Ердалиева Зарифа Даулетқызы,
№22 Елшібек батыр жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
ОҚО, Сарыағаш ауданы
Сабақ тақырыбы: Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді
мерзімі
|
11.03.2015.
|
Сабақ тақырыбы
|
Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді.
|
Жалпы мақсаты
|
Математика сабағында әрекет арқылы білім алуға болатынын әрекет арқылы дәлелдеп көрсету.PISA Халықаралық зерттеулеріне дайындау мақсатында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар өз бетінше әрекет арқылы білім алуға болатынын дәлелдейді.Сөз үйретпейді, әрекет арқылы үйретеді ұраны астында білім алуға болатынына көз жеткізеді.
|
Сабақтың әдісі
|
Тренинг арқылы тотық жұмыстағы іс-әрекетті жүзеге асыру
|
уақыт
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
көрнекіліктер
|
10мин
|
кіріспе
|
Ұйымдастыру сәті : «шаттық шеңберінде» оқушылар бір-бірімен жақыннан танысу ойынын "Орама жіп "арқылы орындайды
4 топқа бөлу: Түрлі түсті стикерлер арқылы 4 топқа бөлу.
Топбасшы сайлау, бағалау парақтарын тарату
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
|
Орама жіпті бір-біріне лақтыра отырып, өздерінің есімін және бос кезінде айналысатын сүйікті жұмысы (хобби) туралы айтады.
топтарға бөлінеді: алған стикерлерінің түрі бойынша 4 топқа бөлінеді және өз стикерлеріндегі фигура туралы сөйлеп береді.
Топбасшыларды, таймспикерлерді және хатшыны сайлайды
Топбасшылар бағалау парақтарын алады.
Мұғалімді тыңдап отырады.
|
Түрлі-түсті стикерлер, орама жіп
Бағалау парақтары
|
20мин
|
Негізгі бөлім
Сергіту сәті
|
«Ой қозғау» кезеңі:
АЛГЕБРА және МАТЕМАТИКА сөздеріне «Бес тармақ» стратегиясын қолдану, ол бес жолдан тұратын өлең
жазуға бағыт-бағдар береді.
1-жол: Зат есім (кім? Не?)
2-жол: Сын есім (Қандай?)
3-жол: Етістік (не істеймін?)
4-жол: 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
5-жол: Бір сөз-синоним (1-жолдағы сөздің синонимі)
«Миға шабуыл» стратегиясы:
Сұрақтары слайдта және карточкаларда беріледі. (4 сұрақ)
«Сөздің мағынасын тап» кезеңінде барлық топқа бірдей сұрақ беріледі.
Осы сұраққа 3 мин. уақыт аралығында жауап берулері керек.
«Логикалық есептер – ақыл -ойдың ұшқырлығын шыңдайды»
- Кім жылдам? Ойыны.
ТЕСТ сұрақтары:
1 ) «Миллион» ұғымын қазақ жеріне таратқан кім?
А) Ұлықбек В)Алтынсарин С)Әл-Фараби
2) Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын байланыстыратын теореманы қай ғалым ұсынды?
А)Аристотель В)Декарт С) Пифагор
3) БірДЮЙМ неше см-ге тең?
А) 2,54см В) 3,14 см С) 2,45 см.
4)ЖҮРГІЗУШІ-9, ЖАЯУ-4, ҚАҚТЫҒЫС-?
А) 9 В) 8 С) 7
5 ) А.Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші:
А) ЕСЕК В) ТАУЫҚ С) БҰЛБҰЛ
6) Сантиметр-миллиметр, гектар-?
А) километр В) көлем С) аудан
7) 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша «9» саны кездеседі?
А) 18 В) 19 С) 20
8) Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келеді?
14(625)11 12(196)2 10(?)5
А) 625 В) 255 С) 225
9) Адам қандай жолмен жүрмейді?
А) тас жолмен
В) құс жолымен С) су жолымен
Ойын «40 секунд»
|
ПОСТЕР ҚҰРУ:
Берілген плакаттарға әр топ бес жолдан тұратын өлең жазады. Постерлерін қорғайды. Жазған өлеңдерін оқып береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр топ өз жауаптарын айтады.
Ойын 40 сеукндта аяқталады. Ойын аяқталған соң оқушылар өз іс-әрекеттерін бағалайды.
|
Плакат, маркерлер,
Карточкалар, слайд
Слайд.
Слайд
парақшалар
|
5мин
|
Қорытынды
|
ЭССЕ жаздыру
|
Эссе жазады.
|
Парақшалар
|
4мин
|
Бағалау
|
Топтық бағалау
|
Топ басшылар топ мүшелерін бағалайды
|
Бағалау парақтары
|
5мин
|
Рефлек-сия
|
Кері байланыс
Сабақтың маңыздылығы неде?
Сабақтан қандай ой алдың?
Осы сабақ өмірде қажет болама?
|
Рефлексия парақтарын толтырады
|
Рефлексия парақтарын
|
1мин
|
Үйге
|
Логикалық есептерге тест құрастыру.
|
Күнделікке жазады
|
оқулық
|
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
|
«Бес жолды өлең жазу»
|
Миға шабуыл сұрақтарына
жауап беруі
|
Сын тұрғысынан ойлауға сұрақ
|
Логикалық сұрақтарға жауап беруі
|
Кім белсенді
болды.
|
Қорытынды бағалау
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
9-сыныпта өткізілген «Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді» тақырыбында өткізілген тренинг-сабақ (11 наурыз, 2015 ж.)
Сабақты шеңбер бойымен тұрып, «Танысу» ойынын ойнайды: Орама жіпті бір-біріне кезектесе лақтыра отырып, өзінің есімі мен сүйікті хоббиін айтады. Содан кейін «Сен зерексің», «Сен талаптысың», «Сен дарындысың» және «Сен алғырсың» деген сөздер жазылған стикерлер бойынша 4 топқа бөлінеді.
«Шаттық шеңберінде» өз есімдеріне ахроным құрастыру арқыл сабаққа дайын болды.
Орындарына отырып, өз тобының атын параққа жазып қояды және топбасшысы мен уақыт сақшысын сайлап қояды. Осыдан кейін мен топ ережесімен таныстырып, сабақ мақсатын айттым. Сабақтың проблемасын айқындау мақсатында оқушыларға «Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?-деген сұрақ бердім. Әр топ белгіленген уақыттан соң, өз тобының мүшелері мен ақылдаса отырып, берілген сұраққа жауаптарын берді. Әрине оқушылар, әрекет арқылы көп жетістікке жетуі мүмкін екендігін түсінетіндерін айтып өтті. Содан кейін бүгінгі өтілетін тренинг-сабақтың тақырыбын айтып, таныстырдым.
Сабақтың негізгі мақсатына жету үшін оқушыларға бірнеше тапсырмалар бердім. 1-тапсырма: «Синквейн» әдісін қолданып, «Алгебра», «Математика», «Геометрия» және «Тригонометрия» сөздеріне «Бес жолды өлең» жазу.
Оқушылар бірінші тапсырманы өте үлкен қызығушылықпен, жақсы әрекетпен орындады. Тамаша өлеңдер жазғанының куәсі болдым.
«Ой қозғау» кезеңінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін тексеру мақсатында өмірден алынған «Бес сом» деген логикалық сұрақ бердім? Оқушыларды құзырлылыққа тәрбиелеу және функционалдық сауаттылығын дамытуды қалыптастыратын, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан сыни ойлау арқылы жауап таба білуге үйрететін тренинг кезеңінен қалай шығып кетуін тексердім. Әртүрлі жауаптар айтылды, дұрыс жауапты алгебраға қызығушылығы жоқ оқушым Ерхан деген бала тапқаны барлығын таңқалдырды. Әрине, біз баланы тек білімділікке емес біліктілікке де тәрбиелеуді ұпытпауымыз керек. Келесі тапсырма: «Миға шабуыл» әдісі бойынша слайд арқылы 4 сұраққа жауап беру керек.
«Сөздің мағынасын тап» кезеңінде барлық топқа бірдей сұрақ берілді. Бұл сұраққа топтық жұмыста бірлесе, ақылдаса отырып, екі топтың оқушылары дұрыс жауапты тауып айта алды. «Талаптылар» тобынан Сейілхан және Айжандар, ал «Зеректер тобынан Ерхан, Бақдаулет сынды оқушылар осы сабақта ерекше әрекеттерімен көзге түскенін атап өткім келеді.Сергіту сәтін екі рет өткіздім. Біріншісінде «40 секунд» ойынын ойнаса, екішісінде « Суретте кім бейнеленген?» сұрағына слайдта бейнеленген суретте кім бейнеленгенін әркім өздері көрген бейнені айтып береді. Келесі тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беру «Кім жылдам?» ойынын ойлап, ойнау. Берілген 10 сұраққа жауап берілді. Соңғы тапсырма «Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді» тақырыбында эссе жазу еді. Бұл тапсырманы да, оқушылар үлкен жауапкершілікпен атқарып, кейбіреулері өз жазғандарын оқып берді.
Эссе жазу сабақтың бекіту кезеңі болды. Сабақ соңында әр топбасшы өз тобындағы оқушыларды қалай бағалағанын айтып өтті. Содан сабақ туралы ой-пікірлерін рефлексия парақтарына түсірді.
Тренинг сабағынан көріністер:
Тренингтің жағымды жақтары: Оқушылар топтық жұмыста өз беттерінше және бір-бірімен ойласа отырып жақсы жұмыс атқарды. Сөз емес әрекет арқылы үйрену маңызды екендігі туралы өз ой-пікірлерін жеткізуде көпшілік атсалысты. Оны өз әрекеттерімен атқарған жұмыстарымен дәлелдеп отырды. Ең негізгі атап өтетін қуанышты жағдай – математика сабақтарында қызығушылығы төмен оқушылар белсенді әрекетте болды. Әсіресе, ұл балдар өз ойларын жақсы жеткізуге және тапсырмаларды қызығып орындауға белсене араласты.
Достарыңызбен бөлісу: |