Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен



бет2/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5. Оқу және оқытудың әдістері: жаттығу жұмыстары, сұрақ-жауап, түсіндіру, оқылым, мәтінмен жұмыс, аударма, мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, эссе жазу.

Грамматикалық жаттығулар.

1. Фразеологизмдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда  қазан!

бірікті, ұйымдасты, ауызбірлік жасады

ең байлық

уақыт өткен сайын заман өзгереді деген мағынада

даңқы арта түсті

жұмысты, іс-әрекетті барлығы бірдей бар ықыласымен істеді

бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды

мол қазына, қыруар мал мүлік

бір біріне сеп болды

атағы әлемге әйгілі болды; күллі жұрт қадір тұтты

билеп алды (тұрды)

бірін-бірі түсінді, тілек-талабы қосылды

сөзінің (айтқанының, дегенінің...) жаны бар

бақыт орнаған тұрақ, жайлы мекен

жұмыла кірісті

біріне бірі көмектесті

жарастық тапты

өз дегеніне көндірді, басқарып тұрды

құтты мекен (қоныс)

айтқаны дұрыс

2. Фразеологизмдерді мағынасына қарай топтаңыз.

Синонимдер

Сөзін жерге тастамады

Сөзі түйеден түскендей

Сөзге келмеді

Сөзін қимады

Сөзі (тілі) мірдің оғындай

Сөз қайырмады

Ісі өрге басты

Салқын қанды

Мінезі ауыр

Сабасына түсу

Райынан қайту

Тасы өрге домалады

Антонимдер

Бетінен оты шықты

Жолы болмады

Сыр алдырды

Ит пен мысықтай болды

Айы оңынан туды

Беті бүлк етпеді

Араларынан қыл өтпеді

Іші тар

Басына бақ қонды

Сыр бермеді

Қолы ашық

Басынан бағы тайды


3. Сөздердің мағынасын ашыңыз.

Халықтың санының табиғи өсуі –

Халықтың санының жасанды өсуі –

Оң ықпал ету –

Қолдаулар көрсету –

Ағылған ұлы көш –

Ата мекенге ат басын тіреу –

Демографиялық ахуал –

Игі істер –

Тиімді жол –

Қарқынды жүруі –

Айықпас дерттер –

Дерттен айығу –

Тұйыққа тірелу –

Азшылыққа ұрыну –

Тепкі көру –

Шамшыл келу –

Бас ие бермеу –

Шындыққа тіке қарау –

.Санасына орнықтыру –

Жақсы нышан емес –

Бас ию –


4. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыз.

Демографиялық өсу табиғи және жасанды жолдармен ... .

Қазақстандағы халық санының өсуіне осы екі жол да ... ... .

Елімізде демографиялық өсуді жүзеге асыру үшін барлық жағдай ... .

Қазіргі кезде шет елден келген отандастарымыздың тұрмыстық жағдайы да ... ... .

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық жағдайы да қарқынды ... ... .

Оралмандарға бөлінетін квота саны да жыл сайын ... .

Демографиялық өсуге кері әсер ететін ғаламдық сипатқа ие мәселелер де ... .



5. Мәтінді оқып, негізгі ойды табыңыз.Қысқаша орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстандағы демографиялық жағдай

Халықтың демографиялық өсуінің екі жолы бар: оның бірі – табиғи өсу болса, екіншісі-жасанды, яғни сырттан келушілердің есебінен өсу. Қазақстанда қазір халық санының өсуіне осы екі жол да оң ықпал етіп отыр.

Қазіргі уақытта қазақ халқының демографиялық даму мүмкіндігі зор. Тәуелсіздік алған елімізде халықтың табиғи өсуіне оң ықпал тигізетін әлеуметтік іс-шаралар мысалы, жас отбасыларына материалдық көмек беру, оларды үймен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдаулар көрсету және т.б. жүргізілуде. Қазіргі уақытта елімізге шет елдерден ағылған ұлы көштің ата мекенге ат басын тіреп жатқаны да жақсы нышан. Жыл сайын оларға бөлінетін квота көлемі де артып келеді.

Соңғы жылдары демографиялық ахуалдың жақсаруына еліміздің экономикалық тұрғыдан дамуы, Қазақстан Республикасының «Көші-қон саясаты туралы» Заңы қабылданып, жүзеге асырыла бастауы да оң ықпал етіп отыр.

Алайда, осындай жүргізіліп жатқан игі істер оң нәтиже беруі үшін біз қазіргі кездегі демографиялық мәселелердің ең басты бағыттарын дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білуіміз керек. Бұл ретте әлемде өтіп жатқан индустриализация мен урбанизацияның жоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екені ескерілуі тиіс. Ондай мәселелр қатарына «өркениет ауруы» атанып отырған туудың азаюы, өлімнің өсуі, жанұялардың көп ажырасуы, қазіргі экологиямызға байланысты ауру балалардың туылуы немесе әйелдердің мүлде туа алмауы, айықпас дерттердің көбеюі және олардан айығудың тұйыққа тірелуі секілді жағдайлар жатады. Осындай әлемдік мәселелердің Қазақстан демографиясына әсерін, оның шешімін табудың жолдарын Үкіметтік деңгейде қарастырған дұрыс.

Өз елінде азшылыққа ұрынып, тепкі көрген ұлт шамшыл келеді. Ендеше, біз, жалған достық пен бауырмалдыққа бас ие бермей, шындыққа тіке қарап, Қазақстанның иесі - қазақ, тілі - ұлттық, діні - мұсылмандық екенін болашақ ұрпақтың санасына орнықтыруға тиіспіз. Қазақтың саны Қазақстанда азайып, қазақтың тууы төмендесе, бұл Қазақстан үшін жақсы нышан емес. Шет елдік «отбасын жоспарлау» саясаты да Қазақстан үшін аса қажет нәрсе емес.

( Интернет материалдарынан).

6.Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен тіркестерді пайдаланып«Қазақстандағы демографиялық жағдай» тақырыбына эссе жазыңыз.


7.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, жаттап алыңыз


  1. Бір нәресте дүниеге келсе, бір түп жусан артық өседі.

  2. Әр баланың өз несібесі өзімен.

  3. Балалы үй - базар, баласыз үй – мазар.

  4. Елдің ертеңі – бүгінгі нәресте.

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Қазіргі уақытта қазақ халқының демографиялық дамуына қандай мүмкіндіктер бар?.

2. Мемлекет тарапынан халықтың табиғи өсуіне оң ықпал тигізетін қандай әлеуметтік іс-шаралар

атқарылуда?

4. Жалпы демография мәселесі өзекті деп ойлайсыз ба??

5. Фразеологизмдер деген не?

6. Фразеологизмдердің негізгі белгілері қандай?

1. Тақырып №4, аталуы: Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.

Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы.Фразеологизмдер мен сөздердің мағыналық қатынасы.



2. Сабақтың мақсаты:өз ойын еркін жеткізуге, оны тұжырымдауға, ойын дәлелді, нақты жеткізе білуге дағдыландыру, мысалмен дәлелдеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып жетілдіру, ойлау логикасын дамыту.

3. Оқытудың міндеттері:

- Студент білу керек:

- сөздік қорды пайдалана отырып, дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- Фразеологизмдер мен сөздердің мағыналық қатынасын ажырата білу.

- Студент істей білуі керек:

- жұмыс істеу барысында өз ойын жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, айта білуі керек.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазіргі тұрғын үй.

2. Тұрғын үй түрлері.

3. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы.

4. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы.

5. Фразеологизмдер мен сөздердің мағыналық қатынасы.



5. Оқу және оқытудың әдістері: оқылым, сұрақ-жауап, айтылым, түсіндіру, жазылым эссе жазу, сөзжұмбақ, іздендіру, талдау.

1. Мәтінді оқыңыз, төменде берілген сұрақтарға жауап бере отырып өз ойыңызды айтуға дағдыланыңыз.

Кішілеу, шағын үйдің ішіне айнала текемет, тұскиіз ұсталған. Биік төсек орнына қалың салынған көрпесі, құс төсегі, жастық, бөстегі көп жер төсек орнаған. Абай мен Әйкерім отырған төсек алды қалың жүнді арқар терісімен жабылған. Шағын үйдің ортасын қазан-ошақ алғандықтан, бұл күнде Абай кітабын дөңгелек үстел үстіне салып оқымайды. Көбінше жер төсек ұстіне үйіле жиылған көрпе-жастыққа арқасын сүйеп, қолға ұстап отырып оқиды. (М.Әуезов)

1) Мәтінде қандай баспана сипатталғандығын айта отырып мәтінге тақырып қойыңыз.

2) Жалпы бұл баспана жөнінде не білесіз?

3) Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз

Алтын орда, Алтын үзік, Ақ шаңқан, шаңырақ, уық, кереге, босаға, үй тігу, үй жығу

2. Сұхбатты оқыңыз. Үй іші бөлмелерінің атауларын теріп жазып алыңыз, есіңізге сақтаңыз және орыс тіліне аударыңыз. «Менің пәтерім», «Егер мен үй салсам» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

- Сәлеметсіздер ме?

- Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіздер!

- Біз өткен аптада қала бойынша жаряланған «Ең әдемі үй» атты бәйгенің қазылар алқасы мүшелеріміз. Сіз жарысқа жазылыпсыз. Бүгін үйіңізбен танысуға келдік.

- Бәрекелді. Үйімізбен таныстырып өтейін

- Үйіңіздің көлемі қанша?

- Үйдің барлық көлемі 430 шаршы метр. Үйге кіріңіздер

- Төрлетіңіздер. Мынау – кіреберіс бөлме

- Кең екен

- Дәліздің оң жағында екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ бар

- Екінші қабатта қандай бөлмелер бар

- Екінші қабатта жатын бөлмелері, балалар бөлмесі мен жұмыс бөлмесі орналасқан.

- Оңға қарай жүріңіз. Бұл – біздің асүйіміз.

- Көлемі қанша?

- 28 шаршы метр

- Ас ішетін бөлменің кеңдігі жақсы

- Енді қонақ, демалыс бөлмелеріне барайық.

- Қонақ бөлменің кеңдігі 80 шаршы метр. Жиһаздарды арнайы тапсырыспен жасаттық

- Иә, бәрі де талғаммен жасалғаны көрініп тұр

- Жуынатын бөлмелеріңіз, дәретхана кіреберісте ме?

-Иә, ол бөлмелер кіреберісте.

- Үйлеріңіз жоғары талғаммен салынған екен, бөлмелері кең, жарық, төбесі биік.

- Рахмет. Сау болыңыздар.

- Сау болыңыздар



3. Сөздердің мағынасын ашыңыз

Үлескерлер –

Тұрғын үй кешені –

Төлеу қабілеттілігі –

Жылжымайтын мүлік –

Алғашқы төлеу жарнасы –

Алаяқ –

Шыдамдылық таныту –

Қаржы салу –

Түксіз қалу –



4. «Тұрғын үй бағдарламасы» туралы ақпаратпен танысып, досыңызға айтып беріңіз.

- Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жастарға үй беріле ме?

- Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына бойынша 2008-2010 жылдар аралығында 1565 жас отбасы құжат тапсырып, оның 1015-і өз пәтерін алған. Дегенмен, бүгінде мемлекеттік бағдарлама өз жұмысын тоқтатты. Оның орнына қалалық бағдарлама өз жұмысын бастамақ. Алайда, жаңадан үйленіп, әлі құжат тапсырып үлгермегендер үшін бұл бағдарламадан үміттенудің қажеті шамалы.

- Неге? Бұл кімдерге арналған бағдарлама?

- Өйткені, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтеріне қол жеткізе алмағандардың бәрі өз еріктері бойынша қалалық бағдарламаға ауысады. Ал олардың саны он мыңнан асып жатыр.

- Бұл бағдарламаның ерекшелігі неде?

- Қалалық бағдарлама бойынша, балл жинаған уақыт емес, құжат тапсырған уақыт ескерілмек. Бұл бағдарлама бойынша үміткерлер балл жинамайды. Кім ерте құжат өткізген болса, сол пәтерді ерте алады және бұл үйдің шаршы метрі 102 мың тенгені құрап отыр. Пайыздық мөлшерлемесі де 10-12 пайызды құрамақ.

- Қалалық тұрғын үй бағдарламасы қандай банктермен жұмыс істейді?

- Қалалық тұрғын үй бағдарламасы екі банкпен жұмыс істейді. Олар – Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі мен Қазақстан ипотекалық компаниясы. Бұл банктер әр түрлі пайыздық мөлшерлемемен несиелер бере алады. Олардың салымшыларға қояр талаптары бірдей. Бұл жерде жаңа үйленгендер немесе жас отау деп бөлуге болмайды.

- Әңгімеңізге рахмет. Сау болыңыз.



5. Құжат атауларына қатысты сөздерді пайдаланып сұхбатты толықтырыңыз.

Керекті сөздер: отбасы құрамы, арыз, анықтама, жеке куәлік, неке туралы,

жылжымайтын мүлік, еңбек өтілі

  • Сәлем, Айнұр! Отбасың аман-есен бе? Жағдайың қалай? Не жаңалық? Сендер пәтер алды деп естідім, рас па?

  • Иә. көшіп кіргенімізге бір апта болды.

  • Қандай бағдарлама бойынша алдыңдар? Неше бөлмелі?

  • Қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша алдық. Пәтеріміз үш бөлмелі.

  • Қандай құжаттарды талап етті?

  • Нұсқа бойынша ..., отбасы мүшелерінің ... ...көшірмесі, ... ...жайлы анықтама,... ... көрсетілген жұмыс істейтін жерінің ..., сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі өтілі қоса көрсетілуі тиіс, ... ... куәліктің көшірмесі, ... ... бары немесе жоқтығы жайлы анықтама.

  • Қандай банкпен келісім-шартқа отырдыңдар?

  • Тұрғынүй құрылыс жинақ банкімен келісім жасастық.

  • Құттықтаймын! Қоныс тойын қашан тойлаймыз?

  • Рахмет! Қоныс тойында кездескенше! .

6. «Тіл бітсе, сурет не дейді?» айдары. Суретте берілген қала мен ауыл құрылысының айырмашылығы жайында эссе жазыңыз .






7. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіз қызыл бояумен берілген бағанда сізге қажетті сөзді табасыз.










1

























2


























































4




























5





























































7






















8

























1.Сусын құятын ыдыс

2.Жылқының төлі

3.Баланың баласы

4.Туыстық атау

5.Емдік қасиеті бар сусын

6.Қасиетті кітап

7.Құс

8.Діни мейрам



5. Оқу және оқытудың әдістері.

сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, талдау.



6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А. Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  4. Бектұров Ш. Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  5. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  6. Рысбаева Г.К. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  7. Сыздық, Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  8. Хасанова С. Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  9. Әуелбеков Ш. Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Қандай тұрғын үй түрлері болады?

2. Қандай мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын білесіз және ол кімдерге арналған?

3. «Қолжетімді баспана-2020» жаңа бағдарламасы қандай мәселерді шешуге

бағытталған?

4. Жаңа үйлердің құрылыс сапасы қандай дәрежеде?

5. Ауылды дамытуға қатысты қандай мемлекеттік бағдарламалар бар?

6. Үй салсаңыз қандай үй салар едіңіз?



1. Тақырып №5, аталуы: Мінез және келбет. Адамның жан дүниесі мен сыртқы келбеті.Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің сөйлеу тіліне жұмсалу еерекшелігі.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді мәтінді оқып, түсінуіне, өткен тақырыптарды баяндауына, ойын жаза білуге, ақпараттарды тыңдауына машықтандыру. «Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті» тақырыбы бойынша берілген тапсырмалар арқылы танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.

3. Оқытудың міндеттері:

-Адамның мінез мен келбетіне байланысты сөздерді көпшілік ортада қолдана алуы;

- Студент білу керек:

А) сұрақтарға дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- Студент істей білуі керек:

А) жаттаған сөздіктерін пайдалана білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мінез және келбет.

2. Адамның жан дүниесі мен сыртқы келбеті.

3. Мінез сұлулығы.

4. Жан сұлулығы.

5. Оқу және оқытудың әдістері: мақал-мәтелдермен жұмыс, жаттау, түсіндіру, пікірлесім, сұрақ-жауап, жаттау

1.Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Адалдық — ардың ісі. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. Асылдың бірі — адалдық. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. 
Доспен дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болғаннан сақтан. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар. Досыңа өтірік айтпа, Дұшпаныңа сырыңды айтпа. 
Ауру кетеді, мінез кетпейді. Су ішкен құдығына түкірме. 

2.Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын сәйкестендіріп, жаттаңыз.


Пейілі тартпай отыр

Қандай жаза болса да, өз мойнымен көтерді

Жұмған аузын ашпай қойды

Беті қайтып, сағы сынып отыр

Жүрек жалғап алды

Өткір, батырып сөйледі

Тілі өтті.

Біреудің ықпалында болды.

Басып озды

Ойындағы сырын ешкімге жария ете алмады

Басымен жауап берді

Көңілі соқпай, тәбеті тартпай отыр

Аузы күйіп отыр

Үндемеді, сөйлемеді, ләм мим демеді

Тілі мірдің оғындай

Жеңіл желпі тамақтанып алды

Сөз аша алмады

Шірік, болбыр, қолынан ештеме келмейтін кісі мағынасында

Пышақ кескендей тыйылды

Бірден, кілт, кенеттен тоқтады

Қамшысын алып келуге жарамады

Қуып жетіп, озып кетті

Тілдің майын тамызады.

Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар.

Тілге (біреудің) ерді.

Көз тиді.

Тілге жүйрік

Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет