Сауда залының жиһазына қойылатын талаптар
Саудалық және банкет залдары –тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған бөлме. Олардың жобалануына, рәсімделуіне және жабдықталуына көп көңіл бөледі. Кәсіпорында бір немесе бірнеше зал болуы мүмкін, бұл кәсіпорын типіне, оның сиымдылығына, қызмет көрсету түріне байланысты. 50 орынға дейін кішігірім залдар аса ыңғайлы, сондықтан орын саны көп мейрамханалар мен кафе залдарын аймақтарға немесе кабинеттерге жылжымалы, декоративті немесе тұрақты қалқандармен бөлу ұсынылады.
Желдету. ҚТК бөлме ауасын тазарту және бекітілген ауа параметрлерін (температура, ылғалдылық) тұрақтандыру үшін еріксіз желдету жүйесімен жабдықталады.
ҚТК залдарында жақсы желдету және 60-65 % салыстырмалы ауа ылғалдылығында қалыпты температуралық тәртіп (16-180С) болуы керек.
50 орынға дейін кәсіпорындарда сорғыш желдету, ал қалған кәсіпорындарда ағынды-сорғыш желдету жүйесі қолданылады. Сауда залына шығатын желдету жүйесі декоративті безендірілуі тиіс. Желдету жүйесі шусыз жұмыс істеу керек. Шу желдеткішті дұрыс таңдамаудан, оның бұзылуынан, желдету каналында ауаның өту жылдамдығы жоғары болуынан туындауы мүмкін.
Қазіргі кезде жазғы уақытта саудалық бөлмелерді салқындататын, қыста жылытатын әртүрлі модификациялы арнайы қондырғы – кондиционерлер кең тараған. Кондиционерлер шусыз жұмыс істейді, кәсіпорын температура мен ауа ылғалдылығын тұрақты қамтамасыз етеді.
Кондиционерлерді таңдауда оның өлшемі мен дизайнына көңіл аудару керек, себебі олар тікелей ҚТК-ның залында, мейрамхананың банкет залында орнатылады және қабырғаға бекітіледі. Кондиционерді іске қосу және тәртібін орнату үшін дистанционды басқару қолданылады.
Мейрамханалардағы, барлардағы, кафелердегі және асханалардағы залдардың негізгі жабдықтары - жиҺаз.Олар стилі мен формасы бойынша залдың сәулеттік дизайынымен үйлесімді болуы керек. сонымен қатар қарқынды жұмыс істейтіндіктен берік болуы керек. Олардың ыңғайлылығы антропометриялық талаптарға сәйкес келуіне байланысты: орындықтың биіктігі, шынтақшалардың биіктігі, орындықтың тереңдігі мен ені, орындықтың артқы бұрышы, үстелдердің биіктігі. Келуші ыңғайсыздық сезінбеуі үшін үстел мен орынның арасындағы қашықтық 29-31 см болуы керек.Мейрамхана үстелінің ең қолайлы ені - 800-900мм. Пішіні бойынша олар төртбұрышты, тікбұрышты және дөңгелек болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |