Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы «___» _________
№_________ қаулысымен
Бекітілген
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтардың кезектілігі – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жеке тұлғалардың тізімі, нақты сандық құрамды анықтайтын журнал;
2) көрсетілетін қызметті алушы – халықтың аз қамтылған әлеуметтік қорғалған тобы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
3) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оларға бағынысты жүйелер;
4) мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер;
5) облыстық маңызы бар ауданның, қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстық маңызы бар ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша уәкілетті орган;
6) тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
7) халыққа қызмет көрсету орталығы – "бір терезе" қағидасы бойынша өтініш қабылдау және құжат беру бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) ХҚКО АЖ – халыққа көрсетілетін қызмет орталықтарына арналған ақпараттық жүйе;
9) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа, және электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін көрсететін ақпараттық жүйе.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қалалар мен аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен және тұрғын үй қатынастары бөлімдерімен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) көрсетіледі, (байланыс деректері осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі (бұдан әрі - Орталық), (байланыс деректері осы Регламентке 2-қосымшаға көрсетілген) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы: көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңбасы бар болған жағдайда (ЭЦҚ) www.egov.kz (бұдан әрі - портал).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 67, 68, 69, 71, 72 және 74-баптарының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Ақпараттандыру туралы" Заңының 29-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" N 856 қаулысы негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама, не дәлелді себептерді көрсетіп, есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап беру (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде) болып табылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын, және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына көрсетіледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" 2011 жылғы 8 қарашадағы N 1309 қаулысымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен (бұдан әрі - кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі) ауыратын адамдар;
6) жасы бойынша зейнеткерлер;
7) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
8) оралмандар;
9) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
10) көп балалы отбасылар;
11) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар жатады.
8. Адамдар, егер:
1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;
2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;
3) осы елді мекенде олардың тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса;
4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
9. Осы регламенттің 15-тармағында анықталған көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:
1) уәкілетті органға не порталға – отыз күнтізбелік күн ішінде;
Орталыққа - күнтізбелік отыз күн ішінде (көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді, бұл орайда, уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталуға бір күн қалғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсынады).
2) Орталықтағы құжаттарды тапсырған немесе алған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан, уәкілеттік органда - 15 минуттан аспауы тиіс.
10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
11. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда – күн сайын, жұмыс кестесінің №1 қосымшасында белгіленгендерге сәйкес.
Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз уәкілетті орган маманымен жүзеге асырылады.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушыларына кезектен тыс қызмет көрсетіледі;
2) Орталықта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет күн сайын, жұмыс кестесінің №2 қосымшасында белгіленгендерге сәйкес дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда.
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
3) порталда – тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы толық ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету орындарында стендтерде, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
12. Егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының сол немесе басқа елдi мекенiнде болуына қарамастан, оған меншiк құқығымен тиесiлi тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi бойынша сатып алынған кепiл берушi – Қазақстан Республикасы азаматы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша мiндеттемелерiн орындауға қабiлетсiз болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;
3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;
4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш алу уақытынан бастап және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру уақытына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа, портал арқылы немесе уәкілетті органға қажетті құжаттар пакетімен бірге өтініш береді;
2) Орталық құжаттарды қабылдауды, осы Регламенттің 15-тармағына сәйкестігін тексеруді, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды уәкілетті органға тапсырады;
3) уәкілетті орган тіркеуді, уәкілетті органға өтініш берген кезде Орталықтан, порталдан немесе көрсетілетін қызметті алушыдан тапсырылған құжаттардың қарауын жүзеге асырады;
4) уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын дайындайды және қала әкіміне қол қоюға енгізеді;
5) қала әкімі жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасына қол қояды;
6) уәкілетті орган хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін Орталыққа портал арқылы жолдайды, не уәкілетті органға өтініш берген жағдайда тұтынушыға береді;
7) Орталық көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
14. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимылдардың) тәртібінің сипаттамасы
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) уәкілеттік органға немесе Орталыққа:
осы регламентке 3-қосымшада үлгі бойынша есепке қою туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не төлқұжаттарының көшірмелерін;
некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелерін;
аумақтық әділет органының анықтамасын (көрсетілетін қызметті алушыда және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнде осы меншiк құқығында оларға тиесiлi тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы);
жергілікті атқарушы орган анықтамасын (көрсетілетін қызметті алушыда және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бар немесе жоқтығы туралы);
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және түпнұсқасы (құжатты салыстыру үшін) не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын мекенжай бюроның анықтамасы;
басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;
әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жататынын растайтын құжатты ұсынады;
халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда), қосымша өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы айлық табысы туралы мәліметтерді ұсынады;
мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерi, әскери қызметшілер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет дәрежесіне жататын адамдар жұмыс (қызметтен) орнынан қосымша анықтаманы ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен берілген мәртебесін растайтын құжаттарын ұсынады;
жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынады;
отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген, не жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан, не отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушылар тиісті уәкілетті органның қосымша анықтамасын ұсынады.
мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган немесе Орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
осы регламенттің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер – сканерден өткізілген түрде электрондық сұрауға қоса беріледі;
мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
16. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға:
1) уәкілетті органда немесе Орталықта:
сұраныс нөмірі мен қабылдау күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
қоса тапсырылған құжаттар саны мен атауын;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;
құжаттарды ресімдеуге сұранысты қабылдаған Орталық қызметкерінің не уәкілетті орган қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
көрсетілетін қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын, уәкілетті өкілдің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсетумен мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
2) порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органмен құжаттарды қабылдау күнін, уақытын және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін көрсетумен өтініш қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.
17. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы регламенттің 15-тармағымен белгіленген талаптарды сақтаумен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның мамандарымен жүзеге асырылады.
18. Уәкілетті органмен дайын құжаттарды беру күн сайын қолхат бойынша онда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі жеке келіп-кеткен кезде, құжаттарды беруді есепке алу журналында тіркеумен жүзеге асырылады.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын "терезе" арқылы Орталық қызметкерімен жүзеге асырылады.
Порталда дайын құжаттарды беру уәкілетті орган қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылған "жеке кабинетке" не көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына (өтініште көрсеткен кезде) автоматты түрде жіберу жолымен жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі - ҚФБ):
1) Орталық қызметкері;
2) уәкілетті орган басшысы;
3) уәкілетті орган маманы;
4) қала әкімі.
20. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
21. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтегі лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмету үшін жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы және Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына және іске асыруға жауапты болады.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша уәкілетті органдардың
байланыс деректері
р/с
№
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі міндеттерді жүзеге асыратын уәкілетті органның атауы
|
Орналасқан жері, мекенжайы, электрондық мекенжайы
|
Байланыс телефоны
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
"Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39,
|
8 (7212)
42-34-82
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
2
|
"Балқаш қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100300, Қарағанды облысы Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 3, blh_org@krg.gov.kz
|
8(710-36)
4-99-84ф
4-55-33
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
3
|
"Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
Алаш алаңы 1,
jkh_zhez@mail.ru
|
8(710-2)
73-31-71
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
4
|
"Қаражал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101700, Қарағанды облысы,
Қаражал қаласы,
Сайдалы Сары Тоқа көшесі 1, zhkh_karazhal2010@mail.ru
|
8(710-32)
2-67-76
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
5
|
"Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы,
Пушкин көшесі 7,
prio_jkh@mail.ru
|
8(710-39)
5-28-57
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
6
|
"Саран қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы,
Жамбыл көшесі, 67,
gkhsaran@mail.ru
|
8(72-137)
2-69-30
2-61-26
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
7
|
"Сәтпаев қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101302, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы,
Қ.И. Сәтпаев даңғылы 108
dorogi_satpaev@mail.ru
|
8(710-63)
3-34-35
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
8
|
"Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы,
Блюхер көшесі, 13
ozhkh_pt_ad@mail.ru
|
8(72-13)
98-01-88
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
9
|
"Шахтинск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101,
Shahtjkh_priem@krg.gov.kz
sh_zhkh@mail.ru
|
8 (72-156)
4-23-25
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
10
|
"Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100101, Қарағанды облысы, Абай қаласы,
Абай көшесі, 26,
gkh_abayrai@mail.ru
|
8 (72-131)
4-87-35
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
11
|
"Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Ә.Бөкейхан көшесі, 4 aktogaijkh@mail.ru
|
8 (710-37)
2-11-90
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
12
|
"Бұқар Жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы,
Ботақара кенті,
Т.Төреғожин көшесі, 6, buhzhk20@mail.ru
|
8 (72-154)
2-15-08
2-20-18
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
13
|
"Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 5 zhanaarka_jkh@inbox.ru
|
8(710-30)
2-83-85
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
14
|
"Қарқаралы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 23 jkhkarkar_@krg.gov.kz
|
8(72-146)
3-29-00
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
15
|
"Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Талжанов көшесі, N 5 "а", jkh_nurinskii@mail.ru
|
8(72-144)
2-26-27
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
16
|
"Осакаровка ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101000, Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті,
Достық көшесі, 33,
osak-jkh@mail.ru
|
8(72-149)
4-27-66
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
17
|
"Ұлытау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 22,
zhkh_ulytau@mail.ru
|
8(710-35)
2-12-19
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
18
|
"Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
101700, Қарағанды облысы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 24,
jkh_shetsk@mail.ru
|
8(710-31)
2-21-86
2-19-89
|
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа
|
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша халыққа қызмет көрсету Орталықтарының тізімі
р/с№
|
Орталықтың атауы
|
Орталықтың орналасқан мекенжайы
|
Операциялық залдың телефон нөмірі
|
Басшылардың телефон нөмірі
|
Электронды мекенжайы
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының №1 бөлімі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 47/3
|
8(7212)
43-35-08
|
8 (7212)
33-13-10
|
Erzhanova.con@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00- дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
2
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының №2 бөлімі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7
|
8(7212)
41-63-07
|
8 (7212)
41-03-92
|
Janna-medieva@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
3
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының №3 бөлімі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5
|
8(7212)
77-24-40
|
8 (7212)
77-26-58
|
Filial2tson2011@yandex.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
4
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының №4 бөлімі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Архитектурная көшесі, 8
|
8(7212)
45-84-22
|
8 (7212)
45-89-87
|
conmaikuduk@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
5
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының №5 бөлімі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, 21 ықшамаудан, 6/7
|
8(7212)
53-91-46
|
8 (7212)
32-92-51
|
Conprishahtinsk4@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
6
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының №6 бөлімі
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Серов көшесі, 73
|
8(7212)
93-16-86
|
8 (7212)
93-16-99
|
Guconfilialv5_2007@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
7
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Теміртау қаласындағы №1 бөлімі
|
101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 23
|
8(7213)
98-96-87
|
8(7213)
98-65-22
|
con1temirtau99@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
8
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Теміртау қаласындағы №2 бөлімі
|
101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 128
|
8(7213)
99-79-96
|
8(7213)
99-79-96
|
con2temirtau@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 20.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
9
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Абай ауданындағы №1 бөлімі
|
100101, Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 54
|
8(72131)
4-77-00
|
8(72131)
4-72-27
|
con_abai@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
10
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Абай ауданы Топар кентіндегі №2 бөлімі
|
100116, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 3
|
8(72153)
3-04-46
|
8(72153)
3-04-46
|
con_topar@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
11
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Ақтоғай ауданындағы №1 бөлімі
|
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кенті, Бөкейхан көшесі, 10
|
8(71037)
2-15-62
|
8(71037)
2-13-94
|
aktogaicon@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
12
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Ақтоғай ауданы Сарышыған кентіндегі №2 бөлімі
|
100314, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышыган кенті, Абай көшесі, 12
|
8(71038)
2-23-39
|
8(71038)
2-23-39
|
con_saryshagan@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
13
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Балқаш қаласындағы бөлімі
|
100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 20
|
8(71036)
6-83-49
|
8(71036)
6-83-47
|
balkhashcon@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
14
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Бұқар жырау ауданындағы №1 бөлімі
|
10400, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 37
|
8(72154)
2-23-70
|
8(72154)
2-23-73
|
bgirau_con@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
15
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Бұқар жырау ауданындағы №2 бөлімі
|
100407 Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Г.Мустафин кенті, Бейбітшілік көшесі, 24
|
8(72138)
3-10-23
|
8(72138)
3-10-23
|
con_2mustafina@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
16
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Жаңаарқа ауданындағы бөлімі
|
100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Оспанов көшесі, 40
|
8(71030)
2-61-60
|
8(71030)
2-69-09
|
con_zhanaarka@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
17
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Жезқазған қаласындағы бөлімі
|
100600, Қарағанды облысы, Жезқазған көшесі, Б.Момышұлы көшесі, 9
|
8(7102)
73-44-60
|
8(7102)
73-81-10
|
askerova.g@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
18
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Қаражал қаласындағы бөлімі
|
101700, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Ленин көшесі, 18
|
8(71032)
3-05-71
|
8(71032)
2-70-63
|
karazhalcon@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
19
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Қарқаралы ауданындағы бөлімі
|
100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 21
|
8(72146)
3-15-26
|
8(72146)
3-17-03
|
con_karkarali@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
20
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Нұра ауданындағы бөлімі
|
100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Сүлейменов көшесі, 2
|
8(72144)
2-19-19
|
8(72144)
2-13-13
|
nurinski.con@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
21
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Осакаровка ауданындағы №1 бөлімі
|
101000, Қарағанды облысы, Осақаров ауданы Осакаровка кенті, Пристанционная көшесі, 128
|
8(72149)
4-32-63
|
8(72149)
4-32-61
|
tson_13@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
22
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Осакаровка ауданындағы №1 бөлімі
|
101012, Қарағанды облысы, Осақаров ауданы, Молодежныйкенті, Абай көшесі, 13
|
8(72148)
2-22-46
|
8(72148)
2-22-46
|
nurrik@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
23
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Приозерск қаласындағы бөлімі
|
101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 7
|
8(71039)
5-27-37
|
8(71039)
5-29-12
|
prio_tcon2@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
24
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Саран қаласындағы бөлімі
|
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85
|
8(72137)
5-03-09
|
8(72137)
4-25-26
|
saran-2012@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
25
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Саран қаласындағы бөлімі
|
101300, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 111
|
8(71036)
6-83-49
|
8(71063)
4-03-48
|
f15satpaevcon@rambler.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
26
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Ұлытау ауданындағы бөлімі
|
101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау кенті, Амангелді көшесі, 29а
|
8(71035)
2-16-24
|
8(71035)
2-13-06
|
renat_ulytau@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
27
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Шахтинск қаласындағы №1 бөлімі
|
101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Московская көшесі, 30
|
8(72156)
5-26-32
|
8(72156)
5-26-32
|
shahtcon@yandex.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
28
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Шахтинск қаласындағы №2 бөлімі
|
101606, Қарағанды облысы, Шахан кенті, квартал 10/16, 16
|
8(72156)
3-20-99
|
8(72156)
3-20-99
|
con_shahan@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
29
|
«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Шет ауданындағы бөлімі
|
101700, Қарағанды облысы, Ақсу-Аюлы кенті, Жапақов көшесі, 23
|
8(71031)
2-21-88
|
8(71031)
2-21-88
|
conshet@mail.ru
|
Күн сайын сағат 9.00-дан 19.00-дейін, демалыс - жексенбі
|
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша
«_________ қаласының/ауданының тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшы _______________
(тегі, аты-жөні)
__________________________
__________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат (ша) ______________
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Сізден мені мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге/жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қоюыңызды сұраймын.
Қосымша: _________________
__________________________
(күні, қолы)
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі"
көрсетілетін мемлекеттік қызмет
регламентіне
4-қосымша
Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Іс-әрекет (барыс, жұмыстар ағынының) N
|
1
|
2
|
3
|
ҚФБ атауы
|
Орталық қызметкері
|
Орталық қызметкері
|
Уәкілетті орган маманы
|
Әрекет (үдеріс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды қабылдау, ұсынылған құжаттарды тексеру
|
Тізілімді құрайды
|
Құжаттарды қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, тіркеу
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Журналда тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру
|
Уәкілетті органға құжаттарды жолдау
|
Қарар қою үшін уәкілетті орган басшысына құжаттарды жолдау
|
Орындау мерзімдері
|
20 минут
|
1 жұмыс күні ішінде кемінде 2 рет
|
15 минут
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
2
|
3
|
4
|
Негізгі үдерістің (барыстың, жұмыстар ағынының) іс-әрекеттері
|
Іс-әрекет (барыс, жұмыстар ағынының) N
|
4
|
5
|
6
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Қала әкімі
|
Әрекет (үдеріс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы
|
Хат-хабармен танысу
|
Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын ресімдеу
|
Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына қол қою
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушының орындауына тапсыру
|
Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын қол қоюға қала әкіміне енгізу
|
Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын уәкілетті органға беру
|
Орындау мерзімдері
|
2 жұмыс күні
|
7 жұмыс күні
|
7 күнтізбелік күн
|
Келесі әрекеттің нөмірі
|
5
|
6
|
7
|
Негізгі үдерістің (барыстың, жұмыстар ағынының) іс-әрекеттері
|
Іс-әрекет (барыс, жұмыстар ағынының) N
|
7
|
8
|
9
|
10
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Орталық инспекторы
|
Әрекет (үдеріс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы
|
Хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу
|
Хабарламаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
|
Хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу.
Хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа беру не көрсетілетін қызметті алушыға беру
|
Хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру
|
Орындау мерзімдері
|
7 күнтізбелік күн
|
2 жұмыс күні
|
1 жұмыс күні ішінде
|
1 жұмыс күні ішінде
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
11
|
12
|
13
|
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
1 топ ҚФБ
Орталық қызметкері
|
2 топ ҚФБ
Уәкілетті органның маманы
|
3 топ ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы
|
5 топ ҚФБ
Қала әкімі
|
N 1 іс-әрекет
Құжаттарды қабылдау, ұсынылған құжаттарды тексеру. Журналда тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру
|
N 2 іс-әрекет
Орталықтан портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, тіркеу, қарар қою үшін уәкілетті орган басшысына өтінішті жолдау
|
N 3 іс-әрекет
Хат-хабармен танысу. Қарар қою, құжаттарды жауапты тұлғаға орындауға беру
|
|
|
N 4 іс-әрекет
Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын ресімдеу. Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын қол қоюға қала әкіміне енгізу
|
|
N 5 іс-әрекет
Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына қол қою. Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын уәкілетті органға беру
|
|
N 6 іс-әрекет
Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу
|
N 7 іс-әрекет Хабарламаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
|
|
|
N 8 іс-әрекет
Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу
|
|
|
N 10 іс-әрекет
Хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру
|
N 9 іс-әрекет
Хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа, порталға тапсыру не мемлекеттік қызметті алушыға беру
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |