Сабақ Тақырыбы: «Қозғалтқыш құрылымы»


Бензинді қозғалтқышта, бензин мен ауа араласқан жану қоспасы, электр ұшқынымен тұтанады. Ал дизельді



бет2/3
Дата12.01.2024
өлшемі101.91 Kb.
#488892
түріСабақ
1   2   3
Султанкулов Сарвар 2022 Қозғалтқыш құрылымы

Бензинді қозғалтқышта, бензин мен ауа араласқан жану қоспасы, электр ұшқынымен тұтанады. Ал дизельдіқозғалтқышта, жану қоспасы цилиндрдің ішінде пайда болып, сығылған ауа қызыунан және дизельді отын бүркеліп, сосын тұтанады. Сөйтіп, осы айтылған жұмыстарды іске асыру үшін, әлбетте, қозғалтқышта әр түрлі механизмдер мен жүйелер қолданылады.
Олай болса, кез келген поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыштарда (ІЖҚ) екі механизм және төрт жүйелер өз функцияларын атқарады.
Екі механизм дегеніміз:
1.Қосиінді-булғақты механизм (ҚБМ).
2.Газ тарату механизм (ГТМ).
Төрт жүйелер дегеніміз:
1.Майлау жүйесі.
2.Салқындату жүйесі.
3.Қоректендіру жүйесі.
4.Іске қосу жүйесі.
Енді, құрметті студенттер осы сабақты, жаңа шығып жатқан әдістермен жалгастырып көрейік.
Әлем бойынша, атақты жазушы, психолог Тони Бьюзен тәсілін қолданып отырсақ, ментальдық карта әдісін жасайық.
Ментальдық карта – ол кісінің ойлау процессін, көрнекі және танымдық, қолайлы турде схема ретінде келтіру. Ментальдық картаны қолдана оытып, біз оқушылардың мыйына келген, сондай ақ өтіп шығатын өткір, мүдделі, орнықты ойларын бекіте қойып, қарапайым түрінде сызба бойынша ресімдейміз.
Ал енді балалар, ментальдық карта сызбасына қарасақ, біз анық көріп отырмыз, іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ) екі механизмдері: ҚБМ және ГТМ өз міндеттерін сенімді жэне тиімді атқаруына, оларды қамтамасыз етіп тұру үшін, төрт жүйе: майлау жүйесі, салқындату жүйесі, қоректендіру жүйесі, іске қосу жүйесі нақты арналған.
Олай болса, енді сендерге айтқым келіп отырғаным, бәріміз бірігіп, жоғары айтылған әр бір механизмге, жүйеге анықтама беріп және іске асыратын міндеттерін анықтайық.

Қозғалтқыштың механизмдері:
Қосиінді-булғақты механизм (ҚБМ) – ол поршеньдердің ілгері-кейінді қозғалысын, иінді біліктің айналмалы қозғалысына келтіреді.
(Тап таза механикалық энергия болып шықты, дұрыс па?)
Газ тарату механизм (ГТМ) – ол қозғалтқыштың цилиндрлеріне жану қоспасын немесе ауаны жіберуіне және цилиндрлердегі пайдаланылған газды шығаруға арналған механизм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет