1 – тапсырма.
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2.Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды қалай тазартады?
3.Топырақтың құнарлығын көтеру үшін не істеу керек?
4.Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде қандай ұйымдар бар?
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
|
- мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Бірінші сұрақтың жауабы: Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жалпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу.
Екінші сұрақтың жауабы: Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап, қайтадан іске қосса - осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Үшінші сұрақтың жауабы Топырақтың құнарлығын көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
Төртінші сұрақтың жауабы: Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді.
2-тапсырма.
«ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
«Менің ойымша, ......»
«Себебі мен оны ........ деп түсінемін.»
«Оны мен ...... деген фактілермен дәлелдеймін.»
«Осыған байланысты мен ............... деген шешімге келдім.»
|
|