Регламент «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»



Дата27.06.2016
өлшемі63.64 Kb.
#161469
түріРегламент






Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы « 1 » тамыздағы

№ 1068/22 қаулысымен

бекітілді



«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды

материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет

регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік қызмет Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 үй мекен–жайы бойынша орналасқан, электрондық мекен–жайы: org.osz.ap@pavlodar.gov.kz. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуемттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
4. Мемлекеттік қызмет «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілетті органдарының шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: уәкілетті орган ғимаратында сағат 9-00 ден 18-30 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-30 дейін.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызметтен бас тартады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі кезіндегі іс-әрекет

(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы.
10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының жеке өтiнiш беруген кезінде немесе сенiмхат негiзiнде басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін ұсынуы қажет.



12. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тұтынушының мемлекеттік қызметке тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) уәкілетті органның бастығы;

2) уәкілетті органның маманы.



14 ҚФБ әрбір әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара байланыстылығы мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелі сипаттамасы әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімдердің) орындалу мерзімінің көрсетілуімен осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

15. ҚФБ мен іс-әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.





4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды тұлғалар қабылдаған

шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жауапкершілікте болады.







«Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларды қаражаттай қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша


ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің өзара әрекеттестігі мен дәйектілігінің сипаттамасы


Негізгі барыстың іс-әрекеттері (жолы, жұмыс ағымы)

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5




ҚФБ атауы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

3

Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттар-ды

қарастыру



Хабарлама-ның немесе қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындау

Хабарлама-ның немесе қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын қарау

Журналда тіркеу

4

Аяқтау нысаны

(деректер, құжат,

ұйымдық-басшылық ету

шешiмi)


Құжаттарды қабылдау туралы талон

Қарар

Хабарлама-ның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасы

Хабарла-маға немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою

Хабарламаны немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауапты беру

5

Орындалу мерзімі

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

6 жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 минуттан аспайды

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2-баған

3 -баған

4 - баған

5 - баған








«Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларды қаражаттай қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша


Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде




























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет