|
САБАҚ:
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері
|
Мектеп:В.И.Шубин атындағы ЖББОМ
Мұғалім:Семгалиева Г.О.
Күні: 8.11.22
|
СЫНЫП: 5
|
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
|
5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу
|
Сабақ мақсаттары
|
|
Барлық оқушылар:
| |
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
| |
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
|
|
Кейбір оқушылар:
| |
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
|
Музыка, қазақ тілі,тарих.
|
Жоспарланған
уақыт
|
Педагог әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы 5 минут
|
Топқа бөлу2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
|
Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді
(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды
|
|
Интернет жүйесі
|
Ортасы 20 минут
|
Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.
Біріншісі - қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
Екіншісі - басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер.
Қазақтың ұлттық ою - өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою - өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.
Өнер (орысша - искусство) – өмір құбылыстарын, қоғамдық болмыс сана нәтижелерін, адамның іс - әрекеті мен көңіл - күйін, сезімі мен рухани дүниесінің образды көркем тіл арқылы бейнелейтін пішін мен мән қатынасы.
Ою - өрнек – бейнелеу өнерінің жоғарғы тегі, халық мәдениетінің, дәуірінің өзіндік қолтаңбасы.
Өрнек (орысша – узор) – бір нәрсенің бетіне түсірілген әр түрлі үлгідегі әуенді нақыш бедер.
Ою - өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Ою - өрнектің ұзақ тарихы бар. Атап айтсақ, Орхон - Енисей жазуларының таңбаларынан құстарға, басқа да жан - жануарлардың бейнесі мен ізіне ұқсаған ою - өрнектерді табуға болады.
Қазақ халқының ою - өрнектері ерекшеліктеріне қарай сегіз топқа бөлінеді:
1. Аңдарың дене бітіміне байланысты өрнектер.
2. Құстарға байланысты өрнектер.
3. Жер - суға байланысты өрнектер.
4. Аспан әлеміне байланысты өрнектер.
5. Түрлі жәндіктерге байланысты өрнектер.
6. Адам қаңқасына байланысты өрнектер.
7. Қару - жарақтарға байланысты өрнектер.
8. Геометриялық өрнектер.
Ою - өрнек салумен қатар оларға бояу түстерін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары бар. Мысалы: ақ түс – әділеттіліктің, шындықтың, тазалықтың; қара түс – жердің, берекенің; жасыл түс – көктемнің, жастықтың; қызыл түс – күннің, оттың; сары түс – даналықтың, білімділіктің; көк түс – судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.
Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика) «Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі
|
Постер жасату.
Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.
|
Смайлик арқылы бағалау
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Оқулық, дәптер
|
Сергіту сәті
2 минут
|
Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»
|
Видео
жазбадағы би
|
Үш шапалақ арқылы бағалау
|
|
Аяқталуы 20 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |