Курстың мақсаты:
Курстың негізгі мақсаты әлемдік құндылықтарды бойына сіңіретін, сыни тұрғыда ойлана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділіктерін қалыптастыру;
химиядан оқыған теориялық білімдерін тапсырмалар орындап, есептер шығаруда тиімді пайдалану,
өздігінен іздендіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулу;
Курстың міндеттері:
- оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
- үздіксіз білім алуға үйрету;
- оқыған теориялық білімін практикада қолдана білу;
- Оқушылардың мамандық таңдауына ықпал ету;
Күтілетін нәтиже:
-оқу материалдарын терең түсінеді;
-есептерді шешудің тиімді жолдарын меңгереді;
-жаратылыстану пәніне деген қызығушылығы артады;
- алған білімін есте сақтайды
- болашақ мамандығын таңдауына жол ашады;
Оқушылардың пәнді меңгеруіне қойылатын талаптар:
Бағдарлама бойынша берілген тапсырмаларды меңгеру;
Заттарды танып білу әдістерін, химиялық формулалар мен терминдерді қолдана отырып, өз бетінше жұмыс жасай білуі тиіс.
Игерген білімдері мен әр түрлі ақпарат құралдарынан алған мәліметтерді, зертханалық жұмыстар жүргізу кезінде алған нәтижені бағалай білуге , кешенді есептерді шығара білуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |