Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу


Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары



бет8/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.49 Mb.
#21503
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары

Тест

9 апта 2балл

1. Ұлттық Банктiң басты мiндетi не:

А) елiмiзде экономика тұрақтылығын қамтамасыз ету;

В) ҚР Үкiметiн несилеу;

С) бюджет тапшылығын қаржыландыру;

D) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Е) банктер қызметiн қадағалау мен тексеру.

2.Қазақстанда эммисиялық банк қай банк болып табылады?

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк

3.Мемлекет эммиссиялау құқығын тек бір ғана банк береді. Ол банк-...

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк

4.Қай жылы Ұлттық банк бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылды?

А) 1998 ж.

Б) 1999 ж.

С) 2000 ж.

5.Ұлттық банктік несие қанша топқа бөлінуін ата?

А) Аукциондық, ломбардтық, бюджеттік

Б) Аукциондық, бюджеттік

С) Аукциондық, ломбардтық

6.Аукциондық Ұлттық банктік несие қанша мерзімге берілді?

А) 1 айдан 3 айға дейін

Б) 3 айдан 1 жылға дейін

С) 1 жылдан 4 жылға дейін

7.Ломбардтық Ұлттық банктік несие қандай мерзімді несиеге жатады?

А) Жоғары пайызбен беретін қысқа мерзімді несие

Б) Орта пайызбен беретін қысқа мерзімді несие

С) Жоғары пайызбен беретін ұзақ мерзімді несие

8.Бюджеттік Ұлттық банктік несие қандай несие болып табылады?

А) Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несие

Б) Ұлттық банкке қайтарымдылық шартымен берілетін несие

С) Коммерцияляқ банкке қайтарымдылық шартымен берілетін несие

9. Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиелік ресурстарды қандай шарттармен береді:

А) төлемділігі және қайтарымдылығы;

В) мерзімділігі, қайтару және төлемділігі;

С) пайыз төлеумен мерзімсіз пайдалану;

D) пайыз төлеумен 1 жылға дейін;

Е) белгілі бір ақыға қайтарымсыз шартымен.

10. Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі қызметі:

А) мембюджеттің кассалық орындалуы, инкассация, коммерциялық банктерді несиелеу;

В) пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу, коммерциялық банктерге бақылау жасау;

С) эмиссия, ақша – несиелік реттеу, төлем жүйесiн ұйымдастыру;

D) ақшалай түсімді инкассациялау, коммерциялық банктерге лицензия беру, несиелік ресурстарды сату;

Е) валюталық реттеу, ашық нарықтағы операция, клиент шоттарын жүргізу, кәсіпорындарды несиелеу.
15-тақырып. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі- банктердің банкі

Жоспар:


1.Ұлттық банктің банкі қызметтерінің орындалуы

2.Ұлттық банк Үкіметінің бас банкирі



Теориялық мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық Банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылған.Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «Банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы комерциялық банктердің кассалырын толтыру негізінде жүреді.Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.



Ұлттық банк-ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. тенге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Негізі Ұлттық банк унитарлы орган болып табылады.

Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі.Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқада құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады.Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады.ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтармен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – үкіметің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» Заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үкіметің бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқада мемлекеттік органдарымен өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді.

Ұлттық банк барлық үкіметтік қорлардың және басқа да мемлекеттік органдардың депозиттері – банкі болып табылады.Ол органдардың шот қаражаттарын сақтайды және операциялар жүргізеді, сондай – ақ оларға қаржылық қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомствалардың шотын жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және


Қаржы министірлігінің тапсырмасы бойынша төлемдерді жасайды.

Ұлттық банк бюджеттің кассалық орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуі жағынан Үкіметтің фискалды агенті және дипозитари қызметін атқарады. Ұлттық банк бюджеттің кассалық қызмет көрсету функциясын , барлық меншік нысанын кәсіпорындар мен азаматтардың түскен республикалық және жергілікті бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу жолымен атқарады. Бюджет кірісіне түскен ақша қаражаттарының көлемі туралы Ұлттық банк және оның жергілікті мекемелері Қаржы министірлігінің органдарына хабар береді.

Қаржы министірлігі қарамағында қазыналық институттың құрылуымен байланысты мем лекеттік бюджетпен кассалық қызмет көрсету жұмысы аталған құрылымға беріледі.

Қаржы министірлігінің келісуімен Ұлттық банк мемлекеттік заемның бір бөлігін құрайтын, Үкіметпен шығарылған және кепілденген бағалы қағаздар айналымын реттеуге қатысуға құқы бар, яғни ол мемлекеттік заемдардың нарықта орналасқаны және эмиссиясы бойынша операциялар жасайды.

Мемлекеттік ақша - несие саясактының және қаржы жүйесі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкіге Заңға сәйкес, келісім – шарт негізінде Қаржы министірлігіне, 6 айдан аспайтын мерзімге бюджеттің ағымдағы кірістері мен шығыстары арасында жылдың ішіндегі үзілістерді жабуға, яғни бюджет тапшылығын жабу үшін қысқа мерзімді несие береді.Бұл несиенің мөлшері шектеулі, оған Қазақстан Республикасының Парламенті лимит белгілейді.

Қаржы министірлігіне берілген әрбір несие бойынша , несие сомасы , оны төлеу мерзімі және пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген келісімдерге қол қойылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген несиелік лимит негізінде Үкіметке берілген несие сомасына ұлттық банк Қаржы министірлігінен бағалы қағаздарды, оларды бірінші орналастырған кезде (қазналық міндеттеме) сатып алады.

Шамамен осы өзара келісім – шарттар бойынша Ұлттық Банк Үкіметке мемлекеттік қарызды жабуға, ақы төлеу, қайтару, көздеген мақсатқа жұмсау шартымен несиелер береді. Ол үкіметтік несиелердің өтелу мерзімін бақылайды және келісімде көрсетілген мерзімде олардың пайдалануын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банк Қаржы министірлігімен бірге отырып мемлекеттік заемдарды өтеуге, пайыз бойынша олардың мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуіне қатысады.

Қаржы министірлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жолымен қарражаттарды біршама тез жұмылдыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі, республикадағы бағалы қағаздар нарығның қызмет жағдайына байланысты. Өз кезегінде Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының толығымен қалыптасуының болашағы екі денгейлі банк жүйесінің толық құрлуына, жекешелендіру бағдарламасының нәтижелеріне, экономиканың түрлі сегменттерінің дамуына және басқаларға тәуелді. Бірақ республикамызда бұл жағдайлар жасалған жоқ және қалыптасқан бағалы қағаздар нарығы да жоқ.

Ұлттық банк қаржылық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың кеңесшісі болып табылады.Өйіткені болашақта ақша қаржы, несие және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер туралы жаппай дәл және жедел көпшілік ақпараттарды иеленетін, ірі экономикалық, ғылыми және ақпараттық рталық бола бастайды.


Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

Жазбаша бақылау

10 апта 2 балл
1. Ұлттық банк қызметтері
2. Алтын валюталық резервті басқару
3.Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу
4. Корреспонденттік шот
5. Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі
6. Ұлттық банктің негізгі міндеттері
Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

Жазбаша бақылау

10 апта 1 балл
1. Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиелік ресурстарды қандай шарттармен береді:

А) төлемділігі және қайтарымдылығы;

В) мерзімділігі, қайтару және төлемділігі;

С) пайыз төлеумен мерзімсіз пайдалану;

D) пайыз төлеумен 1 жылға дейін;

Е) белгілі бір ақыға қайтарымсыз шартымен.

2. Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі қызметі:

А) мембюджеттің кассалық орындалуы, инкассация, коммерциялық банктерді несиелеу;

В) пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу, коммерциялық банктерге бақылау жасау;

С) эмиссия, ақша – несиелік реттеу, төлем жүйесiн ұйымдастыру;

D) ақшалай түсімді инкассациялау, коммерциялық банктерге лицензия беру, несиелік ресурстарды сату;

Е) валюталық реттеу, ашық нарықтағы операция, клиент шоттарын жүргізу, кәсіпорындарды несиелеу.

3 .Ұлттыќ банк кімге есеп береді

А) Парламентке;

В) ‡кімет жєне Президентке;

С) ЌР мемлекетіне;

D) ЌР Президентіне;

Е) Д±рыс жауабы жоќ.

4. ҚР Ұлттық Банкінің несиелік ресурстары қалай құралады:

А) экономикадағы шетел займдар және ақша массасынан;

В) тұрғындардың уақытша бос қаражаттары және мемлекеттік бюджет қаражаттарынан;

С) меншікті қаражаттардан және ҚР ҰБ-да орналастырылған басқа банктерден тартылған қаражаттардан;

D) меншікті қаражаттар және үкіметтік займдардан;

Е) мемлекеттік бюджеттің тапшылығының өсуінен және мемлекеттік қарыздың жоғарылауынан.

5. ҚР Ұлттық банкі қандай қаржы нарығының дамуына қатысады:

А) несиелік;

В) банкаралық;

С) бағалы металлдар нарығы;

D) ГКО нарығы;

Е) барлық жауап дұрыс.



6. Валюталық нарықта ұлттық банктiң араласуы не деп аталады:

А) валюталық паритет;

В) спред;

С) фиксинг;

D) техникалық талдау;

Е) валюталық интервенция.



7. Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелері:

А) автомобильдік несие;

В) комммерциялық несие;

С) овернайт;

D) овердрафт;

Е) бланктік несие.



8. ҚР Ұлттық банкі –бұл:

А) ұйымдастырушы банк;

В) коммерциялық банк;

С) банктердің банкісі;

D) тәуелсіз банк;

Е) барлық жауап дұрыс.



9. ҚР ҰБ басқармасы қанша адамнан тұрады:

А) 5;


В) 7;

С) 6;


D) 9;

Е) дұрыс жауап жоқ.



10. Дүниежүзілік тәжірибеде орталықбанктердің ұйымдастырылу құқықтық формасы:

А) 100% мемлекеттің қатысуымен;

В) 50% қатысуымен;

С) жауапкешілігі шектеулі серіктестік;

D) тікелей және жанама формасында;

Е) дұрыс жауап жоқ.


16-тақырып. Коммерциялық банктер

Жоспар:


Коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

Теориялық мәліметтер

Коммерциялық банктер бір жағынан шаруашылық субьектілердің уақытынша бос ақшалай қаражаттардағы болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әртүрлі қажеттердің қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстар жинақталады.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекетпен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен балабақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізіледі.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірсек: “Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас” орындығы айырбас орны” дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдайда жаңа эраға дейінгі VIII – V ғ.ғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге альп ертедегі Египетте, Грекцияда, римде зәулім ғимараттар салынған.

К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық топтардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, Ірі масштабта жүргізілді”... (40;348).

Сонымен қатар банктер “Несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да” басқарады (40;442) . Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы Альп, табыс алады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналды.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:


  1. акционерлік банк формасында;

  2. пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту , тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді

Банк – осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгіленеді.

Банкінің ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.
17-тақырып. Коммерциялық банктердің операциялары

Жоспар:


1. Коммерциялық банктердің қызметтері

2.Коммерциялық банктердің операциялары мен типтері.



Теориялық мәліметтер

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және комерциялық негізінде кең көлем қаржылық қызмет жасайтын дербес банктер мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,кооператив тік және жеке банк тер, банк тік заңдылықтарда комерциялық банк тер деген жалпы ат пен біріктіріледі.

Коммерциялық банк тер” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,банктердің сауда,тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады.

Бүгінгі коммерциялық банк тер өз клиенттеріне 200-ге жуық ір алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып,қолайсыз жағдайға өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізуде.

Бір операцияларын болған зиян,екінші бір операцияларынан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операцияларының буыны болып қалуы кездейсоқ емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Банк тік несие-ең қолайлы және капитал жағдайына орны ауыстырмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде,ол нақты қарыз алушылардың қажеттілігіне ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндіруіне мүмкіндік береді.

Комерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілетті,ал ақшаны жасауы мен жоюында болып отыр.


  1. Банктер қызметінің мәні оларды басқа орындардан ажырататын функционалдарды орындауға көрініс табады.

Банк қызметін- банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сапаттауға болады. Кез-келген банк өнімдерінің негізгі қандай да бір қажетіліктерді қанағаттандырудың қажеттігі жатады.

Коммерциялық банктер негізіне өз клиенттерінің шаруашылық қызметіне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

“ҚР-ғы банктер және банктік қызметтер туралы”заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:


    • ақылы негізінде депозиттерді тарату;

    • клиенттермен банк-корреспонденттерінің шоттарын жүргізуі және оларға кассалық қызмет көрсету;

    • қайтарымдылық мерзімдік және төлемдік шоттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру.

    • Инвестициялық қаражаттар иелерінің немесе иемденушінің тапсырмалары бойынша капиталдың жұмсалымдарды қаржыдандыру;

    • Заңды көрсететін тәртіппен өзі бағалы қағаз шығару ;

    • Клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;

    • Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды бағалы қағаз басқару;

    • Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Екінші деңгейдегі банк тер жүйесінің одан әрі даму мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның барлық жүйесінің деңгейі-ломбардтық, несиелік бірлестіктер, лизингтік, факторинг тік фирмалар, клиринтік фирмалар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банк тік емес қаржы мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.

Екінші деңгейдегі банк тер капиталдандырудың деңгейіне жетуі тиіс және корпоративні бағалы қағаз күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша биллерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.

Коммерциялық банк тер жүйесімен қатар, өздерінің белгілеген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банк тер пайда болады және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.

Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банк терге: Экспортты-импорттық банк, Тұрғын үй-құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.

Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де жатады, әзірше ол халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998 жылдан бері, оның қосымшаларымен акционерлеу басталды.

Үкіметтің құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асару үшін коректі ішкі қаржылық ресурттар кірісінің көзімен қызмет етуінің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті акционерлеу жатады және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық Қаржы министрлігі кепі болатын, оның облигациясын эмиссиялау туралы шешім қабылдады.



Акционерлік қоғамдар

Тест

11 апта 2 балл

1. “Акционерлік қоғам туралы” заңға сәйкес енді қандай қоғамдар бар:

А) тек қана акционерлік;

В) тек қана ашық;

С) тек қана жабық;

D) ешқандай;

Е) барлық жауап дұрыс.



2. Тарихта ең алғашқы бағалы қағаздармен сауда қай жерде болған:

А) Токио биржасында;

В) Пекин биржасында;

С) Лондон биржасында;

D) Амстердам биржасында;

Е) барлық жауап дұрыс



3. Акцияның баланстық бағасы-бұл баға:

А) акцияның алғашқы нарықта сатылу бағасы;

В) қаржылық есеп құжаттары негізінде анықталатын баға;

С) сатылатын мүліктің өз бағасы;

D) биржадағы котировка;

Е) номиналмен анықталған баға.



4. Листинг- бұл:

А) бағалы қағаздарды шығару;

В) эмиссия проспектісін дайындау;

С) биржалық тізімге эмитенттерді енгізу;

D) бағалы қағаздардың сапасын дәйектеу;

Е) барлық жауап дұрыс;



5. Дивиденд деген не:

А) акционерге төленетін пайданың бір бөлігі;

В) облигациядан түсетін пайда;

С) пайданың бөлігі;

D) басқаруға құқық беру;

Е) барлық жауап дұрыс.

6. Акцияларды түрлері :

А) Табыс , облигатция;

Б) Жай, артықшылықты

В) Кредит, табыс,

Г) Жауап жоқ;

7. Аккредитивтер мынадай болады:

А) мерзімді және мерзімсіз;

В) тікелей және жанама;

+С) өтелген және өтелмеген;

D) мерзімді және мерзімді емес;

Е) тікелей және өтелген.

8. Облигация- бұл:

А) үлестік бағалы қағаз;

+В) мерзімді бағалы қағаз;

С) атаулы бағалы қағаз;

D) портфельдік бағалы қағаз;

Е) мерзімсіз бағалы қағаз.
18-тақырып. Бағалы қағаздар

Жоспар:


Жалған капитал

Бағалы қағаздар қарыз міндетемесі



Теориялық мәліметтер

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытудың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбейгелі реформалану арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етті. Әлбетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей империясыт мен Кеңес мемлекетінің жаңа эканомикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, және т.б.) тәжірбиесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік оргндардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару.Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бірге шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналасы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі бір ұйымдық құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығында мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбір азаматтық – құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мыс.; Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығына айналысқан түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет