Регламенті Жалпы ережелер «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»



Дата01.07.2016
өлшемі89.06 Kb.
#170206
түріРегламент

1


2014 жылғы «___»_________ № ___ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген


«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын

арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер


1. «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) және Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері және Бөрлі, Казталов аудандары мен Орал қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері және Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі және Зеленов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі- Бөлім) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тиесілі бюджеттік субсидияларды әрі қарай көрсетілетін қызметті алушының банктік есепшотына аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдардың) басталуына негіз болып:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1542 «Мал шаруашылығында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)1, 2-қосымшаларына сәйкес үлгідегі өтінім;

Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қабылдау болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) Бөлімдердің жауапты орындаушылары:

көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді.

нәтижесі – өтінімнің қабылданғаны туралы талон беру;

өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді.

көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілер дайындайды және оны әкімдер бекітеді.

нәтижесі – аудандар мен Орал қаласының әкімдері бекіткен жиынтық актілер;

аудандар мен Орал қаласы бойынша бекітілген жиынтық актілерді Басқармаға ұсынады.

2) Басқарманың жауапты орындаушысы:

Бөлімдерден жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді қарайды.

нәтижесі – жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді;

сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді Мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді.

3) Комиссия аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қарайды, облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және оны Комиссия төрағасына бекітуге жібереді.

4) Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді.

5) Басқарма қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есеп шоттарының тізілімін ұсынады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:

Бөлімдердің жауапты орындаушылары;

Басқарманың жауапты орындаушысы;

Комиссия;

Комиссия төрағасы;

қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі.

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезектілігін сипаттау және әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсету:

1) Бөлімдердің жауапты орындаушылары:

көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді (15 минут);

нәтижесі – өтінімнің қабылданғаны туралы талон беру;

өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін құжаттар пакетін және көрсетілетін қызметті алушының өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді (5 жұмыс күні);

көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілер дайындайды (3 жұмыс күні);

бекітілген жиынтық актілерді Басқармаға ұсынады (3 жұмыс күні);

2) Басқарманың жауапты орындаушысы:

Бөлімдерден аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді қарайды (3 жұмыс күні),

сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді (3 жұмыс күні);

3) Комиссия жиынтық актілерді қарайды және облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және оны Комиссия төрағасына бекітуге жібереді (5 жұмыс күні);

4) Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді (3 жұмыс күні);

5) Басқарма қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есеп шоттарының тізілімін ұсынады (3 жұмыс күні).

Рәсімнің (іс-қимылдардың) кезектілігі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

8. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің

өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша




Қызмет берушінің атауы

Мемлекеттік мекеменің заңды мекенжайы

1

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі 75 үй телефоны: (8-711-2) 50-65-94

2

«Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69 үй

телефоны: (8-711-36) 92-5-20



3

«Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайхын ауылы, Тайыр Жароков көшесі, 31 үй телефоны: (8-711-40) 21-7-48

4

«Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Совет көшесі 60/1 үй

телефоны: (8-711-33) 20-0-90



5

«Жаңақала ауданының жер қатынастары және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі 44 үй, телефоны: (8 -711-41) 21-8-92

6

«Жәнібек ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғұмар Қараш көшесі 35 үй

телефоны: (8-711-35) 22-2-45



7

«Зеленов ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Мирная көшесі 3 үй

телефоны: (8-711-30) 22-2-43



8

«Казталов ауданының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі 4 үй

телефоны: (8-711-44) 31-3-70



9

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі 19 үй

телефоны: (8-711-45) 31-1-09



10

«Сырым ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі 8 үй

телефоны: (8-711-34) 31-3-42



11

«Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй

телефоны: (8-711-39) 21-0-06, 22-0-79



12

«Теректі ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейный көшесі 20 үй

телефоны: (8-711-32)23-0-66



13

«Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Калышева көшесі 93 үй

телефоны: (8-711-37)33-2-54



14

«Орал қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

Достық-Дружба даңғылы 182/1 үй

телефоны (8-711-2)51-24-38, 50-09-77


«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі

мен сапасын арттыруды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша


Рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігін сипаттайтын блок-схема



Көрсетілетін қызметті алушы Бөлімге құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді ұсынады




Бөлімдердің жауапты орындаушылары:

1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді (15 минут);

2) өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді (5 жұмыс күні);

3) көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді дайындайды (3 жұмыс күні)

4) аудан бойынша бекітілген жиынтық актіні Басқармаға ұсынады (3 жұмыс күні)

Басқарманың жауапты орындаушысы:
1) Бөлімдерден аудандар мен Орал қаласы әкімдері бекіткен жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді қарайды (3 жұмыс күні)

2) сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді (3 жұмыс күні)



3) қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін тапсырады (3 жұмыс күні)


Комиссия аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қарайды және облыс бойынша жиынтық актіні жасап, Комиссия төрағасына бекітуге жолдайды ( 5 жұмыс күні)



Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді (3 жұмыс күні)

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет