С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет97/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Инспираторлы ентігу- жоғары тыныс жолдарында механикалық кедергіге байланысты дем алудың қиындауы. Инспираторлы ентігу көмей стенозы, ірі бронхыны ісік басқанда және т.б. болады.
Экспираторлы ентігу – ұсақ бронхылар тарылғанда дем шығарудың қиындауы. Науқастар өкпеден ауаны сығып шығарғандай сезімде болады. Экспираторлы ентігу бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы бар науқастарда байқалады.
Аралас ентігу (дем алу мен дем шығарудың қиындауы) «асқынған» өкпе аурулары кезінде және жүрек жеткіліксіздігінде пайда болады. Ентігудің асқынған дәрежесі тұншығу деп аталады



  1. Пульс және оның қасиеті



Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді тербелісі. Сол қарыншадан қолқаға ырғақты түсетін қан артерия арнасының ішінде тербелісті тудырады және тамырдың эластикалық керілуіне және артерия қабырғасының созылуына әкеледі [7, 32].
Пульсті беткей жатқан артериялардан тексереді. Көбінесе үлкен адамдардың пульсін білезік артериясынан тексереді. Егер қандай да бір себеппен білезік артериясынан пульсті тексере алмасақ, онда самай, ұйқы, сан, шынтақ және басқа артерияларды қолданамыз (сур. 48).



www.tryphonov.ru


Сурет 48.
Шеткі артериалды пульсті пальпациялау
А - білезік артериясында, Б – иық артериясы, В – ұйқы артериясы,
Г – сан артериясы, Д – тізе асты артериясы, Е – артқы үлкен асық жілік артериясы, Ж – артқы табан артериясы
Пульсті білезік артериясында анықтағанда екі қолды бірдей тексеру қажет және айырмашылық болмаған жағдайда, бір қолда анықтауды жалғастырамыз(сур. 49 а, б). Науқастың қолы бос жатуы керек, өйткені сіңір және бұлшық ет керілуі пальпация жасауға кедергі болмауы керек. Зерттейтін адамның қолы ыңғайлы, жартылай бүгілген қалыпта болуы қажет.

soznanie.org


ftiza.info
а б
Сурет 49.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет