8
ерітіндіге батырғанда клетка цитоплазмасы жиырыла бүрісіп
клетка қабығынан ажырап, көлемі кішірейеді.
Бұл құбылысты
плазмолиз деп атайды. Оның бұрыштық, ойыс, дөңес, қалпақты
жəне пішінсіз түрлері болады. Бұлардың түзілуі ерітіндінің
концентрациясынан тəуелді жəне оның əсер ету мерзіміне
байланысты болады.
Ерітіндіні концентрациясына қарай изотоникалық, гиперто-
никалық жəне гипотоникалық деп бөледі. Ерітіндінің осмостық
қысымы клетка сөлінің
осмостық қысымына жақын болса, оны
изотоникалық деп атайды. Ерітіндінің осмостық қысымы клетка
сөлінің осмостық қысымынан жоғары болса, оны
гипертоника-
лық, ал ерітіндінің осмостық қысымы клетка сөлінің осмостық
қысымынан төмен болса, оны
гипотоникалық деп атайды.
Протопластың тұтқырлық деңгейіне байланысты əртүрлі
плазмолизді байқауға болады. Цитоплазманың тығыздығы ор-
таша
болса
дөңес (
қалпақты); тығыздығы жоғары болса
ойыс,
ал цитоплазманың тығыздығы анағұрлым жоғары болса
пішінсіз
плазмолиз түзіледі.
Деплазмолиз – плазмолизге кері процесс, яғни плазмолиз-
денген протоплазманың суды сіңіріп ісінуі нəтижесінде
қайта
қалпына келуі. Деплазмолиз клетканы немесе ұлпаны гиперто-
никалық ерітіндіден гипотоникалық ерітіндіге ауыстырғанда
жүзеге асады.
Əдістеме. Қызыл пияздың немесе традесканция өсімдігінің
антоциан пигментіне қанық эпидермис ұлпасынан скальпельмен
өте жұқа кесінділер алынады. Оларды заттық шыныларға алдын
ала тамызылған суға салып, үстінен
жабын шынылармен жа-
бады. Дайындалған препаратты микроскопта қарап, клеткалар-
дың суреті салынады. Осыдан кейін жабын шынысын алмай,
заттық шынының шетіне
сахароза ерітіндісін тамызып, суды
алмастырады. Заттық шыныдағы суды фильтр қағазымен сорғы-
тады. Бұл əдісті препараттағы су сахароза ерітіндісімен толық
алмаспайынша 2-3 рет қайталайды. Əр ерітіндідегі плазмолиздің
түрі жəне түзілу уақыты бақыланады. Жұмыс барысында клет-
калардағы болып жатқан өзгерістерді микроскоп астында үзбей
бақылайды. 15-20 минуттан кейін плазмолиз айқын байқалады.
Осыдан кейін препараттағы сахароза ерітіндісін сумен алмасты-
рып, клеткада жүріп жатқан деплазмолиз құбылысын микроскоп
астында бақылап, суретін салады.
9
Келесі антоциан пигментіне қанық эпидермис ұлпасынан өте
жұқа кесінділер алып, оларды алдын ала су тамызылған заттық
шыныларға салады. Су толығымен
буланып кетпейтіндей етіп,
спирт шамының жалынына ұстайды. Заттық шыныдағы қалған
су фильтр қағазымен сорылады. Сахароза ерітіндісін пайдала-
нып препарат дайындалады. Препараттарды микроскопта қарап,
өлі клеткаларда плазмолиздің жүруін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: