Оқушылар әр түрлі денелердің тығыздықтарын, есептеулер арқылы айырмашылықтарын салыстыра алу.
І. (Адасқан сөздер) 1. Заттың тығыздығы деп сол заттың масса бірлігіндегі көлемге тең физикалық шаманы айтады 2. Заттың тығыздығын табу үшін дененің көлемін оның массасына бөлу керек ІІ. (формула,өлшемі) 3. Заттың тығыздығының формуласы 4. Заттың тығыздығының ХБЖ гі бірлігі г/см3 ІІІ. (Формула бойынша есептер) 5.125 л сұйықтың массасы 100 кг. Оның тығыздығын табыңдар. 6. Көлемі 0,08 м3 мәрмәр тақтаның массасын анықтаңдар 7. Әрбір цистернаның сыйымдылығы 25 м3 болса, 1000 т мұнайды тасу үшін қанша цистерна керек? Дескриптор:. 1.Дененің массасын анықтай алады. 2. Дененің массасын анықтау әдісін салыстырады. 3. Дененің тығыздығын анықтап, оның өлшем бірлігімен жұмыс жасай алады. 4.Өлшем бірліктерді ХБЖ-де жаза алады. Жалпы балл -2
Әр топқа көлемдері бірдей 200 см3 стаканға толтыра құйылған 1 топ Сүт 2 топ Су 3 топ Күнбағыс майы
Берілген заттың массасын анықтаңдар.
№2- эксперименттік тапсырма
Үш түрлі геометриялық дене берілген. Олардың көлемін анықтау үшін қандай құралдар қолданар едіңіз? Өлшеу әдісін сипаттаңыз
Дескриптор:. 1.Дененің массасын анықтай алады. 2. Дененің массасын анықтау әдісін салыстырады. 3. Дененің тығыздығын анықтап, оның өлшем бірлігімен жұмыс жасай алады. 4.Өлшем бірліктерді ХБЖ-де жаза алады.
5. Дұрыс және дұрыс емес пішінді дененің
көлемін анықтау әдісін салыстырады. Жалпы балл -3
І топқа
1. 2 кг судың көлемі қанша болады?
2. Темірдің тығыздығы 7800 кг/м3. 2 м3 темірдің массасын тап.?
ІІ топқа
3. Массасы 461,5 г металл кесегінің көлемі 65 см3. Бұл қандай металл?
4. Гипстен жасалған құрылыс плиталарының іші қуыс етіп жасалады. Массасы 2,5 кг, өлшемдері 25х15х10 (см) плитаның ішіндегі қуыстың көлемін анықтаңдар.Материалдың тығыздығы: 1300 кг/м3.
ІІІ топқа
5.Терезе әйнегінің ұзындығы 2 м, биіктігі 2,5 м ал қалыңдығы 0,6 см. Әйнектің массасын тап.
6. Кестеге қарап жауап бер:1 м 3 күмістің массасы 1 м 3 қорғасынның массасынан қаншаға кіші?
3 тапсырма. Есептер жиыны
Дескриптор
1. Тығыздықтың формуласын түрлендіріп, дененің көлемін анықтай алады.
2. Теориялық зерттеу:Дүкеннен сатып алған алманың тығыздығын есептеудің бірнеше айла-тәсілдері болуы мүмкін.Өздерің ұсынған амалдар мен тәсілдерді жазба түрінде баяндау.