Cеминар №2. Саяси ғылымдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Сабақтың жоспары:
-
Ежелгі Үндістан мен Қытайдағы саяси ілімдер.
-
Аристотель мемлекеттің түрлері мен қызметтері туралы.
-
Платон мемлекеттің жіктелуі туралы.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдердің өзіндік ерекшеліктері.
-
Билікті демократияландыру идеялары /Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо/. Азаматтық құқық идеялары /Т.Джефферсон/.
-
Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы.
Сабақтың мазмұны
Ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі ойшылдармен қарастырылған негізгі мәселелер:
• мемлекеттің мәні, оның шығуы мен белгілері.
• мемлекеттің жетілген және жетілмеген формалары.
• мемлекет қызметтерінің шегі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
• Құқық дегеніміз не: құдайдың құдіреті, билеушінің өкімі немесе ақыл– ойдың жетілуі.
• Шындық неден тұрады. Әділетсіздікке төзуге бола ма немесе онымен күресу керек пе?
• Саясат және мораль. Мемлекет қайраткері он қағиданы сақтау керек пе немесе оған барлық құқық берілген бе?
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Платон пiкiрi бойынша мемлекеттiк құрылыстың дұрыс және бұрыс формалары кездеседi. Мемлекеттiң дұрыс формасы- монархия, аристократия, өйткенi олардың қызметi қоғамды келiсiм мен байлыққа жеткiзедi деп есептедi. Мемлекеттiң бұрыс формасы- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдiгi/, олигархия /азғана ғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдiгi/, демократия /көпшiлiк билiгi/, тирания /бiр адам билiгi/. Платон мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формаларына iзгiлiктi мемлекеттi қарсы қояды.
Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.) саяси iлiмi Саясат, Афиналық полития, Этика, Риторика деген еңбектерiнде жинақталған. Ол саясатқа кең мағына бере отырып, мемлекет- табиғи дамудың өнiмi және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бiрақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгiлi бiр игiлiкке жету үшiн бiрiгедi. Ол да мемлекеттi дұрыс және бұрыс формаларға бөлдi. Дұрыс түрiне монархияны, аристократия мен политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия мен демократия мемлекеттiң бұрыс түрi деп санады. Мемлекеттiң дұрыс түрiнде әкiмдер халық, ел пайдасын ойлайды, билiк қоғамға қызмет етедi. Ал, бұрыс түрiнде олар өздерiнiң бас пайдаларын ойлайтын көрiнедi. Мемлекеттің ең дұрыс формасы полития деп санады. Полития жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құруы.
Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуiрiндегi саяси ойлар. Аврелий Августин (354-430 ж.ж.) христиан философиясының негiзгi қағидаларын дәрiптеп уағыздаған. Ол Құдай қала туралы атты еңбегiнде саяси ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi. А.Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, құқықтық ұйымдар мен заңдар адам күнәсiнiң нәтижесi деп санады. Себебi оның ойынша адамдарға баста екi жолмен өмiр сүруге мүмкiндiк берiлген. Бiрi құдай жолымен, екiншiсi адам жолымен. Бiрiншiнi қалағандар құдаймен мәңгiлiк патшалық құрып бақытты өмiр сүрсе, екiншiлер жын-шайтандармен бiрiгiп азапқа түседi.
Фома Аквинский (1224-1274 ж.ж.) Құдайшылдықтың жиынтығы деген еңбегiнде саяси билiктiң үш элементiн: мәнiн, формасын және қолдана бiлудi ажыратып көрсеттi. Сонымен бiрге, ол өз еңбектерi арқылы арнайы заң теориясын жасады. Заңды мәңгiлiк, дiни, табиғи және оң деп бөлiп көрсеттi. Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебi. Сондықтан билiктi құрайтынның барлығы мейiрiмдiлiктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебi ол заңға сүйенедi деп есептеген.
ХV және ХVl ғасырлар аралығы Батыс Европада қайта өрлеу дәуiрi деген атқа ие. Қайта өрлеу дәуiрiнiң саяси ойының жарқын жұлдызының бiрi италияндық Н.Макиавелли /1469-1527 ж.ж./ болып табылады. Оның Патша (1513 ж.), Тита Ливлийдiң бiрiншi декадасы туралы ой толғаныстар (1519 ж.), Флоренция тарихы (1532 ж.) т.б. атты құнды еңбектерi бар. Н.Макиавеллидiң саяси iлiм тарихы дамуына қосқан үлестерi:
-
схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негiзiн салды;
-
саясаттану ғылымының негiзiн салды және саяси ғылымды өңдеді;
-
феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып, Италияда бiр орталықтанған, тұтас монархияның абсолюттiк формасын қалыптастыру үшiн күрестi;
-
мемлекет және республика ұғымдарын ендiрiп, оларға қазiргi заманғы мән бердi;
-
папалық тақ пен шiркеудi әшкерледi;
-
мақсат әрбiр тәсiлдi ақтайды қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырды. "Макиавеллизм" деген атқа ие болған бұл ілім саясат пен билікте өз мақсатына калай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді
Жаңа заманның саяси ой-пiкiрлерi. Табиғи құқық мектебiнiң iрi теоретигi нидерланд ғалымы Гуго Гроций (1585-1645 ж.ж.) Соғыс пен бейбiтшiлiк туралы құқық. Үш кiтап (1625 ж.) атты трактатында халықаралық құқықтың өзектi мәселелерiн шешу мақсатын қойды. Соғыс пен бейбiтшiлiктiң теориялық мәселелерiн шешу құқық, әдiлеттiлiк, олардың көздерi, өмiр сүру формасы, зерттеу әдiстерi сияқты жалпы мәселелердi қарастыруды қажет еттi. Нәтижесiнде Г.Гроций жаңа методологияға негiзделген құқық пен мемлекеттiң жалпы мәселелерiн тиiмдi шешушi саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырды. Оның iлiмiнiң бастама бөлiмi- адам табиғаты, адамның әлеуметтiк сапасы.
Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) еңбектерi Левиафан, немесе материя, мемлекет формасы мен билiгi, Азамат жөнiнде, Дене туралы, Адам туралы.
Мемлекет пен құқық туралы iлiмдi Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз iлiмiн адам табиғаты мен құмарлығын зерттеуге арнады. Т.Гоббстың адам табиғаты мен құмарлығы туралы ойлары писсимистiк болды. Адамға бақталастық (байлыққа құмарлық), даңқ құмарлық, сенiмсiздiк (қауiпсiздiкке талпыныс) тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады, барлығының барлығына соғыс жағдайын тудырады. Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын iздестiруге итермелейдi, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлекетке әкеледi. Т.Гоббс мемлекеттiң үш формасын монархия, демократия, аристократияны атайды, олардың iшiнен абсолютік монархияны қолдайды. Ең керемет басқару формасы абсолютік монархия деп санады.
Шарль Луй Монтескье (1689-1679жж.) француз ағартушысы, заңгер, саяси ойшыл. Парсы жазбалары (1721ж.), Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер (1734ж.), Заңдар рухы туралы еңбектерi. Оның негiзгi идеялары:
-
саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк құрылыстың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұсынды
-
заң шығуына байланысты әр халықта өзiндiк сипаттардың барлығын түсiндiруi
-
билiктi бөлу идеясын дамытты, оны бөлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол бермеу деп санады және бұл идеясы американдық және француздық конституцияларда көрінісін тапты.
-
бостандық- заң мен ерiк берiлген нәрсенiң бар iстеу құқығы
Ж.Ж.Руссо (1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi. Адамдар расында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар, Саяси экономия туралы, Мәңгi әлем туралы ойлар, Қоғамдық келiсiм немесе саяси құқық принциптерi туралы еңбектерi бар.
Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Руссо басқарудың демократиялық, аристократиялық, монархиялық түрлерiн ұсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару халықтың қолында болады. Ж.Ж.Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн. Аристократиялық басқару орта мемлекет үшiн, монархия iрi мемлекеттер үшiн тиiмдi басқару формасы деп санады. Ж.Ж.Руссо бойынша мемлекеттің жүрегі- бұл заң шығарушы билік деп санады. Ол еңбектерінде еркіндік пен ашық қоғамды демократияның басым құндылығы деп сипаттады.
Студенттерге берілетін тапсырмалар:
1 тапсырма. Платон бойынша мемлекеттің формалары
Дұрыс формалары
|
Бұрыс формалары
|
|
|
2 тапсырма. Аристотель бойынша мемлекеттің формалары
Дұрыс формалары
|
Бұрыс формалары
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |