Жаңа тақырып
|
Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегі болмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды. Ж. шешендік сөздері — далалық өркениет тәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымды толғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінуге мүмкіндік береді.
Жиренше шешен жайлы аңыз
...Былтыр Жиренше шешен науқастанып, сырқатына шипа ем дарым зәруатын дарымдап, сауыққан соң ой тапсырғы айтып, қайтқалы жатқанымда, Жиренше шешенге хан Әз Жәнібек тақай шақырғыш жасауылын жіберіп, шешенді шақырыпты. Жиренше:
- Сен қайда бармақсың, бірге жүр, егіздеп барайық, - деген соң, мен оған ілесіп Ақордаға барсам, Жәнібек хан тағында уәзірлерімен шенді-шекпенділері екіге жарылып, ортасын бос тастап отырыпты. Біз хан тақсырға амандағыш жөрелгі аяқ жоқ еш.
Жәнібек хан:
- Ей, Қарабас! Көз мұрын жербет қайсы? - деп, Жиреншеге оқты көзімен ата қарағанда, мен ішімнен бір сұмдық болмас па екен деп, Жиреншені ханның "Қарабас" дегені қалай деп, аң-таң болып тұрдым да қалдым. Бірақ Жиренше зымырай:
- Күлкі жербет, ұйқы жербет, тамақ жербет, талақ жербет көз құлақ елі, ауыз кем ғой - деп еді, хан жымиып қойды да:
- Көз мұрын сағымған қайсы? - деді. Ойлануға еш кезек бермейін дегендей тақсырғала, Жиренше іркіліссіз:
- Ажал сағымған, несіп сағымған, неке сағымған, талғақ сағымған, қонжат сағымған оң қол еді, көзді өтей тастақа отырсыз ба? - деді Жиренше. Оған жауап бермеген хан тағы да Жиреншеге: "Бишеқор қаншаға? - деді. Жиренше:
- Бастармақсыз шопан табын бишеқор, түйіні жоқ ой бишеқор, қараүзген шипагері жоқ ел бишеқор, лықсып малы, толықсып елі жатпаған бел би шеқор, өңгерін елі қадірлемеген ер бишеқор, оң қол екен, - дей бере, хан:
- Бізде қараүзген шипагер бар ма? - деп сұрады Жиреншеден. Жиренше:
- Тақсыр, өзі білгі алдыңызда, білмесеңіз қарызыңызда тұр, - деді. Хан аз-кем бөгеліп:
- Ол кім? - деді. Жиренше мені сұк қолымен нұсқап көрсете тұрып:
- Мұның сүйегі ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан. Лұхман хакімнен төлім алған. Аты Өтебойдақ, шипагерлікпен өтерден мормахы өліжан, - дейді. Менің төбем көкке жеткендей болды. Жәнібек хан көзін менен алмастан, басын изей ойланып алды да:
- Жарайсың Қарабас! Басың нағыз алтын бас, тілің нағыз гауһартас екен. Әкең атынды тауып қоя алмапты "Қарабас" деп, екі ілікке алуға жарымпас деп, өттең, қойса жөн екен "Алтынбас" деп, - деді Жиреншеге бұрылып. Кенет Жиренше езгі тағызым жаса ханға:
- Әкем менің атымды жағалап қойыпты, сіз бағалап қойдыңыз, жұрт ағалап шығар. Бірақ, тақсыр, менің атым "Қарабас" емес, Жиренше. Азан айтып қойған аттан айырылып босқа күйгенше, басымды шауып тастаңыз, қара жерге кірейін ғазиз басты игенше, - деді де, езгі тағызым жасап тұра берді. Хан бедірейе қарап бір сыпыра отырды да, кенет түсін жылытып:
- Жасың қаншада? - деді сұрап Жиреншеден, Жиренше:
- Жылым айбар, қырық беске келдім. Біле алмадым мәнін, мен қалайша өлдім? - деді. Хан:
- Сен онда Қанай шешенмен тумалас екенсің, сол айтқан еді, - деді. Қанай шешен осы орайда Жиреншені жеңіп алғысы келді ме, тұтқайлы дүрсе қоя беріп:
- Білсең айтшы, дүниеде не өлмейді? - деді. Жиренше:
- Әділдіктің заты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, - деп зымырғай жауап беріп тұрса да, ханнан көз айырмай, Қанайға қайырылмастан, Қанай:
- Жиренше! Күннің көзі өлмейді, жердің жүзі өлмейді, ағынды су өлмейді, аспандағы ду өлмейді, - деді. Жиренше:
- Қанай, қаңғып кеттің, тапа-тал түсте қалғып кеттің. Қара жердің өлгені үстін қардың жапқаны, ағын судың өлгені бетіне мұз қатқаны, күн көзінің өлгені қызарып барып батқаны, аспанда дудың өлгені, көктің айық тапқаны. Ажал келіп тиген оқ Алланың көздеп атқаны, - дегенде, Қанай үндей алмай қалды. Жиреншеден басқамыз хан бастап ду күлістік. Қанай жер болды. Жәнібек хан:
- Қанай шешеннің бас жағындағы бос орынға отыр! Тумалдастың құдайы бір, дүрдүн тауар түйіні бір, - деді Жиреншеге қарап жымия. Сонда Жиренше отыруға асықпастан:
- Қасымдағы қандалмамды қайтемін? - деді ханға қарап.
- А, не дейсің? - деп Жәнібек хан опырыла шорт сынардай, шатынай Жиреншеге оқты көзімен ата қарады. Менің зәреқұтым үшып кетті. Жиренше қаннан-қаперсіз, аспай-саспай тағы да мені нұсқап тұрып:
- Алдияр тақсыр! Қасиетті хансыз, жасай алмайсыз өмірлеуде раһит жансыз, сырқаттанып науқас атансаңыз, шипагер сырқатқа қандалмадай қадалмаса, науқасты бейнеттен айықтыра алар ма? Жардың ауған жүгін басқан арман боп кейде тайып тұра алар ма? - деді.
Ханды жан тәттілігі сергітті ме, болмаса Жиренше шешен қайта ескерткен соң есіне түсті ме, не сөз төркінін жете ұғынбағаннан төп-тартып өзінен өзі именіп қалды ма, белгісіз сабасына қайта түсе:
- Жиренше деген атыңды да алдың, шешен ділмар затыңды да алдың. Ханзадамның аты да Жиренше еді, Қанай шешен қарашаға ханзаданы теңей алмай айтқан болды ғой. Ордамда ханзада Жиренше, шешен Жиренше пар болса, қор болмайды екенмін, - деп жырғап, қарқылдай күлгенде, уәзірлері мен шенді шекпенділері де қарқылдасып, күлісіп, қау-қауласып мақтасып жатысты. Мен де Жиреншенің жұлдесіне қуана күле бердім.
Шағырай Төбетұлы (1838-1921) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, бұрынғы Қызылжар уйезі, Аққусақ болысы, Беркін аулында ғұмыр кешкен шешен би. Шағырай жас шағында, әке-шешеден айрылып, жетім қалыпты. Жастайынан тұрмыс талқысын көп көрген. Сөйте жүре өлең-жыр жаттап, ағайындас ақын - Байтөле Шөлінкеұлынан үлгі-өнеге алған. Жігіт шағында, байдың есігінде жалшы болып жүруді ар көріп, әкеден қалған малды сатып, жақсы киім, сәйгүлік атпен серілік кұрып ел аралап кеткен. Орынбор, Сібірдегі қазақ елін түгел аралаған. Шағырай сөзінен шындық көрінісі байқалып отырады. Ол қожа-молдалар, бай-манаптарды шенеп, уытты сатиралық туындылар да шығарған. Кезінде Шағырай шешеннің ізін басып, тәлім алған шәкірттері: Рай ақын, бұлқайыр жыршы, белгілі революционер ақын Баймағамбет Ізтөлиндер еді. Шағырай оқымаған адам. Сондықтан өз қолымен таңбалаған шығармасы жоқ. Революциядан бұрынғы сауатты адамдар жазып алғанмен қолжазбалары жоғалып, жыртылып қалған. Арабша жазылған дүниеліктер аяқ асты болған кезді де көрдік... Шешеннін шығармаларын аздап білетіндер Кұсайынов Бекі, Сауытбеков Лиман, Тиыштыбаев Едірес, Жүсіпов Жанай, Әлібеков Сағындық, Оразалин Баһрам молда, тағы басқалар болды. Ұсынып отырған өлең, жырдың көбі осы адамдардан жазып алынды. Бұлардан бұрын Қанапия Ізтөлиннен де жазып алған шығармалары баршылық еді". (С. Сауытбеков, "Жүлдыз" № 6, 1990). 1915 жылы Шағырай мен Баймағамбеттің айтысы өткен. Ізтөле балалары сол жолы Шағырайға ат мінгізген. Өкінішке орай, сол айтысты білетін бір адам жоқ. Әке-шешесінің айтуынша, айтыс тексті Баймағамбеттің өртенген өлең жинағында болыпты. Шешесі Кесте: - "Ол айтыстың менің ойымда калғаны":
Ақын әке, жүйріксің ағындаған.
Жан болмайды сөзіңді сағынбаған.
Қисықтарды түзеттің тезге салып.
Жуасыттың тарпаңды бағынбаған",-
деп бір шумағын айтады.
Шағырай шешен айтқан өсиет-терме, нақыл өлеңдер мынадай:
Жуыма опасызға көңіл сенбес,
Зиянды, ол бір ағаш жеміс бермес,
Бар болса еркелейді ит секілді,
Жоқ болсаң өлдім десең қолын бермес.
Аяма қолда барды адамыңа,
Ол сенің жол ашады қадамыңа.
Адамның хайуанаттан айырмасы,
Бір іспен із қалдырар заманына.
Асығу ашулану шайтан ісі,
Бұларға жол бермейді жақсы кісі.
Кемге - рақым, ашуға сабыр керек,
Жұмсасаң жетіп шығар ердің күші.
Кіші деп күш жұмсасам кішкенеге,
Кіші жоқ дүниеде ештеңеде.
Шаңнан - жер, қиыршықтан тау тұрады,
Кірпішсіз үлкен орда істеле ме?
Ел қадірі болмайды бас кеткен сон,
Сөз қадірі болмайды жас жеткен соң.
Бәйбішенің қадірі болмайды екен,
Құйып берер қолынан ас кеткен соң.
Қозыбай Нәупілұлы 1822 жылы казіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына карасты Маманай ауылында туған. 1906 жылы қайтқан. Қозыбайдың әкесі Наупіл батыр, оның атасы Шашақ та белгілі батыр болған, қазақ даласына ақындық, серілік атағы жайылып кеткен Қанафия (Сегіз сері) сол Наупіл батырдың туған інісі еді. Кезінде Қозыбай шешенді қазақ жерінде білмейтін кісі некен-саяқ болыпты. Оны жұрт "Арқаның арыстаны" деп атаған екен. Қозыбай он жасында Болатнайдағы медресеге оқуға түсіп, оны 1835 жылы бітіріп шығады. Сол жылы күзде Қызылжардың медресесіне алынып, білімін әрі карай толықтырады. Мұны тәмәмдар кезде әкесі кайтыс болады. Сол жылы күзге салым анасы Балым дүниеден өтеді. Қозыбай ата-анасыз қалған соң, жұрт оны Балташтың Қозыбайы деп атайды. Он жеті жасында Қозыбай нағашысының ауылында күреске түсіп, палуандар сапына қосылады. Ол мұның үстіне ән салып, домбыра, кобыз, сыбызғы тартады, салдык-серілік кұрады. Қозыбай жер ауып, тобықты Оразбай Аққұлының ауылына барады. Сонда байлығы тасып, көзін май басқан бай оған ілтипат та білдірмейді. Басына іс түсіп келгендіктен, Қозыбай Оразбайға ештеңе айтпай үнсіз отыра береді. Қозыбайдың еліне келгенін естіп: "Арқаның арыстаны" - Қозыбай шешенге ән береміз, көңілін көтереміз" деп Абай, оның қайын атасы Түсіп, Абайдың інілері Ысқақ, Ысмағүл, Шәкәрім, Нұртаза, балалары Мағауия, Тұрагүл, тағы басқалар Оразбайдың үйіне сау ете қалады. Келген беттерінде Абай бастаған топ Қозыбайға ән беріп, кол алысады. Қасындағылар шешенмен амандасып болған соң, Абай: "Қозыке, Арқаның арыстанысыз, бір дем айдап біздің жаққа келіп калған екенсіз. Маңдайыңыз жарқырап, жолыңыз ашық болсын. Ісіңіздің арты қайырлы болсын, - депті. Қозыбай шешен Абай сөзіне ден қоя отырып:
Ғажап бар жер мен көктің арасында,
Біреу шат, біреу қапа панасында,
Кездейсоқ шымшық құсқа бақыт қонса,
Самұрық кызмет етер саясында,
депті. Бұл сөзді Оразбайға байланысты айтып, шешен өзін самұрыққа теңегенін біле қойған Абай іркілместен: "Арқаның арыстаны" - Қозыбай шешенді бұл ауылға қалдыруға болмайды, - деген екен. Абайдың інісі Ысқақ болыс: "Қозекең маған ақылшы болсын. Қашан өз еліне қайтқанша, біздің үйде тұрсын. Семейдегі Аязбен өзім келісемін", - депті. Сонда Абай тобы Ысқақ сөзін қостаған екен. Бұл шешімге шешен де келіседі. Содан кейін Қозыбай үш күрең касқа ат жеккен күймесіне отырып, Шақан деген атқосшысымен бірге Ысқаққа еріп, оның ауылына барыпты.
|