Мектеп: Алға ауданы, Тамды орта мектебі
|
Сабақ: Қазақстан тарихы
|
Тақырыбы: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері (2 сабақ)
|
Күні:2.06.2017 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Садуакасова Лира Уликпановна
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
5.2.2.5. Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау;
5.2.2.2. Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
- Академик Ә.Марғұланның археологиялық зерттеулерімен танысады;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
- Оқушылар артефактілер негізінде қола дәуірі адамдарының өмірі мен дүниетанымын сипаттайды;
|
Кейбір оқушылар:
- Кейбір оқушылар Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін зерттеп, өзге ескерткіштермен салыстыра біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
1.Ә.Марғұланның археологиялық зерттеулерін анықтайды
2. Археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін ажырату арқылы, қола дәуірі адамдарының өмірі мен дүниетануын сипаттау
3. Қабілетіне қарай дәлелді ой, қорытынды жасау
4. Мәтінді, жаңа ақпаратты бірлесе игеруде қиын жерлерін талқылау, бір-біріне түсіндіру
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
өткен тақырыпты, яғни бұрынғы алған білімін жаңа ақпаратпен ұштастырады
тақырыпқа сай нақты дәлелдер келтіреді
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын ескерткіштердің ерекшелігі мен маңыздылығын біледі
Дәйекті ой қорытынды жасайды;
|
Пәндік лексика және терминдер
Қорым, оба
|
Диалогқа/жазылымған қажетті сөз тіркестер
1. Ә.Марғұлан туралы не білеміз, қай кезеңді зерттеді?
2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәуірінің қай кезеңіне жатады?
3. Қола дәуірінде мал санының өскенін қалай дәлелдеуге болады?
4. Беғазы-Дәндібай мәдениеті мен Андронов мәдениетінің қандай ұқсастық, айырмашылықтары бар?
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік, айналадағыларға қамқорлық көрсету.
|
|