Сабақтың тақырыбы:
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
|
Мұғалімнің аты-жөні: Таубаева Ұ.С.
Күні: 07.12.2017 жыл
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
|
Құндылықтарға баулу
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі.
|
Алдыңғы оқу
|
Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы :
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
І – топ
ІІ – топ
ІІІ – топ
«Қ.Қ.Қ» әдісі бойынша алдыңғы білімді саралау
3 қызық нәрсе
3 қиын нәрсе
3 құнды нәрсе
«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша сұрақтар қою.
|
Топтар бірін- бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды
|
Жаңа білім
5 минут
|
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді оқушылар оқып алады.
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
«Орамал тастамақ»
Бұл ойынның шарты кімнің алдына орамал тасталса сұраққа жауап береді?
Зерттеу сұрағы:
Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
Ортасы
20 минут
|
Бұл халық өзін -өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.
Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.[2]
Б.з.д. І мыңжылдықта қазіргі Қазақстан аумағында тарихта «сақ» атауымен белгілі болған тайпалар өмір сүрген. Сақ тайпалары туралы дереккөздер археологиялық( заттық) және жазбаша деректер болып бөлінеді. Ежелгі грек және рим авторлары – Арриан, Полиен, Диодор, Страбон сақтар туралы мәліметтер қалдырған.
Электронды оқулықтан жаңа сабақты тыңдату.
Қолдану
«Ойлан , жұптас, бөліс» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген мәтін бойынша постер жасап оны қорғайды.
Талдау
Мәтінде берілген тапсырмаларды картадан көрсету.
І-топ парадарайа (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
ІІ-топ хаумаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
ІІІ-топ тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағысын және Жетісуды мекендеушілер.
|
Оқулық,электронды оқулық, түрлі-түсті маркерлер
Топтар бір- бірін «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Қытай әліппесі» бойынша сақтардың атын шығару.
|
Оқушылар сақтарды қытай әліппесі бойынша айтады.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
4 минут
|
Жинақтау
« Миыңның суретін сал.» Оқушыларға миларының суретін салғызып, сабақтан алған мәліметтерін жинақтату.
Үйге тапсырма: 3.1. Сақтар туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
|
«Күлегештер» арқылы бірін- бірі бағалайды.
|
Бағалау
2 минут
Кері байланыс
2 минут
|
Оқушылар бірін- бірі және топ бойынша бағалайды.
«Білім қоржыны» кері байланыс
|
Кері байланыс жасайды.
|
|