БЛОК № 5. Босану патологиясы
Тапсырма №18. Ұрықтың жамбаспен орналасуы
Бастапқы тест сұрақтары
1. Ұрықтың жамбаспен орналасуының кездесу жиілігі 0,5-0,7% құрайды:
Иә
Жоқ
2. Ұрықтың жамбаспен орналасуында ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде естіледі:
Иә
Жоқ
3 . Ұрықтың жамбаспен орналасуы көбінесе өте жас алғаш босанушыда кездеседі:
Иә
Жоқ
4. Ұрықтың жамбаспен орналасуы кесар тілігі операциясына абсолютті көрсеткіш болып табылады:
Иә
Жоқ
5. Ұрықтың жамбаспен орналасуында жиі асқынулардың бірі ол – мезгілінен ерте қағанақ суының кетуі:
Иә
Жоқ
6. Ұрықтың жамбаспен орналасуын анықтауда ең мәліметті әдіс ол – ішкі акушерлік тексеру:
Иә
Жоқ
7. Ұрықтың жамбаспен орналасуында перинаталды өлім көрсеткіші 3-5% құрайды:
Иә
Жоқ
8. Мезгілінен бұрын босанудың бірден бір себебі ол - ұрықтың жамбаспен орналасуы:
Иә
Жоқ
9. Ұрықтың жамбаспен орналасуында нәресте басы кіші қиғаш өлшеммен жарып шығады:
Иә
Жоқ
10. Ұрықтың аралас жамбаспен орналасуында жамбас кіреберісіне ұрықтың жамбасы қарап, ал аяқтары дене бойымен созылып жатады, яғни жамбас – сан сүйегі буынында бүгіліп, ал тізе буынында жазылып тұрады:
Иә
Жоқ
БЛОК № 5. Босану патологиясы
Тапсырма №18. Ұрықтың жамбаспен орналасуы
Бастапқы тест сұрақтарының жауаптары:
-
Жоқ
-
Жоқ
-
Жоқ
-
Жоқ
-
Иә
-
Жоқ
-
Жоқ
-
Иә
-
Иә
-
Жоқ
БЛОК № 5. Босану патологиясы
Тапсырма №18. Ұрықтың жамбаспен орналасуы
Қорытынды тест сұрақтары
1 . Ұрықтың жамбаспен орналасуында болатын асқыну түрі:
А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі
Б) жүкті әйелдердің ісігі
В) құрсақ ішілік гипоксия
Г) антенаталды ұрықтың шетінеуі
Д) нәрестенің туа пайда болған ақаулары
2. Ұрықтың жамбаспен орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:
А) қағанақ суының мезгілінен кеш кетуі
Б) аса күшті босану толғағы
В) кіндік бауының түсіп қалуы
Г) нәресте қолдарының қайырылып қалуы
Д) жатыр жыртылуы
3. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелді сыртқы акушерлік тексеру барысында: ІӨ- 105 см, ЖТБ – 36 см, пальпацияда кіші жамбас кіреберісінде көлемді, жұмсақ қозғалмайтын бөлік анықталады, арқасы сол жақтан анықталады. Диагнозыңыз:
А) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Бірінші позиция.
Б) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Бірінші позиция.
В) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Екінші позиция.
Г) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Екінші позиция.
Д) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың қиғаш жатуы. Екінші позиция.
4. Мезгілі жеткен жүкті әйелде қағанақ суы кетті, ұрықтың аяқпен орналасқандығы анықталды. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:
А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) кесар тілігін жедел түрде жасау
В) босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау
Г) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
Д) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.
5. Егізге жүкті әйелде екі ұрықтың да жамбаспен орналасқандығы анықталды. У беременной с двойней диагностировано тазовое предлежание обоих плодов. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:
А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) кесар тілігін жедел түрде жасау
В) босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау
Г) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
Д) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.
6. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелде көпсулық анықталды. Пальпацияда жатыр түбінде тығыз, домалақ, орнықпаған бөлік, ал , жамбас қуысының кіребересінде – жұмсақ, көлемді бөлігі анықталады. Арқасы оң жаққа қараған. Диагнозыңыз:
А) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы. Бірінші позиция.
Б) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция.
В) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Бірінші позиция.
Г) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Екінші позиция.
Д) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы. Екінші позиция.
7. 25 жастағы мезгілі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде ұрықтың орналасуы ұзыннан, жамбаспен жатыр. Болжама нәресте салмағы 3800,0г. Босану жоспарын құрыңыз:
А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықты жамбасынан экстракция жасау.
Г) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде Цовьянов әдісін қолдану Д босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
8. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен қайта босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың жамбаспен орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3200,0г. Босану жоспарын құрыңыз:
А) кесар тілігін жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында жамбасынан экстракция жасау.
Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.
Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
9. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 5 сағаттан және қағанақ суы кеткеніне 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың аяқпен орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:
А) кесар тілігін жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.
Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.
Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
10. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйелде көпсулық, ұрықтың орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану консервативті өтуде, босанудың екінші кезеңінде жауырынның төменгі қырына дейін нәресте туылған соң, келесі 2 күшену бойы нәрестенің ары қарай туылу белгілері жоқ. Акушерлік іс-шара қандай болмақ:
А) окситоцин ді көктамырға енгізу
Б) кесар тілігін жасау
В) Цовьянов әдісін қолдану
Г) қолмен жасалатын классикалық әдіс
Д) жамбасынан экстракция жасау.
БЛОК № 5. Босану патологиясы
Тапсырма №18. Нәрестенің жамбаспен орналасуы
Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары
-
А
-
В
-
А
-
Б
-
А
-
Д
-
А
-
Б
-
А
-
Г
Тапсырма № 19
1. Тақырып: Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағу.
2. Пән мақсаты:
● Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағудың негізгі себептерін анықтау
-
Босанушы әйелдің жағдайын, қан шығынын, жатыр жағдайын бағалауды үйрену (пішінін, тонусын, ауыру сезімін).
-
Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.
3. Пәннің міндеттері:
-
Қан ағу бойынша қауіпті топты бөліп алу.
-
Акушерлік қан ағуды болжау үшін жүкті, босанушы әйелдің босану тарихын анализдеуді үйрену
-
Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде шекаралық және патологиялық қан шығынын студентке есептеуге үйрету.
-
Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді студентке үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
● Бала жолдасы кезеңінің патологиясы
● Босанудан кейінгі кезеңінің патологиясы
● Қан ағу бойынша жүкті әйелдерді тексерудің жалпы негіздері
● Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезіндегі жасалатын шаралардың кезектілігі
5. Оқыту және оқу әдістері:
-
Бастапқы білім деңгейін тест, сұрау, тесттерге жауап беру кезіндегі қателерді талдау арқылы тексеру.
-
Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағу бойынша қауіпті топтағы босанатын әйелдермен жұмыс жасау. Студенттер өзіндік жұмыс барысында жинаған анамнез, жалпы тексеру кезінде жинаған мәліметтерді оқытушыға айтып береді, қорытындысын талқылайды.
-
Егер босану үйінде бұндай патологиясы бар науқастар жоқ болса, студенттер босану тарихынан шығару қағазын алып, диагнозды негіздеп, босану жоспарын құрады.
-
Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағуда дәрігер іс-әрекетіне талдау жасау.
-
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық протоколдары мен бұйрықтарымен оқытушы студенттерді таныстырады
6. Әдебиет:
Орыс тілінде
Негізгі:
-
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
-
3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
-
дополнительная:
-
1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
-
●Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қазақ тілінде
негізгі:
-
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
-
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
-
1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
-
2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
-
Қосымша:
-
Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
-
Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.
-
Қорытынды (сұрақтар, тесттер, есептер)
Сұрақтар.
1. Босанудан кейінгі кезеңдегі қан ағу себептері
2. Бала жолдасының қатты бекінуінің және өсіп кетуінің этиологиясы
3. Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу себептері
4. Гипотониялық қан кетудің этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.
5. Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі емдік-диагностикалық шаралардың кезектілігі
6. Босанудың III кезеңіндегі қан ағудың алдын алу шаралары.
7. Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі жасалатын шаралардың кезектілігі қандай?
8. Босанудың III кезеңін активті жүргізу
9. Босанудың III кезеңін консервативті жүргізу
СОӨЖ № 19
-
Тақырып: Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағу
-
Пән мақсаты:
-
Босанушы әйелдің жағдайын, қан шығынын, жатыр жағдайын бағалауды үйрену (пішінін, тонусын, ауыру сезімін).
-
Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.
-
Босанудың III кезеңін активті жүргізуді үйрету.
-
Босанудың III кезеңін консервативті жүргізуді үйрету.
-
Пәннің міндеттері:
-
Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағу бойынша қауіпті топты бөліп алу.
-
Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудың III кезеңін активті жүргізу
-
Босану бөлімінде жұмыс жасау, қауіпті топта қан ағудың алдын алу
-
Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезінде күттірмейтін көмек көрсету бойынша протоколдармен жұмыс жасау.
-
Қан тобын және резус факторды анықтау.
-
Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі жаңа босанған әйелдерді бақылау.
-
Әртүрлі әдістермен жоғалтқан қан шығынын анықтау.
-
Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезінде күттірмейтін көмек көрсету бойынша Фантомда жұмыс жасау
-
Жаңа босанған әйелдердің АҚҚ және пульсін өлшеу.
-
Жатыр түбі биіктігін анықтау.
-
Фантомда жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі жатыр қуысын қолмен тексеру.
Өткізу әдісі: Босану бөлімшесінде, фантомда, құжаттармен жұмыс жасау
Тақырып бойынша талаптар:
-
Қан тобын және резус-факторды анықтау
-
Әртүрлі әдістермен қан шығынын анықтау
Берілетін мәліметтер:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтары
Әдебиет:
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
қосымша:
1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
Қосымша:
●Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.
-
Бақылау сұрақтары (сұрақтар, тесттер, есептер)
Сұрақтар.
1.Босану кезінде қан ағуға әкелетін себептер
2. Плацентаның шынайы жабысуы дегеніміз не, диагностикасы
3. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету себептері
4.Гипотониялық қан кетудің этиология және патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы Емі.
5.Ерте ,босанғанана кейінгі кезеңдегі қан кетудің емдік-диагностикалық шаралары.
6.Босанудың III кезеңде қан кетудің алдын алу шаралары.
7. Босанудың III кезеңін активті жүргізу
8. Босанудың III кезеңде консервативті жүргізу
БЛОК №5. Босану патологиясы
№19 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.
БАСТАПҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТестТЕРІ
-
Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағуға босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта кететін қан ағу жатады:
Иә
Жоқ
-
Босанғаннан кейінгі қан ағу –табиғи жолмен босану кезінде 500 мл және одан артық мөлшерде, ал кесар тілігі кезінде 1000 мл және одан артық мөлшерде қан жоғалту:
Иә
Жоқ
-
Төрт базалық этиологиялық үрдістің біреуінің бұзылысын білдіретін босанғаннан кейінгі қан ағудың себебі «4 Т»: тонус, тін, травма, тромбин:
Иә
Жоқ
-
Гипотония -миометрийдің толық жиырылу қабілетін жоғалтқан жатырдың жағдайын білдіретін термин:
Иә
Жоқ
-
Жатыр қуысында бала жолдасы қалдығының қалуы бала жодасы кезеңіндегі қан ағудың болып табылады:
Иә
Жоқ
-
Жатырдың гипотониясы және атониясы босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағудың себебі:
Иә
Жоқ
-
Жатыр қуысында бала жолдасы қалдықтарының қалуы жатырды қолмен тексеру және оны шығаруға көрсеткіш болып табылады:
Иә
жоқ
-
Құрсақ қолқасын басу қан ағуды уақытша тоқтату әдісі болады:
Иә
Жоқ
-
Рlacenta increta – бұл хорион бүрлерінің жатырдың бұлшықет қабатына түгел және сірлі қабатына өтіп өсуі
Иә
Жоқ
-
Тығыздалған,жақсы жиырылған жатырдан қан ағу-жатырдың гипотониясын білдіреді
Иә
Жоқ
БЛОК №5. Босану патологиясы
№19 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.
Бастапқы білім деңгейінің тест жауаптары
-
Иә
-
Иә
-
Иә
-
Жоқ
-
Жоқ
-
Иә
-
Иә
-
Иә
-
Жоқ
-
Жоқ
БЛОК №5. Босану патологиясы
№19 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.
Қорытынды білім денгейінің тесттері
-
Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры жұмсақ, қан шығыны 900 мл, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б., пульсі минутына 100 ретті, Нв-90 г/л, гематокрит - 30%, дене салмағы- 70 кг. Сіздің диагнозыңыз:
А) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, I сатысы
Б) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, II сатысы
В) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, III сатысы
Г) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Гипотониялық қан ағу. Геморрагиялық шок, I сатысы.
Д)Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Коагулопатиялық қан ағу. Геморрагиялық шок, II сатысы
-
Босанушы әйелде босанғаннан 30 минуттан кейін бала жолдасының бөліну белгілері болмады. Плацентаны қолмен бөлу кезінде плацентаның толық бітісіп өсуі байқалды.
Дәрігердің тактикасы:
А) жатырдың экстирпациясы
Б) жатырдың қынапүстілік ампутациясы
В)1 сағаттың ішінде күту әдісі
Г) окситоцинді көктамырішілік енгізу
Д) метилэргометринді көктамырішілік енгізу
-
Босанудан кейінгі кеш кезеңдегі қан ағудың негізгі себебі:
А) ТІШҚҰ-синдромы
Б) жатырдың атониясы
В) жатыр мойнының жыртылуы
Г) плацента тінінің қалдығы
Д) қынаптың жыртылуы
-
Ірі нәресте босанған әйелде жыныс жолдарынан қою ұйындыларымен қан ағу басталды,жатыр кейде босаңсиды, кейде жиырылады. Қан шығыны 700,0 және жалғасып жатыр. Болжамды диагноз:
А) ТІШҚҰ синдромы
Б) жатыр гипотониясы
В) жатыр атониясы
Г) қынаптың жыртылуы
Д) аралықтың жыртылуы
-
Ірі нәресте босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде үздіксіз қан ағу басталды. Жатыры тығыз, бала жолдасы бүтін. Болжамды диагноз:
А) ТІШҚҰ синдромы
Б) жатыр гипотониясы
В) жатыр атониясы
Г) босану жолдарының жарақаты
Д) плацентаның шынайы бітісіп өсуі
-
Гемоглобиннің мына деңгейден төмен болуы гемотрансфузия жасау үшін көрсеткіші болады:
А) 90г/л
Б) 80 г/л
В) 70 г/л
Г) 60 г/л
Д) 50 г/л
-
Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры жұмсақ,утеротониктерді және бимануальді компрессияны жүргізгенде де жиырылмайды.Қан шығыны 900 мл және жалғасып жатыр. Болжамды диагноз:
А) ТІШҚҰ - синдром
Б) жатыр атониясы
В) жатыр мойының жыртылуы
Г) қынаптың жыртылуы
Д) аралықтың жыртылуы
-
Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатырдың атониясы диагностикаланды,қан шығыны 900 мл және жалғасып жатыр. Дәрігерлік тактика:
А) жатыр қуысын диагностикалық қыру
Б) лапаротомия, гистерэктомия
В) 1000 мг мизопростолды тік ішекке енгізу
Г) ішкі мықын артериясын байлау
Д) жатырды қолмен тексеру
-
Плацентаның шынайы толық бітісіп өсуіне күдік туғанда дәрігердің тактикасы қандай:
А) бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
Б) Абуладзе бойынша бөліп шығару
В) Креде-Лазаревич бойынша бөліп шығару
Г) лапаротомия, компрессионді гемостатикалық тігіс салу
Д) операциялық бөлме дайын тұрғанда бала жолдасын қолмен бөліп шығару, сәтсіз болған жағдайда - лапаротомия, жатыр ампутациясын жасау
-
Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағудың негізгі себебі:
А) ТІШҚҰ-синдром
Б) жатыр гипотониясы
В) жатыр мойнының жыртылуы
Г) плацентарлық тіннің қалдығының қалуы
Д) қынаптың жыртылуы
БЛОК №5. Босану патологиясы
№ 19 Сабақ. Бала жолдасы және ерте босану кезеңіндегі қан ағу
Қорытынды білім деңгейі тесттерінің жауаптары
-
Г
-
Б
-
Г
-
Б
-
Г
-
В
-
Б
-
Б
-
Г Д
-
Б
№ 20 Сабақ
1. Тақырыбы: Акушерлік жарақат. Рубежді бақылау.
2. Мақсаты: ананың босану жолдарының жарақаттараның негізгі себептерін диагностикалауды және жедел көмекті көрсетуді студенттердің біліміне сүйене отырып үйрету.
3. Оқыту міндеті:
● Босану жолдарындағы жұмсақ тіндерінің зақымдалуын диагностикалауды студенттерге үйрету.
● Жатырдың және жатыр мойнының жыртылуын диагностикалауды студенттерге үйрету.
●Қан ағу кезінде жедел көмек көрсетуді студенттерге үйрету.
●Жатыр мойнының және босану жолдарындағы жұмсақ тіндердің зақымдалуы кезінде тігіс салумен студенттерді таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Вульваның, қынаптың және аралықтың жыртылуы. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
-
Жатыр мойнының жыртылуы. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
-
Жатырдың жыртылуы. Жіктелуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
-
Босануадан кейінгі жыланкөздер. Себебі. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
-
Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
5.Сабақ жүргізу мен оқыту әдісі:
1. Студенттердің бастапқы білім деңгейін бақылау.
2. Кіріспе.
3. Кіші топта жұмыс жасау.
4. Кіші топтағы жұмыстың қорытындысын талқылаудағы студенттердің интерактивті презентациясы.
5. Қортындысы.
6. Алған білімдерін қортынды бақылау ( сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер).
6. Әдебиеттер:
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
Қосымша:
3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
3. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
4. Ошибаев Н.Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006 ж.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер)
Сұрақтар.
1. Босану жолдарындағы жұмсақ тіндерінің жарақатының себептері.
2. Жатыр мойнының жыртылуына әкелетін факторлар.
3. Жатырдың жыртылуының этиологиясы мен патогенезі.
4. Жатырдың жыртылуының «типтік» классикалық клиникасы.
5. Миометридің гистопатиялық өзгерісіндегі жатыр жыртылуының ерекшеліктері.
6. Қасаға буынының жыртылуы мен ажырауының клиникалық көрінісі.
7. Ананың босану жарақатының емі.
Достарыңызбен бөлісу: |