметін жалғастыруы қажет болғандығы жөнінде айтылған.
Соғыстан кейінгі жылдар оқу орнының өміріндегі кезекті бір белес болды. Медициналық кадр тапшылығы сол күйінше сақталынып қалды. Халықтың медициналық білім алуға деген құштарлығы өте зор болды. 1977 жылы Қызылорда медицина училищесі Ленгер және Түркістан қалаларының училищелерімен Шымкенттік бірлестікке енді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нарықтық қатынстар талабының күшейген уақытында заман талаптарына сай ақылы оқу топтарын ашу қажет болғандығын атап өткен. 2007-2013 жылдары оқу-тәрбие ісіне серпіліс беріліп, оқу процесіне заманауи технологиялар еніп, әдістемелік серпін жасалғандығы, ашылған бөлімдері және олардың маңызы, оқу орнының қалыптасуының алғышарттары аталып өтіледі.
«Оқу орнының материалдық-техникалық базасының қалыптасуы» атты екінші тақырыпшасында 1928 жылы ашылған Қызылорда медициналық оқу орнының материалдық-техникалық базасы өте әлсіз болғандығын, оқу орнының ғимараты бейімделген үйде орналасқандығын, оқу орны үшін ең қажетті заттар, әдістемелік оқу құралдары, арнайы медициналық әдебиеттер жоқтың қасы болғандығын, оқу орнының кітапханасы оқу ғимаратында орналасты және кітап қоры өте аз болғандығы айтылады. Алғашында оқу орны алты бөлмелі шағын үйде орналасты. Контингент саны бар болғаны 30 болды. Техникумда бала мен ананы қорғау ісімен айналысатын тәрбиеші сестралар дайындайтын екі негізгі бөлімше ашылды [27]. Фельдшерлік - акушерлік мектеп (бұрынғы акушерлік техникум) өлкелік аурухана, Қызылорда қаласының емханасы және қаланың басқа емдеу - профилактикалық мекемелері (консультация және т.б.) базасында құрылғандығы, мекеменің емдеу құрал - жабдықтары, дәрігерлер штаты, техникумның дәрістерінің қалыпты жүргізілуін толық қамтамасыз ететіндігін, одан соң акушерлік техникум профилі ана мен баланың денсаулығын сақтауға көшірілуі, ал 1933-1934 оқу жылынан бастап оқу орны дәрігер - венерологтарды дайындап шығара бастағандығы айтылады [17,17б]. Оқу орны өмір сүрген уақыт бойына оқу ғимараты және жатақхана жөнінде тапшылық көріп келгендігін, ғимараттың жетіспеушілігі және оқу орнының талабына сәйкес келмейтіні – жаңа оқу жылында қиындықтар туғызғандығын және бұл жағдай жыл сайынғы оқу жылына тән екендігі айтылады. Оқу корпусының жатақхана ғимаратынан және практика базаларынан алшақтығы студент пен оқытушының көп уақытын алады [30]. Мектептің ұйымдастырылу схемасының графикалық құрылымдық көрінісін сипаттаған және мектептің орналасқан жері және оның қаладағы құрылымдық бөлімдері жөнінде айтылған (аурухана, жатақхана және т.б). паспорттық анықтамада мектептің ұйымдастырылу схемасы көрсетілген [17,16б]. Оқу орнының мұрағат қорынан медициналық техникумының жатақханасының ғимараты жөнінде деректерде ғимараттың орналасқан көшесі Қарақалпақ 72 үй, ал бұл ғимараттың салынған жылы жөніндегі мәлімет жоқ. Құрылыс ғимараты қалалық халық шаруашылығы комитетінен 30 жылға жалға алынған. «Ана мен сәби денсаулығын сақтау» бөлімінің ашылуына орай оқу аудиториялары жетіспеуінен оған қалалық аурухананың (бұрынғы. вен. диспансер) бір бөлмесі бөлінді. Құрал жабдықтары бар акушерлер, физикалық, химия - дәрмектік анатомо - физиологиялық, денешынықтыру және әскери іс жөнінде кабинеттері 1932 жылы ашылды. 1954 жылы «Фельдшер мектебі» медицина училищесі болып қайта құрылғандығы айтылады [17,25б]. Оқу орнында дайындалатын мамандықтар түрі көбейді: оған фармацевт, санитарлық фельдшер, фельдшер – лаборант, стоматология мамандықтары қосылды. Соған сәйкес 1969-1970 жылдары училищеде химиялық, Т.Л.Ф, физикалық, тарих, анатомиялық, клиникалық, орыс тілі және әдебиеті, фармакогнозия сияқты оқу кабинеттері жұмыс істеді және кабинеттер жанында түрлі пән үйірмелері жұмыс істеді [28].
Қорытындылай келгенде, оқу орнының материалдық-техникалық базасы үнемі жақсартылып, алғашында алты бөлмелі шағын үйге орналасқан, 30 адамға арналған оқу орнының материалдық – техникалық базасы жыл өткен сайын кеңестік үкімет тарапынан стандартқа, өз заманының талабына сай толықтырылып және жаңартылып, оқу – тәрбие жұмыстарын және өндірістік игіліктерді қамтамасыз ете алатындай мүмкіндіктерге қол жеткізді. Нәтижесінде, Қызылорда медициналық колледжінің қазіргі материалдық-техникалық базасы заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған орта оқу орны болып отырылғанын, материалдық-техникалық базасының жақсаруы оқу орны дамуының тарихи кезеңдеріне сәйкес келіп отырғандығы аталып өтілген.
«Оқу орнының құрылымы мен құрамы» атты үшінші тақырыпшасында алғашқыда оқу орнының оқытушылар құрамы өте аз болғандығын, штаттық кесте бойынша оқытушылар мен техникалық қызметкерлердің санын қосқанда бар болғаны 21 адамды құрағаны, олардың 7-еуі ғана штатта екенін, лаборант мейірбикелер және 2 техникалық қызметкер болғандығы, 11 оқытушы жоғары білімді, 10 оқытушының орта арнаулы білімі бар екендігі [3,4б] айтылып өтілген. Дәрігерлер оқытушылықты ауруханадағы қызметтерімен қатар атқарып жүрді. Оқытушылардың ұлттық құрамына келетін болсақ, олардың 4-уі ғана қазақтар болды. Қалғандары басқа ұлттың өкілдері [17, 3б]. Техникумның тұңғыш директоры болған Просковья Ивановна Добронравова оқу орнының қалыптасуына көп еңбек сіңірді. 1919 жылдан партия мүшесі, Астрахань қаласындағы медициналық институттың түлегі еді. Қазақ қыздарының тиянақты білім алуына үлкен көмек жасады, ұлттық жергілікті тілді жетік білетін ол 1939 жылға дейін осы қызметін атқарып, жасының ұлғаюына байланысты оқытушылық қызметке ауысты. 1945 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі болған Иван Данилович Скачко да техникумға алғашқылардың бірі болып келген. Онан соң оның 35 жылдық дәрігерлік өтілінің негізгі белестері атап өтіледі [17,27б]. Одан соң ең алғашқы ұстаздық еткен тұлғалар атап өтіледі. Атап айтқанда, Лукин Павел Петрович – жоғары білімді, 1895 жылы акушерлік және гинекология бойынша жоғары білім алған Кустов.А.Н, 1908 жылы - Шонаев Абжал Бахтыбаевич, 1886 жылы - дәрігер-терапевт Ошкинадзе Яков Борисович, дәрігер А.Кобельдесов, дәрігер И.Д.Досалиев, дәрігер Недьяковская. 1939 – 1941 жылдары мектеп директорлары болып Шығыстан жер аударылған корей халқының өкілдері Н.Д.Нигай, 1941 жылы А.С.Ли қызмет атқарды. Соғысқа дейінгі фельдшерлік мектептің оқушы-лардың контингентіне келетін болсақ, алғашқы түлектер болып саналатын 1930 - 1932 жылдары акушерлік бөлімшені 32 акушерка бітіріп шықты. Ал ел басына күн туған 1941 жылы екі фельдшерлік топтың 30 студенті майданға аттанады.
Оқушылар құрамы да жақсара түсті. Соғыстан кейінгі жылдары жетіжылдық мектептердің түлектері оқу орнына қабылдана бастады. Оқушылар контингентінің білім деңгейі жақсара түскен еді. 1952 жылы мектепте 13 оқу топтары болып, онда барлығы 349 оқушы оқыды. 138 оқушы жатақханада тұрған. Яғни жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі оқу орнының алдында өткір тұрды. Осы оқу жылы оқу орнының 109 түлегі облыс пен республиканың денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілді. Оқу орнына оқуға жаңадан қабылданғандар саны 150 болды. Оның 212 оқушысы стипендиант болған [17,32б].
Оқу орнының 60 жылдардағы құрылымы мен құрамы онан сайын толықтырылды, 18 штаттық оқытушы жұмыс істеді. 1961 жылы оқушылар-дың саны 457 –ге жетті. 1962 жылы 1 тамызда С.Т. Даутбаева директор болып тағайындалады, оқу меңгерушісі Суркова М.Г, 1962 жылы 1 қазаннан бастап сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі болып Ю.Е. Тынымқұлов тағайындалады. 1962 жылы 541 оқушы болса, түлектердің саны – 145 адам, оқытушылардан 45 оқытушы болса, одан 16 жұмыс жасаған.
Түйіндей келгенде, техникумның құрылымы мен құрамы өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар үнемі ілгерілеу үстінде болды. Соған қарамастан өлкедегі денсаулық сақтау мекемелері үшін орта буын мамандарын даярлауда аянбай еңбек етті.
«Өлкенің ағарту жүйесіндегі оқу орнының ролі» деп аталатын екінші тараудың «Оқу орнындағы сабақ үдерісін ұйымдастырудың ерекшелік-тері» атты бірінші тақырыпшасында оқу орны алғашқы құрылған күннен бастап-ақ, жергілікті тұрғындардың арасында үлкен беделге ие болып, халықтың арасында дәрігерлерді дайындайтын оқу орнының аталуы мен ондағы оқу процесі де таңсық қабылдынғандығы, оқытушылардың құрамы мен оқу орнында оқитын оқушылардың беделі де өте жоғары болғандығы аталып өтіледі. Оқу жылының 1 жылы жалпыбілім беретін пәндер, қалған жылдарында арнаулы пәндерден сағаттар бөлінді. Үшінші оқу жылы, арнаулы және практикалық пәндермен бірге қоғамтану курсы да қоса жүргізіледі. Осы жоспар негізіне РКФСР акушерлік техникумдарының жоспары және Өзбекстан (Ташкент қаласындағы) медициналық техникумының акушерлік бөлімінің жоспары алынды және Қазақстан талаптарына сәйкес жасалынды [16,44б]. Жоспарда негізгі орынды акушерлік пәні алады. Оқу орны осы кездердегі оқу-әдістемелік жұмыстарына дайындық бөлімінде жалпы білім беретін пәндер бағдарламасы, акушерлік бөлімде арнайы медициналық оқу-өндірістік бағдарламаларын пайдаланған. Оқу орнында негізгі екі мамандық бөлімі «акушерлік» және «мейірбикелік» бөлімдері және «дайындық» бөлімдері ашылды. Заман талабына сай оқу жоспары жалпы білім беретін пәндер және де арнаулы пәндер циклынан тұрды.
Оқу жоспарының өзінен кеңестік идеологиялық талаптарды айқын көруге болады. Айталық, медициналық оқу орнында қоғамтану пәніне үлкен көңіл бөлінді. Сағат саны да жоғары болды. Бұл пән негізгі пәндердің қатарынан орын алды және барлық курстарда жүрді. Мысалы, акушерлік бөлімде І және ІІ семестрде 80 сағат берілсе ІІІ-ІV семестрлерде – 60 сағат, ал V семестрде – 30 сағат, яғни барлығы 170 сағат жүктеме берілді. Салыстыру үшін айтар болсақ, орыс тілі, математика пәндеріне І-ІІ семестрлерді қосқанда 80 сағат, ал физика, химия пәндерінің әрқайсысына – 66 сағат қана берілді. [16,45б]
Оқу орнының оқытушылары сабақ түсіндіруде әр сабақтың көрнекіліктерін, суреттерін, оқулықтарын үнемі пайдаланып отырған. Себебі, оқу орнының оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері мұны үнемі талап етіп отырған. Сабақтың өз мақсатына жетуі үшін және оқушылардың тақырыпты меңгеруі үшін оқулықтар өте тапшы болды. Сондықтан оқытушылар өз пәнінен қажетті оқулыққа тапсырыс беріп отырған [29]. Негізгі топтардағы оқушылар үшін ұсынылған оқулықтар тізімі жасалған. Бұл оқулықтардың барлығы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі, 20-30 жылдардағы авторлардың еңбегі болды. Оқытушылар бұл оқулықтар арқылы өз дәрістерін беріп, қазақ оқушыларына аудармалап түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Циклдердегі оқуларды ұйымдастыру ұдайы іздену, жаңа талап бағыттарды зерттеу үрдісімен сипатталады. Әр циклдің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары түзіліп, ол жоспарларға медиицинаның өзекті бағыттары, қолданысқа енгізілген жаңа бұйрықтар мен нұсқаулардың енгізіліп оқытылуын жүйелендірілді [30].
Түйіндей келгенде, Қызылорда медициналық колледжінің өлкенің оқу-ағарту жүйесіндегі орны ерекше болды. Орта буын медициналық мамандар жаппай жетіспей жатқан жағдайда оқу орны бұл қажеттіліктердің орнын то-лықтырып отырды.
«Оқу орны түлектерінің өлке халқының денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметі» атты екінші тақырыпшасында оқу орны түлектерінің өлкенің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуында қосқан үлестері зор болғандығын, алғашқы түлектер ауыр әлеуметтік-экономикалық саяси және оқу үдерісінің күрделі жағдайларында білім алғандығына қарамастан аймақ дәрігерлерінің көмекшісі бола жүріп, халықтың денсаулығын сақтау жолында қызмет жасағандары жөнінде айтылады. Сол уақыттағы өлкемізде жүргізіліп жатқан индустрияландыру саясаты жылдарында халықты өндіріске қосуда, еңбекке жұмылдыруда қызмет жасағаны, одан соң ұжымдастыру, аса ірі байларды тәркілеу, аштық жылдары да жанкештілікпен халықтың денсаулығын сақтап қалу жолында күрескені, ХХ ғасырдың басында еліміздің оңтүстік аймақтарында жайлаған оба, сүзек ауруларымен күресті, түрлі індеттерге қарсы егу жұмыстарына тартылғаны, сондай-ақ химиялық лаборатория негізінде бактериологиялық залалсызданыру жұмыстарына жұмылдырылғаны [31] атап өтілінеді. 1941 жылы еліміздің басына ауыр күн туған шақта өлке медицинасы да соғысқа бейімделді. Отан соғысына қатысып, Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан батырлар арасында Қызылорда медицина колледжі түлектерінің есімдері ерекше. Ұлы Отан соғысы жылдары медициналық мамандарға деген қажеттілік онан сайын артты. 1941-1945 жылдары оқу орнында 328 фельдшер мен мейірбикелер бітіріп шыққан, бірақ олардың қаншасы соғысқа қатысқаны, қаншасы соғыста қаза тапқандары туралы толық деректер жоқ. 1941 жылы фельдшер мектебін маусым айында 48, желтоқсан айында мерзімінен бұрын 56 фельдшер бітірген. Олардың көпшілігі майданға аттанған [32]. Колледждің мұрағат құжаттарына назар аударсақ, 1942-1943 оқу жылы -274 оқушы, 1943-1944 жылы 263 оқушы, 1944-1945 жылы 235 оқушы карточкамен нан алып оқып жүріп, соғысқа қажетті қаржы жинаған, отын дайындаған, облыстағы үлкен каналдар қазу науқандарына қатысқан.
Одан соң соғыстан кейінгі жылдардағы түлектердің өлке тарихына қосқан үлесіне шолу жасалған. Соғыстан кейін елге оралып облыстың медицина саласын дамытуда, халықтың денсаулығын сақтауда адал еңбектерімен тер төккен аңызға айналған түлектердің бар екендігі айтылды. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы түлектер де қазіргі күнде өлкеміздегі халықтың денсаулығын сақтау қызметіне өз үлестерін қосып келуде. Олардың саны тәуелсіздік жылдарында артып отырғанын байқауға болады.
Қорытындылай келгенде, Қызылорда медициналық техникумының түлектері еңбек жолын бастаған күннен өлке халқына аянбай қызмет көрсетті. Өлкеде кеңестік тоталитарлық жүйенің орнығуы жылдарында еңбек жолын бастаған алғашқы түлектердің қызметін өлкенің саяси тарихынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Ұжымдастыру, аштық, саяси қуғын-сүргін жылдары орта буын медициналық қызметкерлер өздерінің гуманистік мұраттарына сәйкес қызмет етті. Соғысқа дейінгі жылдарда елімізді түрлі індеттерден сақтау шараларына жұмылдырылып, өндіріске халықты қосып, денсаулығын сақтады. Ұлы Отан соғысы жылдары оқу орнының түлектері ұрыс далаларында кеңес жауынгерлеріне аянбай қызмет етті. Мыңдаған жауынгерлердің өмірін сақтап қалды. Осындай табанды еңбектері арқылы оқу орны түлектері өлке тарихында өлшеусіз із қалдырды. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосты. 50-60 жылдардағы оқу орны түлектерінің халыққа көрсеткен қызметі өлке тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.
«Қызылорданың қоғамдық – мәдени өміріндегі оқу орнының ролі» атты үшінші тақырыпшасында Қызылорда медициналық училищесінің құрылған күнінен бастап мәдени өмірі республикамыздың, облысымыздың, қаламыздың қоғамдық-мәдени дамуымен тығыз байланыста екендігі айтыладыТек өлкемізде ғана емес, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі аймақтардағы жарыстар мен конференцияларға қатыстырылып оқу орнының оқушыларының білім деңгейлері мен ой-өрістері шыңдалып отырылған. 1977 жылы егін орағына белсенді қатысқаны үшін ІІІ-курс оқушысы Досымбетов.М. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1965-1985 жылдары медициналық училищедегі ең кең дамыған спорт түрі еркін күрестен 200-ден астам КСРО спорт шебері, шеберлікке кандидат және І-разрядты жігіттер шығып, олар 110 рет одақтық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері атанған.Кезінде КСРО шеберлері атанып, фармация бөлімшесін 1968 жылы бітірген түлектер Татьяна Коровина мен Людмила Арықовалар да өмірден өз орындарын тапқан белгілі мамандар [17,65б].
70 жылдары оқу орнының домбыра оркестрі, «Арман» эстрадалық оркестрі, драмалық, би және вокалды топтары өздерінің жоғары орындаушылық өнерімен ерекшеленді. 80 жылдары КВН-ның (көңілді тапқыштар клубы) облыстағы тұңғыш байқауы да медициналық училищеде өтуі мұндағы мәдени-көпшілік жұмыстардың жақсы жолға қойылғанының куәсі. [33].
Қорытындылай келгенде, бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің өз төл тарихы танылып жатқан кезеңде тарихымызға түбегейлі толықтырулар енгізіліп, өткенге жаңа көзқараспен қарау, сын тұрғысынан талдау, жаңаша көзқараспен ойлау, кеңестік дәуірде берілген баға, пікір, тұжырымдарға әділ де, нақты ой түю қалыптасты. Әсіресе тек бір ғасырдың өзіндегі кеңестік жүйе құрылымында болған өлке тарихын жаңаша саралауға жол ашылды. Кіші медицина қызметкерлерін даярлау - қоғам қажеттілігінен туған құбылыс болды. Орта медициналық білімді мамандар даярлайтын бұл оқу орнының негізі қалануының алғышарттары ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Кеңестік идеология негізінде өлкеміздегі денсаулық сақтау саласына мамандарға деген қажеттілік күн санап арта түсті. 1928-2010 жылдардағы Қызылорда медицина колледжінің қызметін нақтылы материалдар негізінде зерттеу барысында сол тарихи кезеңдегі құбылыстарды терең танып, оған дұрыс баға беруге деген мүмкіншілік туып отыр.
Қызылорда медицина училищесі - өлкеміздің медициналық қызметке деген қажеттілігін қанағаттандырды. Өлкеміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуда, халықтың денсаулығын сақтауда облыстың қала, аудан, ауылдарында медициналық мамандар тапшылығына байланысты осы мамандық иелерін даярлаудағы Қызылорда медициналық училищесінің маңызын атап көрсете келе мынадай ұсыныстар жасағымыз келеді:
-
Медициналық училищенің тарихи тәжірибелері мен үрдістерін өлке-танулық облыс көлемінде бірігіп насихаттау;
-
Орта оқу орындарында арнайы курстық жұмыс ұйымдастыру;
-
Оқу орны тарихына арналған деректі фильмдер шығару;
-
Оқу орнының өмірі мен қызметіне, негізін қалаушылары, басшылары,
оқытушылар қызметі мен түлектеріне арналған жеке кітап шығару.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы. //Егемен Қазақстан. 2012 жыл шілде -15
2. ҚОММ 23-қор, 1тізімдеме, 53 іс.
3. С.Смағұлов. «Қарлығаштай қанат қақтырған». (Қызылорда медицина учи-лищесіне 60 жыл) //Ленин жолы. -20.10.1988жыл. 3бет.
4. С.Сейітов. Медицина мамандарының ұясы. //Ленин жолы. 14.06.1986жыл. 3бет.
5. Сара Дәуітбаева. Түлектер ұшқан ұяда. //Қазақстан әйелдері. 12.06.1982 жыл. 20 бет.
6. Ш.Рахатов. «Өз мамандығыңды сүйе біл». // Ленин жолы. 15.04.1982 жыл. 2бет.
7. М.Исаев. Көпке қуаныш сыйлаған. //Ленин жолы. №243 21.12.1989жыл.
8. Қадамы құтты шаңырақ. //Сыр бойы. №76. 25.06.1998жыл. 3бет.
9. М.Мәлібекұлы. Жебеушіңді жақыннан ізде.//Ақиқат.№6 1998жыл.54-57
бет.
10. Жұмагүл Оралбаева. «Райса» //Сыр бойы. 2.10.2007жыл. 3бет.
11. Ернияз Омаров. Артына өшпес із қалдырған. //Сыр бойы. 22.10.2008жыл. 3бет.
12. Г.Жалғасова. «Аққулар қалықтаған айдын». // Сыр бойы. №127. 30.10.
2003. 5бет.
13. Мұрат Күлімбет, Аманжол Оспанов. «Келбеті кемел колледж» Алматы. «Бастау». Бастау ЖШС. 2003 жыл.-144 бет.
14. Е.Омаров. «Ажалға араша». (Сыр өңірі медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында). Қызылорда. 2005 жыл.-186 б.
15. Е.Омаров, С.Смағұлұлы. «Сыр медицинасы» (ХІХ – ХХ ғасыр). Қызыл-орда. «Тұмар». 2001 жыл. «Тамырын тереңге жіберген сала» Д.А.Дәулетбаев. -333 бет.
16. ҚОММ 23-қор, 127 іс, І тізімдеме. 44-45 парақтар.
17. Қызылорда медициналық колледжінің мұрағат қоры құжаты.
18. ҚОММ 235-қор, 8 іс, І тізімдеме. 7 п.
19. ҚОММ 235-қор, 44 іс, І тізімдеме. 198 п.
20. «Сыр өңірі тарихы» Алматы. «Атамұра» 1998жыл. (көне заманнан бүгінге дейін). Б.Сапарбаев, М.Кереев, А.Айдосов. Денсаулық саласы. 188-189бет-тер.
21. ҚОММ 235-қор, 41 іс, 1 тізімдеме, 33 п.
22. Р.Ә.Көзденова. Мейірлі мамандық иелері.//Сыр бойы. 13.05.2003жыл. 8бет.
23. М.Балғабаев. Облыстағы дәрігер мамандар даярлайтын оқу орны. //Ақмешіт ақшамы. №24.-15 маусым. 4 бет.
24. А.Ш.Әлназарова. Медицина мамандарының ұстаханасы. //Сыр бойы. 22.10.2008жыл. 3бет.
25.Ұстазымызды сағынып жүрміз. (Акушерлік пән оқытушысы Сейтмамбе-това Н.Қ. жайында колледж түлектерінің сағыныш хаты) //Сыр бойы.1994 -№14-16 ақпан.
26. ҚОММ 283-қор, І тізімдеме, 570 іс. 357 п.
27. Сейтов.С. Кузница кадров. // Путь Ленина. 1986. 14 июнь. с.3
28. ҚОММ 23 – қор,1тізімдеме, 77 іс, 75 іс. 3п.
29. ҚОММ 23 - қор, 1 тізімдеме,1 іс, 1-2п.
30. ҚОММ 23 – қор, 1 тізімдеме, 205 іс, 12,17,26 п.
31. ҚОММ 235 – қор,1 тізімдеме, 15 іс. 5 бп.
32. ҚОММ 23 - қор, 1 тізімдеме, 98 іс. 8,81п
33. Қызылорда медициналық колледжінің кітапханасының оқу орны тарихы-на арнаған кітапшасы. Қызылорда. 2003жыл.
Кілттік сөздер:
Медицина, кіші медицина мамандары, оқу орны тарихы, медицина тарихы, медициналық колледжі
Ключевые слова:
Медицина, средние медицинские карды, история учебного заведения, исто-рия медицины, медицинский колледж
Keywords:
Medicin, less than specialists of medicine,place of studies is history , history of medicin, medicine colledge
РЕЗЮМЕ
диссертации на получение академической степени магистра педагогических наук по специальности
6М011400-История
Нурпейсова Эльмира Серикбаевна
Роль Кызылординского медицинского колледжа в формирований средних специальных медицинских работников
Магистрская диссертация предоставлена на соискание академической степени магистра педагогики.
Актуальность темы исследования: На сегодняшний день, на пороге цивилизационного развития методы изучение истории народного образования в Казахстанском обществе являются разными. Один из главных страниц истории связанная с политическими событиями является функция образовательных учреждений по Кызылординской области которая считается одним из частей отечественной истории во время советского периода. Анализировать функцию образовательных организации по Кызылординской области и оценит их по современному взгляду является особенно важным. Структуру системы медицинского образования по Кызылординской области и историческое развитие исследовалась историками, опубликовали труды педагогов исследователей и они находили свое место в обществе. Но развитие медицинского образования по Кызылординской области не полностью рассматривалась в трудах регионоведов и специально как цель исследования научно не обосновавшись не изучалась.
Цели и задачи работы: Основной целью исследовательской работы является с помощью ранее неопубликованных архивных источников и анализировая с помощью новых взглядов функции медицинский колледж по Кызылординской области ХХ века открыт методы его работы. Учитывая эту ситуацию исследовательская работа ставит перед собой следующие задачи:
- анализ функции системы советского медицинского образования в регионе годы застоя;
- роль и анализ функции медицинского училища;
- определить какой вклад вложил медицинский колледж в развитии культуры и просветительской деятельности по области;
- Опредилить основные моменты развития и становление в регионе медицинского училища;
- анализ качественного и количественного развитие медицинский колледж в регионе;
- определить уровень развитии в общей системы образования по области;
Научная новизна диссертационной работы:
- Определились сотрудники образования по области поднявшие уровень сферы медицинской деятельности в регионе;
- В первые медобразовательная система региона точно и документально показано;
-В первые проанализировано материально-техническая база медицинского училища и состав учетилей;
- Показано архивные данные учреждений медицинской сети по региону;
-Проанализировано в источниках организация творческой работы учителей по области;
На защиту выносятся следующие положения.
-Определена качественная и количественная структура медицинского училища.
- Научно обосновано качественный и количественный показатель медицинского обучения в регионе.
- Показано материально-техническая база медицинского колледжа и состав учетилей.
- Исторический доказано что медицинское обучения имеет большое значение в процессе развитие здравоохранение.
Структура диссертации: Диссертация состоит из введения, два частей, заключения, списка использованной литературы.
Nurpeysova El'mira Serikbaevna
Role of of medical college in formings of the middle special medical workers Kyzylorda
SUMMARY
of the dissertation for the Master degree of History sciences
6M011400 – History
Actuality of research theme: To date, on the threshold of civilization development methods study of history of folk education in Kazakhstan society are different. One of main pages of history related to the political events there is a function of educational establishments on Kyzylordа of area which is considered one of parts of domestic history during a soviet period. To analyse a function educational organization on Kyzylorda of area and will estimate them on a modern look is especially important. Structure of the system of medical education on Kyzylorda of area and historical development probed historians, published labours of teachers of researchers and they found the place in society. But development of medical education on Kyzylorda of area not fully examined in labours of regionovedov and specially as a research purpose scientifically not settling not studied.
Aims and tasks of work: The primary purpose of research work is by the not studied sources of material and analizirovaya by the new looks of function a medical college on Kyzylorda of area of ÕÕ age is opened methods of his work. Taking into account this situation research work puts before itself the followings tasks: it is an analysis of function of the system of soviet medical education in a region years of stagnation; it is a role and analysis of function of medical school; - to define what deposit inlaid a medical college in development of culture and elucidative activity on an area; - Opredilit' basic moments of development and becoming in the region of medical school; it is an analysis high-quality and quantitative development medical college in a region; - to define a level development in general system of education on an area;
Scientific novelty of dissertation work:
- the employees of education were Determined on an area heaving up a level spheres of medical activity in a region;
- In the first medobrazovatel'naya system of region exactly and it is documentarily rotined;
-In the first it is analysed material and technical base of medical school and composition of uchetiley;
- the archived information of establishments of medical network is Rotined on a region;
-analize in sources organization of creative work of teachers on an area;
Next positions dart out on defence.
-Opredelena high-quality and quantitative structure of medical school.
- the high-quality and quantitative index of the medical teaching is Scientifically grounded in a region.
- it is Rotined material and technical base of medical college and composition of uchetiley.
- the Historical is well-proven that medical a large value has teaching in a process development health protection.
Structure of dissertation: Dissertation consists of introduction, two parts, conclusion, list of the used literature.
Достарыңызбен бөлісу: |