Сабақтың басталуы
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
15 минут
15 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
1.Амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру
3.Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийі айтылады
Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары
1. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің тақырыбы не жайында? Автор бұл әңгіме арқылы қандай құндылықты арқау етті?
2.Сейітқұл елі үшін қандай ой ойлады? Оған ерген халық қандай кәсіппен айналыса бастады?
3.Сейітқұл бастаған елге басқалар не себепті қосылды?
4. Сейітқұлдың елі жақсы өмірге қалай қол жеткізді?
1-тапсырма
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын тауып, белгілеңдер.
https://kk.wikipedia.org/wiki/
сөздігінің көмегімен сөздердің мағынасын анықтаңдар.
2-тапсырма
Топтық жұмыс
Қағаз бетіне қолдың суретін салыңдар, төрт саусаққа сөздіктің көмегімен суреттеу құралдарының мағынасы туралы жазыңдар. Кішкентай-шылдыр шүмекке сөздердің мағынасына немесе басқа да суреттеулерге қатысты сұрақтарыңды жазыңдар. Жазып болған соң, қағазды бүктеп/умаждап басқа орындыққа лақтырыңдар.
Сол жазбаны алған топ жұмыспен танысып, қойылған сұраққа жауап беруі тиіс.
3-тапсырма
Берілген үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, анықта.
Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жиылып, Сейітқұл жұрт ағасы болды. Енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай тері мен тапқан дәулетін аң ды ған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп, бақташы, қару-жарақты қарауыл, шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады.
Рефлексия
«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
1. Бүгін не үйрендім?
2. Сабақ бойынша нені түсінбедім?
3. Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек?
|
Психологиялық ахуал
-Салем достым! (амандасады)
-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің! (қолдарын жаяды)
-Жақсы болды.
(құшақтайды)
Сұрақтарға жауап береді.
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын тауып, белгілейді. Сөздердің мағынасын анықтайды.
Қолдың суретіне берілген тапсырмаларды жазады. Келесі топ қолдың суретіндегі қойылған сұрақтарға жауап береді.
Берілген үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, анықтайды.
Шығу парағын толтырып, сұрақтарға жауап береді.
|
|