Сабаќ жоспары


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру



бет3/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Грамматикалық норма дегеніміз- тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы.
Айталық сөзге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғаудың жалғануы, жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік, сосын септік, содан кейін тәуелдік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады. Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым-апамдар. Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата, әже, көке, аға сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады. Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады: апаларым, атамдар дегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып, солардың көптігін білдіреді.
Тілдік тұлғалары белгілі бір стильдік мақсатта пайдаланылуы нормадан жөнімен ауытқу дейміз. Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы: болымсыз етістіктің келер шақтық тұлғасының І жақта ма+й+мын болуы грамматикалық норма. Ол ауытқып, -ман түрінде жұмсалады:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
(Абай)
Мұнда –ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып, істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.
Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды, олардың арасында міндетті түрде мағыналық байланыс болуы шарт. Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес. Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес, мағыналас болғанымен, үнемі бірінің орнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас, биік мұрат, биік тау дегенде, биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды (жоғары жартас емес, жоғары мұрат емес, жоғары тау емес) Сөздерді жалғаусыз тіркестіру стильдік қатеге жатады.
Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады. Сөз өз орнында тұрмаса, сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі, көзге оғаш көрінеді.
Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты: баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш сөйлемнің басында не ортасында, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.
Сөйлемде тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы: Адам айтпақ сөзді емеуріннен түсінуі керек. (Айтпақ сөзді емеуріннен адам түсінуі керек деген дұрыс емес) Мұнда толықтауыш та (айтпақ сөзді), пысықтауышта (емеуріннен) баяндауышты толықтайды, пысықтайды.
Сөйлемде бастауышқа, баяндауышқа қатысты тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыш сөйлемнің ортасында келеді. Мысалы: Ақылды адам айтпақ сөзді емеуріннен түсінбей ме?) Мұнда ақылды деген анықтауыш адам деген бастауышты анықтап тұр. Белгілі себептермен бастауыш пен баяндауыштың қалыпты орындарын ауыстырып қолданатын жағдайлар болады, оны инверсия дейді. Мысалы: бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауыш бастауыштан бұрын айтылады: Көрсетпе көз жасыңды! Жасасын сүйікті Отанымыз! Ал хабарлы сөйлемде «Келе жаты рол үйден. Қатты сағындым аулымды» деп қолданылмайды. Бұлай сөйлеу әдеби тіл нормасына жатпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет