Сабақты жоспарлаудың білім беру үдерісіндегі рөлі
Сабақты жоспарлау – оқушылардың оқу материалын меңгеру
деңгейіне тікелей әсер ететін мұғалім қызметінің негізгі бағыттарының
бірі.
Шетелдік эмпирикалық зерттеулердің мәлімдемелері бойынша
әрбір мұғалім тиімді оқыту мен оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін сабақ
жоспарын ұстануы керек екенін көрсетеді.
Бірқатар зерттеушілер жоспарлауды «оқытудың жасырын әлемі»
және «сапаны жақсарту қызметі» деп атайды (Iqbal et al., 2021). Себебі
сабақ жоспары мұғалімге уақытты, ресурстарды, материалдарды және
оқыту әдістерін тиімді пайдалануға көмектеседі (Chickering & Ehrmann,
1996).
Сабақты жоспарлау оқу үдерісі үшін өте маңызды, себебі:
- жоспарлау шешімдері мен іс-шаралары сыныптағы оқытудың
сапасы мен сипатына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып
табылады;
- жоспарланған шешімдер мен іс-әрекеттердің оқуға әсерін
бағалауға болады;
- сабақты жоспарлау үдерісіне түзетулер енгізу шығындары өте аз,
сондай-ақ, бұл оқу сапасын жақсартудың әлеуетті құралы (Smith, 1977).
Сонымен қатар, сабақты жоспарлау мұғалімдерге оқыту туралы
түсінігін оқушылар туралы білімімен, оқу бағдарламасымен және оқыту
контекстімен синтездеуге мүмкіндік беретін шығармашылық үдеріс
болып табылады. Жоспарлау мұғалімдер үшін олар алғысы келетін
оқытуды ұсынуға және осы көзқарасты сыныпта шындыққа айналдыру
үшін оқу үдерісінің барлық элементтерін қалай біріктіру керектігін
талдауға көмектесетін құрал болып табылады.
Осылайша, сабақты жоспарлау оқушыларды оқуға және білімді
меңгеруге тарту тәсілдерінен бастап оқушылардың кері байланысының
әртүрлі түрлеріне дейін сыныптағы жұмыстың көптеген жан-жақты
аспектілерін қарастыруды қамтиды (Straessle, 2014).
Шетелдік
зерттеушілер
сабақты
жоспарлаудың
келесі
артықшылықтарын атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |