ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Икишева Асель Амангельдиновна
|
Пән/Сынып:
|
қазақ тілі, 8-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
ІІІ тоқсан, 1апта, №2сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.Синтаксис
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстандағы жануарлар дүниесі
|
Оқу мақсаттары:
|
8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
8.4.4.2 - тұрлаулы сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. (баяндауыш)
|
Сабақ мақсаты:
|
- берілген мәтіннен маңызды ақпаратты анықтау;
- баяндауыштың қызметін анықтау.
|
Бағалау критериі:
|
мәтіннен маңызды тұсын анықтай алады;
баяндауыштың қызметін түсінеді;
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе?
Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстандағы жануарлар дүниесі»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Қазақстандағы жануарлар туралы жалпы ақпарат;
Сенің меңгеретінің:
баяндауыштың сөйлемдегі қызметін білесің;
|
|
Видео суреттер, презентация
|
|
3 минут
|
Жаңа сабақ
|
Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар.
Халық мақалы
1-тапсырма.
Берілген суретті пайдалана отырып, шағын мәтін құра.
(4-5 сөйлем)
Дескрипторы:
* Мәтін құрылымын сақтайды
* Ойын жеткізе алады
Ықтимал жауап
Қазақстан жер көлемі жағынан 9 орында тұрған, табиғаты ерекше елдің бірі. Қазақстан жерінде аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйрек, тырна, қаз, аққу, бүркіт, жылан, бақа, алабұға, шортан сияқты жан- жануар түрі өте көп. Олар әр аймақтың кламатына байланысты мекендейді. Жануарлардың көбі құрып кету алдында тұрғандықтан, Қызыл кітапқа еніп қорғалуда.
2-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып, жануарлардың алуантүрлілігіне график құрыңыз.
Қазақстан жері табиғатының сұлулығымен ғана көзге түспейді. Онда мекендейтін жан- жануарлар мен өсімдіктердің де көптігімен ерекшеленеді. Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Жәндік түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Кең байтақ қазақ жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер: қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.
Дескрипторы:
* Негізгі ақпаратты саралай алады
* График құра алады
Ықтимал жауап
Баяндауыш
Баяндауыш- бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын мүше. Ол бастауышқа бағынып, сонымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылады. Баяндауышқа тән белгілер:
Сөйлемдегі негізгі мүше;
Құрылымдық жағынан бастауышқа бағынышты;
Етістік, зат есім, сын есім т.б. сөз таптарымен келіп, жіктік тұлғада қолданылады;
Сөйлемдегі қалыпты орны- сөйлемнің соңы;
Логикалық предикатпен сәйкес;
|
|
|
|
6 минут
|
Тапсырмалар
|
3-тапсырма
Мына сөздерді баяндауыш қызметіне қойып, сөйлем құра. Баяндауыштың сөйлемдегі қызметіне тоқтал.
Белгілі, бар, болатын, жоқ, осы, көріп, еді, сақталған, ерекше.
Дескрипторы:
* Сөйлем құрай алады
* Баяндауыштың қызметін біледі.
Ықтимал жауап:
Істің жақсылықпен аяқталары әу бастан белгілі. Оның жүрегінде имандылық бар. Бар ойын хатқа түгел жазған болатын. Оның да ойында жамандық болған жоқ. Біздің таңнан кешке дейін күткеніміз де- осы. Ол киноны басынан аяғына дейін көріп, әбден рахаттанған еді. Қанша уақыт өтсе де, өз мәнінде сақталған. Оның осы тұлғасының өзі ерекше.
|
|
|
|
2 минут
|
Бекіту
|
Бекіту сұрақтары:
Қазақстанда қандай жануарлар кездеседі екен?
Баяндауыш қандай сөйлем мүшесі?
Баяндауышқа тән қандай белгілер бар?
|
|
|
|
1 минут
|
Қосымша тапсырма
|
Қосымша тапсырма
Баяндауыштың құрылымдық түріне (дара, күрделі, құрама) көркем әдебиеттен мысал келтіріңіз.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |