С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина



бет1/31
Дата17.06.2016
өлшемі5.99 Mb.
#141854
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

1 АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ




СИЛЛАБУС




Оқу-әдістемелік кешен

Пән: Акушерия және гинекология
МАМАНДЫҚ: 051 301 – «Жалпы медицина»
КАФЕДРА: №1 акушерия және гинекология
КУРС: 4 (төртінші)

Алматы, 2012

Мазмұны

1. Силлабус ................................................................................... 3 - 44



2. Дәрістік кешен ......................................................................... 45 - 75

3. Тәжірибелік сабаққа әдістімелік кеңестер ............................. 76 - 277

4. Өзіндік жұмысқа әдістімелік кеңестер ................................... 278 -348

5. Бақылау-өлшегіш құралдары ....................................................349– 496

СИЛЛАБУС
Пәні – «акушерия және гинекология»
Мамандық: 051301 - «Жалпы медицина»
Кафедра: №1 акушерия және гинекология

Курс – төртінші

Семестр – жетінші, сегізінші

Дәріс –30 сағат

Тәжірибелік сабақ – 120

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы- 120


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 135 сағат

Барлығы – 405 сағат (9 блок)

Бақылау түрі - емтихан

Алматы, 2012


Силлабус Жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған, дайындаушылар №1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Г.К.Омарова, доцент Т.А.Кожабекова, доцент Аманжолова Б.К, доц. Г.Ж.Жатканбаева, доц. Ш.К.Сармулдаева, доц. Ш.М.Садуакасова, доц. А.И. Коркан, ассистенттер: Ж.Т. Галиева, Г.Ш. Далиева, Р.Ж Юлдашева, М.К. Имангалиева, А.Б.Сексенова, М.М. Майкупов, З.М. Нашекенова, А.Т. Бержанова, Ш.У. Алиева, Г.К. Джаркинбекова, Б.У. Умбетов, М.Д. Хасенова, А.С. Тайбогаров, Ж.М.Сарсенова, Л.К.Шаймарданова, Абдужабарова Ш.А. акушерия және гинекологияның типті бағдарламасына сәйкес, Астана қаласының медициналық білім және ғылым инновациялық технологиясының Республикалық орталығымен, АО «Астана Медицина университеті», Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, №1 акушерия және гинекология кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді, хаттама № 9, 30.05.2012ж

№1 акушерия және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Г.К. Омарова

1.1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті


1.2 Кафедра №1 акушерия және гинекология
1.3 Пән «акушерия және гинекология»
1.4 Мамандық: 051301 - «Жалпы медицина»
1.5 Оқу сағаттар көлемі – 405 сағат
1.6 Оқитын курсы және семестрі - 4 курс, 7-8 семестр
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер

№1 акушерия және гинекология кафедрасы



2011-2012 оқу жылы



Ф.И.О.

Должность

Уч. степень, звания

1

Омарова Гульжахан Кашкинбаевна

каф.меңг.

м.ғ.д.

2

Коркан Ануар Иванович

доцент

м.ғ.д.

3

Кожабекова Тамара Аудановна

доцент

м.ғ.к.

4

Аманжолова Балхаш Керихановна

доцент

м.ғ.к.

5

Сармулдаева Шолпан Куанышбековна

доцент

м.ғ.к.

6

Жатканбаева Гульмира Жумакановна

доцент

м.ғ.к.

7

Садуакасова Шынар Муратовна

доцент

м.ғ.к.

8

Кудаманова Айгуль Бахытжановна

доцент

м.ғ.к.

9

Юлдашева Раушан Жанатбековна

ассистент

-

10

Байлина Мадина Избасаровна

ассистент

м.ғ.к.

11

Галиева Жулдыз Талаповна

ассистент

м.ғ.к.

12

Имангалиева Майя Кожаевна

ассистент

-

13

Сексенова Айкумыс Бакаевна

ассистент

-

14

Далиева Гульназ Шалабаевна

ассистент

-

15

Нашекенова Зульфия Мидитовна

ассистент

-

16

Бержанова Айгул Турганбаевна

ассистент

-

17

Майкупов Мухтар Мысырович

ассистент

-

18

Умбетов Базарбай Умбетович

ассистент

-

19

Алиева Шолпан Уркендовна

ассистент




20

Джаркинбекова Гульзат Калжешовна

ассистент

-

21

Тайбогаров Аргын Сагинтаевич

ассистент

-





Аты-жөні

Қызметі

Ғылыми дәрежесі, атағы

22

Турсунова Айгуль Даировна

ассистент

-

23

Шаймарданова Ляйля Кумарбековна

ассистент

-

24

Табынбаева Светлана Нажметдиновна

ассистент

-

25

Сарсенова Жанна Мартбаевна

ассистент

-

26

Абдужабарова Шахло Абдумаликовна

ассистент

м.ғ.к.

Онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедрасы

2011-2012 ж


1. Кафедра

Онкология, маммология және сәулемен емдеу

2. Пән, код

Онкология, AG-4303

3. Мамандығы

051301 «Жалпы медицина»

4. Сағат көлемі

54 сағат, оның ішінде

Дәріс - 6 сағ

Тәжірибелік(практикалық) сабақ -30 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 18 сағат



5. Курс. Оқу семестрі

4

7,8


6. Оқытушылар туралы мәліметтер

1.Қайдаров Бақыт Қасенович м.ғ.д., профессор, Еуропаның онколог-хирургтар ассоциациясының мүшесі.

2. Есенқұлова Сәуле Әскеровна м.ғ.д., профессор

3. Кайдарова Диляра Радиковна м.ғ.д.

4. Садықова Толқын Таждиновна м.ғ.к.

5. Джакипбаева Айжан Кумискалиевна м.ғ.к.


7. Байланыс ақпараты

Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, емханалық корпус 2 этаж, тел. 292-00-61 (238): Утепов көшесі-3 Алматы қалалық онкологиялық диспансер тел. 249-05-77, электронды мекен-жай:

1.8. Хабарласу жүйесі

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Маречек көш., 28. Жұмыс телефон: 2-30-17-62.

1.9. Пәннің саясаты: оқу үрдісі кезеңдік және мақсатты бағытта жүргізуге негізделген. Оқытушылардың студенттерден талаптары медициналық жоғарғы оқу орындарында оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.

Кафедраның жалпы талаптары:

Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысу.

2. Сабақтың басталу қарсаңында студенттерде болуы керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, дәке маскасы, ауыстырып киетін аяқ киім.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу; тәжірибелік сабақтың конспектісі мен теориялық материалдар өзінде болуы керек, тесттер мен ситуациялық есептерді шешу, пальпация, перкуссия, аускультация сияқты науқастарды объективті зерттеу әдістерін меңгеру және қолдануы керек.

4. 1 тақырып бойынша СӨЖ міндетті түрде орындауы көрсетілген тақырып бойынша.

5. СӨЖ материалдарын (ситуациялық есеп, диагностикалау алгоритмі, емдеу кестелері) және СӨЖ тақырыптарын қорғау тақырыптық жоспарға байланысты бекітілген уақытында орындалуы керек.

6. Тәжірибелік сабаққа қатыспау себебі болса, студент сабақты деканаттың рұқсатымен тапсыруы керек, ол үшін тәжірибелік сабақтың сағаттық көлемінің 2/3 бөлігін клиникалық бөлімшеде жұмыс істеуі және 1/3 бөлігін жауапты оқытушыға ауызша жауап беруі қажет; тәжірибелік сабаққа қатыспауының себебі жоқ болса студент 0 балл алады.

7. Студенттер науқастар мен клиникалық базаның қызметкерлерімен сыпайы және орынды қарым-қатынаста болуы керек.

8. Кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатысуымен топтағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.

2.Бағдарлама



2.1.Кіріспе

Акушерия және гинекология ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі саласы болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек. Сонымен қатар, кез келген мамандық дәрігері жедел көмек көрсету мақсатында ең кең таралған акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, анықтау принциптерін және емін білуі керек.


2.2. Пәннің мақсаты: жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою бойынша, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияға диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
2.3.Пәннің міндетттері:

1.Акушерия және гинекологиядағы негізгі диагностикалау әдістері бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

2.Физиологиялық жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді жүргізу бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

3.Негізгі акушерлік және гинекологиялық патологиялар кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері, шұғыл ем көрсету дағдылары бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

4. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын, науқастың және ҚР медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау заңды актілері, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

5.Адамдардың және отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері мен принциптері бойынша білімдерін қалыптастыру және жетілдіру;

6.Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеу, пельвиометрия, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды арнайы зерттеу әдістері, босануға көмек беру мекемелерінің ағымдағы тіркеу-есеп медициналық құжаттарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

7.Тұлғааралық қарым-қатынас, топтағы жұмыс, жүктілер, босанушы, босанған әйелдермен, гинекологиялық науқастармен және олардың туысқандарымен қарым-қатынас бойынша коммуникативті дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;

8.Акушерия және гинекологиядағы медициналық деонтология және дәрігерлік этика дағдыларын қалыптастыру;

9.Үздіксіз мамандандырылған оқу, өз білімі мен дағдыларын әрқашан жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;



10.Ғылыми зерттеу жұмыстары дағдыларын қалыптастыру және дамытуға себепші болу.

2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері
Білімінді төмендегілер бойынша қалыптастыру қажет:

  • ҚР акушерия және гинекологиялық қызметін ұйымдастыру және жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушерия және гинекологиялық көмек көрсетудің аймақтандыру принциптері;

  • әр түрлі жас кезеңіндегі әйел организміндегі клинико-физиологиялық ерекшеліктер;

  • жүкті, босанушы, босанған әйелдерді және гинекологиялық науқастарды зерттеудің жалпы, арнайы және қосымша заманауи әдістері;

  • ұрық жағдайын антенаталды бағалаудың негізгі әдістері;

  • жүктілер мен гинекологиялық науқастарды зерттеу ерекшеліктері;

  • физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанудан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптері;

  • негізгі акушерия және гинекологиялық патологиялар кезінде клиникалық көріністері, диагностикалау принциптері және шұғыл көмек көрсетуі және олардың алдын-алу;

  • емшекпен емізу принциптері;

  • жанұяны жоспарлау және әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау принциптері.


Білімінді келесі дағдыларды игеру арқылы қалыптастыру қажет:

  • жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау;

  • жүктілер мен гинекологиялық науқастарды зерттеу;

  • жүкті, босанушы, босанған және гинекологиялық науқастарды зерттеу және жүргізу жоспарын құру;

  • жүкті, босанушы, босанған және гинекологиялық науқастарды зерттеу нәтижелерін итерпретациялау;

  • жүктілік және босану кезеңінде қауіп факторларын анықтау;

  • жүктілік және босану кезеңінде негізгі патологияларды диагностикалау;

  • босанған әйелге емшекпен емізу техникасын үйрету;

  • Апгар бойынша нәресте жағдайын бағалау;

  • нәрестені реанимациялау;

  • бала жолдасының бүтіндігін және босанудан кейінгі қан кетуді бағалау;

  • босанған әйелдерге контрацепция әдістері, соның ішінде лактационды аменорея әдісі (ЛАӘ) бойынша кеңес беру;


Студент дағдыларды қалыптастыру қажет:

  • сыртқы және ішкі акушериялық зерттеу, сыртқы пельвиометрия;

  • арнайы зерттеу әдістері: жатыр мойнын айнамен қарау, бимануальді зерттеу, қынаптық зерттеу, ректальді және ректовагинальді зерттеу;

  • сүт бездерін қарау және пальпациялау;

  • бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеуге, қынаптық затты онкоцитологиялық зерттеуге жағында алу;

  • гравидограмма, партограмманы толтыру және интерпретациялау;

  • операциядан кейінгі және аралықтағы тігісті өңдеу;

  • босанған әйелдерге контрацепция әдістері, соның ішінде лактационды аменорея әдісі (ЛАӘ) бойынша кеңес беру;

  • босанған әйелдердің жағдайын бағалау;

  • ұрықтың жүрек соғысының аускультациясы;

  • нәрестені алғашқы өңдеуі;

  • нәрестені реанимациялау;

Комуникативті дағдыларды қалыптастыру

  • Науқаспен олардың туысқандары және өзіңіздің әріптестеріңізбен негізгі қарым қатынас моделін ұйғару.

  • Науқастар олардың туысқандары;әріптестер және басқа да медициналық жұмысшылар арасында максимальды сенімділік қарым қатынасын құру.

  • Топтасып жұмыс істеу

Құқықтық компетеценияны қалыптастыру.

  • Дәрілік аллергиясы бар науқастарға арналған негізіг құқықтық сұрақтарын білу.

  • ҚР еңбек кодексінің негізгі аспектілерін білу.

  • Қорғану және пациент құқықтарын білу.

Өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру

  • Ақпараттармен өз бетінше жұмыс істеу. ( оқу,анықтау,қалыптастыру,ғылыми,)

  • Зерттелген нұсқаны және ғылыми жұмыстарды анализдеу және критикалық толықтырулар енгізу.

  • Интернетпен өз бетінше жұмыс істеу.

  • СӨЖ және презентацияларды қорғау және істеп білу.

  • ААА бар жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастсрдың клиника-лабараториялық нәтижелерін өз бетінше интерпритациялау.

  • Науқастардан өз бетінше анамнез жинау.


2.5. Реквизитке дейінгі: анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология.

2.6. Реквизиттен кейінгі: жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура.

2.7.Тақырыптық жоспар.

Пәннің мазмұны
БЛОК №1

Дәрістер

БЛОК №2

Акушерия-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушерия-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру ұстанымдары.

Қазақстан Республикасында акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі.

Акушериялық-гинекологиялық мекемелердің түрлері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру ұстанымдары. Акушерия және гинекологиядағы этика мен деонтология. Акушериялық стационардың санитариялық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері.

Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау туралы түсінік. Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуальды құқық. Отбасын жоспарлау. Қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу. Контрацепция. Контрацептивті заттардың жіктемесі. Ана өлімінің негізгі себептері, қауіп факторларын анықтау. Түсік түсудің алдын алу.

Жүктілерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру, нәрестені антенатальды қорғау. Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылау. Гравидограмма. Нәрестені антенатальды қорғауда әйелдер кеңесінің рөлі. Нәрестені тексерудің биофизикалық және биометриялық әдістері. Пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері. Нәрестенің даму ақауларын ерте анықтау мен алдын алудағы медициналық-генетикалық кеңестің рөлі.

3 БЛОК



Жүктіліктің физиологиясы мен патологиясы

Жүктілік физиологиясы Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету.

Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің заманауи қосымша әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.

Жүктілік патологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қан кетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен пато­генезі туралы заманауи көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның ұстанымдары. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Плацентаның жатуы.

Экстрагенитальды патология және жүктілік. Экстрагенитальды патологияның (жүрек қан-тамыр, зәр шығару, тыныс алу, асқорыту, эндокриндік жүйе аурулары) жүктілік пен босану ағымына және құрсақішіндегі нәресте жағдайына әсері. Экстрагенитальды патология кезінде жүктілік пен босануды жүргізудің ерекшеліктері. Жүктілерде экстрагенитальды ауруларды емдеу ұстанымдары.

Жүкті әйелдерді босануға дайындау. Жүкті әйелдердің емдік-қорғау режимі. Жүкті әйелдерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. Босану алдында қауіп факторларын бағалау.

4 БЛОК

Босану физиологиясы

Физиологиялық босану туралы түсінік. Босанудың басталу себептері. «Босану доминанты», организмнің босануға дайындығы туралы түсінік. Жатыр мойнының жетілу дәрежелері. Босану кезеңдері. Толғақтар мен күшену. Босанудың ұзақтығы.

Босануды жүргізу. Босануды жүргізудің белсенді-күту тактикасы. Босану қызметін тіркейтін заманауи тәсілдер. Ұрық басының сегменттері туралы түсінік. Босануға нәрестенің бейімделуі. Газ алмасу және босану үрдісіндегі ұрық гомеостазының ерекшеліктері. Босануды ДДСҰ-ға және дәлелді медицина ұсыныстарына сәйкес жүргізу. Партограмма.

Босануды жансыздандыру. Акушериялық көмек көрсету. Босануды жансыздандыру әдістері. Жансыздандырушы заттардың нәрестеге әсері. Акушериялық көмекті мұқият көрсету. Босануда босанушы мен ұрық жағдайын бақылау (кардиомониторинг).

Қауіпсіз босану. Босанушыларды сыртқы және қынаптық тексеру. Босануды дәлелді медицина және ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жүргізу – қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын алу.

Нәрестені қарау. «Жылу тізбегін» сақтау. Нәресте жағдайын бағалау. Нәрестенің алғаш дәретке шығуы, инфекциялардың алдын алу.

5 БЛОК

Босану патологиясы

Тар жамбас. Себептері. Жіктелуі. Диагностикасы. Анатомиялық және клиникалық тар жамбас кезінде босануды жүргізу.

Босану қызметінің ауытқулары. Себептері. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы. Босану қызметінің ақаулары кезінде босануды жүргізу тактикасы.

Ұрықтың дұрыс емес орналасуы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Диагностика. Кесір тілігі операциясына көрсеткіштер. Асқынулардың алдын алу. Диагностика. Босануды жүргізу тәсілдері.

Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулер. Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулердің қауіп факторлары. Себептері. Клиникасы. Диагностика. Емі. Босанған әйелдердің реабилитациясы. Акушериялық қан кетулердің қауіп факторларын дер кезінде анықтаудағы әйелдер кеңесінің рөлі, алдын алу мен реабилитация.

Акушериялық жарақаттар. Түсінігі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностика. Емі. Акушериялық жарақаттардың алдын алу. Босанған әйелдердің реабилитациясы
6 БЛОК

Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы

Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Ерте және кеш босанғаннан кейінгі кезең туралы түсінік.

Босанған әйелдердің гигиенасы және емдәмі. Босанған әйелдерді бақылау. Лактация. Емшекпен емізу. Емізудің он қадамы. Босанғаннан кейінгі бөлімнің асептикасы мен антисептикасы.

Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-септикалық асқынуларының алдын алу. Клиникасы. Диагностика. Емі.Алдын алу.

7 БЛОК

Жалпы гинекология

Гинекологиядағы тексеру әдістері. Әйелдің репродуктивті жүйесінің клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері. Гинекологиялық аурулардың семиотикасы. Гинекологиялық аурулардың жіктемесі. Гинекологиялық аурулар диагностикасындағы жалпы және арнайы әдістердің маңызы. Гинекологиядағы арнайы және қосымша тексеру әдістері. Қыз балалар мен жасөспірімдерді тексеру ерекшеліктері.

Етеккір функциясының бұзылуы. Етеккір циклы, реттелуі. Етеккір циклының бұзылуы. Жіктелуі. Этиологиясы мен патогенезі. Дисфункциональды жатырдан қан кетулер (климактериялық, репродуктивті, ювенильді). Аменорея, гипоменструальды синдром. Альгодисменорея. Емдеудің негізгі ұстанымдары.

Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы, аналық без ісігі аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы, оперативті емге көрсеткіштер.


8 БЛОК

Гинекологиялық аурулар

Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. Жыныс мүшелерінің спецификалы және бейспецификалы аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі мен алдын алу. Жыныс жолдарымен берілетін аурулар. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын алдын алудағы санитарлық-ағарту жұмыстарының рөлі. Қыз балалардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының ерекшеліктері.

Нейроэндокринді синдромдар. Климактериялық, посткастрационды, етеккіралды синдромдар. Клиникасы, диагностикасы, емдеу ұстанымдары мен алдын алу.

Жыныс мүшелерінің даму ақаулары мен жыныстық дамудың бұзылыстары. Жыныс мүшелерінің даму ақаулары. Қыз балалардың жыныстық дамуының бұзылуы.

Бедеу неке. Жіктелуі. Себептері. Диагностика әдістері мен емдеу ұстанымдары.

БЛОК №9

Онкогинекология негіздері

Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары. Жатыр мойнының дисплазиясы туралы түсінік. Жатыр мойны обыры. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу принциптері. Кольпоскопия, онкоцитология.

Жатыр денесінің фондық және обыралды аурулары. Эндометрийдің гиперпластикалық және атипиялық процестері. Жатыр миомасы. Жатыр денесінің обыры. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу принциптері.

Аналық бездерінің қатерсіз және қатерлі ісіктері.



Аналық без ісіктері. Жіктелуі (МКБ-X). Аналық бездердің кисталары мен кистомалары. Аналық бездердің обыры. Клиникасы. Диагностика. Аналық без ісіктерін емдеу принциптері. Тексерудің қосымша әдістері.
2.7. Акушерия және гинекология бойынша дәрістер жоспары

Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыптардың аты

Өткізілу түрі

Сағат саны




Акушерия пәні бойынша дәрістер







1

Тарихи аспекттегі акушерлік ғылымның дамуы. Акушерия және гинекологиядағы деонтология

Шолу дәрісі

1

2

Етеккір циклының нейроэндокринді реттелуі. Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау түсініктері.

Шолу дәрісі

1

3

Жүктілік физиологиясы. Ұрықтану. Имплантация.

Шолу дәрісі

1

4

Босану физиологиясы. Ана қауіпсіздігі бойынша босану.

Шолу дәрісі

1

5

Тар жамбас.

Шолу дәрісі

1

6

Босану әрекетінің ауытқулары.

Шолу дәрісі

1

7

Жүктілікті көтереалмаушылық мәселелері. Жүктілікті көтереалмаушылықтың заманауи емдеу ұстанымдары.

Шолу дәрісі

1

8

Фетоплацентарлы жүйенің физиологиясы мен патологиясы.

Шолу дәрісі

1

9

Нәрестені антенатальды қорғау

Шолу дәрісі

1

10

Жүктілік кезіндегі акушерлік қан ағулар. Шұғыл көмек көрсету.

Шолу дәрісі

1

11

Босану, босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан ағулар. Шұғыл көмек көрсету.

Шолу дәрісі

1

12

Жүкті әйелдердегі ерте токсикоздар мен жүктілікке байланысты гипертензия

Шолу дәрісі

1

13

Нәрестенің дұрыс емес жатуы және келуі. Нәрестенің жамбаспен жатуы.

Шолу дәрісі

1

14

Акушериядағы іріңді – септикалық асқынулардың өзекті мәселелері.

Шолу дәрісі

1

15

Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық аурулары

Шолу дәрісі

1

16

Экстрагениталды патология және жүктілік.

Шолу дәрісі

1




Барлығы : 16 сағат










Гинекология пәні бойынша дәрістер.







1

Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы.

Шолу дәрісі

1

2

Етеккір циклының бұзылысы. ДЖҚ

Шолу дәрісі

1

3

Аменорея, гипоменструалды синдром

Шолу дәрісі

1

4

Жанұяны жоспарлау. Бедеу неке.

Шолу дәрісі

1

5

Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары.

Шолу дәрісі

1

6

Гинекологиядағы жедел іш. Күттірмейтін көмек

Шолу дәрісі

1

7

Нейроэндокринді синдромдар. Климактериялық, посткастрациялық етеккір алды синдромдар

Шолу дәрісі

1

8

«Балалар гинекологиясының негіздері»


Шолу дәрісі

1




Барлығы 8 сағат

Онкогинекология пәні бойынша дәрістің тематикалық жоспары






Тақырыптар

сағат саны

1

Онкопатологияның репродуктивті жүйесінің ерте анықталуы бойынша мемлекеттік скрининг бағдарламасы. Фондық рак алды жатыр мойнының аурулары

1

2

Жатыр мойны мен жатыр денесінің рагы

1

3

Аналық бездің қатерсіз және қатерлі ісіктері

1

4

Сүт безінің қатерсіз және қатерлі ісіктері

1

5

Трофобласттық ауру

1

6

Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктері

1




Барлығы

6

Акушерия пәні бойынша тәжірибелік сабақтың және СРСП-ның тақырыптық жоспары

2 БЛОК

Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру ұстанымдары.





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Мазмұны

Сағаты

1

Перзентхана жұмысының құрылымы және оны ұйымдастыру. Перзентхана жұмысының санитарлық-ағарту тәртібі. Акушерлік стационардың санитарлық-гигиеналық тәртібінің ерекшеліктері.


Тәжірибелік

Акушерлік стационардың құрылымы және оны ұйымдастыру. Акушерлік стационардың негізгі қызметтері. Перзентхана жұмысының құрылымы. Перзентхана жұмысының санитарлық-ағарту тәртібі. Перзентханада неонатальды көмек көрсетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері.

2


СОӨЖ



Перзентханамен танысу (қабылдау бөлімі, босану бөлімі, босанудан кейінгі бөлім, нәрестелер бөлімінің құрылысы мен қызметі). Санитарлық-гигиеналық тәртіп ерекшеліктерімен танысу.

2

2

Әйел жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Нәресте босану объектісі ретінде.

Тәжірибелік

Жамбасқа акушерлік көзқарас (өлшемдері, жазықтықтары, сызықтары). Босану жолдары мен босану каналдары. Нәресте басының өлшемдері. Нәрестенің жетілу белгілері.

3

СОӨЖ


Әйел жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясын фантомдарды пайдаланып талдау.

3

3

Әйелдер кеңесінің құрылысы және оның жұмысын ұйымдастыру. Аймақтандыру ұстанымдары. Акушерия және гинекологиядағы этика мен деонтология. Жүкті әйелдерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру. Гравидограмма. Перинаталдық патологиялар бойынша «жоғарғы» қауіп-қатер топтарына жататын жүкті әйелдер тобы.

Тәжірибелік

Әйелдер кеңесі құрылымы және оның жұмысын ұйымдастыру (құрылымы, жұмыс тәртібі, міндеттері). Аймақтандыру ұстанымдары: босануға көмек беру мекемелері 1-ші, 2-ші, 3-ші деңгейлер және жоғары мамандырылған медициналық көмек. Акушерия және гинекологиядағы этика мен деонтология. Жүкті әйелдің диспансеризациясы. Гравидограмма. Перинаталдық патологиялар бойынша «жоғарғы» қауіп-қатер топтарына жататын жүкті әйелдер тобы. Жүктілік пен босану асқынуларының алдын алудағы әйелдер кеңесінің рөлі.

3

СОӨЖ


Шағын топтарда жұмыс: қауіп-қатер факторын, ана және перинатальды өлімді есептеу.

3

4

Нәрестені антенаталдық қорғаудағы әйелдер кеңесінің рөлі. Нәрестені биофизикалық және биометриялық зерттеу әдістері. Нәрестенің даму ақауын ерте диагностикалау және алдын алудағы әйелдер кеңесінің медико-генетикалық рөлі.

Тәжірибелік

Нәрестені антенаталдық қорғаудағы әйелдер кеңесінің рөлі. Нәрестені биофизикалық және биометриялық зерттеу әдістері (хорионбиопсия, кордоцентез, УДЗ, допплерометрия, КТГ, ЭКГ, амниоцентез, амниоскопия). Нәрестенің даму ақауын ерте диагностикалау және алдын алудағы әйелдер кеңесінің медико-генетикалық рөлі.

3

СОӨЖ

Шағын топтарда жұмыс: антенатальді кезенді әр жүкті әйелдің жеке картасымен анализдеу.биофизикалық биометриялық медико-генетикалық әдістерді талқылау.

3

5

Репродуктивтік жүйе. Репродуктивтік құқық. Сексуалды құқық. Жанұяны жоспарлау. Контрацепция. Жасанды түсіктің алдын алу.

Рубежді бақылау


Тәжірибелік

Репродуктивтік жүйе. Репродуктивтік құқық. Сексуалды құқық. Жанұяны жоспарлау. Контрацепция. Жасанды түсіктің алдын алу.



3

СОӨЖ


Шағын топтарда жұмыс: отбасын жоспарлауда әйелдерге кеңес беру. контрацепцияны таңдауда жағдайлық есептер шығару. Сексуалды бұзылыстарды диагностикалау.

3

3 БЛОК. Жүктіліктің физиологиясы мен патологиясы





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Мазмұны

Сағаты

6

Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді тексеру әдістері.


Тәжірибелік

Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушерлік тексеру. Жүктіліктің мерзімін анықтау. Жүкті әйелдерді қосымша тексеру әдістері.

3

СОӨЖ


Шағын топтарда жұмыс: жүктіліктің әр кезеңін талқылау. жүктілерді қосымша зерттеу әдістерін әйелдерде және фантомда уйрену. жалпы және жеке дағдыларды қалыптастыру.

3

7

Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін терапия ұстанымдары.

Тәжірибелік

Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты дамыған гипертензия. Жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері. Преэклампсия, эклампсияның ауыр дәрежесіндегі күттірмейтін көмек.

3

СОӨЖ


Ерте токсикозы, экламсия, преэкламсиясы, гипертензиясы бар жүктілерді патология және шұғыл терапия бөлімінде қарау. Ерте токсикоз, экламсия, преэкламсиясы бар жағдайға байланысты жағдайлық есептер шығару.

3

8

Жүктіліктің екінші жартысындағы қан ағулар.

Тәжірибелік

Жүктіліктің екінші жартысындағы қан ағулар. Бала жолдасының жатуы. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Себептері. Клиникасы. Диагностикасы. Жүргізу тактикасы.

3

СОӨЖ


Плацентаның орналасуына байланысты жүктілерді бақылау. Жүктілік және босануды жүргізудің жоспарын құру. Жүктіліктің екінші жартысындағы қан ағулардағы алғашқы көмек туралы жағдайлық есептер шешу.

3

9

Жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары және жүктілік. Жүкті әйелдердегі тыныс алу ағзаларының және асқазан-ішек жолдарының аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу.

Тәжірибелік

Жүрек қан-тамыр жүйесінің (жүре пайда болған және туа пайда болған жүрек ақаулары, артериалдық гипертензия), тыныс алу жүйесінің (пневмония, туберкулез), асқазан-ішек жолдарының (гепатит, холецистит, гепатоз, асқазанның ойық жара ауруы) аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу. Экстрагениталды ақаулардың ұрық пен нәрестеге және жүктіліктің ағымына әсері.

3

СОӨЖ


Патология бөлімінде ЭГЗ-сы бар жүктілерді талқылау. Жүктілік және босануды жүргізудің жоспарын құру. ЭГЗ-сы бар жүктілерге көмек туралы жағдайлық есептер шешу. Алгоритм құру.

3

10

Жүкті әйелдердегі эндокринді жүйе аурулары. Бүйрек аурулары және жүктілік. Жүктілік пен босануды жүргізу.

Рубежді бақылау.



Тәжірибелік

Эндокринді жүйе (гипотиреоз, гипертиреоз, қант диабеті) және зәр шығару жолдарының (пиелонефрит, гломерулонефрит) аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу. Эндокринді жүйе мен зәр шығару жолдарының ауруларының ұрыққа және нәрестеге әсері. Жүктіліктің эндокринді жүйе ауруларының ағымына әсері.

3

СОӨЖ


Эндокринді және зәр шығару жүйесінде ауытқулары бар жүктілерді қарау және талқылау. Жүктілік және босануды жүргізудің жоспарын құру. ЭГЗ-сы бар жүктілерге көмек туралы жағдайлық есептер шешу. Алгоритм құру.

3

4БЛОК. Босану физиологиясы






Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Мазмұны

Сағаты

11

Босану физиологиясы туралы түсінік. Босанудың басталу себептері. Босану кезеңдері.

Тәжірибелік

Босанудың басталу себептері. «Босану доминантасы» түсінігі, ағзаның босануға дайындалуы. Босану кезеңдері (I , II, III кезеңдер). Босану ұзақтығы. Толғақтар, күшену. Босанудың клиникалық ағымы (I , II, III кезеңдер). Жалған толғақтар. Алдыңғы және артқы шүйделік орналаудағы босану механизмі.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: перзентханада жүктілерді курациялау; дағдыларды қалыптастыру. Фантомда нәрестенің алдыңғы және артқы шүйделік жатудағы босанудың механизмі.

3

12

Босануды жүргізу. Босану әрекетін заманауи тіркеу әдістері. Партограмма.

Тәжірибелік

Босануды жүргізу.Босану жолдары арқылы нәресте басының алдыңғы және артқы түрімен босану биомеханизмі. Босану әрекетін заманауи тіркеу әдістері. Партограмма. Бала жолдасы мен босанғаннан кейінгі ерте кезеңді жүргізу. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу. Босанудағы қан жоғалтуды есептеу. Нәресте жағдайына Апгар шкаласы бойынша баға беру.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: Жүктілерді босану бөлімінде курациялау. Физиологиялық босану, партограмма толтыру, плацента бүтіндігі, қан жоғалту жағдайларындағы дағдыларды қалыптастыру.

3

13

Босануды жансыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды жансыздандыру әдістері. Жансыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Ана қауіпсіздігі бойынша босану. Жүктілік және босану қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қан ағулардың алдын алу.

Тәжірибелік

Босануды жансыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды жансыздандыру әдістері. Акушериядағы эпидуральді анестезия. Жансыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Ана қауіпсіздігі бойынша босану. ДҰҰ ұсынысы бойынша жүктілік және босану қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қан ағулардың алдын алу.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: Жүктілерді босану бөлімінде курациялау. Босанудағы ауырсыздандыру, босанудан кейінгі кезеңді белсенді жүргізу, серіктес босану дағдыларын қалыптастыру.

3

14

Нәресте физиологиясы. Жаңа туылған нәрестенің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жаңа туылған нәрестенің жағдайы.

Рубежді бақылау



Тәжірибелік

Нәресте физиологиясы. Жаңа туылған нәрестенің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері (физиологиялық сарғаю, физиологиялық салмақ жоғалту, гормональді криз). Жаңа туылған нәрестенің жағдайы.



3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: жаңңа туылған нәрестеге қарау дағдыларын қалыптастыру.



3

5 БЛОК. Босану патологиясы





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Мазмұны

Сағаты

15

Тар жамбас.

Тәжірибелік

Тар жамбас. Этиологиясы. Жамбас тарылуының әртүрлі формасындағы босану биомеханизмінің ерекшеліктері. Нәресте-жамбастық сәйкессіздік. Анатомо-физиологиялық тар жамбас түсінігі. Жүктілік және босанудың асқынулары. Жүргізу әдісі.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: жүктілерді патология және босану бөлімінде курациялау (жағдайлық есептер шешу ). тар жамбас, пельвиометрия, диагоналды коньюгатаны өлшеу, тар жамбаста босануды жоспарлау.

3

16

Босану әрекетінің ауытқулары.

Тәжірибелік

Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу әдістері. Босану әрекетінің ауытқулары кезіндегі ана мен балада болатын асқынулар.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: Босану әрекетінің ауытқуы бар жүктілерді босану бөлімінде курациялау. (жағдайлық есептер шешу ). ауытқуы бар босануды анықтау және емдеуге дағдылану. Босануды жоспарлау.

3

17

Нәрестенің дұрыс емес орналасуы.

Тәжірибелік

Жіктелуі. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Жүктілік кезіндегі асқынулар. Босану түрлері.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: жүктілерді патология және босану бөлімінде курациялау (жағдайлық есептер шешу ). Нәрестенің дұрыс емес орналаспауында жүктілік пен босануды жоспарлау.

3

18

Нәрестенің жамбаспен жатуы.

Тәжірибелік

Жіктелуі. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Жүктілік кезіндегі асқынулар. Босану түрлері.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: Патология бөлімінде жүктілерді (немесе жағдайлық есептер шығару) курациялау.Нәрестенің жамбастап орналасуын диагностикалау дағдысын қалыптастыру, жүктілікті жүргізу және нәрестенің жамбастап келуінде босандыру жоспарын жасау. Фантомда аяқпен және бөкселік орналасуында қолмен Цовьянов бойынша жәрдем көрсету дағдысын қалыптастыру.

3

19

Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағулар.

Тәжірибелік

Себептері: 4 «Т» -тонус, травма, тін, тромбин. Клиникасы. Диагностикасы. Күттірмейтін көмек.

3

СОӨЖ


Босанудан кейінгі кезеңде босанғандарды курациялау және талдау. Акушерлік қан кету кезінде босанудың алғашқы кезеңінде шұғыл көмек көрсетуге дағдылануды қалыптастыруға жағдайлық есептер шығару.

3

20

Акушерлік жарақаттар.

Рубежді бақылау



Тәжірибелік

Аралықтың, жатыр мойнының, жатырдың жыртылуының жіктелуі. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

3

СОӨЖ


Босанудан кейінгі және босану бөлімдерінде босанғандарды және босанатындарды курациялау және талдау. Шаттағы тігісті өңдеу. Фантомда жатырдың мойнын, қынаптың, аралықтың жыртылуын диагностикалау және тігу дағдысын қалыптастыру.

3

6. БЛОК Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Мазмұны

Сағаты

21

Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Емшекпен емізу.


Тәжірибелік

Босанған әйел ағзасындағы өзгерістер. Босанғаннан кейінгі кезең клиникасы. Лактация. Босанған әйел күтімі. Емшекпен емізу. Босанғаннан кейінгі демалыс.

3

СОӨЖ


Босанғандарды босанғаннан кейінгі бөлімде курациялау және талдау. Жаңа босанған әйелдiң жәй- күйiн бағалау дағдыларын сүт желiндерінің, емшекпен емізу принциптерін лактостазды, лактациялық маститтің профилактикасын және диагностикасын қалыптастыру.

3

22

Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар.

Тәжірибелік

Жіктелуі. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика.Емдеу және алдын-алу әдістері.

3

СОӨЖ


Босанғаннан кейінгі бөлімшеде жүктілерді талдау және курациялау. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды диагностикалау. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар туралы жағдайлық есептер шешу.

3

23

Жаңа туылған нәрестенің іріңді-септикалық аурулары.


Тәжірибелік

Жіктелуі. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика. Емдеу әдістері. Ана мен балада болатын асқынулар. Жүктілік пен босануды жүргізу.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: іріңді-септикалық аурулары бар нәрестенің тарихын талдау. Диагностика және емдеудің алгоитмін құру, жағдайлық есептер шығару.

3

24

Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессіздігі. Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу.

Тәжірибелік

Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессіздігі. Этиологиясы. Диагностикасы. Емдеу әдістері. Жаңа туылған нәресте реанимациясы. Жүктілікті жүргізу.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: Rh(-) жүктілерді патология бөлімінде курациялау, Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессіздігінің тарихын талдау. Rh(-) жуктілерегі жүктілікті жүргізу, вакцина. Жағдайлық есептер шешу.

3

25

Ұрық гипоксиясы нәресте асфиксиясы және нәресте реанимациясы

Тәжірибелік

Классификациясы. Ұрықтың қауіп-қатер жағдайы. Этиологиясы. Диагностикасы. Емдеу әдістері. Нәресте реанимациясы.

3

СОӨЖ


Шағын топта жұмыс: Жаңа туған нәрестені фонтомда реанимациялауға дағдылану. Диагностика және емдеудің алгоитмін құру, жағдайлық есептер шығару.

3

Барлығы: тәжірибелік сағаттар - 74, СОӨЖ -74 сағат

Гинекология пәні бойынша тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



7 БЛОК

Жалпы гинекология



Сабақтың тақырыбы

Жүргізілу түрі

Мазмұны

Сағаты

1.

Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы. Репродуктивтік жүйе. Қалыпты етеккір циклы және оның реттелуі.

Тәжірибелік

Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы. Репродуктивтік жүйе. Қалыпты етеккір циклы және оның реттелуі.

3

СОӨЖ

Науқастарды гинекология бөлімінде курациялау.Гинекологиядағы зерттеу әдістерін дағдыландыру: сыртқы жыныс мүшелерін қарау, жатыр мойнын айнада қарау, бимануалды құрсақ-қынаптық тексеру, ректалды тексеру, сүт безін пальпациялау.

3

2.

Гинекологиядағы «жедел іш».

Тәжірибелік

Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы, аналық безі ісігінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы, оперативті емге көрсеткіш.

4

СОӨЖ

Гинекология ауруларының зерттеуiн ортақ және арнайы, аспапты, лабораториялық, биофизикалық әдiстерiн дағдыландыру, гинекология және хирургиялық патологияның дифференциалды диагностикасын өткiзудi қалыптастыру. Гинекологиядағы диагностикалаудың алгоритм және жедел iштің емiн құрастыру. Жағдайға байланысты есептер шешу.

3

3.

Гинекологиялық операциялардың түрлері. Операцияға дайындық, операциядан кейінгі кезеңді жүргізу, гинекологиялық науқастардың реабилитациясы.

Тәжірибелік

Гинекологиялық операциялардың түрлері. Операцияға дайындық, операциядан кейінгі кезеңді жүргізу, гинекологиялық науқастардың реабилитациясы.

3

СОӨЖ

Шағын топта жұмыс: Операцияға дейiн және операциядан кейін жоспарлы және шұғыл гинекология ауруларының курациясы . Қынап, жатыр ішілік (жiптердiң өңдеуi, ішек ауруларының алдын алу және жартылай салданумен күрес) операциядан кейiнгi кезеңдi жүргiзу үшiн гинекология ауруларының операция алдындағы әзiрлеуiнiң дағдыларын құрастыру.

3

4.

Етеккір функциясының бұзылысы. Этиологиясы мен патогенезі. Жіктелуі. ДЖҚ. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеудің негізгі ұстанымдары.


Тәжірибелік

Этиологиясы мен патогенезі. Жіктелуі. ДЖҚ. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеудің негізгі ұстанымдары.

3

СОӨЖ

Шағын топта жұмыс: Функционалдық диагностиканың тесттерiнiң бағасының дағдыларын Джқ- ның әр түрлi түрлерiнде қалыптастыру. Жасына қарай Джқ-ның диагностикасы, емі және аурулардың қалпына келу алгоритмын құрау. Жағдайға байланысты есептер шешу.

3

5.

Аменорея, гипоменструалдық синдром. Альгодисменорея Классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу әдістері


Тәжірибелік

Этиологиясы мен патогенезі. Жіктелуі. Аменорея, гипоменструалдық синдром. Альгодисменорея. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеудің негізгі ұстанымдары.


3

СОӨЖ

Шағын топта жұмыс. Функционалдық диагностиканың тесттерiнiң бағасының дағдыларын аменореяның әр түрлi түрлерiнде қалыптастыру. Диагностика, емдеу және жасына қарай аменореясы бар ауруларының жазылу алгоритмын құрау. Жағдайға байланысты есептер шешу.



3





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет