Сабақ кезеңі
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.
13-тапсырма.
|
Үй тапсырмасына жауап береді
|
Дескриптор
Жалпы балл – 2 балл
|
«Қазақ тілі» оқулығы, 24-бет
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Құндылық дегенді қалай түсінесің?
2. Ұлттық құндылықтар туралы не білесің?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
ҚБ «Жарайсыңдар!»
|
«Қазақ тілі» оқулығы, 25-бет
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма. Өз ойыңды төмендегі пікірмен салыстыр.
|
Өз жауабын берілген пікірмен таныстырады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатын мадақтау арқылы бағалау
|
«Қазақ тілі» оқулығы, 25-бет
|
|
3-тапсырма. Жұптық тапсырма. Атамекен, атажұрт туралы бір-біріңнен интервью алып, өзара пікірлесіңдер.
Тілдік бағдар түсіндіру.
Екпін. Екпін түрлері
4-тапсырма. Сөйлемдерді екпін қойып оқы.
|
Жұп құрып, бір-бірінен интервью алады.
Екпіннің ережесін және түрлерін дәптеріне жазып алады.
Тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Атамекен, атажұрт туралы интервью жүргізе алады.
2. Қойылған сұраққа дұрыс әрі толық жауап бере алады.
3. Өзара пікірлеседі
Дескриптор: Жалпы - 2 балл
|
«Қазақ тілі» оқулығы, 25-бет
«Қазақ тілі» оқулығы, 25-бет
|
|
Сабақты бекіту мақсатында «Құндылық» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.
|
Бес жолды өлең құрастырады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
|
Синквейн әдісі
|
Сабақтың соңы
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Үйге тапсырма.
Тілдік бағдарды қайталап оқу. Оқулықтағы 7-тапсырма.
Бағалау
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Үй тапсырмасын белгілеп жазып алады.
|
|
|