Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен



бет1/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

G-041.07.05.16-2013

Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар

1.Бас

Бет тен






СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 5В110200 – “Қоғамдық денсаулық сақтау”

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Қазақ және латын тілдері

Курс: 1

Тақырыптар: № 1-30 (І семестр)

Құрастырушы: оқытушылар;

Абешова Н.М.

____________________

Семей – 2014 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к.: _______________ М.Д.Жороқпаева

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к.: _______________ М.Д.Жороқпаева

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к.: _______________ М.Д.Жороқпаева

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к.: _______________ М.Д.Жороқпаева

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к.: _______________ М.Д.Жороқпаева

1. Тақырып №1, атауы: Отан отбасынан басталады. Отбасы-шағын мемлекет.

Сөз – синтагмалардың ерекшелігі.

Сәлем-сөздің анасы. Отбасы және ұлттық дәстүрлер.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Ата-аналарын құрметтеуге, сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу, өз ойларын ортаға салу.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- Сөз – синтагмалардың ерекшелігі екенін білу;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді


  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Отан отбасынан басталады.

2. Отбасы-шағын мемлекет.

3. Тәрбие талбесіктен басталады.

4. Отбасы азаматтық қоғамды қалыптастырудың қуатты факторы.

5. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде.

6. Сөз – синтагмалардың ерекшелігі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, сөздікпен жұмыс, аударма, тіл дамыту, жазылым,

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Отан – отбасынан басталады.

Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие.

Ұстаздар мен ата-аналар қауымына, билік өкілдеріне, өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани адамгершілік, отаншылдық тәрбие беруге мүдделі барлық азаматтарға «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бекер айтылмаған. Сол айтқандай, тәуелсіз Қазақстан болашағының іргетасы әрбір үйде қаланады, еліміздің экономикалық әулеті әрбір отбасының бақуаттылығынан бастау алады. Дені сау, толыққанды, бақуатты отбасы – қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі.Отан шын мәнінде отбасынан басталады. Отбасында адамдардың өмірге көзқарастары қалыптасып, олардың болашаққа деген арман, үміттері оянады, жан дүниесі халқымыздың рухани мұрасынан сусындайды.

Тәрбие талбесіктен басталады. Ана әлдиін тыңдап өскен жас сәби ана тілін ешқашан жатсынбайды, бабаларымыздың мәдени мұрасын – сарқылмас рухани байлығын бойына сіңіре білген жас ұрпақ қашанда болашақ ел мүддесі үшін аянбай еңбек етпек.

Қоғамымыз бүгінде белсенді өмірлік позиция ұстанатын білімді де іскер, еліміздің лайықты экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ұрпақ өсіретін отбасына мүдделі. Нақ осындай отбасы ғана азаматтық қоғамды қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады.

Әрбір отбасы - шағын Отан. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Осыны ұмытпау керек. Бала ата-әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді. Жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата-аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.

«Отбасы – шағын мемлекет» демекші елдігіміздің негізі қаланып, ұрпағымыздың дүние танымы қалыптасатын отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан балаларымыздың бойына адамгершілік пен имандылық рухын егуге баршамыз мүдделі болсақ болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болатыны сөзсіз.

Сөздік:


Билік өкілдері – представители власти

Үңіліп – заглянув

Жабырқағанда – когда унывал

Қуаныш - радость

Тебіреніс - волнение

Қамқоршысы – покровитель

Тіреуі – опора

Намыс - честь

күш-жігерін – сила воли

атқару - выполнять

түкпір - угол

мәпелеп – лелея

парызы – должность

борышым – долг

бағындыру – покорять

2.Әкенің отбасыда алатын орны туралы ой толғау жазыңыз.

Оқып, есте сақтаңыздар.

Синтагма- контексте берілген бір ұғымды білдіретін интонациялық-мағыналық бірлік. Синтагма бір сөзден, сөздер тобынан, және сөйлемнен тұруы мүмкін. Синтагмаға бөлудің негізгі құралы – пауза. Ол сөйлеу әуенімен (мелодика), ырғақпен (темппен), күштілікпен (интенсивность) қоса хұмсалады. Синтагманың соңғы тұрған сөзіне ең күшті екпін түседі.



3. Синтагманы қолдана отырып «Отбасы» тақырыбына сөйлемдер құрастырыңыздар. Мысалы: Балам, сен сабағыңды оқыдың ба?

4. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Сәлем – сөздің анасы

Қазақ елінің дәстүрі бойынша таныс, бейтаныстығына қарамастан, жасы кішінің жасы үлкенге бірінші болып сәлем беруі – міндет. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, көргенсіздік, әдепсіздік. Көпшілікке сәлем беруші олардың арасында өзінің жақтырмайтын, түс шайысып қалған адамы болса да, онысын басқаға сездірмей ашық, айқын дауыспен барлық адамдармен бірдей сәлемдесуі керек. Мұндай кезде әлгі дүрдараз кісі де сәлем берушінің сәлемін алуы тиіс.

Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып бір қолын ұсынуы да жараспайды. Біреумен амандасқанда көз-көңілдің басқа жақта тұруы – әдепсіздікпен пара-пар. Дастархан үстіне кірген кісінің дауыстап бәрімен амандасқаны дұрыс. Мұндай жағдайда жағалай түгел қол беріп амандасқаны орынсыз, әсіресе, қол алысып болып, қолын жуу – нағыз әдепсіздік. Әркім сәлемдесуді ғана емес, қалай сәлемдесуді, сәлемдескен кезде өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын алдындағы адамға жағымды әсер қалдыратындай етіп қадағалауға талпыну керек.

5. Мәтіннен алынған келесі сөздер мен тіркестердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап біліп, сөйлем құраңыз.

Бейтаныс, селқос болу, кекірею, түс шайысу, дүрдараз болу, қалшиып тұру, көз-көңіл, бет-жүз, қас-қабақ, инабатсыздық, көргенсіздік.


6. Сөздердің мағынасын ашыңыз.

Жайдары –

Аяқ астынан –

Килігу –

Омыраулау –

Тұсы –


Желімдей жабысу –

Көз қиығын салмау –

Жекіріп тастау –

Қипақтау –

Құтылу –

Жаны шығу –

Алалау –

Сасқалақтау –



7. Келесі сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Көз қиығын салмау, омыраулау, желімдей жабысу, аяқ астынан, сасқалақтау, жаны шыға қорқу, жекіріп тастау.



8. Мына сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.

Уақыт, дәм үстінде, ойламаған жерден, жаны, ортаға түсу, түзей алмау.



9. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтіндегі «Бәукең» деген кім?

Бәукең дәм үстінде өзін-өзі қалай ұстады?

Әдемі әңгіменің шырқын бұзған кім?

Совхоз директоры дастархан басында отырғандарға қалай сәлемдесті?

Бәукең ол туралы не айтты?

Болған іске байланысты Бәукеңнің көңіл-күйі қайтті?

Совхоз директорын сипаттаңыз.



... Айтқан уақытында Бәукең мен Нарбай ақын да төменге түсті. Екеуі де жайдары, өте көңілді боп көрінді...

Дәм үстінде Бәукең біраз шешіліп, өткен жылы Ыстықкөлде дем алғанын айта бастап еді, жанымызға совхоз директоры болып істейтін тығыншықтай семіз біреудің аяқ астынан келіп киліккені. Әлгі омыраулаған қалпы Бәукеңнің тұсынан ұмтылып барып, Нарбайдың қолын қысты:



  • Ассалаумағалейкум, Нарбай аға, өткен жолы біздің совхозға келіп кетіпсіз. Ауылда болмай қалғаныма сіздің алдыңызда ұяттымын. Арнайы келіңіз. Күтеміз, - деп желімдей жабысып, айрылар емес. Өзгемізге көз қиығын да салмады.

Бауыржан тағы жекіріп тастай ма деп, қипақтап отырған Нәкең «иә, иә, жақсы, жақсымен» тез құтылғысы келіп, жаны шығып барады.

  • Ал сау тұрыңыз, Нәке,- деп бұрыла беріп еді, Баукең:

  • Әй, жігітім,- деп саңқ ете түсті. Директор қайтып оралды.

  • Мен Бауыржан Момышұлы дегенмін. Бір дастарханның басында отырған үш-төрт адамды алалап сәлем бергенді қай атаңнан көріп едің?

Сасып қалған директор:

  • Ө-ө, кешіріңіз,-деп, есі шығып сасқалақтап қалды. Ортаға түскен Нәкең: «Бұл бәленше деген совхоздың директоры» ,- дей бастап еді, Бәукең: - Сәлемін түзей алмай жүріп, жұртты қалай басқармақ? Марш! – деді мұртын тікірейтіп.

М.Шаханов.

10. Сыпайылық әдебіне қатысты мына сөздерді қатыстырып, сөйлемдер жазыңыз.

Кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін, ғапу етіңіз, кешірім өтінемін, қаласаңыз, қарсы болмасаңыз.

Сұрақ-жауап, түсіндіру , пікірлесім

6. Әдебиеттер:


  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Отбасы – шағын мемлекет деп не себептен айтылады ?

2.Қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі деп нені айтамыз?

3.Отбасында адамның қандай қасиеттері қалыптасады?

4.Отбасынан алынған тәрбие баланың келешегіне қалай әсер етеді?

5. Қандай отбасы азаматтық қоғамды қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады?

6.Сәлемдесу әдет пе, әдеп пе?

7.Орынды сәлемдесу дегенді қалай түсінесіз?

8.«Ассалаумағалейкум !» деп кіммен сәлемдеседі?

9.«Сәлем!» деп кіммен сәлемдеседі?

10.«Сәлеметсіз бе?» деп кіммен сәлемдеседі?
1. Тақырып №2, атауы: Жас отбасы және дәстүр.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Көп мағыналықтың

сөйлеу тілінде қолдану ерекшеліктері.

2. Сабақтың мақсаты: Отбасына қатысты құндылқтар жайында пікірлесе отырып ой тастау.Көп мағыналықтың сөйлеу тілінде қолдану ерекшеліктері туралы мәлімет беру. Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту.

3. Оқытудың міндеттері:

• Студент білу керек:

- тақырып бойынша ойын айта білуі

- көп мағыналықтың сөйлеу тілінде қолдану ерекшеліктері туралы түсінік

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

• Студент істей білуі керек:

- көп мағыналы сөздерді қолдана білуі;

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жас отбасы және дәстүр.

2.Қазақ халқының отбасылық салт-дәстүрлері.

3. Қазақ халқының әдет-ғұрпы.

4. Көп мағыналықтың сөйлеу тілінде қолдану ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, сөздікпен жұмыс, аударма, сұрақтар қоюға

дағдыландыру, тіл дамыту, жазылым.


Мәтінді оқып, аударыңыз.

Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.

Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан —Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады.

Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.

Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан.

Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.

Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.

Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман, тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған.

Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-жарандар мен көрші-қоландар өзара бөлісетін.

Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатынҚазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі - ажырасу аяқ. Оның мәні ауылдың бір түрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріндер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.



2.Мәтінге алты сұрақ құрастырыңыз.

3.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып сөйлемдер жазыңыз.

Саяхатқа шығу, шаңырақ шаттығы, дәстүрге айналған,көңілді орта,қонақ шақыру



4.Мәтінді оқып,ойды жалғастырыңыз.

Отбасы – әр адамның алтын ұясы.Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үш­ін өте маңызды. Жақсы дәстүр отбасының мықты шаңыраққа айналуына тірек болады.Отбасылық дәстүрлерге отбасы мүшелерінің туған күнін атап өту, саяхатқа шығу, қонаққа бару,қонақ шақыру,мерекелік дастарқан жасау...

Сіздің отбасыңызда қандай дәстүрлер қалыптасқан?

Отбасы бақытты болу үшін отбасылық дәстүрлердің маңызы бар деп ойлайсыз ба?



5.Туған күн тойлау- жақсы отбасылық дәстүрлердің бірі. Отбасыңыздың бір мүшесіне

тілек жазыңыз.

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық  салт-дәстүрлер.

    Қазақ халқы қыз бен жігіттің бас қосып үйленуін о бастан-ақ ата-ана, жақын-жуық, ел мүддесімен, өмірімен өзектес деп қараған. Сондықтан, әр ата-ана балаларын уақытында үйлендіріп, жақсы келін түсіруді мұрат тұтып, бұған тікелей басшы болған. Өйткені болашақ жас келін бір үйлі жанның, тіпті бір ауылдың тіршілігіне ұйытқы болған. Бүгінгі жас келін – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелуші ана. Үйлену және үй болуға байланысты халқымыздың құда түсу, жаушы жіберу, құдаларды қарсы алу, есік-төр көрсету, ұрын келу, жасау беру, т.б.салт-дәстүрлері бар. Құда түсу – ерте дәуірден күні бүгінге дейін жалғасып кле жатқан жақсы, жарасымды дәстүр. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі. Әке-шешесі ажар-көркіне ғана емес, адамгершілігіне, көргенді, өнегелі отбасынан шыққандығына үлкен мән береді.    Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жол-жоралғысы жасалады. Олар өте көп: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр жеу, т.б. Екі жақтың әкелері, шешелері бір-біріне «бауыздар құда, құдағилар»болады.   Ертеде екі достың әйелдері бір кезде ұл, қыз туса құда болып, «бесік құда» болу дәстүрі де бар.    Егер тұрмысы нашар, төлейтін қалың малы болмаса, қызын жігіт жақтың біреуіне беріп, «қарсы құда» да болған. Халқымыз жеті атаға жейін қыз алыспаған. Бұл дәрігерлер тұрғысынан  қан тазарту мәселесіне өте сай келеді деп дәлелденіп отыр.   Жаушы жіберу – қыз айттыруға баратын өкілді жіберу. Ол жөн-жосықты жақсы білетін, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға жүйрік адам болуы керек.   Құдаларды қарсы алу – құда түскеннен кейін, қыз әкесінің шақыруы бойынша жігіттің әкесі бастаған он шақты сөзшең, әңгімешіл, домбырашы, әнші-жыршы адамдардың келуі. Осы жолы той жабдығы, қалыңмал мәселесі шешіледі.      Ұрын келу – күйеудің қымбат, бағалы сыйлықтар алып, жанына әнші, күйші, сері жігіттер ертіп қалыңдықтың ауылына келуі. Қалыңмал – қыз алатын жақтың қыз беретін жаққа төлейтін малы. Қалыңмалдың тұрақты мөлшері болмаған. Бұл әл-ауқатқа байланысты 47,37,27,17 мал тұяғымен есептелген. Кедей адамдар 5-6 малмен-ақ тынған. Осылармен бірге ілу, өлі-тірі, тоймалы  деген ырымдар да бар.  Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Бұл кейде қалыңмалға берілген дүниеден көп болуы да мүмкін. Екі жақта болатын той-томалақ өз алдына әңгіме.

6. Сұхбат құрастырып, жолдасыңызбен әңгімелесіңіз.

7. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.

Неке, неке қию, жас нәресте, ер бала, болашақ келін, жас келін, атастыру рәсімі,

құйрық-бауыр, құда түсу, қалыңмал, кит, тыйым

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Сіздің отбасыңызда қандай дәстүрлер қалыптасқан?

2.Отбасы бақытты болу үшін отбасылық дәстүрлердің маңызы бар деп ойлайсыз ба?

3.Қазақ халқы жасы ұлкендерді қалай құрметтеген?

4.Жас келіндер қайын жұртын қалай құрметтеп, сыйлаған?

5.Қазақ халқының қандай тұрмыстық әдет-ғұрыптары бар?



1.Тақырып № 3, аталуы: Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер.

Жас отбасының бюджеті, негізгі шығындары. Қ.Р. отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі.

Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелері туралы өз ойларын ортаға салу. Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы туралы білімдерін арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек: Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасын.



  • - сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап бер

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер.

2. Халықтың демографиялық өсуінің жолдары.

3. Қазіргі уақытта қазақ халқының демографиялық даму мүмкіндігі.

4. Халықтың табиғи өсуіне оң ықпал тигізетін әлеуметтік іс-шаралар.

5.Демографиялық мәселелердің басты бағыттары.



6. Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет