Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байтуғанова Қарашаш Төлеуқызы
|
Сабақ тақырыбы
|
С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.1.1.1 «Шәкірт ойы» шығармасының жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
|
Сабақ мақсаты
|
1. «Шәкірт ойы» өлеңінің мазмұнын түсіну;
2. «Шәкірт ойы» өлеңінің фабуласын анықтау;
3.«Шәкірт ойы» өлеңінің жанрына композициялық талдау жасау;
|
Бағалау критерийі
|
-өлеңнің мазмұнын түсінеді;
-өлеңнің фабуласын анықтайды;
-өлең жанрына композициялық талдау жасайды,
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты термин:өлең құрылысы, шумақ, тармақ, бунақ, буын
Сөздік қор: надандық теңізі, бейнет,қараңғы
Диалог үшін пайдалы тіркестер:
Автор нені айтқысы келді?
Оны шумақтардың қай тұсынан көре аласың?
|
Құндылықтарға баулу
|
Өлеңнің мазмұны оқушыларды өмір бойы білім алуға шақырады.
Оқушылар топпен жұмыс жасауда қарым-қатынас жасауға, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады
|
|