Сабақ №1 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі. Жоспары : 1 Тағылық 2 варварлық


тақырыбы : Алғашқы адамдар тобыры



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#133711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

тақырыбы : Алғашқы адамдар тобыры.

Жоспары.

1 Алғашқы адамдар тобырындағы аңшылық.

Теориялық мәліметтер:

Алғашқы тұрмыстық адам қоғамын тарихи реконструкциялау, сірә, алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы болып табылады. Қандай да болсын тура параллель жоқ болғандықтан, ол жөнінде тек жанама деректердің негізінде ғана пайымдауға болады. Бұл, біздің деректеріміз, бір жағынан, маймылдардағы табындық қарымқатынастар, екінші жағынан, археология мен антропологияның кейбір фактілері, сондай-аң азды-көпті ықтималдық үлесімен адамзаттық өте ертедегі, рулык күйге дейінгі сарқыншақтары. Ретінде қарала алатын этнография фактілері. Осы деректердің барлығын салыстырып және талдау сол заманнын қоғамдық тіршілігі туралы көп жағынан гипотездік ұғым болғанымен, жалпы ұғым жасауға мумкіндік береді, бірақ толып жатқан анық емес таза логикалық болжауларға даулы, болжамдарға, әрине, орын қалады.

Алғашқы тұрмыстық табын термині ең көне және көне адамдардың ұйымдарының диалектикалық ерекшелігін, оның Хомо Сабенс дайын қалыптасқан қоғамына хайуандардың адам алды табынынан өту күйін жақсы береді.

Алғашқы тұрмыстық адам табыны сірә шағын адамдар тобы болса керек Үлкен топтың ерте палеолит адамының техникалық қарулануының нашарлығы және тамақ табудың қиындығы кезінде өзін асырай алу ықтималдығы шамалы еді. Жинап теру ісі мен шұғылдану уақытты көп жұмсауды керек етеді. Ол тамақты біршама аз береді. Мұнда көбінесе төменгі калориялы келеді. Алғашқы тұрмыс адамдарына белгілі де болған ірі хайуанаттарды аулауға келетін болған. Алғашқы тұрмыс адам тобының бірнеше ондаған адамнан артық болды деу қиынға түседі. Көбінесе 20-30 ересек адамдардан құралса керек.

Алғашқы тұрмыстық адам табының өмірі бір орыннан екінші орынға ретсіз көшіп - қонып жүрген жинап терушілермен аңшылардың өмірі ғана болып қойған жоқ. Чжоукоудяньдағыі қазбалар көптеген ұрпақтардың ен бойындағы отырықшылық өмірінің бейнесін суреттейді.Табылғын қазындылар ерте палеолиттік уақыттың басқа да көптеген үңгір тұрақтары біршама отырықшылықтың болғанын көрсетті.

Мұндай өмір салтын орнықтыруда аңшылықтың дамуы сөзсіз маңызды роль атқарды.

2.Ең көне және көне заман адамдары шаруашылықтарының екі саласы жинап терушілік пен немесе аң аулау ма қайсысы олардың өмірінің негізгі болғанын айта қою қиын. Алайда нақ аңшылық алғашқы тұрмыстық адам коллективінің дамуын көп жағынан анықтаған шаруашылықтың неғұрлым прогрессивті саласы болғаны даусыз.

Шелль және ашель тұрақтарында табылған хайуанат сүйектерінің арасында кейде тіпті піл сияқты ірі жануарлардың сүйектері де кездеседі.Солтүстікке таманғы аудандарда жылқыларды, бұғыларды, қабандарды, зубрларды аулады кейде жыртқыштарды да үңгір аюлары мен арыстанды өлтіріп олардың еттерінде тамақ етті.

Таулы аудандарда неандертальдықтардың аң аулау мәселен тау ешкілерін аулау басым роль атқарды.

Ірі аңдарды әсіресе олардың ішінен тобыр болып жүретіндерін аулауды игеру әдісінсіз көз алдыға келтіру қиын. Ол ірі хайуанды тікелей өлтіруі үшін ашелль аңшыларының қаруы тым әлсіз болды.

Өте ежелгі заман адамдары ірі сүт қоректілерді өлтіруге иіріп аулағанда ғана батылы бара алған. Сірә оларды шулап от шашып, тас лақтырып үркіткен болар әрі көптеген тұрақтардың орын жайы көрсететіндей терең сайға немесе үлкен жар қабаққа айдап тығатын болған. Жануарлар құлап түсіп мертігетін сөйтіп адамға тек оларды соғып алу ғана қалатын. Міне сондықтан да нақ аң аулау алғашқы тұрмыстық адам табының ұйымшылдығын бәрінен көп ынталандырған еңбек қызметінің формасы болды, оларға коллективизм күшін көрсетті.

Ірі жануарларды аулау бұл жағынан адам организмі үшін аса маңызды заттары (бор) (еттер) әсіресе белоктар майлар мен углеводтар бор еттер әсіресе оны отта қақтаудан кейін тек құнарлы тамақ қана болып адамның бойының өсуін тездетіп, тіршілік қызметін арттырды.



  1. Адамның арғы тектері табынды хайуанаттар болғанымен олардың мінез-құлқы сияқты таза индивидуалистік рефлекстермен де анықталды. Бұл жағдай ертедегі адам табынында сақталмай қала алмады. Оның үстіне адам қару алуды үйренісімен-ақ табындағы соқтығулар жиілей түсіп, анағұрлым кескілескен түрге айналған деген пікірлер де бар.

Бірақ қалай болған күнде де алғашқы тұрмыстық адам табынында мінез-құлықтың индивидуалистік және табында коллективтік формалары арасында жіті күрес болғандығы даусыз және біріншіні екіншінің бірте-бірте ығыстырғаны да осындай даусыз, өйткені бұлай болмаған жағдайда табындық ұйым рулық ұйымға ешқашанда өсіп ұласпаған болар еді.

Шынына келгенде хайуанат дүниесінен адамның бөлініп шығуы тек еңбектің арқасында ғана мүмкін болды, бұл өзінен-өзі адамның табиғатқа ықпал етуінің коллективтік формасы болып табылады.

Коллективті топтастырудың осы бағытында да төменде сөз болатын тілдің жетілуі де әрекет етті. Бірақ хайуандық индивидуализмды ығыстыруда әсіресе үлкен прогресс алғашқы тұрмыстық адам табыны тіршілік етуінің қорытынды кезеңіне мустер уақытына келеді. Нақ осы уақытқа коллектив мүшелері туралы қамқорлықтың алғашқы жанама дәлелдері неандертальдық жерлеу жатады.

4. Алғашқы тұрмыстық адам табынында биологиялық және әлеуметтік бастау күрестерінің негізгі бағыттарының бірі бала тудыру болады.

Ең алдымен мынадай сұрау туады.

Алғашқы тұрмыстық адам табынының алдындағы адамның ата-тектерінің зоологиялық бірлестіктерінде жыныстық қатынастар қалай ұйымдастырылған еді? Соңғы он жылдар ішінде зерттеуге едәуір көңіл бөлініп отырған приматтардың өз ара қарым-қатынастарынан бұған белгілі әрине анағұрлым толық емес ұқсастықты көруге болады.Қазіргі өмір сүріп отырған шимпанзе мен горилла сияақты бір түрлер қосақ семья болып тұрады, басқалары ірі күшті еркегі бастаған 10-20 кісі тұратын горемдік семьялар дейтіндер болып келеді. Басшыдан басқа горемдік семьяға жас еркектер де кіреді, әдетте, бұлар басшымен бәсекелестікте төтеп беру мүмкін болмағандықтан өсіп көбею ісіне қатыспайды.Бірнеше семья біріккенде олардың әрқайсысы, алайда ұрғашысы үшін ұрысты болдырмайтын белгілі бір оқшауланушылықты сақтайды.

5. Қандас туыстық семья туралы мәселе.

Л. Г. Морган өзінің «Көне қоғамында» некелік жыныстың қатынастардың алғышқы (ең көне) формасы қандас-туыстың семья, дейтін болды деген жобаны ұсынды. Морган қандас-туыстың семьяда некелік ортақтың тек бір ғана ұрпақты барлық туыстарды екі-үш аталық т. б. бақырларды және қандастар, олардың туыстарының бүкіл ұрпағын қамтыды, деп санайды. Түрлі ұрпақтардың арасындағы некелік қатынасқа жол берілмеді. Бұл гипотезаны ұсына отырып, Морган этнографтар Полинезийдағы Гавай аралдары халықтарынан тапқан малайя, немесе гавай туыстық жүйесі рейтіннің анализіне сүйенді. Туысқандықтың бұл системесында анасы мен әкесі тек өзінің балаларын ғана емес, соңдай-ақ өзінің барлық бауыры мен қарындастарының балаларын өз балам деп атайтынын, ал балалар өз кезегінде тек өзінің туған ата-аналарын ғана емес, сондай-ак барлық өздерінің қарындастары мен бауырлары ата-аналарымыз деп атайтын фактілеріне сүйеніп, ол некелерді реттеп отырудың ең көне формасы, таяудағы еткен шақта әлі гавайлықтарда сақталып отырғандай, қандас-туысқандық семья болды, деп қорытынды жасайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы?

  2. Алғашқы тұрмыстық адамдар табыны қандай болды?

  3. Ең көне заман адамдарының шаруашылығы?

  4. Таулы аудандарда алғашқы трмыстық адамы аң аулағанда қайсы жануарды аулау басым болған?

  5. Ашелль уақытының ескерткіштері қайдан табылды?

  6. Шелль және ашелль тұрағынан қай жануардың сүйегі табылды?

  7. Алғашқы тұрмыстық адам табынының алдындағы адамның ата-тектерінің зоологиялық бірлестіктерінде жыныстық қатынастар қалай ұйымдастырылған еді?

  8. Горемдік семья деген не?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Ежелгі гоминидтер және олардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

  2. Горемдік семья деген не?

Пайдаланатын әдебиеттер:



    1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

    2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

    3. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М. 1966 г.

    4. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20

    5. Энгельс Ф. Роль труда в процессе превращения обезьяны в человека. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20

Сабақ №8 Тақырыбы Қандас туыстық жанұя туралы мәселе

Жазбаша бақылау

1 Семьяның шығуы



    1. меншіктің шығуы

    2. мемлекеттің шығуы

    3. адамның пайда болуы

    4. ежелгі ғалымдардың ойлары

    5. Моргон “Көне қоғамындағы еңбек”

    6. Ч. Дарвиннің жаңалықтары.

    7. Алғашқы қоғам жайлы

    8. Ойлау және сөйлеудің шығуы


Сабақ №9

тақырыбы : Ойлау мен сөздің және идеологиялық ұғым.

Жоспары :

    1. Сөйлеу

    2. Ойлау

Лекция мазмұны:

Ойлау мен сөздің шығуы алғашкы тұрмыстық қоғам тарихында аса күрделі проблема болып табылады, мұны шешудін, қиындығы осы процестің негізгі кезеңдерін көрсетіп беретін біздің қолымызда тура емес, тек жанама деректердің болуы қиындата түседі.

Ойлау мен сөздің дамуының ең көне сатыларының шығуы мен реконструкциясын анықтау үшін, негізгі төркіндер бірнешеу. Ең алдымен бұл — салыстырма психология, салыстырма физиология мен тілі білімі, сондақ-ақ этнография мен археология. Бірақ бұл мәселелерді шешу үшін антропогенез процесіндегі сөзбен ойлаудың материалдық аппараты төменгі жақ сүйектің, мидың т.б. дамуы туралы деректері бер антропология аса маңызды материалдар береді. Антропогенездің еңбек теориясы тұрғысынан алып, осы материалдардың барлығын комплексті қарастыру ғана адамның ойлауы мен сөз функциясының дамуы тарихында негізгі кезеңдерді белгілеп алуға көмектеседі.

Ойлау мен сөз адамның қалыптасу процесі еңбек қызметінің шығуы мен даму процесі, өндірістік даму процесі бір процестін екі жағы екені мүлде айқын дүние. Сондықтан да ең көне адамзат тарихында ой бұрын шыққан ба, оны білдіретін сөз бе, деген сұрақ беру дұрыс болмас еді. Ойлау мен сөз бір сөз бір уақытта пайда болды. Ең қарапайым саналы түрде жасалып шағарылған еңбек құралдарының пайда болуының өзі-ақ ең қарапайым ұғымдардың пайда болуына саналады. Ал бұлар өзінің ретіне қарай коллективтің бір мүшесінен екіншісіне берілуге тиіс еді.

Дыбыс символдарын берудің ең қарапайым формасы да туды.

Мұндай дыбыс сигналдарының тууы үшін адамның тікелей арғы аталары маймылдардың дыбыс сигналдары негіз болды. Мәселен Шимпанзеде эмоциямен организм күйін білдіретін түрлі дыбыстар 20 –дан асады.

Синантроптың миындағы самай, төбе, желке саласының дамуы, онда мүшелі сөздің дамуының демек ойлаудың біршама жоғары дәрежесін көрсетеді. Бұл жобалау синантроптардың материалдық мәдениеті. қалдықтарын зерттеу нәтижелерімен (оларды отты игеруімен коллективтік үйіріп аң аулау, ролі мен) олардың өндіргіш күштері дамуының біршама жоғары дәрежесімен жақсы үйлесіп келеді.

Көне заман гоминидтерін сипаттап жазғанда миының аумағы жағынан неандертальдықтардың кейбір тобы осы, заманғы адамдардан кем түспегені, тіпті одан асып түскені атап айтылды.

Адамның ойлануы ерте палеолиттен кейінгі полеолитке көшу кезінде елеулі секіріс жасады да сонымен бірге дыбыстық сөз прогрессивті өзгерістерге ұшырады деп жеткілікті айқын етіп айтуға болады. (Бұлар сірә жеке дыбыстарды артикуляциялап, адамның толық игеруінен әрі) нақ осы кейінгі палеолит дәуірінен бастап біз қазіргі қоғамдағы білетін эволюциялық жағынан айырмашылығы жоқ тіл системасы айтуымызға болады.

Идеологиялық ұғымдардың өркендері.

Неандертальдықтар өз өдліктерін неге жерлеген? Бұл мәселе зерттеушілердің үлкен назарын аударып, көптеген талас тудырды. Өлгендер туралы қамқорлық деп біледі. Бұл жөнінде жерленгендердің жату ыңғайы жанама түрде көрсетеді. Сондай -ақ ой- пікір мен некрофагияны өліктерді жеп қоюды болдырмау да ұмтылуда роль атқаруы мүмкін еді.

Жерленгендердің сүйектері әдетте шығыс-батыс бағыты бойынша бағдарланған, яғни оларды жатқызу жағдайы қалайда күннің қозғалысы мен байланысты фактісіне баяғыдан бері көңіл аударған. Совет археологы А.Т. Окладников Өзбекстанда Тешик-тош үңгірінде неандертальдық еркек баланың қалдықтарын қазып алғанда оның айналысына белгілі тәртіпте үңгірді мекендеушілерге ау менен негізгі обьектісі тау, ешкі киіктердің мүйіздерін салып қойғанын тапқан.

С Ө Й Л Е У

Сөйлеу адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен негізі кісінің психикалық қабілетіне қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан тілдік амалдар сөз тудыру, сөз тіркестерін сөйлем құрау ережелері көпшілікке ортақ, обьективті категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді.

Сөйлеу процесі айтылтын пікірдің мазмұнына пікір туудың жағдайына (пікірді ауыз екі және жазбаша айту екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлесу көпшілік алдына шығып сөйлеу тыңдауышының білім дәрежесін жасын ескеру) сай (келе ) түрліше құралады. Сондықтанда сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ығңайланған стилі де қалыптасып, көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән сөз жұмсауы, сөз тіркесін сөйлем қүрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын дәл әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туды. Тілдің дамуы, жетілуі сөйлеу кезіндегі осы индивидуалдық творчествоға сүйенеді.

СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІ.

Сөйлеу немесе дыбыс шығару аппараты адамның негізгі физиология қызметінен қатар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дене мүшелері. Сөйлеу мүшелері екі топтан тұрады.


  1. Тыныс мүшелері: өкпе, кеңірдек, көмей, мұрын қуысы арқылы ауа жүріп тұрады.

  2. Тіл дыбыстарын жасауға тікелей қатысатын мүшелер: олар актив және пассив болып екіге бөлінеді.

Актив мүшелер көмей, жұтқыншақ, тіл, кішкене тіл ерін, көмекей бірнеше шеміршектен тұрады.

Пассив мүшелер тіс, таңдай, мұрын қуысы.

Актив және пассив мүшелердің бір-біріне жуысуынан жабысуы немесе алшақтауынан әр түрлі тіл дыбыстары пайда болады.

О Й Л А У.

Ойлау сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мида жалпы жанама түрде ұғымдар арқылы бейнеленуі. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойдың қамтитын өрісі өте кең. Бұл жөнінде В.И.Ленин былай деп жазды: Түсінікті қозғалысты түгелдей баурай алмайды. Мысалы секундына 300 мың километр шапшаңдықпен болған қозғалысты баурай алмайды. Ал ой баурайды және баурауға тиіс.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ойлау, сөйлеудің пайда болуы.

  2. Идеологиялық ұғымдардың өркендеуі?

  3. Сөйлеу мәдениеті неше топтан тұрады?

  4. Жалпы ойлау дегеніміз не?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Ойлау мен сөйлеудің шығуы.

  2. Идеологиялық ұғымдардың өркендеуі.

Пайдаланатын әдебиеттер:



  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

  2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

  3. Алексеев В.П. В поисках предков. Антропология и история. М. 1972 г. Столяр А.Д. Происхождение изобразительного исскуства. М., 1968 г.

  4. Всемирная история в 24-х томах. Век железа.А.Н.Бадак и др. Минск ,М.,2000


Сабақ №10 Тақырыбы Антропогенез процесі.
Тесттер

1 . Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдықтары қай жерден табылды.

А. Шығыс Африка

В.Солтүстік Африка

С. Оңтүстік Африка

Д.Батыс Африка

Е. Африка

2 . Ява аралынан табылған қаңқа қалай аталады.

А.Питекантроп

В.синантроп

С. зинжантроп

ЕД.неандерталь

Е.кроманьон

78.Кромонондық адам қай дәуірден табылды

А. Кейінгі палеолит

В.Орта ғасыр

С. Ерте палеолит

Д.Мезолит

Е.неолит

3 . синантроптың миының көлемі қанша

А. 800-1200см3

В. 700-1100см3

С. 500-600см 3

\Д.900-950см3

Е. 700-800 см3

4 . Ориняк мәдениеті Францияның қай бөлігінен табылды

А. Оңтүстік батыс

В.Шығыс


С. Батыс

Д.Солтүстік шығыс

Е Оңтүстік

5 . Салютри дәуірінде қандай құралдың тәсілі туды

А. қыспа ретуш

В.найзалар

С. қырғыштар

Д. шапқы


Е. сүйектен жасалған құрал.

6 . Европада этнографиялық білімнің қорланып жиналуындағы нағыз төңкеріс нешінші ғасырда басталды.

А. XV

В.XI


С.XII

Д.XIV


Е. X

7 .Алғашқы тұрмыс тарихының пайда болуын жазған ғалымдар

А. К.Маркс, Ф.Энгельс

В. Фергюсон,Джеймс Кук

С. И.Форстер, М.Герг

Д.Дарвин, Маргон.

Е. Линней ,Ионнан

8. Ертедегі адамдарға дейінгі маймылды қалай атаған

А. гаминидтер

В.синантроп

С. питекантроп

Д. дриопитек

Е. зинжантроп

9 . Хомо сабиенс қайдан табылған

А. Мексика

В.Қытай


С. Ява

Д.Германия

Е. Франция

10. Синантроптың өмірінде үлкен роль алған не

А.от

В.су


С. тас

Д. терімшілік

Е. аңшылық

11 . Парасатты адам деп кімдерді атаған

А. Хомо сапиенс

В. Хомо хаблес

С. Хомо еректус

Д питекантроп

Е. синантроп

12 . Ірі үлкен ер адамдар бастаған 10-20 кісі тұратын семья

А.горемдік

В.стинул


С. гипотиза

Д.ру


Е. тайпа

13 .Еңбек адамның өзін жасады тұжырымдаған кім

А. Энгельс

В. Маркс


С. Линней

Д.Дарвин


Е. Маргон

14 . Олдувей тауларының ерте төрттік қабаттарын да нешінші жылы маңызды олжа табылды.

А. 1959ж

В..1956ж


С.1957ж

Д.1958ж


Е. 1955ж

15 . “Алғашқы тұрмыс заманының әдет ғұрыптары”деген кітап қай жылы шықты.

А.1724ж

В.1721ж


С. 1722ж

Д.1723ж


Е. 1720ж

16 .Ашель мәдениеті қай жылдар аралығын қамтиды

А. 700.млн.ж 150-120 м.ж

В. 2,6 млн ж 700 млн. ж

С. 150-120м.ж.30-35 м.ж

Д.30-35 м.ж 20-15 м.ж

Е. 15-12 м.ж.12-5 м.ж.

17 . Рамапитектер қай жерден табылған

А. Кения

В.Ява


С. Мексика

Д. Германия

Е. Қазақстан

18 .Сарыарқаның солтүстігінде табылған тұрақтықтың аты

А.Құдай көл

В.Бөрі қазған

С. Тәңірқазған

Д. Обалысай

Е. Арыстанды

19 .Алғашқы адамдардың орташа жасы

А.30

В.25


С. 35

Д.40


Е. 45

Сабақ №11.

Тақырыбы : Рулық құрылыстың пайда болуы.

Жоспары :

    1. Өндірістік күштердің пайда болуы.

    2. Рулық қауымның дамуы.

    3. Алғашқы ойкументтер кеңесі

Теориялық мәліметтер.

Өндіргіш күштердің дамуында алға ірі қадам жасау қоғамды ұйымдастыруда бұдан кем ірі өзгергіштерді тудырмай қала алмайды. Табиғатпен өзінің күресіндегі адамның өсе түскен техникалық қарулануы біршама тұрақты шаруашылық коллективтерінің өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Бірақ сонымен бірге, бұл күрделене түскен қаруларды және еңбек дағдыларын тиімдірек пайдалануды, мұрагерлік пен одан әрі жетілдіре беруді талап етті. Оның біршама аморфты тұрақсыз құрылымымен алғашқы тұрмыстықтабынның бұл міндетке шамасы жетпейтін еді, сондықтан да табын қоғамның неғұрлым берік формасына сөзсіз орын беруге тиіс болды.

Бұл ұйымның сипатын бірқатар жағдарлар анықтап берді. Біріншіден, жаңа ұйым қалыптаса бастаған жағдайларда ерте палеолиттік қоғам дамуының өте төменгі дәрежесінде әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін, өзінен - өзі туған табиғи, қандас туыстық, бірден – бір нақтылы негіз болды десе болғандай еді. Екіншіден, жыныстық қатынастардың ретке келтірілмегендігін де, демек, әкелік ұғымның жоқтығын да туыстық қатынастар тек жалғыз ана ұрпақтары арасында қалыптасуға яғни аналық, әйелдік бағыт бойынша құрылуға тиіс болды. ақырында, үшіншіден сол кездегі коллективтердің ең тұрақты бөлігі шаруашылық тіршілігінің барлық салаларында ірі роль және балаларға қамқорлық жасау, отты сөндірмей ұстау, үй шаруашылығын жүргізуде ерекше роль атқаратын әйелдер болды.

Аналық рулық қауымның жанама, бірақ пайымдау археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Ориньяк тұрақтарында орасан үлкен, бірнеше ондаған, кейде тіпті жүздеген шаршы метр қауымдық тұрақтардың қалдықтары ашылды.

П.П. Ефименкодан кейін көптеген археологтар осы ориньяк “Шолпандары” дейтінді ана – арғы әжелердің басына сиыну ретінде алып қарастырды. Бұларды арғы - әжелер емес, үй иесі де үй ошағының сақшысы, рулық топ өмірінің шоғырын бейнелеуші деп танып, оларға жуырда С.А. Токарев басқа тұжырым берді. Толып жатқан этнографиялық паралельдермен растала түскен екінші көзқарас, сірә, шындыққа жанасатын шығар. Бірақ, қайсысынікі дұрыс болса да кейінгі палеолиттік тұлғашалар қоғамның өмірі мен дүниеге көзқарастағы әйелдердің ерекше орнын атап, аналық - рулық иемденушіліктің туғанына көрсетеді.

Алғашқы тұрмыстық адам табынынан айырмасышылығы аналық рулық қауым, енді қалыптасқан “дайын” адам қоғамы болды. бұларда алғашқы тұрмыстық коллек тивизмнің бастамасы ең жоғары даму шегіне жетті, мұнда көптеген совет зерттеушілері айтып отырғандай, жаңа өндіріс қатынастарының өзіне тән ерекшелігі, олардың қандас – туыстық байланыстарының үйлескендігі (немесе негізінен үйлескендігі) болады. Туысқандық қатынастар ретінде экономикалық қатынастар табиғи туыстық қатынастар ретінде ұғылып түсіндірілді. Осы арқылы туысқандық қатынастарды мойындау қоғамдық еді. Өз кезегінде туыстық топтардың анықтаушы белгісі экзагамия ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу әдеттері болды.

Егер алғашқы тұрмыстық адам табының аналық рулық қауымға айналуының жалпы негіздері мен уақыты қазір ғылыми жұмбақ болып табылмаса, енді бұл айналудың механизмі мен ең алдымен экзагамдік тыйым салу тууының себептері әлі де болса, жеткілікті зерттелмей қалып келеді.

Экзогамияның шығуы туралы мәселе жөнінде көптеген әр түрлі теориялар бар, бірақ бұлардың бірде – бірін жұртшылық қабылдамағ,ан. Бұлардың біріншісін ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдарында ғылымға экзогамия терминін енгізген шотланд ғалымы Мак – Леннан ұсынды, бірақ сонымен бірге мұны барлық алғашқы тұрмыс тайпаларын экзогамды және эндогамды деп бөліп шатастырды. Мак – Леннанның пікірі бойынша экзогаияның түп – негізі пайдасыз қыз балаларды соғыста өлтіргендігінде жатыр, сондықтан да өздеріне “әйелдерді басқа жақтан іздеуге мәжбүр болған “жабайы жауынгерлердің” әдет – ғұрпында болды.

Дарвин жақын, күнделікті өзара араласып, қатысып жүрген туыстардың арасында тууға тиіс болған жыныстық қатынасқа деген жиіркеніш экзогамияны тудырды деп түсіндіреді. Осы теорияға қан аралас жыныстық байланысқа деген “инстинктивті”жиіркенудің едәуір тараған теориясы жақын келеді. “Патриархалдық теорияны” кейбір жақтаушылар экзогамияны рудың кіші мүшелерін басқа жақтан әйел іздеуге мәбүр еткен патриархтың қызғанышты деспотизмнің нәтижесі, деп біледі. Экзогамияның шығуына тағы да бір көзқарас неғұрлым көп жүріп – тұратын аңшы ерлері әйелдерінен үнемі оқшау кетіп, өз кезегінде өздерінің ерлерінен қалып қойған басқа табындардың әйелдерімен жолығысқандығы, осындай алғашқы тұрмыс адам табынына тән болған –мыс деген тәртіптен оны немесе олар тура жоққа шығарды.

Экзогамдік тыйым салуларың тууына қан араласудың биологиялық ұмтылу мен байланыстырған бұл мәселенің тарихында. Моргон елеулі із қалдырды. Бұл түсінік, алайда, мұндай ұмтылыс тек стихиялы түрде, мақсатқа айқын түсініп жетпей көріне алатын еді, деген ескертпемен Энгельс өзінің “Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы” деген еңбегінде қайталады. Кейінгі ғылым деректері экзогамияның шығуына Морганның көзқарастарын растамады. Біріншіден, туыстық некелердің зиянды биологиялық салдары, мустьер адамы жыныс актісі мен бала туу арасындағы байланысты әлі де толық түсініп жетпегендіктен де, сірә, қалыптасқан рулық қоғам шынында да назарға іліктіре алмайттын еді. Мұны, австралиялықтардың кейбір нанымдарының қалдықтары көрсетеді. Екіншіден, көптеген жағдайларда рулық қоғам, жақын туыстардың белгілі бір категорияларының арасындағы некеге жол беріп қана қойған жоқ, сондай – ақ міндетті деп санады. Осы жағдайларды ескере отырып, ғалымдардың басым көпшілігі қазіргі кезде экзогамдық тыйым салулардың “биологиялық” теориясынан бас тартты.

Өндіргіш күштердің өрлеуі мен тіршілік ету жағдайларының жақсаруы халықтың өсуіне жағдай жасады, бұл өз кезегінде аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен мекен – жайларға жақын территорияларда жабайы жануарларды атып құртуға немесе оларды азайтуға әкеп соқты. Кейінгі палеолиттік аңшылары бұрынғы игеріп алған жерінен осы уақытқа қарай бос жатқан Солтүстік Европа мен Азияның шел аймақтарына, мұз бүркеніштерінен босаған құрылықтың байтақ кеңістіктерінен бірте – бірте орын тебе бастады.

Мұздық кезіндегі Европа аймағы мұз басудың тікелей ықпалына ұшыраған Европа территориясын қамтыды. Мұнда адамдар қатаң климат жағдайларында тұрып, мамонттар мен солтүстік бұғыларын аулады, сүйектер мен жануарлардың терілерінен қыс мекенін тұрғызды.


Бақылау сұрақтары.

  1. Рулық құрылыстың тууы себебі?

  2. Экзогамияның шығу тарихы?

  3. Эйкумендердің ұлғаю себебі?

  4. Америкадан табылған ең көне құралдар?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

    1. Эйкумендердің ұлғаю себебі

    2. Америкадан табылған ең көне құралдар

Пайдаланатын әдебиеттер:



  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая

школа 1982 г.

  1. Алексеев В.П. Першиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

  2. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.

  3. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский

  4. Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.

  5. Маркарян Э.С. О генезисе человеческой деятельности и культуры. Ереван.,1973


Сабақ №12 Тақырыбы Расогенез
Бақылау сұрақтары:

  1. Нәсілдердің пайда болуы.

  2. Негроид.қай жерде таралған

  3. Европоид. Қай жерде таралған

  4. Монголоид.қай елдер кіреді

5 Европоидтың отаны

6 Монғолоид нәсілінің пайда

7 болған жері?

8 нәсілдерді зерттейтін ғылым?

9 Европоид нәсіліне сипаттама?

10 Негроид нәсілінің отаны және сипаттама?

11 Негроидтар нешеге бөлінеді?

12 Нәсілдердің қалыптасу жағдайлары, түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1 .Бұған дейін ынта қою қай ғасырда төмендеді

А. XIX


В.XVII

С. XVIII


Д. XVI

Е. XX


2 . Осы заманғы адам мен ең жақын ата-тектерді біліктіретін қандай семья бөлініп шығады

А.гаминид

В.гаминин

С. синантроп

Д.зинжантроп

Е. отлантроп

3 . Адамзаттың арғы отаны

А. Африка

В.Америка

С. Азия


Д.Еуропа

Е. Австралия

4 . Малта тастар қай жерде табылды

А. Қытай Африка

В.Иран Ирак

С. Австралия америка

Д.Еуропа Тайланд

Е. Үндістан Пакистан

5 . Плистоцин қаруы кімдердің қаруы болған

А. гоминид

В. питекантроп

С. зинжантроп

Д.атлантроп

Е. синантроп

6 .Адам пайда болу процесінің аталуын көрсетіңіз

А.Антропогонез

В.Флорогенез

С. Расогенез

Д. Этногенез

Е. Орогенез

7 .Жануар пайда болу процесінің аталуын көрсетіңіз

А. Флорогенез

В. Антропогенез

С. Фаунагенез

Д.Энногенез

Е. расогенез

8 Мусьтер кезеңінде не пайда болды.

А. от


В.метал еңбек құралдар

С. Өндірістік шаруашылық

Д.ерте қауым

Е. микролит

9 .Австролопитектің миыныңкөлемі

А. 700см

В.1050 см

С 900 см


Д. 1200-1600 см

Е. 500-600см

10.Дриопитек қалдықтарының жасы

А.2,5-3 млн жыл

В.1,850000 жыл

С.50-40 мың жыл

Д.5, млн жыл

Е. 700 мың жыл

11 . Адамдардың приматтарға жататындығының теориясы туралы даму болжамдар кімдікі

А. К.Линней

В.Ч.Дарвин

С. Ф.Энгельс

Д.В.И.Вернадский

Е. Н.Я.Марр

12 .Ерте полеолитте еңбек құралдарын жасау техникасы қандай

А. Қыстыру

В.Қыздырып соғу

С. Мұздай соғу

Д.тас жамбасын ұру

Е. Көрікпен қыздыру

13 . Қыздырып соғу қай кезеңге жатады.

А. Қола дәуірінде

В.Мезолитте

С. энеолитте

Д. Ерте палеолит

Е. Темір ғасырында

14 .Презижантроптың алғаш қалдықтары

А.1960 ж табылды

В.1890ж табылды

С. 1927 ж табылды

Д.1965ж табылды

Е. 1959 ж табылды

15 . ерте палеолит баспаналар

А. төменгі аңшылар тұрақтары

В.тас пен ағаштан жасалған

С. Жануарлар терісімен сүйегін жасалған

Д.Жеркепелер

Е. жартылай жеркепелер

16 Тас пен ағаштан жасалған қоныстар қай дәуірге жатады.

А.политогенез дәуірі

В.Паштогенез дәуірі

С. неолит

Д.мезолит

Е. палеолит

17 . Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының кезеңдерге бөлінуінің дұрыстығын анықтаңыз

А.палеолит, мезолит, неолит, эниеолит,метал

В.мезолит,неолит, энеолит,полеолит

С. метал ,неолит, энеолит,мезолит, палеолит

Д.энеолит,,неолит, мезолит, палеолит метал

Е. палеолит,мезолит, неолит,метал,энеолит

18 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы қандай ғылымның кезеңдерін пайдаланды.

А.археология

В. геология

С.антропология

Д.палентология

Е.архезоология

19 . Гоминидтерге дейінгі адам

А.гоминин

В.гоминид

С.гомо эректус

Д.гомо хабилис

Е. гомо сапиенс

20 . Қытайда табылған адам тәріздес маймылдары

А. синантроп

В. неандерталец

С. презижантроп

Д.зинантроп

Е.питекантроп


№13. Лекцияның тақырыбы: Садақ қолданбалы аңшылық шаруашылығы



Лекцияның жоспары:

  1. . Мадлен мәдениеті.

  2. Азиль мәдениеті.

.

теориялық мәліметтер:

Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық қауым тарихи дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы дәуірде алғышқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең маңызды меже табиғаттың дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемденетін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық аулаушылардың ер тедегі аналық-рулық қауымы ажыратуға негіз береді.

Ертедегі аналық-рулық қауымдық шектерде иемденуші іс-әрекеттің екі дәйекті кезеңде: археологиялық кезеңге және бірқатар аудандарда балық шаруашылығы ен де ұштасып келетін неғұрлым дамыған аңшылық шаруашылық кезеңге бөлінеді. Әдетте, аңшылықтың жаңа, өте тиімді қаруы-жебелер мен садақты қолдану бұлардың арасындағы шек деп санайды. Бұл ескерте кетуді керек етеді. Этнография садақты пайдаланбаған, бірақ аулаудың басқа, пәрменділігі азырақ қаруларын, мәселен духовой, жебе лақтыратын түтікті пайдаланған аңшылар тайпасын, атап айтқанда, Амазонка бассейнінің көптеген тайпаларын біледі. Дегенмен, археологиялық және этнографиялық материалдарға қарап пайымдағанымызда, жетілдірілген аңшылық қаруы ретінде нақ садақ неғұрлым кеңірек тарағандығы хақ өйткені, бұдан ертедегіден неғұрлым кейінгідегі аңшылық шаруашылығына көшудің белгілі бір дәрежеде шартты болса да, өзіне тән белгісін көруге болады.

Садақ қолданбалы аңшылық шаруашылығы ерте аналық рулық қауым өмір сүруінің алғашқы кезеңі кейінгі палеолиттің археологиялық ескерткіштерінен көрінеді. Мұздың кезіндегі европада бұл ең алдымен ореньяк, солютрей және мадлен мәденит еді. Бұлар кейінгі палеолит дамуының кезеңдер үшін тән мәдениеті ретінде алынып қаралады.

Ориньяк термині Францияның Оңтүстік батысындағы Ориньян үңгірі атынан шыққан. Бұл дәуірдегі ең маңызды жаңалық сүйектен көптеген мөлшерде еңбек құралдарын жасап шығару мен тұрақты қыстық қауымдық тұрақтар болды. Бұл дәуірде шоқпақ тас өндеуде (призмалық нуклеус) кейінгі палеолиттік ерекшеліктер алғашқы рет көрінеді. Атап айтқанда салютрей дәуірінде мейлінше дамыған қоспа ретушь тәсілі туды. Шоқпақ тасты өңдеудің бұл тәсілі мынандай еді. Сүйек қысқыштың көмегімен құралдардың сыртқы бетінен жұқа қабыршақтар ойылып алынды.

Салютрей мәдениеті Франциядағы Сение және Уаза департаменті Салютр үңгірі бойынша аталған. Бұл мәденттің ерекшелігі ені жағынан ретушьпен шақпақты өңдеу жолымен жетілдіріліп жасалған найза ұштықтарынан пышақ кездіктерінің таралуы болып табылды көшетті және бүйір ойындылы лавр жапырақты және көк тал жапырақты басым келеді. Аң аулаудың мыстан бұл ориньяк және салютри дәуірінде үйіріп аң аулау басым болып қала берді. Аңдар тобы аңды жарға жартас шатқалы шығатын тұрақтағы қатып қалған жерде қойма шұңқыр қазатын. Осындай етті ұзақ уақыт бойына сақтауға болатын. Мадлен мәдениеті Францияның дарданидегі Ламадлен үңгірі бойынша аталған. Сөздік кең мағынасында алғанда мадлен мәдениеті дәлірек айтқанда мадлен дәуірі кейінгі палеолиттік мәдениет дамуының барлық еуропалық мұздық кезіндегі салаларында көрінеді. Бұл кезде салютри мәдениетіне тән заттар жойылады. Шақпақ тас индустриясының жалпы тұрпаты біраз құлдырағандықтан әсерін туғызады. Ұсақ қиындылар кеспелер, қырналар, шеттері мұқалған жүздер т.б. таралады. Бұлар негізінен алғанда сүйектерді өңдеуге арналады. Ең тамаша мадлен құралы гарпундар болды. Атқаратын қызметі беймәлім.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ертедегі аналық рулық қауымның шектерде иемденуші іс әрекетті неше дәйекті кезеңге бөлді?

  2. Ең тамаша мадлен құралы?

  3. Садақ қолданбаған аңшылық шаруашылығы түрі?

  4. Ерте рулық қауымда қандай дін болды?

  5. Мұздық кезінде Европада қандай мәдениеттер болды?

  6. Ориньяк мәдениетінің маңызды жаңалығы?

  7. Қыспа ретуш қай мәдениетке тән?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Ориньяк мәдениетінің шаруашылығы.

  2. Салютрей мәдениетінің шаруашылығы.

Пайдаланатын әдебиеттер:



  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

  2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

  3. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л. 1974 г.

  4. Алексеев В.П. От животых к человеку. М. 1969 г.

  5. Охотники,собиратели,рыболовы.Л.,1972

  6. Ранние земледельцы.Этнографический очерк.Л.,1980


Сабақ №14 Тақырыбы Семьялық қатынастар.
Тест
1. Гейдельберий адамы қай жерден табылды

А. Германия

В.Қытай

С. Еуропа



Д.Азия

Е. Африка

2 . Ерте қауым пайда болу кезеңін атаңыз

А. соңғы кейінгі полеолит

В.мезолит

С. Неолит

Д. қола дәуірі

Е. мусьтер кезеңі

3 Нуклеус қай кезеңде пайда болды.

А. неолит

В.,мезолит

С. Палеолит

Д.метал кезеңі

Е. қола дәуірі

4 . Мезолитте еңбек құралдарын жасау техникасы

А. қыстыру

В.тас жамбасын ұру

С. мұздай соғу

Д.көрікпен қыздыру

Е. қыздырып соғу

5 Питекантроптың алғаш қалдықтары

А.1960ж табылды

В.1890-91ж табылды

С. 1927ж табылды

Д.1965ж табылды

Е. 1965ж табылды

6 . Палеолит синантроптың табылған уақыты

А.1965 ж


В.1966 ж

С.1967ж


Д.1968ж

Е.1969ж


123. Ерте палеолит баспаналары

А.Төменгі аңшылар тұрақтары

В.жануарлар терісімен сүйегін жас-н қоныстар

С. жер кепелер

Д.жартылай жер кепелер

Е. тас пен ағаш-н жас-н қоныс-р

7 Тас пен ағаш-н жас-н қоныстар қай кезеңде пайда болды.

А. Политогогенез дәуірі

В.Кейінгі палеолит

С. мезолит

Д.энеолит

Е. Ерте палеолит

8 . Сүйектен жасалған еңбек құралдарды кімдер қолданды.

А.Австролопитектер

В.зинжантроп

С. питекантроптар

Д.синантроп

Е. презижантроп

9 . Олдувай кезеңінің ұзақтығы

А.2,6 млн –700 мың жыл

В.700-150 мың жыл

С. 150-35 мың жыл

Д.35-12 мың жыл

Е. 12-8 мың жыл

10 . Ащел кезеңінің ұзақтығы

А.700-150 мың жыл

В.150-35 м.ж.

С. 35-12 м.ж.

Д.12-8 м.ж.

Е. 8-5.м.ж.

11 12-8 м.ж. қай кезеңді қамтиды.

А. мезолит

В.орта палеолит

С. кейінгі палеолит

Д. ерте полеолит

Е. неолит

12 . Дарвиннің алғашқы ғылыми тұжырымдамасы

А.Эволюциялық теория

В.еңбек құралдарын сараптау

С. алғашқы тұр-ң институт-ды реканструкция

Д.ерте қоғамдағы семия қатарын рек-лау

Е. рулық ұйым

13 . Ерте қоғамдағы семья қатынасын реканструкциялау еңбек кімнің теориясы

А. Л.Маргон

В.К.Гаисен

С. Бастиан

Д.Г мейн

Е. Ч.Дарвин

14 . Архантроп терминінің мағынасы

А. Ертедегі адам

В. Гаминидтерге дейінгі адам

С. Епті адам

Д.тік жүретін адам

Е. Германиядан табылған адам

15. Питекантроп эректус терминінің мәні

А. тік жүретін адам

В..ертедегі адам

С пекиндік адам

Д. Гаминид-ге дейін-гі адам

Е.Германиядан табылған адам

16 . Гомо сапиенс терминінің міні

А. саналы адам

В. риматтар отряды

С.тік жүретін адам

Д.шебер адам

Е. Гоминид-ге дейінгі адам

17 . Зинжантроп қай жерден табылды.

А Африкада




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет