Сабақта тиімді кері байланыс ұйымдастырудың түрлері


Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектестін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады; Мұғалім



бет3/3
Дата22.02.2023
өлшемі42.04 Kb.
#469916
түріСабақ
1   2   3
Баяндама сабақтағы кері байланыс түрлері (1)

Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектестін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;

  • Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б.) өзгерістер енгізу көмектесетін мәліметтер алады.

  • Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады дей аламыз.

    Кері байланыстың түрлері, формалары мен әдістері
    Мектеп мұғалімдер арасында жиі қолданылатын кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі. Одан басқа кері байланыс түрлеріжағымды жәнежағымсыз түрде жүргізіледі әдістері болады.
    Кері байланыс формалары мен әдістері өте көп: мысалы ауызша талдау, талқылау; жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайлктер, оқушының бойында, ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді ролдік ойындар арқылы сезінуі (жаңа білім алу, өзін-өзі тануы, көңіл-күй, белсенділік немесе селкостық таныту деңгейін анықтау үшін түрлі тренингтер ұйымдастырамыз. Сондықтан жалпы кері байланыстын түрін формасын таңдау мұғалімнің өз құзырында әрине.
    Кері байланыс техникалары. КБ техникалары өте көп сонын ішінде ұсынып отырған мыналар:

    • Жазбаша тұсінік беру

    • Бақылау

    • Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақ/

    • Жаппай /фронтальді/ сұрау

    • Сұрақтар

    • Кері байланыс күнделігі

    • Өзін-өзі бақылау дәптері т.б.

    • Бір минут эссе

    • Мини –тест

    • Екі жұлдыз бір тілек

    • Қалыптастырушы тест т.б.

    Осы техникаларының ішіндегі арнайы тоқталып кетіп отырғаным. Мен өз сабағымда қолданамын өте тиімді «Кері байланыс күнделігі» жүргізіп отырған оқушылар үшінде мұғалім үшін де өте тиімді.


    Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан төмендегі екі сұраққа жауап берулерін ұсынады:

    1. Мен сабақтың тақырыбын ________ түсіндім, оны ________орындай аламын.

    2. Мен ________________түсінбедім, Маған ен қиыны________________ болды. Деп бала өзінің күнделігіне жазады.

    Бұл Шакировтың формативті бағалау туралы нұсқаулықта жазылған. Сол нұсқаулықта кері байланыстын тиімді әдіс тәсілдері берілген.


    Тағы да бір техникасы «Бестік» техникасы . «Бестік» кері байланыс техникасын айта кетуге болады. Бұл техниканы төменгі сыныптарға қолдануға болады. Өйткені балалар өз қолдарының саусақтарын қағазға түсіріп, әр саусақтың- өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларың айтады:

    • Бас бармақ-мен үшін тақырып /сабақта маңызды және қызық болды

    • Сұқ саусақ- маған қиын болды.

    • Ортаншы саусақ- маған жеткілікті болмады.

    • Төртінші саусақ- менің көңіл күйім

    • Бесінші саусақ – менің ұсынысым

    Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

    Пайданылған әдебиеттер:


    1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл
    2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 2013
    3.«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы №8-9 2015 жыл

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет