Республиканское государственное учреждение



Дата12.07.2016
өлшемі42.73 Kb.
#192985




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






жоба

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

____________________ года


Алматы қаласы



№ ____
город Алматы




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасында валюталық

операцияларды жүзеге асыру

қағидаларын бекіту туралы»

2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы



«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, 2012 жылғы


25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - биржа) негізгі сессиясында қалыптасқан және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің


2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және (бұдан әрі – Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі) сәйкес айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің биржада сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына қатысты, Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібіне сәйкес кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелген бағамы;»;

3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шетел валютасын сатып алу және сату тәртібi

16. Заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда) ішкі валюта нарығында шетел валютасын уәкілетті банктер арқылы осы Қағидалардың 17 немесе 19-тармақтарына сәйкес ресімделетін шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға арналған өтінімнің негізінде сатып алады және сатады.

      17. Резидент заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда), шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алуға арналған өтінімді ресімдеген кезде шетел валютасын сатып алудың мақсатын, сомасын көрсетеді, сондай-ақ өтінімге қоса орындау мақсатында шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесін және (немесе) шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын растайтын өзге де құжаттарды береді.

18. Уәкілетті банк осы Қағидалардың 17 тармағына сәйкес ресімделген өтінімде көрсетілген шетел валютасын сатып алу мақсаты және сомасы оған қоса берілген валюталық шартта және (немесе) өзге де құжаттарда расталғанда ғана шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алуға арналған өтінімді орындайды.

19. Шетел валютасын уәкілетті банк арқылы ұлттық валютаға сатып алу немесе сатуға арналған өтінім ресімделген кезде резидент емес заңды тұлға шетел валютасын сатып алудың немесе сатудың мақсатын көрсетеді.».

2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрлігі


2015 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі


2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі
2015 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі


2015 жылғы «___» _________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет