Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы
№ 252/8 қаулысымен
бекітілген
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру Павлодар облысының қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінгн кезде белгіленген нысандағы өтінім және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсынуға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері өтінішті, құжаттар пакетін қабылдайды, тіркейді және бөлім басшысына жолдайды – 15 (он бес) минуттан асырмай;
2) бөлім басшысы құжаттарды қарастырады, бөлімнің жауапты маманын анықтайды және оған құжаттарды жолдайды – 30 (отыз) минуттан асырмай;
3) бөлімнің жауапты маманы ұсынылған құжатттардың толықтығын, стандарттың талаптарына сәйкестігін тексеріп, оларды ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – ВАК) жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
4) ВАК субсидия алушылардың тізбесін, сондай-ақ солар арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң өтінімдері берілген тұқым шаруашылықтарының тізілімін құрастырады және оларды аудан немесе қала әкімдігіне (бұдан әрі – әкім) бөлімнің жауапты маманы арқылы бекітуге жібереді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
5) әкім тізбені және тізілімді бекітеді, оларды бөлімге жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;
6) бөлімнің жауапты маманы әкім бекіткен тізілім мен тізбені көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізбе мен тізілімді қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 15 (он бес) минуттан асырмай;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жаупты орындаушыға жібереді – 30 (отыз) минуттан асырмай;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жиынтық актілерді құрастырады және бекітеді, субсидиялар көлемдерін анықтайды, шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомостерді құрастырады және бекітеді – 10 (он) жұмыс күні;
10) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын екі данада ұсынады – 8 (сегіз) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері;
2) бөлім басшысы;
3) бөлімнің жауапты маманы;
4) ВАК;
5) әкім;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
9) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттамау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органдардың атауы және олардың байланыс деректері
Р/с
№
|
Жұмыс органының атауы
|
Байланыс деректері данные
|
1
|
2
|
3
| -
|
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Ленин көшесі, 61
телефон: 8(7182) 32-32-30
email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz
| -
|
«Павлодар қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25
телефон: 8(7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru
| -
|
«Екібастұз қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Екібастұз қаласы,
50 жылдық көшесі
телефон: 8(71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru
| -
|
«Ақсу қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12
телефон: 8(71837) 50572
email: 4108605@mail.ru
| -
|
«Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77
телефон: 8(71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru
| -
|
«Баянауыл ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтпаев көшесі, 49
телефон: 8(71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru
| -
|
«Железин ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Железин ауданы, Железинка ауылы, Придков көшесі, 13
телефон: 8(71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz
| -
|
«Ертіс ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
Бөгембай көшесі, 97
телефон: 8(71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru
| -
|
«Качиры ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 236
телефон: 8(71833)21403
email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz
|
1
|
2
|
3
|
| -
|
«Лебяжі ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Лебяжі ауданы, Аққу ауылы,
Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 13 телефон 8(71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru
|
| -
|
«Май ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 24
телефон: 8(71838) 91380
email: may_opish@mail.ru
|
| -
|
«Павлодар ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32, кеңсе 309
телефон: 8(7182) 329867
email: defence6@rambler.ru
|
| -
|
«Успен ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Успен ауданы, Успенка ауылы,
Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 30
телефон: 8(71834) 91300
email: usposh@yandex.ru
|
| -
|
«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 49
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru
|
|
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік
қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер
|
мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
|
|
көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы
|
|
келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |