Сабақ тақырыбы Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену (урбандалу)



бет1/5
Дата27.11.2023
өлшемі47.7 Kb.
#484522
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Мырзалиева


САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән

География



Мұғалім

Мырзалиева Айымжан

Мектеп, сынып

Алматы қаласы, "№58 жалпы білім беретін мектеп", 9-сынып

Сабақ тақырыбы

Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену (урбандалу)



Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Елді мекендердің қалалық және ауылдық типтерін анықтай отырып есте сақтайды, біледі. Қалалық елді мекендердің қалыптасуына әсер ететін факторларды талдап, кенттену, агломерация, мегаполис, моноқалалардың айырмашылықтарын түсіндіріп, әрқайсысының ерекшеліктерін салыстырмалы түрде сипаттап бере алады. Ірі қала маңындағы экологиялық жағдайды, моноқалалар проблемаларын шешуде қандай шаралар жүзеге асу керектігін дәлелдейді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:




Дерек көздерін пайдалана отырып, елді мекендердің қалалық және ауылдық типтерінің ерекшеліктеріне сипаттап бере отырып, есте сақтай алады.




Оқушылардың басым бөлігі:




Қалалық елді мекендердің қалыптасуына әсер ететін факторларды талдап, кенттену, агломерация, мегаполис айырмашылықтарын түсіндіріп, әрқайсысының ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде сипаттап бере алады.




Кейбір оқушылар:




Кенттену үрдісінің дамуына қандай мүмкіндіктер берілген, моноқалалар проблемаларын шешуде қандай шаралар жүзеге асу керектігін дәлелдейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар елді мекендердің түрлерін, елдің тығыздығы, кенттену, моноқала, агломерация, мегаполис ұғымдарына анықтама бере алады.




Негізгі сөздер мен тіркестер:




Елді мекендердің түрлерін, кенттену, моноқала, агломерация, мегаполис жаңа сөздермен танысады.




Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет