Сабаққа керекті құралдар : Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар. Сабақтың барысы



бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі17.53 Kb.
#451259
түріСабақ
  1   2   3
дүниетану әдістемесі сабақ қмж


Дүниетану“ пәнінде оқу материалдарын іріктеу принциптері
Сабақтың мақсаты: Оқулыққа енетін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарды талдау арқылы болашақ мамандардың білім беруде осы принциптерді түсінуге дайындау.

Сабаққа керекті құралдар: Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар.

Сабақтың барысы:

Оқулық мазмұны оқу материалының жүйелі берілуімен тікелей байланысты. Оқулыққа енген оқу материалдарының жүйесіне сәйкес білім беру жүйесі жүзеге асады. Оқыту - оқушыларды дамытудың негізі. Білім берудің жүйелілігі, мазмұнның пән мақсатына сәйкестігі, оның өмірмен байланыстылығы оқушыларды дамыта оқыту мақсатын жүзеге асырудың кепілі. Оқулық материалдарының сыныптан сыныпқа қарай күрделенуі, мазмұн сабақтастығы және оқу әрекеттерін ұйымдастыруға қолайлылығы оқулық жүйесіне қойылатын басты талап. Оқулық қандай жүйемен берілсе де, оның жазу тілі автордың үлесіне тиеді. Осыны ескерген авторлар әр уақытта оқулық тілінің ғылыми баяндалуын, түсінікті жазылуын қадағалауға тиіс. В.Г.Бейлисон оқу материалына біріншіден ұғым, екіншіден деректер, үшіншіден белгіленген әрекеттер (деректер мен ұғымдарды меңгеру үшін) енетіндігін көрсетеді1. Осы үшеуінің оқулықтағы ара қатысын айқындау арқылы оқулықты білім берудің көзіне айналдыруға болатындығын дәлелдейді. Ұғым, дерек және белгіленетін әрекеттер әр пәннің мазмұнына байланысты белгілі бір жүйелілікпен беріледі. Мектеп оқулықтарының проблемаларын сөз еткенде бұл мәселеге соқпай кететін авторлар кемде кем. Солардың бірі Н.Сосницкий оқулықтағы оқу материалдарының берілуін бірнеше жүйеге бөледі. Олар - тізбекті не сызықты, сатылық, мақсатты және қоршаған ортаға байланысты жүйелілік т.б.

Осылардың ішінен тізбекті, не сызықты жүйелілікті алып қарасақ, мұндай тұрғыда берілетін материалдар үнемі бірізділікпен алға қарай жылжи дамып, бір бағытта бірінен біріне өтіп отыруға тиіс. Сызықты жүйеліліктің бір тұтастықты құрайтыны оның атынан да белгілі. Тура тартатын тізбектің бір бөлігін алып тастасаң, арасы үзіледі. Мұндай жүйелілікте берілген материалдың мән-мазмұны да бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да оның әр бөлімін оқып өткенде еске сақтап меңгере отырып, келесі жаңа бөліммен міндетті түрде байланыстыра оқыту талабы қойылады. Мұндайда тізбек ішінен негізгісін тауып, басқа алған ұғымдарын осы негізге бағындыра білу мақсаты туады. Мұндай күрделі талаптар мен міндеттерді жүктейтін жүйелілік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай келе бермейді.

Психологтардың пікірі бойынша - бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау көлемі тар, шағын. Сондықтан тізбектің бір бөлімін ұмытса, басқа бөлімдерін меңгеру қиынға түспек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет