Республикасының



бет1/19
Дата05.08.2022
өлшемі0.63 Mb.
#459894
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
oracle kaz lab


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты


«IT-инжиниринг» кафедрасы


ODKBZHPOA 3225 - Oracle ДҚБЖ пайдалана отырып АЖ жобалау
пәні бойынша Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5B070400 -« Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығының студенттеріне арналған


Режимінде байқаудан өткізу


Жұмыс бағдарламасының негізінде дайындалған және IT-инжиниринг кафедра отырысында талқыланған.


Хаттама № 11 кафедра отырысы « 08.06. 2020 ж.»


IT-инжиниринг кафедрасының меңгерушісі Досжанова А.А

Алматы, 2020


Мазмұны


Кіріспе


  1. Зертханалық жұмыстарға арналған терия

  2. №1 зертханалық жұмыс. ORACLE 10g орнату мен ерекшелгі.

  3. №2 зертханалық жұмыс. Oracle экземпляры мен басқару. Басқару компоненті .

  4. №3 зертханалық жұмыс. Oracle – дағы сұраныс жұмысының қажеттілігі. 5 №4 зертханалық жұмыс. SQL мен Oracle тілдерінің операторы мен арнайы командалары.

  1. №5 зертханалық жұмыс. PL/SQL бағдарламасының құрылымы. Типтік деректер.

  2. №6 зертханалық жұмыс. PL/SQL тілін құру және қолдану коллекциясы. Орнатылған таблицалар. Индекстелген таблицалар.

  3. №7 зертханалық жұмыс. Курсор мен басқару . Курсорды құру.

  4. №8 зертханалық жұмыс. БД түрінде отчеттар мен қосымшаларды құру. PL/SQL тілдерінің пакеті.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе


Ақпараттық жүйелерді жасаумен байланысты ең күрделі және жауапкершілік есепетерддің бірі мәліметтер қорларын жобалау болып табылады. Осы есепті шешу нәтижесінде мәліметтер қорларының мазмұны, оның болашақ пайдаланушыларына тиімді мәліметтерді үйымдастырудың әдісі және мәліметтерді басқарудың инструменталды құрылғылары анықталуы керек.Мәліметтер қорын жобалау процесі тақырып аймақтың ақпараттық құрылымының сөзбен бейнеленуінен тақырып аймақтың объектерін кейбір модель терминдеріндегі формалданған бейнелеуге көшу болып табылады. Мәліметтер қорының құрылымын нақты жобалауда семантикалық модельдеу әдісі қолданылады. Бұл әдісте мәліметтердің құрылымы олардың мағнасы сүйемелденіп модельденеді. Семантикалық модельдеудің құрылғысы ретінде «нақтылық-байланыс» (Entity-Relationship - ER).диаграммаларының әртүрлі нұсқалары қолданылады. «Нақтылық-байланыс» диаграммаларының барлық нұсқалары тақырып аймақтың нақтылықтарының (объекттерінің), олардың қасиеттерінің және объекттер арасындағы өзара байлансытарының графикалық бейнелерін қолданады. Мәліметтер қорларын жобалау нәтижесінде модельденетін тақырып аймақтың концептуалды сұлбасы (ER-диаграммасы) пайда болады.
Мәліметтер қорының жобасы өңделгеннен кейін оны белгілі мәліметтер қорларын басқару жүйесінде (МҚБЖ) іске асыруын бастауға болады. Кәзіргі кездегі мәліметтерді басқару ақпараттық технологиялар реляциялық мәліметтер қорларын басқару жүйелерін қолдануда негізделген.
Реляциялық мәліметтер қорлары пайда боларының алдында өңделген мәліметтермен әрекеттесудің барлық тілдері файлдардың логикалық жазбалары түрде көрсетілетін мәліметтермен операцияларды жасауға бағытталған болатын. Бұл жағыдай мәліметтерді сақтауының ұйымдасуын пайдаланушыға толығымен білуді талап етеді және де қандай мәліметтер керек екенін көрсетумен бірге олар қай жерде орналасқанын, оларды қалай алуға болатынын көрсетуге жеткілікті ынта керек. Әдістемелік нұсқауларда қарастырылып отырған процедуралық емес SQL (Structured Query Language – құрамдасқан сұраныстар тілі) және Oracle тілдері кестелердің логикалық өзара байланысқан жиындары ретінде көрсетілген мәліметтермен әрекеттесуге бағытталған. Бұл тілдің ерекшелігі олардың мәліметтерді өңдеудің поцедураларына бағытталғаны емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталғаны. Мәліметтер қай дерде орналасқанын, оларды алу үшін қандай индекстері мен операциялардың қандай тиімділеу болатын тізбектерін орындау керек екенін SQL өзі анықтайды, мәліметтер қорына сұраныстың осындай детальдарын көрсетпеуге болады.
Мәліметтермен жұмыс жасау үшін мәліметер қорын жобалап, жасаған жеткілікті емес. Мәліметтерге қол жеткізу, оларды өңдеу мүмкіншіліктері болуы қажет. Сондықтан пайдаланушыға ыңғайлы түрде мәліметтермен жұмыс жасауға негізделген арнайы бағдарламаны – “клиенттік қолданбалыны” жасау керек.
Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқауларда мәліметтер қорын жобалаудың сұрақтары және оны таңдалынған мәліметтер қорларын басқару жүйсінде іске асыру сұрақтары: мәліметтер қорының объекттерін жасау, мәліметтермен әрекеттесу, ақпаратты іздеудің күрделі сұраныстарын құрастыру және де кәсіпқор пайдаланушының құралдарын – процедуралар, триггерлер, пайдаланушының қолданбалыларын өңдеу қарастырылады.
Соңғы зертханалық жұмыста MS SQL Server ортасында шифрлеу сұрақтары қарастырылады. Бұл жұмыс «Ақпаратты қорғау» пәнінде қарастырылған алгоритмдерді қолдану нәтижелерін көрсетеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет