Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010


-жаттығу. Есімдіктерді тауып, олардың басқа есім сөздерге ұқсастығын, айырмасын айқындаңыздар



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі266.5 Kb.
#124140
1   2   3   4

4-жаттығу. Есімдіктерді тауып, олардың басқа есім сөздерге ұқсастығын, айырмасын айқындаңыздар.

Сонан қанша жол үстінде қонтын, я түстенетін ауылға кеп, алдынан иттер үріп шыққанша селт етпейді. Еті қызған семіз аттың бүкіл денесі қырауытып пыр-пыр пысқырады. Сары табан қарды сом тұяқтар күтір-күтір басып, бұның өзі біле бермесе де, бірақ бұны жақсы білетін әлдебіреудің қорасына кіріп көшір жігіт хабарлас қылады; кешкі асын қызыл іңірден ішіп болысымен жатып қалған үйдің шамы жылт етіп, соқыр терезе ішкі жағынан сәулеленеді. Терезе алдында әлдекім ерсілі-қарсылы жүргендей болады. Әрнеге бір бой ұрып, күш-қуатты шаша беруге болмайды. Иә, тағдыры, тілек-мақсаты, жүрегі бір жандардың ой-пікірі әрқашанда бір жерден шығады. Кейбір өзі білмейтін қииын сөздерін ұстап қалады. Бүгінгі жігіт Оспан мен аңғал мінезді бала Оспанның екі арасында әлденеше жылдар белесі жатыр екен.


Тапсырма

Есімдіктің зат, сын, сан есімнің орнына жүретін бірнеше мысал жаз. Олардың тіркесу ерекшелігін түсіндір.
8 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты: Етістік туралы зерттеулер. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан түрлілігі дара және күрделі етістіктер. Етістіктің грамматикалық категорияларын, етістіктің синтаксистік қызметі.

Студент нені меңгеруі тиіс: Етістік және оның түрлері мен грамматикалық категориялары, олардың өзіндік ерекшеліктері мен жасалу жолдары. Етістіктің синтаксистік қызметі.
1-жаттығу. Мәтіндегі етістіктердің морфологиялық көрсеткіштерін тауып, атқарып тұрған қызметіне қарай талдаңыздар.

Өзі жеңіл балаға оңай көнгісі келмей, қанша қырсық жасаса да, Оспан жығылмай қойған. Оның бағана Смағұлға мақтанғаны да сол. Қазір желі басында қалғанда, Оспанды бөгеген сол ақ тай болатын. Тай ежелгі асаулыққа салып, тағы мөңкіді. Баланы жыға алмаған тайала қашып, шаба жөнелді. Ол өзі ағызып келе жатқан тайды онан сайын борбайлап, басқа-көзге төпеп, жосытып отырып Абайларды қуып жетті. Ақ тай Оспанның ырқына әлі көніп болған жоқ екен. Ағызған күйінде сыңар езулеп, мойнын бұрып, қырындай шауып кеп, бар денесімен Тәкежанның құла бестісін қойып кетті.

Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Алғаш кеп түскен бір беттен жылжымаса да, сол алаңның өзінің жемісін де мойыта алған жоқ. Жегеннен асқанды тақия, тымақ, дорба, қалталарға да сықап жатыр. Бір мезгілде бар баланның құлағына ап-айқын боп дүрілдеген қалың үн келді. Абай бұл дүбірдің мәнін ұққандай, саспай ғана Шыңғыс жақтағы бір белеске қарап отыр екен. Тай-құнандар бастарын тегіс көтеріп, үйірсек үнмен шұрқырай бастады. Балалар аттарына мінісіп, беттерін ауыл жаққа бұрғанда, жаңағы жылқы асқан белден асып, ойға таман түсіп келе жатқан қалың көш көрінді. Он бес түйені тізген бір көш өзге нөпірдің алдын ала оқшау шықты (М. Әуезов).

2-жаттығу. Етістік түбірге үстемеленген әрбір көмекші морфемаға сипаттама беріңіздер.

Құдайберді мен Қамысбай бұл бұйрықты ести сала тебіне жөнелісті. Ұзын бойлы, қыпша бел жас жігіт Құдайберді мен кең жауырын Қамысбай ойға түсе бере, көштің алдын көлденеңдеп, жарысып барады. Бұлар араласқан топтан бір-екі кісі дереу сытылып шығып, жалғыз төбеге қарай желе текіректейді. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп қамшылап, асыға жүріседі. Құдайберді арғы шеткі көшке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды. Қоңыр күздің бүгінгі күні желсіз, тынық. Барлық жиын жаңғыз төбені дүрс-дүрс басып, Шыңғысқа қарай тартты. Алды аяңдап, арты желіп отыратын ұзын торы ат өзге жиынның барлығын еріксіз бүлкектетіп, желдіріп келеді. Қазірде Құтжан бейітінің екі жағындағы жаңа қабірлер Қодар мен Қамқанікі болатын. Қаратай танып келеді, Бөжейдің түп есебінің көбін Құнанбай бұзып кетті. Үлкен ақ үйдің жанында жүндес сары ала төбет тілін салақтатып, аузын арандай ашып, қатты солықтайды. Барлық жұрт түңліктерін жауып, іргенің көбін белдеуге шейін шалқита көтеріп, түріп тастапты. Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Сырттап бара жатқан Тоғжанның арттан көрінген мүсіні де өзгеше екен.Атқа отырысының өзінде де бір нәзік-еркелік пен соншалық биязылық, мықтылық та бар сияқты. Жылтырап өрілген жуан бұрымдарының ұшында үлкен шолпы ырғала түсіп, шылдырап барады (М. Әуезов).



3-жаттығу. Төмендегі жұрнақтар арқылы туынды етістік жасап, сөйлем құраңыздар.

- ай, -ей, ық, -ік, -кер, -гер, -қар,- ар, -ер, -т, -дас, -а, -е, -ла, -ле, -ыра, -іре, сы, -сі, -сын, -сін

4-жаттығу. Мәтіннен салт етістікті бір бөлек, сабақты етістікті бір бөлек көшіріп, олардың неге салт, сабақты болуын түсіндір.

Әкем менің жан еді қарапайым,

Демейтін жұртты ауызға қаратайын.

Ешқашан бірақ көптен қалған емес,

Көрген сол соғыстың да талапайын.

Татқан ол ашаршылық дәмін де ерте,

Қайырып бал дәуреннің әнін келте.

Панасы бір әулеттің болған дейді,

Еңбегін етіп-кеме, жанын – желкен.

Тілдесем рухыңмен қиналғанда,

Көңілде алуан сауал жиналғанда,

«Жаңылма кісіліктен, -дейтіндейсің,-

Ысырап іс болмайды иман барда» (Е. Шаймерденов).

Алғаш келгенімде бәрі де шетінен білімді, ақылды көрінген балалардың біразынан озып та кеттім. Күз өтіп, қыс болды. Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті. Осы кезде біз қысқы демалысқы шықтық та, ауылға тағы оралдым. Адам алыста көп жүре берген соң ба, ауылды көп ойлай бермейді екен (Д. Исабеков).




9-практикалық сабақ.

Тақырыбы: Күрделі етістіктер.

Сабақтың мақсаты: Күрделі етістіктер жүйесін, олардың түрлерін меңгерту.

Студент нені игеруі тиіс: Етістіктің күрделі етістіктер жүйесі, көмекші етістіктер, олардың түрлері.

1-жаттығу. Көмекші етістіктерді тауып, көмекші етістіктің қай түрі екенін ажыратыңыздар.

- Сіз отыра тұрыңыз, шай әкелейін,-деп Жанар сылтауратып ас үйге жүгіре жөнелді. Осыдан келмей қойды. Назар шыдамсыздана күтіп, тістеуік аттай кіржіңдеп қалумен отырған. Бір кезде Жанар кеп, Назардың алдына шай қойды. Назар тағы да Жанарға тақала отырып, құрықтай мойнын созып, құлағына құпиялап сыбырлап жатыр.

Жолаушылар алдынан қатқыл жел соғып, күн күркіреп, недәуір қалың жауын келе жатыр еді. Осыны аңғарған соң Абай «көз байланбай елге жетіп көрейік» деп, жүрісті тағы қатайта түсті. Күрең төбелдің сар желісі еді. Омыраудан соққан салқын жел күреңнің белін көтеріп, желігін арттыра түсті. Шалдыққаны білінер ме екен деген күдік күшейген кезде, күрең төбел тіпті егесе түскендей. Ауыздығын шайнай беріп, басты да шұлғып, пысқыра жер сүзіп те қояды. Абай басын қатты тартып, тежеп отырмаса, өршелене түсіп, шаба жөнелгісі келіп, оттай жанып келеді (М. Әуезов).

Ақтөбе күні осындай еді. Ол күнге сыр мінез қала сыртын төсеп тұрса да, ішінен айласын да істеп жатты. Құм боранды қайта серпетін еңсесі биік ақ үйлердің иығы шыға бастаған. Түн ортасы ауа тоңа бастадым, мылтығымды қарағайға сүйеп, екі қолымды жеңіме қусырып, бұйығып отырғанмын. Таң бозарып атқан екен. Бетін қағып, меселін қайтармауға тырысатын әже Сәукеле әңгімесін сол арада айтқан еді.Артынан жау қуған Ғиззат Гүлсәнәні көтеріп алады.



  • Әже, мынау өзіміздің...-деп ұмтыла бергенде Балзия оның иығынан тартып қалған.

  • Осы тұс болар, -деп, өзімен-өзі ақылдасып, кеңескендей баяу күбірледі де, енді суық самал үрлеген тау бөктерін бетке алып, жолсызбен жүріп кетті (С. Жүнісов).


2-жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді табыңыздар.

Ызалы Көкжалдың араны ашылып кетті. Жылы қаны иісі мүңкіп барады. Ол бар жинап алып атылды. Сабалақ сорлы тұра қашуға үлгере алмай қалды да, тек шақ еткен дауысы ғана шығып, Көкжалдың аузына ілікті. Арлан қасқыр соншалық жылдам секіріп түскен жерінен және тез бұрыла берді. Сол кезде әлдене гүрс етті де, құлағы тарс бітіп қалды. Бауырын ыстық бірдеңе күйдіріп, тіліп өтті. Көкжал аузындағы күшікті де ұмытып «арс» етіп, өз бауырын өзі қапты. Күшік зыта жөнелді. Қапыда айрылған күшікке аузын ашып, қайта ұмтылғанда, үй жақтан өзіне қарай тура тартқан адамды көріп еді. Құдайберді мен Қамысбай бұл бұйрықты ести сала тебіне жөнелісті. Ұзын бойлы, қыпша бел жас жігіт Құдайберді мен кең жауырын Қамысбай ойға түсе бере, көштің алдын көлденеңдеп, жарысып барады. Бұлар араласқан топтан бір-екі кісі дереу сытылып шығып, жалғыз төбеге қарай желе текіректейді. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп қамшылап, асыға жүріседі. Құдайберді арғы шеткі көшке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды. Қоңыр күздің бүгінгі күні желсіз, тынық. Барлық жиын жаңғыз төбені дүрс-дүрс басып, Шыңғысқа қарай тартты. Алды аяңдап, арты желіп отыратын ұзын торы ат өзге жиынның барлығын еріксіз бүлкектетіп, желдіріп келеді. Қазірде Құтжан бейітінің екі жағындағы жаңа қабірлер Қодар мен Қамқанікі болатын. Қаратай танып келеді, Бөжейдің түп есебінің көбін Құнанбай бұзып кетті. Үлкен ақ үйдің жанында жүндес сары ала төбет тілін салақтатып, аузын арандай ашып, қатты солықтайды. Барлық жұрт түңліктерін жауып, іргенің көбін белдеуге шейін шалқита көтеріп, түріп тастапты. Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Сырттап бара жатқан Тоғжанның арттан көрінген мүсіні де өзгеше екен.Атқа отырысының өзінде де бір нәзік-еркелік пен соншалық биязылық, мықтылық та бар сияқты. Жылтырап өрілген жуан бұрымдарының ұшында үлкен шолпы ырғала түсіп, шылдырап барады (М. Әезов).


3-жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді тауып, күрделі етістіктерді кесте бойынша теріп жазыңдар.

Дастарқанды тез жинап, самауырды көтеріп, Ақбала далаға шығып кетті. Күні бойы уайым, қайғымен ас ше алмай, кешке екеуден-екеуі оңаша мұңдасып отырған үстіне бір жігіт кіріп келді. Ызалы Көкжалдың араны ашылып кетті. Жылы қан иісі мүңкіп барады. Ол бар күшін жинап алып атылды. Сабалақ сорлы тұра қашуға үлгере алмай қалды да, тек шақ еткен дауысы ғана шығып, Көкжалдың аузына ілікті. Арлан қасқыр соншалық жылдам секіріп түскен жерінен және тез бұрыла берді. Сол кезде әлдене гүрс етті де, құлағы тарс бітіп қалды. Қапыда айрылған күшікке аузын ашып, қайта ұмтылғанда, үй жақтан өзіне қарай тура тартқан адамды көріп еді.

Ұлпан үйге сәлем етпей кіріп еді. Төр жақта Есенейге жақын төрт-бес ақсақал отыр екен, Ұлпан оларға да сәлем етпей, Есенейден аз-ақ төмен барып отырды. Манадан бері Ұлпан не істесе соны істеген Шынар төрге шығуға іркіліп қалып еді, Ұлпан- бері кел!-деді. Шынар амалсыз үлкен үйдің төріне шықты. Қызарып кетіпті, көзін көтермей, есікке қарай бір қырын отырып қалды.. Шынардың қасына Несібелі бастаған құдағилар отырды (Ғ. Мүсірепов).


Күрделі етістік

Құранды етістік

Ауыспалы көмекші етістік арқылы

Тұрақты көмекші етістік арқылы

Тұрақты көмекші етістік арқылы

Ауыспалы көмекші етістік арқылы



4-жаттығу. Болымсыз етістіктерді тауып, олардың жасалу жолын сипаттаңыздар.

Еденін қи аралас балшықпен майдалап сылаған үйдің тап ортасына келіп, сұлық тұрып қалған Балзия үн қатпады. Атымтайдың көзі қалыңдығының ашулы, әрі қайғылы жүзіне түспесе де, жасырыбай шалқақ ұстаған ішіне түсті. Трашпанның талдан тоқылған қорабына қатар отырған екі құрбы орта жолға дейін бір-біріне тіл қатыспады. Балзия, мен әкейді қойысуға бола алмаймын. Сендердің алдарыңа енді ешкім кесе көлденең тұра алмайды. Біздің шешелеріміз ғой, біз көргеннің, біз білгеннің бірін көре алмай, бірін біле алмай, көрбала боп өтті. Екі көзін аттылардан әлі алған жоқ. Мынау көрген – көрген емес (С. Жүнісов).

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тырыспа,

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер.

Бұрынғыны қуыспа

Ақың болса біреуде

Айыбын тап та ала бер,

Ерегісіп ұрыспа.

Сенікі жөн болса да

Атың шықпас дұрысқа.

Мінезі жаман адамға

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен,

Жалған айтып суыспа (Бес ғасыр жырлайды).


10-11-практикалық сабақ.

Тақырыбы: Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.

Сабақтың мақсаты: Етістіктің грамматикалық категорияларын, олардың түрлері мен жасалу жолдарын меңгерту.

Студент нені игеруі тиіс: Етістіктің таза және лексика-грамматикалық категорияларын, олардың түрлерін.

1-жаттығу. Мәтіннен етістерді тауып, түріне, мағынасына қарай ажыратыңыздар.

Оспан ауылына жиналған «ел ағалары» көп кріспей, тез келіскен. Жүз қаралы тұсаулы атты өрттен қашырғандай үркітіп, тоқытып, секіртіп дүрілдете қуып отырып, үлкен ат қора, қой қора, түйе қоралардың қақпаларына тықпалаған. Сейітқаннан шошып қалған семіз аттар алдарына от пен су тұрса да, бөгелместей, жөңкіліп кеп, жаңағы қоралардың қақпаларына қақтығыса, таласа ұмтылысты. Сержан тап беріп, көп қағазды, будыраған қалың кітапты Базаралыға ұстатты. Базаралы осы қыста көшіртіп алып, ауылдың барлық жас-кәрісіне естіртіп оқытып жүретін Абайдың өлеңдері болатын. Қатты өзгеріп, жат толқынға түскен Абай әлі оңалған жоқ. Құлағы мен ынта-пейілі тыста. Жалғыз бр үнде. Алғаш шапшаң түрегелген жерде буын-буыны қалтырап, жығылып қала жаздады. Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті. Бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ. Бір тұман, түс ішінде, алдағы бір ғана сәулеге асығып, қалтырап, ұмтылып бара жатқандай. Оқшау, сұлу ән үзілген жоқ. Содан құлағын алмайды. Көңіл дені соған ауып, ұйып қапты. Есікті қалай тауып, үйден қалай шыққанын да білмейді. Тысқа шыға сала Абай тымағын жұлып алып, ән шыққан жаққа бар сүлдерімен ұмсына түсіп, қатып, жабысып, тыңдап қалды. Ән – «Топай көк» (М. Әуезов).

Бұлардың қазақша бітімге келтірмейтінін Игілік өзі де бір жола түсініп, іркілмей отыр. Күлзипа тәлімсіп жеңгесінің құлағына сыбырлап, сыңқылдап күлісті. Еркебұлан өзі екі жет бойы ел аралап, әр жерде жиналыстар өткізді. Қулық-сықақ айтысып, әлдекімдерді мазақтасып отыр. Керексіз жерде-ақ сықылдап күліп, қарға адым жерден айғайлап сөйлестік. Түсінбегенсіп, мылқауымсып, нысананы дәл көздеп, оғын аңқау даланың жүрегіне дәл тигізіп отыр (Ғ.Мүсірепов).

2-жаттығу. Есімшелерді тауып, жұрнақтың мағынасын түсіндіріп, шақтық мағынасын ажыратыңыздар.

Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ. Көкшені анасындай сағынатын еді. Қайт, шырағым, ауылға ренжіткенімнің алды-арты осы болар... Көп жасаған емес, көп көрген білер. Ботакөз араларына келгенге шейін, олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын да еді. Жерді көп жыртамыз, тарыны көп алармыз, таласпаймын. Еңбегің жанса, оған да көнерсің. Бүгінгісін аз көріп, елемей өте шыққан. Көзінің аласы үлкейіп, өңі күрең тартқан. Үйіңе бар да, неше жыл қызмет істегеніңді, қанша ақың кеткенін есепте, арызыңды алып кел. Ақыңды бермей, еңбегіңді жегені қалай, ол сені аяғаны ма? Жерді қатты дүрсілдетіп, желе жортқан үш жігіт жолында тұрғандарды киіп-жарып, осы топқа қарай жақындай түсті. Біз әлі қозғалғанымыз жоқ. Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың. Ол бағзы бір бос белбеу болжырларды беттен арс етіп, анда-санда ғана бір-ақ алып тастайтын, сонда асқан аты шулы жалқаулардың жағысан жыртуға оның осы зекуінің өзі де жетіп жататын. Абай бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді. Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық.


3-жаттығу. Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Кәкітай олардың күлкісін біраз еркіндетіп жіберіп, екі көзі күлімдеп, өзі де лекіте күлді де, енді жауаптасып, дауға кірісті. Ербол төреші болғандықтан, енді жұрттың бәрі жаттап алған төрттікті өзі тағы бір айтып, аз ойланып бас шайқады. Көпке түсініксіз түрде бірталай үнсіз тұрып қалған Абай бір кезде денесін бұрмай, оң қолын ғана көтеріп, артына қарай қайырды да, жігіттерге белгі етті. Қазірде сығырая түсіп күн салып қарады, бір нәрсені болжап алды да, үнді даусымен көтеріле сөйледі. Әлі де шабытты, желікті Дәрмен енді балаша бір қуаныш білдіріп, астындағы ақ бедеуін өзі дағдыландырып, үйреткен қалпына салып, шаужайлап, тебінгенде ақ бедеу мұның қуанышын қостағандай, шапшып, қосаяқтап шаншылып тұрып қалды. Лақтай бір дуадақты сары ала жүнін жарқылдатып басып қалған бір қаршығаның үстіне ағызып жетті де, тымағын бұлғады, арттағыларға айқай салды. Көшкен елдің қалың селін өткізіп жіберіп, енді осыған орақ салармыз дегенде, мынаған кездесіп тұрғамыз жоқ па? Әбді шапанын жұлып тастап, балғын денесі мызғымай, ең шеткі озғын орақшының алдына нық басып тұрып алды. Ол үй ортасына сары қидың отын жағып, үлкен қазан көтеріп, жаңадан сойылған тайдың етін түстікке асып жатыр. Тағы бір толқын ойда Абай “кетер ме еді осылардан”, “бөгде бір ел-жұрт, дұрыс орта іздеп кетер ме еді?” деп ойланды да, өз ойына өзі мысқылмен қарады. Әйгерім отқа жақындап отырғандықтан, өңі ажарланып, балқығандай қызара түскен. Кейде өздері айтысып кеп тоқтасады да, көбінше дау-дағдарыспен Абай алдына келіп, сонда бірге кеңесіп, бірдемеге келісетін. Сондықтан бүгін тағы сол сордың аты шыққанда, кедей-кепшік асын іше алмай, жүзі жүдеп, ет-жүрегі қобалжып, тыныштықтан айрылды. Ол осы ауылдарға кеп түскенде, қасына ере келіп, Қызылқайнардағы ауылдардан асығыс лау мініп Ақтомарға, Бөкеншіге қарай құйықтыра, құтыра шауып өткен атшабарлар болған. Неше жылдан бері недоймке төлемейді, патшаның алымын бермейді, қарын шашы алынбай құтырып алған ел – Шыңғыс. Табалдырықтан аттап, ақырындау үнмен сыздана сәлем берген Әзімбай Абайға бір ғана рет салқын қарап жалт етті де, төрге қарай адымдады. Оыс қалыпта Әйгерім мен Зылиқа шай жасамақ болып еді, үстел басына барлық жұрт сыймайтын болған соң, Абай үстелді жиғызды да, ұзын кең дастарқан кілемге жазылды (М. Әуезов).



4-жаттығу. Есімше мен көсемшенің, етіс тұлғалы етістіктердің синтаксистік қызметін анықтаңыздар.

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе жүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп адам болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде, шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап, ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп, қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтын елге сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады (Абай).

Ұлпан өртеніп жатқан қыстауына жеткенде үлкен үйі түгел жанып жатыр екен. Кепкен қарағай біресе ысқырып, біресе үнсіз балқып жанады. Барлық ауылдың пішеншілері келіп қоршап тұр. Әсіреп ық беттің шөбін өртетіп, өрт алдынан қарғаша жасап қуалай сөндіріп жүр. Жиырма шақты жігіт балғын жас қайыңдарды қырқып әкеліп, қаттап жиналған қарағай бөренелердің үстіне лақтырады. Салынып жатқан үлкен үй түс ауа жанып болды. Лапылдап жанып маңайына жолатпаған бөрене қабырғалар құлады да, жанып кетті (Ғ. Мүсірепов).

5-жаттығу. Етістіктерді райдың түріне қарай ажыратыңыздар.

Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызды, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады. Мен екі жағының сөздерін ұғынып, өз көңілімше әділдігін топшыладым да, “Бөлек былай болсын” деп жүріп отырдым. Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғалды да, есік жақтағы шетінен шолпы сылдыры естіліп, Тоғжанның әсем бойы көрінді. Тоғжан қолындағы торғын көрпені кеудесіне көтеріп, баурына қысыңқырап тұрды да, келіншекке әдеппен ғана бұйрық етті. Ақ тайға ес жиғызбастан қайта қарғып мініп алды да, борбайлай қамшылап, құйғыта жөнелді. Әйелдерді осы үйге қалдырды, еркектерді бөлек оңаша үйге апарып, қаралы ауыл қонақ етті. Ұрыс-қағыс басылып, тіршілік сабасына келгелі жұрт Жидебай, Мұсақұл сияқты қыстаулардан кеткен, ойға қарай ілгерілеп, көшіп келе жатқан. Абай Ордадан шығып, дәл Қарауылға жеткенше, түстік жерге барғанша айықпай, айнымай жыр шертті, өлең тебірентті (М. Әуезов).

Амантайдың жігітке көмектескісі келеді. Ұзақ түн аңдысаң, алмай қоймассың. Көңіл тойса, тамақ тоятын. –Атқа, атқа, қоныңдар!-дескен үндер естілді. Менің аралап қайтқым келеді. Асқардан келген жұмыс болса, оның соңына Итбайдың жарық ап түскісі келді. Тырнадан әкім қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес деп, қиқудың зорын бұлар әлі шығарыңқырар. Соны тек бір қайырып айтсаңыз екен. Жоғары шық, Әбіш, отыр. Қыздың бүгін Абайдан сыр іріккісі келмеді. –Сақ бол, бала, арттағы көлік бөлініп, тұрып қалмасын, оны да қара, ілгеріден өзің де қыл елі қылма,-деді.

6-жаттығу. Қалау және шартты райлы етістіктерді тауып, жасалуына талдау жасаңыз.

Ол Жанардың кешегі арамдық ісін де ақтағысы келеді. Істің мән-жайын түгел білгісі келіп, сұрап та қойып отыр. Ауыстырып жіберсе екен. –Келешегінен не шығатынын қатты білгім келеді!-деген. Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбыктің сөйлеткісі келді. Сайлауға келген ұлық әуелі сол сайлау жағынан бастаса игі еді. Абайдың бұл ауылдан кеткісі келмеді. Бұл жігітті бір күнде оқытып шығарғың келе ме? –Ататын болса, тезірек атып, құрса екен,-деп Қанипа сарайдың есігін мылтығының дүмімен сарт еткізіп, соғып қойды. –Бір көрсем арманым болмас еді,-дейтін еді, ол әкесін сағынғанда. –Қалқам-ай, неге тұрдың, ұйықтасаң еді!-деген Айбала. –Ал, анау үлкен жеріңіз туралы бармасам да, барғанға жуық қанық болдым!-деді. Бізді ойламасаң да, соларды ескер-деп күлген-ді. Қарсы болмасаңыз, мен өзім ада қылайын. Онда жұмысым болмаса да, сенің де менде жұмысың болмасын. Дауылдың алдынан өзің шықпасаң, біздің буын-буынымызға дейін дірілдеп тұр. Бірақ алыс жүрсе де, сол Абайда ақыл мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін әкесі танитын. Енді сол Төлеубекті шаршап келсе де, жібергісі келмеді. Далаға шыға келсем, Алманияз мырзаның үйіндегі қызметші әйел екі шелекті толтыра көмір алып бара жатыр екен.



7-жаттығу. Ашық рай етістіктерді шақтың түріне қарай кесте бойынша жіктеп жазыңыздар.

Апасы бәрін түсінетін. Осы сезімін сыртқа шығарудың жолын таппай, апасын құшақтап, күлімсіреп ұзақ отыратын. Бұл ауылдан Құнанбай қасына кеткен Тәкежан ғана болатын. Құнанбай ерте көшсе, Уақтың жерін шаба торитын. Шығанақ бұдан бұрын талай рет ауызша есептеп, қорытынды шығарып қойған. Ол кеткен соң, Шығанақ орнынан тұрды. Шығанақ та абайламапты. Ақырындап басып, баласының бетін байқағалы келді. Солардың алдынан шығып, бәрі қоса шауып келеді. Мен сендерге осымен төртінші рет дәм әкеліп отырмын. Бүгін түнде Амантайды өлтірмек. Қожантайдың қимылы оған күдікті көрінетін де тұратын. Қалаға жақын елміз, араласып жүрміз. Жақында елден кісі келер. Осының бәрі көңілінде сайрап жатыр. Ол Шығанағыңыз мен боламын. Үй-үйінде қалып қойыпты. Таудың биігінде ара-тұра сайлар кездеседі. Ө­зімен-өзі болып төмен қарап отыр. Салтанаттың өтініші бойынша аралда, кейде әнге салып, кейде жаттай оқып, бәрін айтып берпті. Салтанат үнсіз сабырмен көп уақыт қызыға тыңдапты. Үйде жіберген суретің бар, соған қарап жатырмын. Содан кейін өртеңнің орнындай қайта тазарған жүрегі үлкен сезімге, шынайы достыққа ашық болмақ. Өртеп кетер от болса да, сол ұсынған бойында, талпынбақ та, құламақ. Екеуі тағы да үлкен қатерге түскелі тұр. Көктемнің зәрсіз желінен ауа дірілдеп тұр. Алдында ызғар шашып темірдей қарыған жат кеңістік жатыр. Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. Соңына ерген жалғыз қарасына не бермек, қандай мұра қалдырмақ?



Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Ауыспалы осы шақ

Нақ осы шақ

Жедел өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ

Болжалды келер шақ

Мақсатты келер шақ

Ауыспалы келер шақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет