Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Қатысушының аты-жөні: Тұрғазина Құндыз Айдынқызы 
Жетекшісінің аты-жөні: Оразова Аяулым Гарифоллаевна 
Бүгінде еліміз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда болашаққа емін-
еркін қадам басумен келеді. Елімізді мекен етіп жатқан əр адамзат баласы еш алаңсыз боз 
ала таңды атырып, айлы түнді батырып жүргені де рас. Дегенмен мұнша уайымсыздықтың, 
бейбітшіліктің астарында қандай мұң мен шер жатқанын кім білсін? 
Сан ғасырлар бойғы ата-баба арманы болып келген тəуелсіздік –бүгінгі күні асыға 
жеткен бақытымыз. Осынау бақыт жолында əр алуан қанды оқиғалар орын алды.
Менің ойымша, жүрегі шынайы «қазақ» деп соққан əр жан қаралы күндердің 
ызғарына тоңып, ыстығына күйді. Əсіресе, орыстың отарында кеткен қараңғы қазақты 
оятып, ел қылуға жан аямай талпынған көзі ашық зиялы қауым тағдыр тəлкегіне талай 
ұшырасты. Менің бұл сөзіме алаш арыстарының бірі Əлихан Бекөйхановтың сөздері дəлел 
болмақ: «Біздің жұрт бостандық, теңдік ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп 
қалады...». Расында, қараңғы халық отаршылдардың айдауына салынып, жаса дегенін 
жасап жүріп-ақ өзінің əлсіз тұсын көрсетіп қойды. Алайда, осы отаршылдыққа қарсы 
бұлқынып шыққан намысшыл қазақ жастарының ызғарлы желтоқсандағы əрекеті кімнің 
болсын денесін түршіктіріп, бойына рух берері анық. «Қазақстанды қазақ басқарсын!» деп 
ұрандаған жастардың қалағаны бір əділдік қана еді.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ халқы сонау он бесінші ғасырдан бері 
алпауыт елдермен терезесі тең, түтіні түзу шығатын, тəуелсіз ел болуға ұмтылумен
келеді. Осының арқасында бүгінгі ұрпақ «соғыс» дегеннің не екенін білмей өсіп келеді.
«Тəуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға
тиіспіз!» деп тұңғыш президент айтқандай, алдағы уақытта туындайтын қиындықтарға 
қасқайып қарсы тұруға міндеттіміз. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұшқан сұңқардың қанаты талатын ұлан-байтақ 
даланы ата-бабаларымыз шыбын жаны шыққанша қорғап, қазіргі бейбіт заман 
тұрғындарына «Тəуелсіздік» деп аталатын баға жетпес қазынаны аманат етіп қалдырды. 
Ендігі біздің алдымыздағы міндет – осы даланы көркейтіп, елдіктің туын қорғау. Біз
тəуелсіздіктің тарихын түгендеп, өткенді еске алып, бүгінімізбен мақтануға əбден
лайықпыз деп ойлаймын. Сондықтан, қашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш, 
тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын демекпін.


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 7 - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет