Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет42/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   181
final-1

Сауалнама туралы жалпы ақпарат 
Мұғалімдердің сабақты жоспарлауға кететін уақыт шығындарының 
себептерін және сабақты жоспарлаудың тиімділігіне әсер ететін 
факторларды анықтау үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері арасында 
сауалнама жүргізді. 
Зерттеу екі кезеңді қамтыды: сауалнама және фокус-топтық 
пікірталастар. 
Сауалнама 
Сауалнамамен 300 мектептен 685 педагог қамтылды. Сауалнамаға 
қатысу үшін елдің географиялық және әкімшілік бөлінісін ескере отырып, 
барлық өңірлер іріктелді. Сауалнама үшін барлығы 17 өңір және 
Республикалық маңызы бар үш қала: Астана, Алматы және Шымкент 
қалалары іріктелді. Барлық мектептердің іріктемеге түсу мүмкіндігін 
қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру дерекқорындағы мектептердің 
бар тізімінен кездейсоқ іріктеу қағидасы қолданылды. Әрі қарай, 
кездейсоқ сандар генераторының көмегімен еліміздің әр аймағындағы 
білім беру ұйымдарының тізімі бойынша зерттеуге қатысу үшін 
мектептер таңдалды. Осылайша, 20 облыстан және Республикалық 
маңызы бар қалалардан барлығы 300 мектеп іріктелді: әр өңірден 15 
мектеп, қалалық және ауылдық жерлерден тиісінше 7-8 мектеп қатысты. 
Сауалнамаларда келесі сұрақтар қарастырылды: 
⮞ 
Сабақты жоспарлаудың төмендегі кезеңдерінің қайсысы 
бойынша сізде қиындық туындайды: оқу бағдарламасының 
мақсаттарынан сабақ мақсатын тұжырымдау / оқушыларды оқу іс-
әрекетіне ынталандыру / оқушылардың білімін өзектендіру ( өткен 
материалды қайталау) / мақсат қою, сабақтың басында сұрақ қою / 
мәселе қою / мәселені шешу жолдарын табу, мәселені шешу / мәселені 
шешуді тексеру және білімді бекіту / оқушылардың өзіндік жұмысы / 
әртүрлі деңгейдегі үй тапсырмасы / оқушылардың білімін бағалау 
(мұғалімнің бағалауы, өзін - өзі бағалау және өзара бағалау) / 
оқушылардың сабақтағы рефлексиясы? 


74 
⮞ 
Сабақ жоспарын құрудың қандай пайдасын көресіз? (сабақтың 
мақсатын толық ашуға / сабақтың барысын бақылауға / сабақ 
барысында оқушылардың іс-әрекеттерін жоспарлауға / сабаққа 
бөлінген уақытты тиімді пайдалануға / сабақта күтпеген жағдайларды 
болдырмауға / өзімнің кәсіби өсуімді бақылауға мүмкіндік береді / 
пайдасын көрмеймін, бірақ міндетті құжаттар тізіміне кіретіндіктен оны 
жасаймын / пайдасын көрмеймін және сабақ жоспарын жасамаймын). 
⮞ 
Сізге сабақтың әртүрлі кезеңдерін ұйымдастыру бойынша 
әдістемелік қолдау немесе біліктілікті арттыру курстары қажет пе 
(оқу 
бағдарламасының мақсаттарын сабақтың мақсаттарына түрлендіру / сабақтың 
басында сұрақ немесе мәселе қою / тапсырмаларды әзірлеу / бағалауды 
ұйымдастыру / сабақтың әртүрлі кезеңдерінде білім алушылар арасында 
рефлексия ұйымдастыру / сабақтан кейін өзіндік рефлексия жүргізу)

Сауалнама сұрақтары жабық және ашық түрде болды. Сауалнама 
екі тілде жүргізілді: қазақ және орыс. 
Фокус-топтық пікірталастар 
Фокус-топтық пікірталастар республиканың 10 мектебінен 55 
педагог арасында өткізілді. Фокус-топтық пікірталастың сұрақтары 
сабақты жоспарлаудағы негізгі қиындықтарды анықтауға, сауалнама 
нәтижелеріне әсер ететін факторларды талқылауға, сондай-ақ сабақты 
жоспарлау бөлігінде мектептердегі табысты кейстерді жинауға 
бағытталған.
Атап айтқанда, фокус-топтық пікірталастарға арналған нұсқаулық 
келесі сұрақтарды қамтыды: 
⮞ 
Сіздің мектепте сабақты жоспарлау үдерісі қалай 
ұйымдастырылған? 
⮞ 
Сабақты жоспарлау кезінде Сізде қандай қиындықтар 
туындайды? 
⮞ 
Сіздің мектебіңізде сабақты бірлесіп жоспарлау тәжірибесі 
жүзеге асырыла ма? Бұл тәжірибені қалай бағалайсыз? 
⮞ 
Сабақты жоспарлау бөлігі бойынша жас мұғалімдердің 
дағдылары мен дайындығын қалай бағалайсыз? 
⮞ 
Сабақты жоспарлауда әдістемелік семинарлар, біліктілікті 
арттыру курстары және басқа да осындай іс-шаралар қандай рөл 


75 
атқарады? Сіз оларды қалай жетілдіргіңіз келеді? Алған білімдерін оқыту 
тәжірибесінде толық қолдануға кедергі келтіретін факторлар бар ма? 
⮞ 
Сізге сабақты жоспарлау бөлігінде қандай қосымша әдістемелік 
қолдау қажет? 
⮞ 
Сіздің ойыңызша, сабақты жоспарлаудың нормативтік-құқықтық 
қолдауы қаншалықты тиімді (атап айтқанда, 130-бұйрық)? 
⮞ 
Мұғалімдер көбінесе күнтізбелік-тақырыптық (КТП) және қысқа 
мерзімді сабақ жоспарынан (ҚМЖ) алшақтайды ма? Олай болса, бұл 
немен байланысты? Бұл мәселені қалай шешуге болады? 
Фокус-топтық пікірталастар екі тілде жүргізілді: қазақ және орыс 
тілдерінде. Сауалнама да, фокус-топтық пікірталастар да жасырын түрде 
жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет