2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған әрекеттерді не болмаса бір мезгіл ішіндегі көріністі, жай-күйді баяндайды.
Құрамындағы жай сөйлемдері сабақтаса байланысқан мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары – ша, - ше жұрнақты есімшеден
(-ған, +ша, -ген+ше), жатыс жалғаулы есімшеден (-ған+да, -ген+де), есімшеге септеулік шылауларының (-ған, -ген+ соң, кейін, сайын, бері, шейін) мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған, -ген+ кезде, шақта, уақытта) тіркесуі арқылы, көсемшеден
(-ғалы, -гелі, -а, -е, -й) және етістіктің түбіріне –са, -се, -ысымен, -ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.
Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары:
Қашан? Қашанға шейін? Қашаннан бері?
IV. Жаңа сабақты бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс 132-жаттығу
Мезгіл бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып, бағыныңқы болып тұрған баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болыпты. (С.Мәу.) Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты. («Ел аузынан») Оқ нөсері сәл бәсеңдеген кезде, Рақымжан айналасына қараса, жалғыз Гриша Булатов жетіпті. (Қ.Қаз.) Қайықтан Сейіл түсіп болғанша, бұлар да су жағасына жетті. (М.Ә.) Мойындарын созса, Рейхстаг көрініп тұр. (К.Қаз.) Торғай қаласына келісімен, ол мектеп салдырды. (С.Мәу.)